Біз Атырау облысы, Мауат ауданы Доссор кентінің Ұбт-ке қатысқан оқушылардың ата-аналарының атынан Пікір



жүктеу 97.61 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі97.61 Kb.

Біз Атырау облысы,

Мауат ауданы

Доссор кентінің

ҰБТ-ке қатысқан оқушылардың

ата-аналарының атынан

Пікір
ҰБТ-ға балам жоқ аудиторияға кіріп емтиханның қалай өткенін өз көзімізбен көрдік. Емтихан орынды дұрыс өткізілді. Министрліктің өкілдері тексеріп жүрді. Естихан тыныш, балалар еркін отырып сұрақтарына жауап берді.

06.06.09.

Жумагалиева Т.Т.

Сарбалина С.Е.

Кенжешова Ж.С.

Бисаланова Ш.Н.

Жанбыршиева А.Х.

Пікір

Мен Мамбетов Нағашыбай, 06.06.2009 жылы Ақтөбе қаласында оқушылар тестіне қатыстым. №4 аудиторияға ата-ана ретінде №4 аудиториядағы тест, тест тапсырмаларына жауапкершілігімен қарағандығы көрінді. Осыған дейінгі көгілдір экрандағы (телевизор) барлық нұсқауларды сақтағандығын көрдім.

Басқа комиссия мүшелері де жиі-жиі қадағалап қарап отырғанын көрдім. Тестің өткізілу барысына өте жақсы баға қоюға боларлықтай деймін. Тестке аудитория жақсы жабдықталған, аудитория іші жарық, қазіргі талапқа сай кондиционерлер қойылған, көрнекілік құралдарымен жабдықталған (сағат, бор, т.б.).


Ата-ана Н.Мамбетов,

06.06.09.

сағат 12.45.

Пікір
Мен, Құрбанғалиев Бақтығали бүгін, яғни 06.06.09 ж. Бірыңғай тест тапсырушы балалардың ата-ана ретінде № 2 аудиторияда бақыладым. №2 аудиториядағы тест тапсырушылар жағынан, бақылаушылар жағынан, тәртіп бұзушылық және тест тапсыру нұсқауларына қарама-қайшылық болған жоқ. 9 сағат 15 минутта басталып, 12 сағат 45 минутта барлық тест тапсырушы өздеріне жүктелген тапсырмаларды үлгеріп шықты.


М.Құсанов атындағы дарынды

балалар мектеп-интернаты оқушысы

Құрбанғалиева Н. ата-анасы

Бірыңғай ұлттық тестілеу туралы пікір
Мен, Елемес Жұмаұлы, №05 аудиторияда өткен ҰБТ жұмысына қатысып отырдым. ҰБТ сағат 9.30 басталып сағат 13.00 аяқталды.

Тестілеу тыныш, жақсы өтті. Мектеп бітіруші түлектердің білімдерін көрсетуге толық жағдай жасалған. Кезекшілер де өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, тыныштық сақтау, тәртіп сақтау жағын қамтамасыз етті. Мен ешқандай тәртіп бұзушылық байқаған жоқпын.

Комиссия мүшелері, оның төрайымы Шолпан қайта-қайта келіп бақылап тұрды.
Елемес Жұмаұлы

Ақтөбе педагогикалық

институтының кітапханасы

06.06.2009.

Пікір

Мен №4 аудиторияда отырған ата-анамын. Мен осы аудиториядағы өтіп жатқан тестілеу де әділ өтіп жатыр деп ойлаймын. Тестілеу сағат 9.45-те басталып, 13.45-те бітеді. Балалар өз еріктерімен, тыныш әрі әділ өтіп жатқанын көріп отырмын.


Бисенбаев Е.

04.06.2009.

Пікір

Мен, ата-ана Саринбаева Ләззат, аудиторияда ҰБТ-ның өткізілуін қадағалап отырдым. Кезекшілер оқушыларға жауап парағын толтыруды түсіндірді. Уақытында тест басталды. 9.30-да. Аудиторияда тыныштықтың сақталуын, оқушылардың әжетханаға шығып келуін кезектестіріп қадағалап отырды. Кезекшілер талапқа сай жұмыс жүргізді.

Балаларда қобалжушылық болып отыр. Аудиторияда тәртіп сақталынып отырылды.
06.06.2009.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығының

басшыларына
Алғыс хат
Мен Хасен Талғат — ұлым Хасен Ахмет Талғатұлының 6.06.2009. күні ҰБТ тапсыруы және оның ертеңгі күні өткен аппеляциясының өтуі туралы айтайын деген едім. Аппеляцияны өткізуші жігіт Сейсенбеков Ерлан деген інішек екен. Қасында Есімханова Назира және компьютерші Дьячкова Марина деген қыз-келіншектермен ҰБТ дұрыс өтуіне, емтихан талаптарын дұрыс орындалуына барлық септіктерін тигізді. Ертеңіне өткен аппеляцияда балама математика пәнінен бір балл жетпей қалған еді. Соны Ерлан деген інішек біздің өтінішімізді аяққа тастамай, мұқият тыңдап алып, жауап парағы мен сұрақ кітапшасын алдыртып, асықпай, баппен кеткен қателікті жөнімен түсіндіріп берді. Бұл інішекке алғыстан басқа айтарым жоқ. Бірақ ендігі жолы, үкіметке қиын болмаса, «Алтын белгіге» 1 балл жетпей жатқандарды қинамай, бір балын бере салса екен.
07.06.2009.

Шалқар қаласы

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

Ұлттық тестілеу орталығының

басшылығына
Алғыс хат
Мен, Шалниязов Данылхан Серікұлының әкесі — Шалниязов Серік — ұлттық бірыңғай тест өткізуге келген комиссия мүшелері — Есімханова Назира Ізбастықызы, Сейсенбеков Ерлан Кенжебайұлына, Дьячкова Марина Анатольевнаға өз алығысымды білдіремін. Олар емтихан басталғаннан бастап, балаларымыздың жанында болып, олардың көңілін демдеп, емтиханның дер кезінде дұрыс басталуына үлкен көмектерін тигізді. Барлық оқушыларға Ұлттық бірыңғай тестілеуді дұрыс түсіндіріп, еліміздің басшыларының бұған өте үлкен мән беріп отырғанын атап көрсетті.

Емтихан кезінде де балаларға барлық ақылдарын айтып, өз күштерімен адал бағаларын алуын тіледі. Емтихан болып жатқан жерлердің барлығында жағдай жасады. Әсіресе, жауап парағының дұрыс толтырылуына көп ақылдарын айтты. Емтихан кезінде тәртіп қатаң бақылап, өз деңгейінде өтуіне жағдай жасады. Емтихан біткенде де жергілікті басшылармен, алыс жақтан келген оқушылардың барлық қауіпсіздік жағдайын ойлап, аман қайтуын ұйымдастырды. Сөйтіп, өз жұмыстарын жақсы атқарды. Келешекте осындай білікті мамандардың тағы келуін қалаймыз. Себебі осы мамандар бұл науқанды өте жақсы өткізді. Олардың жұмыстарына үлкен рахмет айтамын.


06.06.2009.__Пікір'>06.06.2009.__Ата-анала_пікірі'>Шалқар қаласы,

06.06.2009.

Ата-анала пікірі
Мен Ақтөбе облысының Ойыл ауданының тұрғыны ППЕНТ-844 пункітісі №5 аудиториясын Исмаилова Бақтыгүл ата-анасының атынан пікірімді жазып отырмын. Сіздерге рахметімді және алғысымды айтқым келеді. Бәрі дұрыс болды.
06.06.2009.

Пікір

Мен ата-ана Есжанова К.А. №7 аудиторияда отырдым. Тестілеу жұмысы өз дәрежесінде өткізілді. Балалар өз жұмысымен, кезекшілер өз жұмысын дұрыс атқарып жатыр. Менің ешқандай қоятын кәнім жоқ.


Ата-ана Есжанова К.А.

06.06.2009.

Ата-ана №30 мектеп А.С.Естемиров (уд.личн. №012015139)
Мен 06.06.09. күні мемлекеттік ҰБТ кезінде тест кітапшалары көзімше ашылды. Оқушыларға барлық жағдайлар жасалды. Барлық ережелер баяндалды. 9.15-те ата-аналар шақырылды. №7 аудиторияда кезекші мұғалімдер болды.

06.06.2009.

Ата-ана №30 мектеп М.С.Мадирова (уд.личн. №014835616)
Мен, 06.06.09. күні Мемлекеттік тестілеу кезінде тест кітабы салынған қапшықты ашқанда қатыстым. Қапшық аузы бектілген. Оқушыларға жағдай жасалды. Түсіндіріп айтылды. Оқушылар еркін отырды. Жақсы тапсырады деп сенемін.
Мадирова М.С.

06.06.2009.

Байқоңыр қаласындағы

8 Ю.А.Гагарин атындағы



орта мектептің ата-анасы

Қалышова Зауре Батырханқызының
Пікірі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы №99 орта мектепте бүгінгі 6 маусым 2009 жылы өтіп жатқан ҰБТ-де бақылаушы ретінде қатыстым. 11 сыныптардың оқушыларына құттықтау сөзден кейін 4 оқушыдан толық тексеруден өткізіп кіргізгенін көріп тұрдым. Бұл жағдай оқушыларға кері әсерін тигізген жоқ. Тапсырмаларда айтарлықтай қате байқалмады. Оқушылар тапсырманы еркін орындап отыр. Ұйымдастыру комитеті өте ұқыпты әрі сыпайы жұмыс жасағаны маған ұнады. Оқушыға барлық жағдай жасалған. Оқушының толық өз ой-өрісін тест арқылы алынған сыннан сүрінбей өтуіне шын жүректен тілектеспін.

Республикалық, облыстық, аудандық және жергілікті ұйымдастыру комитетіне алғысымды айтамын. Жұмыстарыңызға творчестволық табыс тілеймін.



Ата-ана Қалымова З.Б.

06.06.2009.

Пікір
Мен, Шоңғалова Гүлнәр Бақытқызы, мектеп бітіруші Шоңғалов Қайраттың анасы, 1 қабаттағы №3 аудиторияда ата-аналар тарапынан бақылаушы болып қатынастым.

ҰБТ өту кезінде ешқандай заңбұзушылық болған жоқ.

Мектептің ұйымдастыру жұмыстары өте жақсы жүргізілген. Аудиториялар талапқа сай жабдықталған. Кезекшіле де өз жұмыстарын жақсы орындады. Түсіндіру, тарату жұмыстары еш кедергісіз жүргізілді. Бәрі уақытқа сай өтті. Мектеп бітірушілер жұмыс істеу барысында өздерін еркін ұстады.

Жалпы мені ҰБТ өтуі толық қанағаттандырды.



Министрлік өкілдеріне, аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне алғысымыз көп. Жұмыстары жемісті болуына тілектеспін.
07.06.2009.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет