"Самұрық-Қазына" ұйымдастырған Qazaq Air әуе компаниясын сату бойынша екінші конкурс та сәтсіз аяқталды. Компанияны сатып алуға ешкім ниет білдірмеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: qazaq-air.com

Бұған әуекомпаниясының миллиардтаған қарызы себеп болуы мүмкін.

“Самұрық-Қазына" АҚ конкурс шарттарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты 2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған "QAZAQ AIR" АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурстың өткізілмегені туралы хабарлайды”, – деп мәлімдеді қор.

Екі кезеңді тендерге белгіленген шарттарға сай бірде-бір өтінім келіп түспеген. Осылайша әуекомпаниясы жарамсыз деп танылды. Компанияның мәліметінше, тендердің өтпеуіне байланысты "Самұрық-Қазына" АҚ "КПМГ Такс энд Эдвайзори" ЖШС тәуелсіз кеңесші көмегімен “Qazaq Air" әуекомпаниясын бәсекелестік ортаға беру бойынша қосымша шаралар қабылдайды.

38 миллиард теңге қарызы бар “Qazaq Air" әуекомпаниясы берешегін 2044 жылға дейін өтеуі тиіс. Компанияны сатып алушылар бастапқыда қарызды екі бөліп төлеуі керек еді: бір бөлігін 2030 жылға дейін, екіншісін 2033 жылға дейін. Бірақ әуе компаниясының акцияларын сатып алушылар табылмағандықтан "Самұрық-Қазына" қарызды өтеу мерзімін 11 жылға ұзартып, шарттарын өзгертті. Берешект өтеу мерзімі мен шарттағы өзгерістерге қарамастан сатып алуға ниетті адамдар табылар емес.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.