Дзюдодан Қазақстан құрамасы Грузияда өтетін Grand Slam турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Aude Alcover/Icon Sport via Getty Images

Қазақстандық дзюдошылар Грузия астанасы Тбилисиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады. Әлемнің 83 елінен, 500-ден астам балуан сынға түсетін жарыста Қазақстан құрамасының да құрамы анықталды. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғатын спортшылардың тізімін ұсынамыз. 

Ерлер: 

60 келі. Дәурен Сүйекенов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі. Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан

73 келі. Бақытжан Абдурахманов

81 келі. Мади Амангелді

100 келі. Ислам Бозбаев

+100 келі. Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев  

Әйелдер:

48 келі. Ғалия Тынбаева

52 келі. Балнұр Әбдешова

57 келі. Бақыт Құсақбаева

63 келі. Кристина Сотникова  

70 келі. Екатерина Токарева

78 келі. Аруна Жангельдина, Маргарита Гриценко

+78 келі. Кәмила Берліқаш, Карина Такиева

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Австриядағы Гран-При турнирге қатысып, 60 келіде белдескен Қанат Сейілхан ғана 5-орынға жайғасқан болатын. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.