Жамбыл облысы Қаратас ауылында тұрғын үйдің ауласындағы қора өртеніп, салдарынан мал қырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖД

Жалын кезінде 48 бас мал өртеніп кетті.

"Өрттің аумағы – 220 шаршы метр. Өрт салдарынан 47 ұсақ мал мен бір жылқы өлді. Алдын ала болжам бойынша өрттің пайда болуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы әсер еткен. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушілері 50-минутта өртті сөндірді. Оқиға орнында 7 құтқарушы мен 2 бірлік техника жұмыс істеді", – деп  мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.