Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Жерасты дүмпуінің күші екі балл болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Shutterstock

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, 27 қаңтарда сағат 15:03-те орталықтың сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның кіндігі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,0. Магнитудасы MPV 5,5. Тереңдігі 5 шақырым. Алматыда MSK-64 шкаласы бойынша сезімталдық 2 балл болды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.