Бисенғалиева Самал Талғатқызы Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Талғайран негізгі мектебі Атырау қаласы



жүктеу 27.9 Kb.
Дата13.10.2017
өлшемі27.9 Kb.
түріСабақ



Бисенғалиева Самал Талғатқызы

Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Талғайран негізгі мектебі

Атырау қаласы

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Талғайран негізгі мектебі Мерзімі 23 сәуір 31

Тақырып: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат!»

Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: қамқорлық көрсету;

Мұғалім: С.Бисенғалиева Сынып 4 Оқушылар саны: 17

Сабақ мақсаты: «Табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;

Сабақ міндеттері:

  • Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;

  • Табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып, денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашыр тұр.күннің нұры қоға барды, қолдарыныздың саусақтарына ыстық сезім ұялатты, қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті. Аяғың нұрлы жолға бастады. Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды,Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Талғайран ауылын, отбасыларыңызға, осы сыныпқа, тіпті егемен еліміздің түкпір- түкпір аралап өткен жерлеріне жақсылық, қуаныш ,жылылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге оралды. Сіз нұр сәулесісіз!
Үйге тапсырманы тексеру;

«Табиғат сыйы» сурет


Үнтаспа


Жай баяу әуен

2.Әңгімелеу

- «Жасыл ел» туралы естігендеріңіз бар ма?

- «Жасыл ел» тобын құрған адамдар немен айналысады?

- Олардың атқарған іс-шаралары қандай мақсатпен жасалуда деп ойлайсыңдар?






3. Топтық жұмыс

«Жасыл ел» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру;



Мультимедиа слайд

4. Дәйексөз

«Табиғатқа тазалықты тарту ет» Р.Сәтімбеков

- адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге. Өйткені оның жерінде дүниеге келіп, суын ішіп,ашық аспанында күн нұрына малынып,өсімдіктермен тынығып, жаңбыр- қарының қызығын көріп өсіп-жетіледі.Табиғатта адамның оны сақтауымен, қорғауымен,күтімімен дамып келеді. Демек, олардың бір – бірінсіз өмір сүруі қиын.



Дәйексөз слайд


5. Мәтінмен жұмыс

М.Аяғанова «Табиғатпен тілдессем» өлеңін оқу, талдау;





6. Жаңа ақпарат

Табиғат тазалығы – адам денсаулығының кепілі.Алуан түсті гүлдер алқабы,сайраған құстар, бұлақ сылдыры,биік таулар, жарқыраған күн, таза ауа адамдарға саулық пен қуаныш сыйлады.






7. Шығармашылық жұмыс

1. «Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау» коллаж жасау

2. «Денсаулық жан саулығыңның кепілі» эссе жазу

3. «Мен туған өлкемнің табиғатын жырлаймын» 5 жол өлең




А4 қағаз, түрлі- түсті қарындаштар


8.Қорытындылау

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп, тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз

Жадыраған Күндейміз! Күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз! Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз!Ауамыз!

Сылдыраған Сумыз біз, тазамыз, тазамыз!




Баяу әуен

Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2014 -> Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек
2014 -> Бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> Ќазаќстан Республикасы Спорт жјне дене шыныќтыру
2014 -> Қазақстан республикасының


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет