Әлеуметтік желіде жомарттығымен танымал “бетперде таққан адам” мұқтаж жандарға не үшін көмектесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Бұл туралы блогер Атамекен бизнес арнасына берген сұхбатында айтты. 

“Бұл менің орындалған бала арманым деп айта аламын. Өзім қаһрамандар туралы мультфильмдер мен фильмдерді көргенді жақсы көремін”, – дейді блогер.

Блогердің 27 жастағы Орал тұрғыны екені белгілі болды. 

Ал өзінің қайырымдылық жолына келуін әкесінің сырқатымен байланыстырады. 

“2020 жылы әкем инсульт алып, мен үшін өте ауыр жыл болды. Әкеме жұмыс істеуді, жүруді, жазуды, сурет салуды барлығын қайта үйретуге тура келді. Осы кезде менің өмірлік миссиям – адамдарға көмектесу екенін түсіндім. Бетперде таққан адам – бұл образ. Адамдар осы образға ұқсауға ұмтылулары қажет”, – дейді блогер.

Еске салсақ, Stan.kz ақпарат агенттігі ұйымдастырған сауалнамада бетперде таққан адам "Жыл адамы 2023" мәртебесіне ие болған еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.