Қазақстандағы ең жылдам мобильді интернет Kcell желісінде. Бұл туралы жыл сайынғы Digital Almaty халықаралық форумында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі Ookla мобильді және кең жолақты желілерін зияткерлік талдау саласындағы әлемдік көшбасшының сату жөніндегі директоры Виктор Джэн мәлімдеді және ірі ұялы байланыс операторының басшысына тиісті марапатты табыс етті. 

Айта кетейік, Speedtest Ookla платформасында өткен жылдың екінші және үшінші тоқсандарында 600 мыңға жуық өлшеудің қорытындысы бойынша Kcell желісіндегі интернет жылдамдығы Қазақстандағы ең жоғары нәтиже — 67,35 Мбит/с көрсетті. Әлбетте, бұл сан елде бесінші буын байланыс стандартының өрістеуін, сондай-ақ 4G желісін белсенді жаңартуды және қайта жаңартуды ескере отырып, тек ұлғая түспек. Айта кетейік, ірі мобильді оператор бүгінде республика бойынша 600 5G базалық станциясын орнатқан. Жалпы, өз желісін дамыту мен кеңейтуге, Kcell-дің тұрақты және сапалы жұмысына тек 2020-2023 жылдар аралығында ғана 184,4 млрд теңге инвестицияланды және 2028 жылға дейін инфрақұрылымға салымдар көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

"Бүгінгі таңда Ookla компаниясының SpeedTest рейтингі әлемдегі интернетке қол жеткізу сапасын өлшеудің ең танымал, сенімді және тәуелсіз құралы болып табылады. Интернет байланысы мен жылдамдығын жақсартуға біздің күш-жігеріміз бен инвестицияларымыз ерекше әсер беретіні қуантады және мұны Оокла сияқты беделді компанияның атап өткені үлкен мәртебе. Әрине Kcell қол жеткізген бұл жетістіктермен тоқтап қалмайды, алда көптеген жоспарлар мен міндеттер бар, ал бүгінгі марапат пен ең жылдам оператор атағы — бұл біздің күш-жігерімізді мойындау және жетістік қана емес, сондай-ақ үлкен жауапкершілік және бұл біздің телекоммуникация саласындағы соңғы марапатымыз емес екеніне сенімдімін", — деп атап өтті "Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.

Сонымен қатар 2023 жылдың желтоқсанында Ookla өзінің дәстүрлі ай сайынғы Speedtest Global Index рейтингін шығарды, оның нәтижелері бойынша Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 35,07 Мбит/с көрсеткішімен 146 мемлекеттің ішінде 72-орынды иеленді. Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ өңірінде біздің елде үздік нәтиже бар. Салыстыру үшін Армения секундына 26,43 мегабитпен рейтингте 92-орында, Өзбекстан 95-ші орында (25,20 Мбит/с), Ресей 99-шы орында (24,47 Мбит/с), Қырғызстан 100-орында (24,43 Мбит/с), Беларусь — 136-орында  (12,75 Мбит/с) және Тәжікстан 8,15 Мбит/с көрсетумен 141-орында болғанын атап өткен жөн. Қалаларға келетін болсақ, Speedtest Global Index-те Алматы 51,25 Мбит/с болатын мобильді интернет жылдамдығымен әлемнің 169 қаласының ішінен 69-шы орынды, ал Астана 38,83 Мбит/с көрсеткішімен 85-ші орынды иеленді.

"Speedtest көмегімен клиенттің бастамасымен өткізілген тестілерді тереңдетілген талдау нәтижелері бойынша Kcell Ooklaʼs Speedtest Awards нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең жылдам желі деп аталды. Бұл марапат 2023 жылдың 2 және 3-тоқсандарында нарықтағы басқа да ірі мобильді немесе орнықты желілермен салыстырғанда ерекше жылдамдық пен өнімділікті көрсететін мобильді немесе орнықты желілер операторларына беріледі. Біз осы жетістік үшін Kcell-ді атап өтуге қуаныштымыз, ол өз клиенттеріне үздік байланыс қызметтерін ұсынуға олардың өзгеріссіз назар аударуының нәтижесі болды" , – деді Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Ookla сату жөніндегі директор Виктор Джэн.

Айта кетейік, Ookla өзінің рейтингін әлемнің 190-ден астам елінде орналасқан және шамамен 10 мың серверді қамтитын арнайы серверлердің көмегімен қолжетімділік жылдамдығын, желілік кідірулер мен трафик шығындарын өлшеу базасында қалыптастырады. Қазақстанда "Қазақтелеком" ірі телеком-операторы осындай 20-ға жуық сервер орнатқан. Әр елде және ірі қалада бірнеше сервердің болуы Speedtest тестілеуді өткізу үшін ұзақ немесе тіпті халықаралық транзитті талап етпестен, өнімділік туралы нақты деректерді алуға мүмкіндік береді.

Желінің өнімділігіне келетін болсақ, GSMA Intelligence мәліметтері бойынша Қазақстанда абоненттің мобильді трафикті орташа тұтынуы 17,2 Гб құрайды, ал жалпы әлемдік көрсеткіш 12 Гб құрауда. Қазақстандықтар Сингапур, Түркия, Италия және басқа да көптеген елдерге қарағанда трафикті көбірек жұмсайды, тіпті 5G енгізуді есепке алмағанда, республикада мобильді трафик 2019 жылы 60% -дан 2022 жылы 21% -ға дейін өсті және бұл үдеріс жалғасуда. Сондықтан Kcell-дің жетістігі – трафиктің аса ауқымды өсуі аясында ең жылдам интернет ұсынатын оператор болу  айтарлықтай қиын міндет, – деп есептейді сарапшылар. 

Ookla® компаниясының 2023 жылғы II-III тоқсандағы Speedtest Intelligence® деректерін талдауы негізінде. Ookla сауда белгілері лицензия бойынша пайдаланылады және рұқсатпен қайта басылып шығарылады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.