Жетісу облысындағы Текелі тауларында мектеп оқушысының денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жетісу облысының полицейлері жоғалып кеткен 14 жастағы оқушының денесін іздеп тапты. Полицейлер мен әскери қызметкерлерден, еріктілерден тұратын іздеу топтары Текелі қаласының сыртындағы таулы жерде қыздың мәйіті жерленген орынды анықтады. Полиция сол жерде жұмысын жалғастыруда. 

Естеріңізге сала кетейік, 28 желтоқсанда Талдықорған полицейлеріне 14 жастағы оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен болатын. Жасөспірім қараша айының басынан бастап сабаққа қатыспағаны белгілі болды.

Жауап алу кезінде әйел қызын 6 қараша күні кешке өлтіргенін айтқан. Оқиға орын алған күні ол қызы екеуі Талдықорғанда күйеуі жалға алып тұрған техникалық қызмет көрсету станциясында болған. Жанжал кезінде әйел Каринаны арқанмен қылқындырып өлтірген. Қылмыстың ізін жасыру үшін ерлі-зайыптылар баланың денесін көлікке тиеп, Текелі тауларына апарып, көміп тастаған.

Алайда кейінірек Каринаның анасы қызын шын мәнінде күйеуі өлтіргенін айтып, куәлігін өзгерткен. Кейінірек полиция қыздың өгей әкесін ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын бастағаннан кейін полиция жасөспірімнің қылмыстың құрбаны болуы мүмкін деген нұсқаны ұсынды. “Адам өлтіру” бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жалғасуда және ерекше бақылауда. 

Еске салсақ, осыған дейін Жетісу облысында 14 жасар қызға іздеу жарияланған болатын. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.