Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші



жүктеу 44.93 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі44.93 Kb.

«Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)

құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет төлқұжаты


1.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік орган

Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы, ауыл шаруашылығы бөлімі.

2.

Көрсетілетін қызметті тұтынушылар

Заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

3.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны

Қағаз түрінде.

4.

Көрсетілетін қызметті ұсыну орны

Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы бөлімі.

5.

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

Өтінімдерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

6.

Қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
бөлімге үлгі бойынша өтінішті және келесі құжаттарды ұсынады:
1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және бөлімшелер мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әрекетке енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаның (бөлімшенің, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
2) клиенттің салық есебіне қойылған жайтын растайтын салық қызметінің органдары берген құжаттың көшірмесі;
3) жер теліміне берілген бірдейлендірілген және (немесе) құқықты белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
4) нөмірі көрсетіле отырып, ағымдағы шотының бары туралы банк анықтамасы;
5) түпнұсқалар: ауылшаруашылығы тауар өндірушілері (АШТӨ) үшін тыңайтқыш сатушылары берген шот-фактуралар, тауарлы-көліктік жөнелтпе қағазы;
6) көшірмелер (телнұсқалар): жүктік кеден декларациясы, тауарлы-көліктік жөнелтпе қағазы, шот-фактуралар (инвойс) (тыңайтқыштарды шетелдік өндірушілерден алған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
7) тыңайтқыштарды алуға берілген сәйкестік сертификаттарының көшірмесі;
8) көрсетілетін қызметті алушының осы стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми ұсынылған нормаларына сәйкес тыңайтылған алаңдарды көрсете отырып, тыңайтқыштарды мақсатты пайдаланғаны туралы есеп айырысу анықтамасы.
Бюджеттік субсидияларды алушылар тізіміне сондай-ақ тыңайтқыштың құнының кемінде 50%-ын төлеген көрсетілетін қызметті алушылар енгізіледі.
Бұл ретте, мұндай көрсетілетін қызметті алушылар жоғарыда аталған құжаттарға қосымша енгізіледі, олар Бөлімге ұсынады:
1) ішінара төлемді растайтын төлем құжаттарының (кіріс-кассалық ордері, банктің төлем тапсырмасы) көшірмелері;
2) қалған сомаға берілген төлем құжаттарының (кіріс-кассалық ордері, банктің төлем тапсырмасы) көшірмелері және тыңайтқыштарды алуға берілген сенімхаттың түпнұсқасы, көрсетілетін қызметті алушы құнның толық көлемінен кейін, бірақ бюджеттік субсидияларды алған күннен бастап, 15 жұмыс күнінен кешіктірмей Бөлімге ұсынады.

7.

Көрсетілетін қызмет құны және төлем тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

8.

Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) қажетті құжаттарды ұсыну мерзімдері алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан артық емес;
3) көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – он бес минуттан артық емес;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар қабылданған сәттен бастап және олар ауданның ауыл шаруашылығы бөліміне, ал Астана және Алматы қалалары мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша – Басқармаға немесе қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) жолданғанға дейінгі қараудың жол берілетін ең ұзақ мерзімі – 23 жұмыс күнінен артық емес.

9.

Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне төлем шоттарының тізілімін ұсыну немесе көрсетілетін қызметті алушыға субсидия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

10.

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысымен бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын


субсидиялау».

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Кәкен

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет