Біржан ауылдық округінің әлеуметтік



жүктеу 57.14 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі57.14 Kb.

Біржан ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы қорытындылары мен 2018 жылы алда тұрған міндеттері туралы ауылдық округ әкімі С.Молдашевтың есепті баяндамасының тезистері

Өткен 2017 жыл бұл еліміз үшін Бас қала Астананың төрінде еліміздің мәртебесін әлемге әйгілейтін халықаралық «Экспо-2017» көрмесінің өтуімен ел тарихында алтын әріптермен жазылатын оқиға болып есте қалады.

Жаһандық дағдарыстың дендеген кезінде елімізде қабылданған жаңа бағдарламалар мен заңдарды, Мәңгілік Елді мақсат еткен, Тәуелсіздігіміздің даңғыл жолы Нұрлы Жолда аянбай еңбек етуге үндеген Елбасымыздың Жолдауларын, «2050» Стратегиясын, Ұлт жоспарын Біржан ауылдық округінің тұрғындары да алдағы атқарылар істердің темірқазығы етіп алады.

Ауыл шаруашылығы бойынша

Округте 2017 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша ірі қара малы 7243 болып, өткен жылмен салыстырғанда 211 басқа, жылқы 897 болып, 225 басқа, құс 2930 болып, 70 басқа өскен. Қой-ешкі малы 3044 басты құрады. Округ бойынша 2017 жылы 80 шаруа қожалығы және 5 кооператив тіркелген. Оның ішінде 35 шаруа қожалығы мал өсірумен айналысса, 27–і егін шаруашылығымен айналысады. 24 шаруа қожалығы субсидия алуға құжаттарын өткізіп, бүгінгі күні 19 млн. 164 мың теңге үкіметтен баққан малдарына субсидия алып отыр. Асыл тұқымды мал басын өсіріп, сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бағытында «Бейбарыс» шаруа қожалығы, жетекшісі Рахимжанова Мәншүк -14 млн.теңге, «Азамат» шаруа қожалығы, жетекшісі Ошакбаев Бакытбек -14 млн.теңге, «Аршын» шаруа қожалығы, жетекшісі Даутбаев Марат-14 млн.теңге несие алды. Және де округте құрылған кооперативтердің 4-еуі мал басын асылдандырғаны үшін субсидия алуға құжаттарын өткізіп, бүгінгі күні 2 млн. 230 мың теңге субсидия алып отыр.

Округ бойынша жыл көлемінде 18022,74 центнер ет, 39597 центнер сүт, 319,4 мың дана жұмыртқа , 127 центнер жүн өндірілді.

2017 жылы округ бойынша 27 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысып, аудан экономикасын көтеруге өз үлестерін қосты. Биылғы жылы округ бойынша 2297 га жерге егін егілді. Оның ішінде 581 гектар дәнді дақыл, 421 гектар күнбағыс, 47 гектар картоп, 22 гектар көкөніс, 12 гектар бақша, 841 гектар соя, қалған 381 гектары көпжылдық шөптер. Бидайдың әр гектарынан орташа есеппен 16, күнбағыстан 8, картоптан 150, көкөністен 160 центнерден өнім алынды.



«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша:

А.Орманбетов атындағы мектептің 1997 жылғы түлектері өздері білім алған білім ордасындағы «Балбөбек» шағын орталығына құны 100 мың теңге болатын бөлме жихаздарын сыйлады.

Өтеуовтер, Шипановтар ұрпақтары Амангелді атындағы орта мектебінде (құны 850 мың теңге) сынып бөлмелерін жабдықтады.

«Сайхан» ЖШС басшысы А.В.Дудник ауылдағы жағдайы төмен отбасыларына 20 тонна көмір (құны 240 мың теңге) түсіріп беріп, қайырымдылық көмегін көрсетті.



Жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдер. 2017 жылы осы сала бойынша біздің округтен жергілікті бюджетке 1897000 тенге (көлік салығы-1647000 тг., табыс салығы -250000 тг.) міндетті салықтан түссе, қосымша кіріс көздерінен-78281 тг.қаржы түсті.

Әлеуметтік, инфрақұрылым салалары.

Өткен жылғы ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесуінде тұрғындардан 5 ұсыныс-пікір түскен. Бүгінгі күні осы ұсыныс-пікірлердің үшеуі орындалып, біреуіне нақтылы жауабы берілді (Моншаны іске қосу мүмкін еместігі туралы. Себебі, бұл ғимарат заңдылыққа сәйкес жеке меншікке аукцион арқылы сатылды), біреуі бақылауда. Ол - ауылда дәріхана ашу туралы.

Биылғы жылы Біржан ауылындағы 2-Шартты көшесіне құмтас төселіп, оған бюджеттен 2144600 теңге қаржы жұмсалды. Қуаныш ауылындағы 2-Шартты көшесіне ауызсу жүйесі тартылды. Осы ауылға аудандық мәслихат депутаты, «Ынтымақ-К» шаруа қожалығы жетекшісі Қыдырбек Шалбарбаевтың демеушілігімен бақшалық су әкелінді. Құны – 2 млн. теңге. Жарлы өзенінің Біржан ауылы тұсындағы арнасы тазаланып, жалданды. Құны–2321945 теңге.

Біржан ауылындағы Аманкелді көшесі жарық шамдары ауыстырылып, жөнделді. Құны-448000 теңге. Қуаныш, Біржан ауылдарындағы қоқыс төгетін орындар тазаланды. Құны 400000 теңге.

«Жол Жайыр», «Айбас», «Тасбаз», «Таңқай» қыстақтарында шаруа қожалықтары жетекшілерінің өз қаржыларына үй және мал қоралары салынды.

Биылғы жылы Қуаныш ауылындағы А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебіне ауыз су жүйесі кіргізіліп, ыстық су жүйесі (ористон) қосылды. Мектептің материалдық техникалық базасы толықтырылып, соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған 2 мультимедиа кабинеті қолдануға берілді. Құны – 850 мың теңге.

Мемлекет аз қамтылған отбасыларға 2014 жылдан бастап олардың аяқтарынан тұрып кетулері үшін «Өрлеу» бағдарламасын іске асыруда. 2017 жылы 16 отбасы «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысып, өздерінің әлеуметтік жағдайын жақсартып, 33 ірі қара малын сатып алды. Осы жобаға қатысып, шартты ақшалай көмек алушылар саны 73 адамды құрап, оларға жергілікті бюджеттен 360630 теңге, Республикалық бюджеттен 346253 теңге төленді.

Округтегі 11 мүгедек балаға, 6 мүгедек ересек адамдарға 3 әлеуметтік қызметкер әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетеді. Әкімшілік оларды үнемі назарда ұстап, әр түрлі шараларға қатыстырылып отырылады.



Білім беру, денсаулық сақтау саласы.

Округке қарасты 1 орта, 1 шағын жинақты негізгі орта мектепті 2016-2017 оқу жылында 218 оқушы аяқтады. Білім сапасы 55,7 пайыз. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан мектеп бітірушілер 86 балл жинады. 2 оқушы жоғары оқу орнының грантына оқуға түсті. Барлық мектептерде аз қамтылған отбасы балалары бір уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Мектептерде шағын орталықтар ұйымдастырылған.

Ауылдық округтегі емханада 6 дәрігер ауыл халқына қызмет көрсетеді, оның 1- жоғары білімді, 5 арнаулы орта білім мамандары. Арнайы аудандық аурухананың жылжымалы медициналық зертханасы ауылдық округ орталығына 2 рет келіп, ауыл тұрғындарын жүрек-қан тамырлары, бүйрек, флюорографиялық тексерулерден өткеріп, жоспарлы скринингтік бағдарлама бойынша азаматтар тексерулерден өткізіліп отырды. Ана мен бала өлімі болған жоқ. Күндізгі жатып емделетін кабинет жабдықталған.

Мәдени-спорт саласы.

Округте 1 клуб үйі , 1 кітапхана, 2 спорт зал, 1 хоккей қорабы жұмыс істейді. Мәдени-спорт іс шараларының жоспары жасалынған. Жыл көлемінде мәдениет қызметкерлері ақылы қызмет көрсетіп, бүгінгі күні 110000 теңге кіріс кіргізіліп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бухалтериясына аударылды. Жыл көлемінде округ бойынша 3 концерт, 38 би кеші, 3 сайыс, 3 пікір-алмасу кездесулері, «Мектепке барар жол» атты қайырымдылық акциясы т.б. әр-түрлі тақырыптағы мәдени іс-шаралар тұрғындардың қатысуымен өтті.

Әкімшілік мәдени-іс шараларға демеушілік танытып, шаралардың жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасап отырады. 03.04.2017 күні Кеңсай ауылының мәдениет үйінде өткен «Қазақтың дәстүрлі әндер-ай» атты дәстүрлі әндер мен терме сайысында Біржан ауылдық округі атынан қатысқан Сағыдат Ерболат жүлделі ІІІ орын иеленді. 8 желтоқсан 2017 жылы Кеңсай ауылдық округінде өткен патриоттық әндер байқауында Біржан ауылдық округінен қатысқан Бүрдібай Серікбек бас жүлдені жеңіп алды.

Округте ауыл жастарының бос уақыттарында спортпен айналысуға толық мүмкіншілік жасалған.

Биылғы жылы оқушылар арасындағы аудандық тоғыз құмалақ ойыны жарысында Аманкелді орта мектебі оқушылары: Жарқын Дидар, Талап Нұрасыл, Қарқын Дина 3-орын, оқушылар арасындағы аудандық баскетбол жарысынан Аманкелді орта мектебі оқушылары 2-орын, қазақ күресінен 1-орын, еркін күрестен 2-орын иеленді.

Оқушылар арасындағы дойбы ойыны жарысынан А.Орманбетов мектеп оқушысы Ашиханова Гүлдана 2-орын, облыстық жасөспірімдер арасындағыы еркін күрестен Ашиханова Айым 2-орын, аудандық жеңіл атлетика жарысынан Бақытбекқызы Камила 2-орын, аудандық Президенттік көпсайыстан Адалбекұлы Қасиет 2-орын, Назибекова Адалжан 3-орын, Амангельдина Аяужан 2- орын иеленді.



Құқық бұзушылық

2017 жылы округ бойынша жалпы 5 қылмыс тіркеліп, 2-еуі ашылды.



Алдағы 2018 жылы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық саласын көтеруге арналған төмендегідей жұмыстар жоспарлануда:

- Біржан ауылындағы 7-Шартты көшеге қиыршық тас төгіп, тегістеу жұмыстарын жүргізу;

- Қуаныш ауылындағы 2-Шартты көшеге қиыршық тас төгіп, тегістеу жұмыстарын жүргізу, 1-Шартты көшеге ауызсу жүйесін тарту ;

- А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінің дәліздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Аманкелді атындағы орта мектептің алдыңғы қас бетінің терезелерін ауыстыру, 2-3-қабат дәліздерінің еден жабындыларын ауыстыру, жылу қазандығының оттығын жаңалау;

- Біржан-Ақарал тас жолының бір бөлігіне қиыршық тас төгіп, тегістеу жұмыстарын жүргізу;

- Ауылдық округтегі көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру.

Біржан ауылдық округ әкімі С.Молдашев


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет