Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:anpz.kz

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді. 

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына қатысты мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Заңға сәйкес қылмыстық іске қатысты өзге мәліметтер жарияланбайды. ​

Еске салсақ, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылғаны туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.