Бірлік ауылдық округі әкімі Н. Нұрғалиевтің Бірлік ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасыныңорындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



жүктеу 87.04 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі87.04 Kb.
түріБағдарламасы

Бірлік ауылдық округі әкімі Н. Нұрғалиевтің Бірлік ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасыныңорындалуы

туралы есепті баяндамасының тезистері
Еліміздің жақын жылдардағы экономикалық дамуының бағыттары мен міндеттерін айқындап берген, Елбасымыздың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етуі еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Еліміздің ертеңіне жол сілтеген бұл жаңа бағдарламалық құжат әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсартуға арналуда. Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру бойынша алдыда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Елбасы алға қойған міндеттерді облыс, аудан әкімінің тапсырмаларын, халықтың ұсыныс-тілектерінде айтылған мәселелерді орындауға бағыттады.

2014 жылғы аудан, округ әкімінің есепті кездесуінде айтылған ұсыныс тілектердің орындалу барысы бойынша Бірлік ауылында орналасқан ескі клуб ғимаратын мемлекетке қайтару мәселесін шешу болған. Бұл арада нақты иесімен жұмыстар жүргізілді сату құны жөндеу құнынан қымбат болып отыр.

Округімізде 1 орта мектеп, кітапхана, клуб, 1 медициналық пункт, «Қазпочта» АҚ қызмет жасап отыр. Ауылда сандық телефон, теле арна және отандық OTAUTV36 сандық теле арналары бар.

Жарма ауданының әкімімен бекітілген «Бірлік ауылдық округінің кәсіпкерлік карта бағдарламасын» басшылыққа алып, округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы жұмыстар атқарылды.Өткен 2014 жылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына Бірлік ауылдық округі де өз үлесін қосты.

Округ бойынша 2014 жылдың 01 қаңтарына тұрғындар саны 911 құраса, 2015 жылдың 01 қаңтарына барлық тұрғындар саны – 943 адамды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 104 пайызға артты. Демографиялық көрсеткіш 2013 жылы - 24 болса, 2014 жылы – 26 нәресте дүниеге келді, өткен жылмен салыстырғанда 108 пайызға артты.

2013 жылы жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны – 25 болса,2014 жылы – 33 құрап отыр, яғни 132%. Ашылған жұмыс орындары 2014 жылы 84 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, мал өсіріп, шаруа қожалықтарда және салынған су құбырында жұмыс істеді. Бірлік ауылдық округі бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға арналған атаулы әлеуметтiк жәрдемақыны 2014 жылы 8 отбасы алып отыр. Жұмыссыздар саны 2013 жылы 2 адам болса, 2014 жылы 1 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.Округте «Өрлеу» бағдарламасы аясында аз қамтылған 1 жанұя жұмыспен қамтамасыз етілді.

Округтің әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы болса: 2014 жылы ірі қара мал басы – 1934 басты құраса, 2013 жылдың деңгейіне 116 пайызды құрады, яғни (2013 жылы – 1662 бас болған), қой мен ешкі – 5505 басты құрады, 2013 жылдың деңгейіне 77 пайызға артты (2013 жылдың – 7 121бас), жылқы басы – 648 басты құраса, 2013 жылдың деңгейіне 119 пайызға артты (2013 жылы – 544 бас құраған).

Ет өндірісі 51,15 тоннаны құраса, 2013 жылдың деңгейіне 110 пайызды құрады (2013 жылы – 36,5 тонна), сүт өндірісі – 2945 тоннаны құрады, 2013 жылдың деңгейіне 172 пайызға артты (2013 жылы – 1714,5 тонна құраған).

Өсімдік шаруашылығын дамытуға 2013 жылы 2 149 мың теңге, ағымдағы жылы 12 066 мың теңге субсидия төленді.Мал шаруашылығын дамытуға 6 560 мың теңге субсидия төленді.

«Жайлау» бағдарламасы аясында 100 бас ұсақ мал басы алынды.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2 100 бас ұсақ мал басы сатып алынды.

Бірлік ауылдық округінде 31 шаруа қожалықтары тіркелген. Оның ішінде 10 шаруа қожалығы егістікпен, 20 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады.

Мал басының тұрақты дамуы оның эпизотиялық тазалығын сақтау мақсатында жоспарлы түрде аса жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, сарып ауруларына тексерілді. Барлық мал басы бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға енгізіліп, қадағалануда. Округтегі ветпункт ішінен ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пункті ашылды. Жұқпалы аурудан алдын алу үшін мал тұратын 25 қора, 2 баз арнайы ДУК авто көлігімен бекітілген кестеге сәйкес дезинфекцияланды.

2014 жылы шаруа қожалықтары 5276 гектар, оның ішінде «Арма» шаруа қожалығы 289 гектар егістік, «Бірлік» шаруа қожалығы 200 гектар егістік, «Олжас» шаруа қожалығы 397 гектар, «Айтуған» шаруа қожалығы 150 гектар егістік, «Жолдыбек» шаруа қожалығы 37 гектар, «Нұржан» шаруа қожалығы 60 гектар егістік, «Мұрат» шаруа қожалығы 100 гектар егістік, «Жанар» шаруа қожалығы 100 гектар егістік, «Арго» шаруа қожалығы 3429 гектар егістік, «Имадилов Е.М.» шаруа қожалығы 514 гектар егістік егіліп өнім алынды.Агротехникалық талаптардың сақталмағандығынан, өнім төмен алынып отыр, сол себептен бүгінгі заман талабы егін шарушылығына қатты көңіл бөлуде әсіресе тыңайтқыштарды пайдалануды қажет етеді.

2014 жылы өткізілген жер инвентаризациясы жұмыстары нәтижесінде округ жерлеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Округ бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатта толық пайдалану туралы шаруа қожалықтармен арнайыкездесулер өткізілді.

Бірлік ауылының тұрғыны Г. Тукенованың мал қора – қопсыларына қызмет көрсету үшін пайдаланылған, алаңы 0,078 гектар жер учаскесі, «Еңбек» шаруа қожалығының басшысы С. Салимбаевтың шаруа қожалығын жүргізу үшін пайдаланылған алаңы 137,0 гектар және алаңы 948,0 гектар жер учаскелері «Жер учаскесін жалға алу шартын» бұзу арқылы, мемлекетке қайтарылды.

Биылғы жылы жаңадан «Имадилов Е.М.» шаруа қожалығы ашылып 137 бас асыл тұқымды «Жабе» жылқыларын 27 млн 632,0 мың теңгеге Ұлан ауданынан әкелді. Қожалыққа жаңадан МТЗ тракторы, кун 4 млн, 2 млн комбайн техникалары сатып алынды. Қазіргі уақытта 608 га егістік жер берілген толығымен игеріліді. Сонымен қатар, 2015 жылы«Имадилов Е.М.» шаруа қожалығымен округте «Ауыл шаруашылықты қолдау» қорынан 60 млн теңгеге «Ырыс» бағдарламасы арқылы сүтті асыл тұқымды 100 бас сиыр алып сүт фермасын ашу жоспарлап отыр.

«КазАгроҚаржы» АҚ қоры арқылы 2014 жылы шаруа қожалықтарымен 26 млн.теңгеге тракторлар, комбайн,ауыл шаруашылық машиналар сатып алынды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының алғашқы сатысын халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытында жүзеге асқан жобалардың бірі «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын ары қарай дамытып, оны игеру бағытында әлі де жұмыстар жүргізілу керек екеніне тоқтала кетті.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру төрт бағыт бойынша жүргізілді. Соның бірі «Ауылдағы кәсіпкерлікке көмек көрсету». Бұл бағытта біздің округімізде біршама жұмыстар жүргізілді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жеңілдікпен 2014 жылы 3 ауыл тұрғындары несие алып, жұмыстарын жүргізуде. Жалпы 3 жоба құны 5 млн теңгені құрап отыр. Осы алынған несиелер мал шаруашылығына бағытталған. 2015 жылы жоспарланған несие алу жобалары өндіру саласына бағытталатын болады.

Шағын ауылдың шағын бизнесі де күн сайын шарықтап келеді. Қазіргі уақытта нан пісіру цехы ауылымызды нан өнімімен қамтамасыз етуде. Ауыл тұрғыны С. Құсайынов өз қаражаты есебінен шаштараз ашып жұмыс жасауда, А.Нургалиев өз қаражатына жем тарту аппаратын сатып алды, Д. Тусупжанов өз үйінде аяқ киім жөндеу орнын, Б. Нысангалиева өз қаражатына тігін шеберханасын ашты, Қ. Ниазбек жүк тасымалдау «ГАЗель» автокөлігін сатып алып, қазіргі уақытта Өскемен қаласынан төмендетілген бағамен жем, ұн тағы басқа халық тұтынатын қажетті заттарды тасымалдауда және де Қ. Қатыр көлемі 40 тонналық жеміс сақтайтын қойма салды. Ветеринарлық пункт қарамағымен мал ұрықтандыру орны ашылып, алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін керекті дәрі-дәрмектер алынған. Дөңгелек жөндеу орнын ашу үшін «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша Жанатбай Қуандық несие алуға ниет білдірді. Ауыл тұрғыны К. Нысангалиева дүкен салып, қазіргі таңда ауылды азық түлікпен қамтамасыз етуде. Бүгінге округ бойынша 3 дүкен тұрғындарды қажетті азық-түлік, керек-жарақтармен қамтамасыз етуде. Теңге бағамының өзгеруіне байланысты, күнделікті тұтыну тауарларының негізсіз өсіміне жол бермей мақсатында жұмыс тобы құрылып, дүкен иелерімен үстеме бағаны 10 пайыздан асырмау жөніндегі меморандум шарттарын орындау бойынша әңгімелер жүргізілді. Баға өсіміне қатысты тұрғындардан арыз-шағымдар түсіргендер жоқ.

Бірлік ауылдық округі бойынша жергілікті салықтың барлық түрі бойынша 2014 жылғы болжам 863 мың.теңге, орындалысы 870 мың теңге, яғни 101 пайыз, оның ішінде: мүлік салығының болжамы – 17 мың теңге, орындалысы 17 мың теңге, 100 пайызды құрап отыр.

Жер салығының жоспары – 60 мың. теңге, орындалысы 60 мың. теңге, 100 пайызды құрайды.Көлік құралдар салығының жоспары –790 мың теңге, орындалысы 797 мың теңге, яғни 101 пайыз. Округ бойынша тіркелмеген Қытайдан әкелінген мини 3 тракторы және 2 мотоцикл анықталып, құзыретті органдарға қажетті құжаттарымен жіберіліп тіркеуге тұрып, көлік салықтарын төледі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын дамыту мақсатында «Строитель» ЖШС-гі тарапынан мүгедектері бар отбасыларына меморандум бойынша құны 1млн 200 теңгеге тегін ауыз су тартылды және де құны 600 мың теңгеге ауыл ішіндегі бұзылған үйлердің орны, қоқыстар тазартылды.

Жаңадан құрылған «Имадилов Е.М.» шаруа қожалығының басшысы Е. Имадилов Бірлік орта мектебінің кіреберісіне құны 500 мың теңге тұратын пластикалық есік-терезелер салуға көмек көрсетуге ниет білдірді және де ауыл жастарын спортқа тартып, өткізілетін аудандық ойындарда демеушілігін көрсетіп отыр. Бірлік ауылының тұрғыны С. Жакупов құны 200 мың теңге көлемінде Бірлік ауылын абаттандыруға, көшет отырғызуға жәрдемдесті. 2013-2014 жылдары Бірлік ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары Бірлік орта мектебі оқушыларын құны 350 мың теңгеге тегін ыстық тамақпен қосымша қамтамасыз етті. 2014 жылдың қысында «Шалабай» ЖШС тарапынан Бірлік ауылының көшелері жалпы 250 мың теңге көлемінде меморандум арқылы жолдары тазартылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Бірлік ауылынан шыққан Альжановтар отбасы 600 мың теңге көлемінде мектепке музыкалық аппаратура және проэктор мен экранын сыйға тартты.

Бірлік ауылының спортшылары 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы үлкен жетістіктерге жетті. Атап айтатын болсақ Жарма ауданы әкімінің жүлдесіне арналған спартакиадада аудан бойынша 5-ші орынды иеленді. Облыс көлемінде алғаш рет өткізіліп отырған Жарма ауданы әкімінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Жарма Барысы» турнирінде Бірлік ауылдық округі 3-ші орынды иеленді. Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз күніне және де ауыл шаруашылық күніне Бірлік ауылында спортты жетілдіру мақсатында бәйге жарысы өткізіліп тұрады. Жарма ауданы әкімі Ә.М. Мұхтарханов тікелей қатысуымен өткізілген тай жарыстарында бірнеше рет жүлдегер қатарында болды. Қалбатау ауылында жаңадан ашылған Болат Тұрлыханов атындағы спорт комплексінде Бірлік ауылының тұрғыны, Қазақстанның ұлттық дәрежедегі спорт шебері Е.С. Жылқыбаевтың еркін күрестен облыстық турнирі өткізілді. Бұл турнир дәстүрге айналды деп айтсақ та болады.

Білім беру және балаларды тәрбиелеу саласында округ әкімінің аппараты мектеппен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істейді. Бірлік ауылында «Бірлік орта мектебі» орналасқан. 2013-2014 оқу жылында жалпы оқушылар саны – 134 оқушы болса, 2014-2015 оқу жылына -135 оқушы. Мектепте кіші орталықта 68 бала, оның ішінде 1 толық күндік кіші орталық. Даярлық топтағы бала саны -15, 2-5 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу пайызы – 100 пайыз. Биылғы жылы ұлттық біріңғай тестілеуді тапсырған оқушылар саны – 9. Орташа көрсеткіш – 81,4 балл, ең жоғарғы балл – 109, ең төменгі балл 51, 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш жоспарға сәйкес біршама артып отыр. Мектепте жастардың бос уақыттары жоспар бойынша әр түрлі қызықты спорттық және патриоттық бағытта, интелектуалдық топтардың қатысуымен іс-шаралар өткізіледі.

Мектеп, шаруа қожалықтар және ауыл әкімішілігі арасында ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында меморандум жасалып, демеушілік көрсетілді. Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы – 100 пайыз. Бюджеттен 700 мың теңгесі ыстық тамаққа, 165 мың теңгесі балға бөлінді. Ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалаумен ФАП-та 2 адам жұмыс істейді. Жыл көлемінде 2013 жылы 24 нәресте дүниеге келсе, 2014 жылы 26 нәресте дүниеге келді.

Бүгінгі таңда почта тарапынан ауыл тұрғындары зейнетақы, жәрдемақылар, еңбек ақыларын алады. Жылда почта арқылы, тікелей почта қызметкері көмегімен тұрғындардың мерзімді басылымдарға жазылу жүмыстары жүргізіледі және уақытында аудан орталығынан әкелініп, тұрғындарға таратылады.

Еліміздегі ауылды көркейту мақсатында жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың, бағдарламалардың арқасында ауылдағы біраз жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Аудан әкімінің қаулысы негізінде 3 айлық санитарлық тазалық жұмыстары бойынша сенбіліктер өткізілді, 6 шақырым құрайтын ауыл көшелері тазартылып көшеттер отырғызылды. Бұл іс-шараларға шаруа қожалығының техникалары мен ауыл тұрғындардың тракторлары жұмылдырылып, қоқыс орындары тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Малдарын бақпай қараусыз жіберген 6 азаматқа айыппұл салынды.Бірлік ауылы республикалық жол үстінде орналасқанын ескере отырып әр тұрғын жеке жауапкершілікпен қарап өз ауласын таза ұстап ауыл көркіне қатты мән беруді қажет етеді.

Қылмыстық жағдай бойынша округте 2013 жылы 12 қылмыс тіркелсе, 2014 жылы 8 қылмыс тіркеліп, оның 7 ашылды. Оның ішінде ұрлық – 7, Заңсыз қоқыстарды төккен 23 адамға 62 мың теңге айыппұл салынды. Қылмыспен күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторы, педагогикалық патруль, ақсақалдар кеңесі, әйелдер кеңестерінің қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізілді.



2015 жылға жоспар:

2015 жылы «Аумақты дамыту» бағдарламасы арқылы 700 мың теңге бөлініп Альжанов көшесі жарықтандыру жоспарлануда.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет