Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама



жүктеу 57.75 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі57.75 Kb.

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 6 хаттама

2014 жылы техникалық қызмет көрсету мен әкімгерлік бойынша бағдарламалық - аппараттық кешеннің қызметтерін мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2014 жылғы 30 қаңтар сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» шеңберінде 2014 жылға техникалық қызмет көрсету мен әкімгерлік бойынша бағдарламалық - аппараттық кешеннің қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 26 016 220,24 (жиырма алты миллион жүз он алты мың екі жүз жиырма) теңге жиырма төрт тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы
№ 12-4/26 бұйрығының және Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар департаменті 2013 жылғы 28 желтоқсандағы негіздемесінің негізінде, егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;

4. «Askom-service» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- «БанкЦентрКредит» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының ОперБ Бизнес-клиенттергеқызмет көрсету бөлімінің бастығы Г. Б. Габдуллинаның қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «БанкЦентрКредит» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 150/3-1-1-40-439 анықтамасының түпнұсқасы;

- «Нұрбанк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының КБиМСБ директордың орынбасары У. М. Мухаметрихимовтың және «Нұрбанк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының бас бухгалтері Б. А. Есембаеваның қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Нұрбанк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 48/255 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2014 жылғы 13 қаңтардағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2014 жылғы 16 қаңтардағы анықтамасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;



- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Askom-service» ЖШС, Астана қ., Күйші Дина көшесі, 17 үй 614 офис және мұндай шарттардың бағасы 26 016 220,24 (жиырма алты миллион жүз он алты мың екі жүз жиырма) теңге жиырма төрт тиын (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 12-4/26 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2014 жылы техникалық қызмет көрсету мен әкімгерлік бойынша бағдарламалық аппараттық кешеннің қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Күйші Дина көшесі, 17 үй 614 офис, мекен-жайы бойынша орналасқан «Askom-service» ЖШС-нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар департаменті 2014 жылғы « 5 » ақпанға дейін ««Askom-service» ЖШС -мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.

3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы

А.Қ. Евниев










Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры
Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры

Қ. Б. Әбілмағжанов

Ж.Е. Аманбаев




Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы

Г.Ж. Баймаханова


Хаттамаға қосымша



Экспертное заключение

на соответствие предлагаемых потенциальным поставщиком услуг по администрированию и техническому обслуживанию программно-аппаратного комплекса 2014 году способом из одного источника на соответствие требованиям технической спецификации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 17.01.14г. № 12-4/26
Экспертная комиссия, рассмотрев техническую спецификацию закупаемых услуг по администрированию и техническому обслуживанию программно-аппаратного комплекса 2014 году (далее – Техническая спецификация), предоставленной ТОО «Askom-service» сообщает, что Техническая спецификация соответствует приложению 2 к приказу Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2014 года № 12-4/26.

Руководитель экспертной комиссии П. Барков
Член экспертной комиссии Л. Абикенова

29.01.2014 г.

Хаттамаға қосымша

Экспертное заключение

на соответствие предлагаемых потенциальным поставщиком услуг по администрированию и техническому обслуживанию программно-аппаратного комплекса 2014 году способом из одного источника на соответствие требованиям технической спецификации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 17.01.14г. № 12-4/26
Экспертная комиссия, рассмотрев техническую спецификацию закупаемых услуг по администрированию и техническому обслуживанию программно-аппаратного комплекса 2014 году (далее – Техническая спецификация), предоставленной ТОО «NORTEX LINK» сообщает, что Техническая спецификация соответствует приложению 2 к приказу Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2014 года № 12-4/26.

Руководитель экспертной комиссии П. Барков
Член экспертной комиссии Л. Абикенова

29.01.2014 г.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет