Астананың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жәбірленуші қыздың құқығын қорғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Сотта қыздың заңды өкілі иттің иесінен моральдық зиян мен материалдық залалды өтеуді талап етті.  

Судья баланың дене жарақатын алып, стационалдық емделгенін атап өтті.

  • Тағы ит талады: Алматы облысында 8 жасар қыз баланы ит талап тастады

  • Пышақпен шабуылдаған адамнан сақтады: Алматыда ит иесін қорғаймын деп өлді

 

Осылайша, жауапкер жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңдылықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК 407-бабы-2-бабы 4-тармағының 1-бөлігі).

"Сот татуластыру рәсімін өткізіп, жауапкер екі ай ішінде 300 мың теңге сомасында моральдық зиянды, 200 мың теңге материалдық залалды және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі сот шығыстарын өтеуге өз еркімен келісті. Сот медиативтік келісімді бекітті", – делінген хабарламада.

Еске салайық, Жамбыл облысы, Қаратау қаласында 7 жасар баланың беті мен аяғын ит талап тастады. Балаға шұғыл ота жасалды. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.