«Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет



жүктеу 83.37 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі83.37 Kb.
түріРегламент




Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығына

5-қосымша

«Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 72-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген «Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті берушінің бұйрығымен бекітілген бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру болып табылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарының тізбесі Стандартқа 9-тармаққа сәйкес ұсынылады.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің рәсімдері (әрекеті):

1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжат келіп түскен сәттен бастап 0,5 жұмыс күні (4 сағат) ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді, бұл ретте өтінішті төменгі бұрышына келіп түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабанын қояды;

2-процесс– көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжат келіп түскен сәттен бастап 0,5 жұмыс күні (4 сағат) ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжатын қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жазып тапсырады;

3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары құжат келіп түскен сәттен бастап 0,5 жұмыс күні (4 сағат) ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжатын қарайды және Фармацевтикалық қызметтерді көрсету басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жазып тапсырады;

4-процесс – Басқарма басшысы құжат келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжатын қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жазып тапсырады;

5-процесс – Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) құжатты алған күннен бастап көрсетілетін қызметті алушының құжатын қарауды жүзеге асырады және бұйрық жобасын әзірлейді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамдарына қол қойдырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін ұсынады;

6-процесс – Комитеттің басшысы 0,5 жұмыс күні (4 сағат) ішінде бұйрық жобасын қарайды, қол қояды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) береді;

7-процесс – Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) 0,5 жұмыс күні (4 сағат) ішінде қол қойылған бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің негізгі қызметтер бойынша бұйрықтарды тіркеу журналына тіркейді және оған нөмір береді.

7. Мынадай рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының және оның орынбасарының Басқарма басшысының қарауы үшін бұрыштамасы;

3) Басқарма басшысының Басқарма бас сарапшысының (сарапшысының) қарауы үшін бұрыштамасы;

4) Басқарма бас сарапшысының (сарапшысының) бұйрық жобасын дайындауы;

5) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамдарының бұйрық жобасына қол қоюлары;

6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрық жобасына қол қоюы;

7) Басқарма бас сарапшысының (сарапшысының) бұйрық жобасын тіркеуі және нөмір беруі;

8) бұйрықтың көшірмесін беру.



3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесі кезіндегі өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

Басқарма басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшысы (сарапшысы).

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) кезеңділігін сипаттау:

Кеңесе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап:


      1. барлық ұсынылған құжаттардың болуын тексереді;

      2. өтініштерді тіркеу журналына тіркейді;

      3. құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы және оның орынбасары құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды бөледі, бұрыштама қояды және Басқарма басшысына береді.

Көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма басшысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды бөледі, бұрыштама қояды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) береді.

Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы):



1) құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді;

2) ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда бас тарту туралы уәжделген жауап әзірлейді;

3) оң шешім болған жағдайда:

бес жұмыс күні ішінде бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру шешімінің жобасын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және бекітуге береді;

      1. теріс шешім болған жағдайда:

бес жұмыс күні ішінде бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беруден бас тарту туралы шешімінің жобасын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және бекітуге береді;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтатудың себебі туралы (күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде) жазбаша хабардар етеді.

Орындау мерзімі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің сызбасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

«Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің сызбасы

«Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру»



Көрсетілетін қызметті беруші


ҚФБ ҚР ДСӘМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (10 жұмыс күні)





3 -топ ҚФБ 1 Басқарма басшысы

Қарау, келісу және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беру (1 жұмыс күні)

день)



1-топ ҚФБ 1 Кеңсе'>Кеңсе

өтінішті қабылдау және тіркеу, басшылыққа беру




2-топ ҚФБ 1 Басшылық

Құжаттарды қарау және одан әрі орындау үшін бұрыштама қойып Басқарма басшысына беру (1 жұмыс күні)


4 -топ ҚФБ 1 Жауапты маман

өтінішті қарау, көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексеру, бұйрық жобасын немесе уәжделген жауапты дайындау (5 жұмыс күні)


1-топ ҚФБ 1 Кеңсе

Көрсетілетін қызметті беруші

прямая со стрелкой 15
ИӘ

ЖОҚ
прямая со стрелкой 16 прямая со стрелкой 14 прямая со стрелкой 17
4 -топ ҚФБ 1 Жауапты орындаушы

қол қойылған бұйрықты Комитеттің негізгі қызметтер бойынша бұйрықтарды тіркеу журналына тіркейді және нөмір береді (1 жұмыс күні)

прямая со стрелкой 3 прямая со стрелкой 7 прямая со стрелкой 5 прямая со стрелкой 20
3 -топ ҚФБ 1 Басқарма басшысы

Қарау, келісу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру (1 жұмыс күні)


2 -топ ҚФБ 1 Басшылық

Қарау, шешімге қол қою (1 жұмыс күні)




прямая со стрелкой 15прямая со стрелкой 22


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет