Біздің ежелгі бабаларымыз құсты ұядан ұстап, жұмыртқасын да содан алатын болған



жүктеу 300.69 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі300.69 Kb.




Кіріспе

Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.

Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын – қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.

Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде . Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін.


I. Негізгі бөлім

1.1.Құстардың шығу тегі және үйге үйрету.

Біздің ежелгі бабаларымыз құсты ұядан ұстап, жұмыртқасын да содан алатын болған. Кейін адамдар кұс аулауды үйренді. Олар құс етін тамаққа, ал кауырсынын бас киімдерді әшекейлеуге пайдаланды. Адамзат коғамының даму барысында жабайы кұстар біртіндеп колға үйретіле бастады.Көне әдеби деректерде құсты адамдар тамакка, сондай-ақ спорттық мақсаттар үшін және олардын кейбіреуін касиетті кұстар ретінде асырағандығын жазған.

Үй құстарының пайда болуы мен олардың таралуын біз қазба жұмыстары мен көне колжазбаларға карап білеміз. Қазба жұмыстарын жүргізген жерде табылған үй кұстарының қаңкалары, ескі ақшалардағы олардың бейкелері, түрлі суреттер мен өнер туындылары өте ертеде-гі адамзат түрмысында үй кұстарының кенінен пайдала-нылғанын толығымен растайды.

Үй тауығы әу баста Индияның, ит тұмсығы өтпейтін салың ормандарында осы күнге дейін мекен ететін жабайы банкив тауығынан тараған.Жабайы тауықтар мен үй тауықтарының оңай шағылысуынан өнімді ұрпак алынады. Банкив тауығы тез қозғалғыш, дене жағынан онша үлкен де емес, салмағы 0,6 – 0,8 кг, қанаттары мен құйрығы жақсы жетілген,

8—12жұмырткаға дейін басады.

Тауықты ең әуелі колға үйреткен ел — Индия. Сосын біртіндеп батыс пен шығыс елдеріне тарай бастады. Көне Қытай энциклопедиясында тауықтың Қытайға мұнан бес мың жылдай бұрын батыстан әкелінгені айтылады.

Ертеде тауықты тек бірыңғай спорттық мақсатта өсіріп келген. Әтештер төбелесі Индия раджілерінің сүйікті ермектерінің бірі болған. Келе-келе адамдар кұстың жұмырткасы мен етінің дәмін жоғары бағалап, олардан неғұрлым жоғары өнім алу жолдарын карастырды.

Россияға тауық Грециядан әкелінді деген жорамал бар. Қазіргі асыранды үйректердің арғы тегі кәдімгі жабайы қоңыр үйрек болып саналады. Қоңыр үйрек барлық жерде бар. Ол Европа, Азия, Африка, Солтүстік Америка елдерінін барлык жерлерінде ұя салады. Жа-байы қоңыр үйрек түрлі өзен, көлдерде тіршілік етеді Ол — колға тез үйренетін құс. Оларды колға үйрету әр елде әр түрлі мерзімде жүргізілді. Бұл жұмыстын, Евро-пада қолға алынған уакыты—Рим мәдениетінің гүлденуімен тұстас келген жаңа дәуірдің бірінші ғасыры. Қазіргі кезде ждбайы коныр үйректерді аңшылар үйректі қолға үйретіп, оны аң аулар уақыттарында еліктіргіш ретінде пайдаланып жүр.

Үй кұстарынын ең байырғысы каз деген жорамал бар. Көбіне-көп шөппен коректенетін бұл кұстың еті көп, әрі оны бағып-күтіп, асырау адамдарға онша көп қиынға түспеген.

Үй қаздарынын. арғы тегі — жабайы көкқаз. Ол Европаны мекендейді, кыс кезінде жылы жакка ұшып кетеді, асырауга тез көндігеді.

Аққаздар ежелгі мәдениеттіліктің бслгісі ретінде Римде өте-мөте дәріптеліп, Капитолияда ұсталған. Біздің дәуірімізге дейінгі 388 жылы Римді жаудан қаздар құтқарып қалды дейтін аңыз да бар. Онда жаудың Рим-ге таянып келгенін бірінші болып қаздар естіп, адамдар-ға қаңқылдап хабар бергені туралы айтылады.

Күркетауықтың қазіргі тұқымдары жабайы күрке-тауықтардан шыккан. Жабайы күркетауықтар осы күндері Солтүстік Африка мен Мексикада кездеседі. Олар ірі келеді, аяқтары ұзын, канаттары қысқа, құйрығы онша ұзын емес, өте бағалы құстар болып есептеледі. Бұларды дәмді еті үшін аулайды, Үй күрлетауықтары Европаға тұңғыш рет XVI ғасырда әкелінді.



Үй Мысыр тауығы өздерінің арғы жабайы ата-тегінен тараған. Жабайылары Батыс Африка мен Мадагаскарда өсіп-өнеді. Мекені — ашық далалы жерлермен алма-сын келетін қалың аласа орыанды жерлер. Үясын ойпаң-

дау шөп басқан бүта арасына көрінбейтін етіп жасырын салады. Олардың әрбіреуі 5—8-ден жүмыртка табады. Жұмыртқасы ақ сарғыш түстес. Еті өте-мөте дәмді келеді.

Мысыр тауығы алғаш рет Европаға жаңа дәуірімізге дейін Солтүстік Африкадан әкелінді. Бірак кейін олар-дың бәрі құрып бітті. Тек бұдан 16 ғасыр өткесін барып Гвинеядан мысыр тауығы экелініп, Европада қайтадан өсіріле бастады.

Үй мысыр тауығында олардың арғы ата-тегінің кейбір әдет-кылықтары сақталған. Олар тез көзғалады, ұша да алады, жұмыртқасын бұталардын, арасына салады, ағаш басында түнеп, далада жақсы жайылады. Мысыр тауығының осы қасиеттері ең алдымен әуесқой құс өсіоушілердің, жадында болғаны жөн.

Мысыр тауығын құс қораларында ұстағанда оларды белгілі бір мерзімде азықтандыруға дағдыландырған орынды. Жайылымдарға тек жұмыртқалаған соң шығаруға болады. Ал кешке кораға тиянақты камап отыру керек. Әйтпесе олар далаға ағаш басына конақтауды әдетке айналдырып алуы мүмкін. Мысыр тауығын тауықтармен, қырғауылмен, тауыспен будандастыруға да болады. Бірақ олардан өнімі жақсы, жөнді ұрпақ алынбайды.

Көп елдер еті мен жұмыртқасына бола бөдене асырайды. Әуеской құс өсірушілер мен бөдене шаруашылықтарында негізінен жапон бөденесін өсіреді. Бұл құстың кәдімгі бөденелерден аздап кішілігі болмаса еш айырмасы жок. Қанаттары қоңыр сұр, басы, мойны, кеудесі әр түрлі. Ересектері 120—140 г тартады, таза ұшасы 80—110 г. Жапон бөденесінің бағалы биологиялық ерекшелігі мынада: мекнендері жылына 200—250-ден жұмыртқа табады (бір жұмыртқасының салмағы 10—12 г). Балапандары тез өсіп-жетіледі. 60 күндігінде союға жарайды.

Біздің, елімізге бұл құс Югославиядан 1964 жылы әкелінді. Ол қазір көптеген облыстарымыз бен аудандарымызда жерсіндірілген. Бөдене өсірумен әуесқой құс өсірушілеріміз де табысты шұғылданып келеді.

Ғалымдар құстардың жорғалаушылардың арғы тегінен ұқсастығын қазба қалдықтар бойынша да дәлелдей түсті. Тұңғыш рет 1861 жылы бұдан 150 миллион жыл бұрын тіршілік еткен қанатты жануардың қазбадан қауырсынының қалдығын тауып, археотерикс (көнеқұс) деп атады. Кейініректе дене құрылысы айқынырақ көрінетін, көне құстың тастағы таңбасы табылды. Көнеқұстың қанаттры мен құйрығындағы қауырсындары жақсы жетілген.

Дене мөлшері кептердей қанатты жануар құсқа да, жорғалаушыларға да ұқсас болып шықты. Олар онша жақсы ұша алмағанмен де орманда тіршілік етіп, ағаштан ағашқа секіргенде біраз қашықтыққа қалықтауға қанатын пайдаланғаны байқалады. Астыңғы және үстіңгі жақсүйектерінде тістердің болуы, 20 омыртқадан тұратын құйрығы — оның кесірткеге ұқсас белгі-лері еді. Ал аяғындағы төрт саусақ пен жіліншік нағыз құсқа тән қасиет болатын. Бұл белгілер көнеқұстардың жорғалаушылар мен құстар арасындағы аралық жануар екенін білдірді.

Ең алғашқы құстардың көнеқұстардан ерте тіршілік етке-ні де дәлелденуде. Американдық палеонтологтар қазба жұмысында жүріп, Техас штатының батыс бөлігіндегі Пост деген шағын қаланың маңынан бұған дейін 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен құс тәрізді жануардың тасқа айналып, жақсы сақталған қаңқасын тапты. Оны ғалымдар протоавис деп атады, мұның қазақша бала-масы — ілкіқұс 91. Ілкіқұстың мөлшері — қарғадай. Оның үлкен көз шарасы, ми сауыты және төссүйегі құстарға өте ұқсас. Құстардың бәлкім осы ілкіқұстардан бастама алуы да ықтимал.

Ч.Дарвин үй тауықтары анық жабайы банкив тауықтарынан шыққанын ең бірінші болып анықтады. Банкив тауықтар түр түсі, дене қүрылысы,дауысы жағынан үй тауықтарына өте ұқсас жане қолға оңай үйренеді. Банкив тауықтн үй әтешімен шағылыстырғанда ұрпақты әулет алуға болады. Башсив тауықтар үсақ келеді, сақа тауығы 0,6-0,8 кг,ал әтеші 1,0-1,3 кг ғана салмақ тартады.Олар жылына 8-14 жұмыртқа береді. Жұмыртқа қауызының түсі ақ. Жекелеген ерекшеліктерінің бірі - жұмыртқалауы біршама ұзаққа, шамамен қаңтардан қыркүйекте дейін созылады. Банкив тауықтар жүнінің түсі ақ, күміс тәрізді, қара және басқадай болуы мүмкін.

Тауықтар осыдан 5000 жылдан астам уақыт бұрын Үндістанда қолға үйретіле бастады.Шығыс пен батысқа,су арқылы сауда жолдары ашылып, Жерорта және Қара теңіз жағалауларындағы жерлерді гректердің отарлауы басталғанға кейін олар Европа елдеріне тарады.Өнеркәсібі дамып, жаңа ірі қалалар пайда болуына байланысты құс шаруашылығы өнімдеріне деген талап арта түсті.

XIX ғасырда Ресейде тауықтардың юрловтікдаздардың холмогорлық, күрке тауықтың солтүстік кавқаздық тұқымы және басқадай тұқымдары шығарылды. Америка Құрама Штаттарында Италиядан әкелінген тауықтарды пайдалану арқыны летторн жұмыртқа беретін тұқымы шығарылды. Бүгінде олар әлемнің барлық елдерінде өсіріледі.

Жаңа тұқымдар шығарылып қойылған талаптарға сай келмеген ескі тұқымдар жойылды. Сыртқы түрі мен өнімділігі сапалары бойынша тауық тұқымдарының айырмашылықтары нақты көріне бастады.

Қазіргі кезеңде тауық тұқымы бес түрге бөлінеді: жұмыртқа беретін, етгі, етті-жұмыртқа беретін, сымбатты және сәнді,

Үйге үйретілген күрке тауықтың ата тегі Оңтүстік және Солтүстік Америкада осы уақытқа дейін сақталған. Күрке тауықтар Европаға XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында, ал Ресейде олар XVIII ғасырдың аяғында пайда болды. Оңтүсгік Америкадан шыққан күрке тауық тұқымдары үсақ, ал Солтүстік Америкадан шыққандары ірі. Үйде өсірілетін күрке тауық тегі жайлы басқадай пікірлер де бар, бірақ зертгеушілердің көпшілігі олардың негізгі ата тегі солтүстік американдық деп есептейді, Қазіргі уақытта күрке тауықтардың салмақты, орташа және жеңіл түрлеріиің кептеген сан алуан тұқымдары бар. Оларды тек ет өндіру үшін ғана есіреді.

Үй үйректерінің жабайы тегі Европада,Азияда,Африка мен Америкада тараған. Үйрек ерте заманнан бері қолға үйретілген(Ертедегі Римде ол сол заманның өзінде үйде өсірілген). Асыранды үй үйректері Оңтүстік Америкадағы жабайы мунде үйректерінен шыққан. Жұмыртқа, ет өнімдерін



Ежелгі құстардың қаңқасы мен қауырсындарының тастағы таңбасы және жорамал бойынша салынған сыртқы көрінісі
өндіру багытындағы үйрек тұқымдары шығарылды, олардың көпшілігі ендірісте пайдаланылады.

Үй қаздары (Қытай тұқымынан басқасы) Европада, Азия мен Африкада мекендейтін жабайы қоңыр қаздардан тараған.Қытай Қаздарыцың ата тегі анатомиялык қүрынымы мен тұқымы кейбір ерекшекліктеріне байланысты жабайы қоқи қаздардан тараған депті, Қаздардың түкыны дене қүрылысына,түрі мен шаруашылық тына қарай ет-май бағытындағы (холмогорлік,романдык, оралдык т.б.) және жүмьфтқаны мейілінше көп табатын жеңілдетілген тұқымға (кубандық,горькийлік) бөлінеді.

Үй мысыр тауықтары Батыс Африкада мекендейтін жабайы түрлерінен шыққан. Оларды қолға үйрету уақыты мен Европада таралу жолдары накты дәлелденген жоқ. Үй құстзрының басқадай түрлерімен салыстырғанда мысыр тауықтары кейінірек үйретілген деген болжам бар. Ресейге мысыр тауық тары XVIII ғасырда сәндік құс ретінде жеткізілді, ал 1945 жылдан бастап, олар өндірісті шаруашылықтарда есіріле бастады.

Үй кептерлері, Ч.Дарвиннің пікіріне қарағанда жабайы көкшіл кептерден тараған. Ауыл шаруашылығы үшін кептерлердің еттік бағыттағы тұқымының ғана тәжірибелік мәні бар.

Бедене Шығыс Азияда үйде үйретілген.Оларды ет пен жұмыртқа алу үшін баяғы заманнай бері өсіріп келген.
1.2. Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар қу-нақылығымен, әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да, алуан түрлі сыртқы көрінісімен, ормандарды, тынымбақтарды, шалғындарды және суқоймаларды жандандырып, табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Шағын денелі I құстар бунақденелі жәндіктерді жеп, ал жыртқыш құстар кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы таралу мөлшерін реттейді. Көптеген құстар өсімдікпен қоректеніп, олардың жемістерін, тұқымдарын таратады. Өлексемен қоректенетін құстар табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Тропиктік аймақта шірнемен қоректену 1 арқылы өсімдіктерді тозаңдандыратын да құстар бар. Құстар — тірі ағзалардың қоректік тізбегіндегі негізгі буын, өйткені оларды басқа жануарлар қорегіне пайдаланады.

Адам құстарды спорттық және әр түрлі мақсатта аулайды. Көптеген құстар өздері қоректеніп, балапандарын жемдеу арқылы бунақденелі жәндіктерді, ауыл шаруашылығына зиянкес жәндік-терді жояды. Жыртқыш құстар кемірушілермен қоректеніп, әр түрлі аурулардың (оба, сарыауру және т. б.) таралуын тежейді. Кейбір жыртқыш құстар (бүркіт, қаршыға, күйкентай, жағалтай және т. б.) саятшылыққа пайдаланылады. Қауырсыны (үкі) және мамығы (гага) үшін ауланатын да құстар бар. Тіпті құстардың саңғырығы да пайдаға асырылады — тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Құстардың көптеген түрі қолға үйретіліп, жаңа қолтұқымдар шығарылуда.
2. Құстардың биологиялық және шаруашылықттық ерекшеліктері

Құс сүт коректілермен салыстырғанда көп өнім бергіштігімен, салыстырмалы турдегі жоғары дене жылулылығымен (41-42°С), шапшаң жетілгіштігімен ерекше көзге туседі, ал оның эмбрионды дамуы ана денесінен тыс өтеді.ол өсу кезеңінде жануарлар және өсімдік тектес азықпен де қоректеніп, жыл сайын түлеп отырады.

Адамның ұзак мерзімді мақсаткерлікпен жүргізген жұмысының нэтижесінде құс енімдшгі арта тусті (12 айда 280-290 жұмыртқа береді). Сақа банкив өтешінің салмағы 0,9-1,2 кг, ал туғанына 49 күн толған балапан бройлердің салмағы -1,8-1,9 кг.

Жабайы күрке тауық 20-11 айлығыада жұмыртқалай баетайды,одан жылына тек 11-15 жұмыртқа алуға болады, ал үй күрке тауығы 5-6 айлығында жұмыртқалай бастайды. Жұмыртқа салудын бір орамында 100 және одан да көп жұмыртқадайды,ад жылына 180-200-ге дейін жұмыртқа береді. Күрке тауықтың еркегі 100-120 күндігінде салмағы жағынан сақа жабайы тектестерінен едәуір асын түседі.

Жабайы үйрек жылына 10-13 рет жұмыртқалайды, ал үй үйректері 150 ден астам жұмыртқа береді. Ата үйрек 45-50 күндігінде 2,5-3,0 кг еалмақ тартады немесе сақа жабайы тектестерінен 2 есе дерлік басым,

Үйрек шаруашылығындағы ғылыми жұмыс негізінен еттік сапасын жақсартуға багытталған, жекелеген жағдайларда жұмыртқа өнімділігін жогарылату мақсаты көзделеді. Өнімділік бағыты жөнінен үйректердің тұқымы және тұқымдық топтары еттік, ет-жұмыртқа және жұмыртқа сияқты үш түрге бөлінеді.

Өнімділік сапасы жағынан үй қаздары да өздерінің жабайы тектестерінен едәуір асып түседі. Мысалы, ұрғашы жабайы қаз көктемгі маусымда 6-8 жұмыртқа салса, үй қаздары 40-60 жұмыртқа тауыл, ал ынталандырған кезде жылына 120-ға дейін жұмыртқа береді. 63-кундік үй қазының балапаны жеделдете семірткен кезде 4 кг-ға жетеді, ал сақа жабайы қаздың салмагы небары 2,5:3,5кг ғана. Қаздың кейбір биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері бар: жайылатын қабілеті, әсіресе жайылымдарда, көбіне көк шөппен азықтану, көіттеген қаздарды қытай және кубань қаздарынан басқаларында (3 жаска дейін) жылдық жұмыртқа өнімінің жоғарылауы (15-20 пайыз); қаздардың оспірім балапандары алғашқы екі ай мезгілінде тез өсу куатына и:е бола отырып, өзінін салмағын 40 есе арттырады. Бірінші айда өсу қуаты 200 пайыз, екінші айда 96 пайыз, ал үшінші айда 17 пайыз. Бұл биологиялық ерекшеліктер бройлер - қаз балапандарын етке 9 апталығына дейін өсіретін қаз шаруашылықтарында пайдаланынады.

Мысыр тауықтарың үй жағдайына үйреткенде олардың дене салмақтары кебейіп, өнімділігі бірнеше есе артып, отыру инстинкті әлсіреп, коп гаммалықтан полигаммалыққа ауысты. Мысыр тауықтары қоршаған ортаның - 5- тен + 40° С дейінгі аралық температураларын жақсы көтереді. Тауықтармен салыстырғанда олар ауруға азырақ шалдығады. Шаруашьмықтардағы мысыр тауықтары жұмыртқаларының ең маңызды ерекшеліктері алыс жерлерге тасымалдауға мүмкіндік беретін олардың қабықтарының қалыңдығы мен мыктылығы. Сақтаудың ең қарапайым жағдайында жұмыртқалардың қасиеттері көп уақытқа дейін сақталады. Мысыр тауықтары мекнендерін қарқынды күтіп-баққанда жылына 200-260 жұмыртқа, ал ең жақсылары 50-54г салмақты 300 және онанда көп жұмыртқалар салады.

Дене бітімі дегеніміз орғанизмнің жалпы дене қүрылысы, анатомиялық-физиологаялық құрылымының ерекшеліктеріне байланысты тұқым куалаушылық жөне сыртқы ортаға әсері.

Барлың ұрпақтар орғанизмінің құрылымы және функциялық ерекшеліктеріне, негізгі сыртқы орта жағдайына әсер ететін азықтандыру, күтіп-бағу және табиғи-климат факторлары болып табылады.

Мықты дене бітімді құстарға (қаздардың біршама нәсілдері мен тауықтардың төбелескіш носілдері) дене бітімдері мықты, сүйектері жақсы дамыған, аздаған майлы бұлшық еттері бар құстар жатады. Бұл түрлердің кеудесі мен түмсығы қатты дамыған, тығыз қауырсынданған. Мықты дене бітімді құстар төменгі жұмыртқалағыштығымен, жаңадан өндіру сапасымен және кеш пісіп-жетілуімен ерекшеленеді.

Тығыз дене бітімді құстарға көбіне жұмыртқа бағьпъгадағы құстар: тауықтардың летторн және ақ орыс, үйректердің үнділік жүйрік чәсілді; қаздардын кубань нәсілді, қытайлық т.б. жатады. Тығыз дене Ытімді құстар салмақтары онша ауыр емес, жіңішке сүйекті, Қауырсындары денесіне жабысып тұрады, бұлшық еттері жақсы дамыған, олар сыртқы тітіркендіргіштерді тез сезінеді, қызу қанды келеді. Бұл түрдің құстары қаркынды зат алмасумен, жылдам есуімен, жоғары жұмыртқалағыштығымеы және жақсы өнімділік сапаларымен ерекшеленеді.

Борпылдақ дене бітімді құстар ірі, тірі салмағы ете ауыр келеді. Олардың қауырсындануы жүмсак, өспірім құстардың өсу энергиясы мен қауырсындануы акырын, бұлшык еттері әлсіз, тері астындағы қабат жақсы дамыған, сылбыр темпераментті, сыргқы ортаның тітіркендіргіштерін жай сезінеді. Көбіне олардың кайта өндіру қасиеттері жоғары емес, өнімділіктері қанағаттандырарлықтай. Тауықтардың бұл еттік тұқымдарына - брама, кохинхин,лангшан, сондай-ақ қаздардың кейбір тұқымдары - тулұз және басқалары, үйректердің эйльсбюри, руан тұқымдары жатады.

Нәзік пошым - сәндік тұқымды құсқа тон, әдетте оның денесі кішкентай келеді. Мұндай құстың сүйектері мен бұлшық еттері нашар жетіледі,сирактары жіңішке келеді. Қимыл-қозғалысы жөнінен холериқке жатады, сыртқы қоздырғышқа тым сергек келеді. Оның өнімі аз, азықтандыру мен кутім жағдайларын талап етеді.

Пошымның аталған түрлері тұқымдар ушін тұрақты болыа табылмайды.Тұқымы бір құстар пошымы жағынан бір-біріне ұқсас немесе өзіндік ауытқуы мүмкін.Мұның өзі кейбір белгілердің тұрақсыз болуына,кейбір белгілерін мирас етуіне байланысты.

Ет — жұмыртқа бағытындағы тұқымдн тауықтар пошымы бойынша тығыз және іркілдек пошымның аралық жағдайында болады.Бұндай аралық пошымға қаздардың арзамастық, горькийлік, ірі қоңыр және басқадай тұқымдары, үйректердің қоңыр, укранндық ақ, пекиндік және басқадай тұқымдарының пошымы сәйкес келеді.



2.2. Құстардың сыртқы пішіні мен өнімділігі

Сыртқы пішім бойынша құс өнімділігінің деңгейін нақты анықтауға болмайды, әйтседе ол бойынща құстың жұмыртқалайтыны немесе жұмыртқаламайтыны, мекненнің жаксы немесе жаман екендігі жайында жорамалдауға болады. Осыған байланысты асыл-тұқымды фермаларда, өнеркәсіптік кешендерде құсгы іріктеп, бағалау ушін сыртқы пішінді үйренудің тәжірибелік зор мәні бар.

Кейбір сыртқы пішімдік белгілср жыл маусымынадұсты азықтандырып күту жағдайынын деңгейіне, сондай-ақ оның физиологиялық жағдайына байланысты озгеріп отырады.Көбею мушелерінің қызметіне байланысты сыртқы пішімдік белгілер анағурлым елеулі өзгереді. Мысалы, жұмыртқалау кезінде ұрғашы құстың салмағы мен аналык безінін урық жолының, ас қорыту жүйесі мүшелерінің көлемі едәуір улғзяды. Сондықтан жеделдете жұмыртқалайтын тауыісгың карны кдмпиын, жүмсақтау келеді,лондык сүйектерінің ұштары қозғалып тұрады, сондай-ақ киль мен лондық сүйектердің аралығындағы қашықтық та ұзара түседі (10 және 11 суреттер). Жұмыртқалайтын мекнен мен үйректің лондық сүйектерінің ара кашыклығы шамамен 3-4 еліге (5см), күрке тауық пен қазда бес еліге (9см) тең болады. Жұмыртқалайтын құстың лондық сүйектерінің үштары жақындасып, 1-2 саусаққа (2- Зсм ) ұштасады.

Табан сүйектері мен түмсығы сарғайған кейбір тауық тұқымының жеделдете жұмыртқалайтындығы жайында айтуға болады. Өйткені жұмыртқа салу процесінде құс денесіндегі пигмент жұмыртқаның сары уызына ауысып, құстың терісі пигментсізденеді. Әуелі қатпаршақтың, көздің айналасы, содан соң түмсығы мен табан сүйектерінің бояуы айқыңдала түседі. Дененің жоғарыда көрсетілген бөліктерін барлай отырып, жұмыртқалау ұзақтығы мен жеделдігін анықтайды. Жұмыртқа салу аяқталғаннан кейін терінің пигменттенуі қалпына келеді. ^йдарына қарап,тауықтың жұмыртқалау қарқындылығын сол мезетте анықтауға болады. Жұмыртқа салар алдында жеделдете жүмыртқалайтын тауықтың айдары үлкейіп, айқын қызарып, жүмсара түседі, ал жұмыртқалауы бәсеңдеген сайын ол сүреңсізденіп, тырысып, Қарайып кетеді.

Қауырсын түсі мен басқадай сыртқы пішімдік белгілері бойынша °ның қандай тұқымға жататынын анықтауға болады. Қауырсындану жағдайы, оның жаркылдауы, үйысу тығыздығы бойынша құсшң денсаулық жағдайым болжауга болады. Күрделі түсті қауырсынды сипаттап жазған кезде жекелеген мақалаларда қауырсындардың негізгі бояуы мен түсім атап көрсетеді. Қауырсындардың кейбір топтары бойынша құстың тыныеыи да шіыруға болады.

Құстың сыртқы пішінін үйрену кезінде оны зерттеп,сипаттап жазады, өлшеп, суретке тусіреді. Құстың сыртқы пішінін байқау мен сипаттап жазу дене тұрқы бойынша жүргізіледі.

Бастын әр түрлі өлшемдері-ұзындығы,кеңдігі мен тереңдігі әр түрлі болуы мүмкін. Ол құс күрылысының жалпы түріне сәйкес кеяуі тиіс.Формасы мен өлшемдері бойынша айдар аталмыш тұқымға тән болуы тиіс.Оның түрі табақ білдік тәрізді және басқадай формада болуы мүмкін. Табақ тәрізді айдардың формасы коргнейші _ бар пластинка секілді, әтештер мен жақсы мекнендердің айдары қызыл түсті болады. Жұмыртқаны көп беретін мекиеннің айдары жығылып жатады, ал жақсы жетілген әтештің айдары тік тұрады. Білік тәрізді айдар формасы жөнінен жогарғы бөлігі сөл-пәл дөңестеу келген жалпақтау қызыл түсті білік іспетті болады. Күрке тауықта аүмсығының үстінде және мойынның үстіңгі бөлігін болай маржандар орналасады-қызылдан көгілдір -жасыл түске айналған терілер тұзіледі, ол құстың нерв жүйесінің жағдайыаа байланысты. Мысыр тауығының тұмсығы теріден тұрады,ұрғашысынан гөрі еркегінде кебірек болады.

Тауықтардың (тауықтар, күрке тауықтар, мысыр тауықгары) тұмсықтары төмен карай иіледі, суда жұзетін құстардың тұмсығы жазық келеді.Тұмсығының формасына қарай қаздар істік тұмсықты бүкір тұмсықты және сопақ тұмсықты болып ажыратылады.

Әр түрлі,алуан түрлі тұқымды құстардың көз формасы мен түсі бойынша әр қилы. Тауық пен күрке тауықтын көздері дөңгелек келеді,ал қаз бен үйректің кезі сопақ. Олар коңыр, қызыд-сары немесе көгілдір тұсте болады.

Құстың мойны кыска да, ұзын да, жуан да, жіңішке де болуы мұмкін. Тауық тарға қарағанда суда жұзетін құстардың мойны ұзын келеді. Жұмыртқалайтын тұқымның мойны етті тұқымға қарағанда анағүрлым жіңішке де ұзын келеді.





Құс төсі мен шат сүйек шеттерінің ара қашықтықтары: а,б-туатын тауықтарда, в,г-тумайтындарда.









Әтешпен тауық айдарының пішіні: а-әтеш жапырақ тәрізді, б,в-тауықтарда солай, г-бұршақ қынды, д-райхан гүлі тәрізді, е-білік тәрізді.

Етті тұқымның көкірегі жұмыртқа беретін тұқымға қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған. Етті тұқымға кең апайтөс, тік төс, күшті дамыған твс бұлшық еттері тән болады; жұмыртқалайтын тұқымның төсі шағын келеді. Барлық тұқымды құстардың жауырыны мен өнімділік бағьптары тік және тегіс болуы тиіс. Әр түрлі құстардың жауырьтыйъщ ұзындығы мен кеңдігі бірдей болмайды. Жұмыртқа беретін тукымдікі жіңішке, етті тұқымдікі кеңдеу. Жауырыны ширақ болуы тиіс.Қанаттардың ұзындығы мен орналасуы тұқымдык ерекшеліктері болып табылады. Жұмыртқа беретін тұқымды тауықтың құйрығы етті немесе етті-жұмыртқалы тұқымды тауық құйрығынан ұзын келеді. Суда жұзетін құстың құйрығы біршама кысқа қазда бурым болмайды, ата үйректің бұрымы жетілмеген (шамалы ғана бұйрасы болады). Негізінде төс сүйегінде болзтын кеуденің төменгі бөлігін хлуп, ал төс сүйегінің артқы ұшы мен құйрыктың аралығына орналасқан артқы бөлігін кочен деп атайды.

Барлық құстың аяктары ширақ және тік болуъі тиіс. Табан сүйектері жалаңаш немесе қауырсынды болады, әдетте онъщ түсі тұмсығыныц түсіндей болады. Әтештің табан сүйектерінің төменгі бөлігінде оскен сүйегі-тепкісі бар. Қаз бен үйрек саусактарының аралығында жарғағы болады.

Экстерьерді бағалау кезінде кез - келген тұқымға тән сыртқы бүкіл белгілері,сондай-ақ интерьеріне, дене қурылысының тегіне және құстың физиологиялык жағдайына байланысты белгілер кешені ескеріледі. Жұмыртқа беретін тұқымды тауықтар біршама кішкене келеді,кеудесі ұзынша, басында үлкен айдары, сырғалары бар. Мойыны жіңішке, ұзындау, жауырыны ұзындау, іші көлемді болады. Жүні тығыз, жарқырап тұрады. етті немесе етті-жұмыртқа тұқымға карағанда құйрығы анағұрлым ұзындау. Жұмыртқалайтын туқынды құстың сүйегі нәзік.терісі тығыз, әрі нәзік болады.

Етті тұқымды құс тірілей үлкен салмақтылығымен.комақты басымен, терең де кең кеудесімен, томпақ та тым керілген тосімен, кең, бірақ салыстырмалы турде қысқа жауырынымен, алшаң орналасқан аяктарымен, аяқтың табан сүйектерімен, мамық та, борпылдақ қауырсындарымен, қысқа құйрығымен ерекше көзге түседі.

Етті жұмыртқа тұқымды құстын басы орташа шамада, тұмсығы қысқа, көздері үлкен әрі томпақ,айдары орташа, сүйектері нығыз, бірақ көлемі шағын, аяқтары тік, біршама толықтау алшақ орналасқан, мамық жүні тығыз немесе шамалы борпылдак келеді.

Құс экстерьерін жете талдай үйрену үшін оның дамуын сипаттайтын өлшемдерді алады. Тұрқының ұзындығын тұтасқанның алдыңғы ұшынан құйымшақ сүйектің артқы жоғарғы ұшына дейін лентамен өлшейді. Төстің терендігі кішкентай кронциркульмен соңғы мойын омыртқа мен кеуде клеткасындағы кильдің алдыңғы ұшы аралығы өлшенеді. Кеуде кеңдігін буындарының бүйір нүктелері аралығын кішкентай кронциркульмен өлшейді. Кеуде орамын лентамен анықтайды. Онымен қырлы тестін алдыңғы ушы мен соңғы мойын омыртқасы аркылы қанаттарының үстімен құсты байлайды. Қырлы тестің ұзындығы оның алдыңғы ушы мен соңғы ұшына дейін лентамен, ал төс бұрышын арнаулы құралмен - бұрыш өлшегішпен (градус) өлшейді. Оны төс етіне перпендикуляр турде тес сұйектегі кырлы төстің алдыңғы ұшынан Ісм қашыктыкка қояды. Саннын, сирақтың, табан сүйектерінің ұзындығын лентамен немесе кронциркульмен сәйкес сүйектердің шеткі нүктелерінен елшейді.

Бұл өлшемдер бағалау немесе арнайы тексеру, сондай-ақ ғылыни-зерттеу жұмыстары кезінде кұс денесіндегі жекелеген бөліктердің дамуын неғұрлым объективті түрде бағалауға көмектеседі. Экстерьерді бағалау кезінде, сондай-ақ экстерьерлік профиль пайдаланылады, оны сызып, алуан түрлі және тұқымды құс қүрылысының ерекшеліктерін салыстыруға болады.

Құс жынысын анықтау. Сақа құстардың жыныстык айырмашылықтары бірден аңғарыладыхркегі ұрғашысынан едәуір салмақтырак, денелі келеді, басы үлкендеу, апайтөс, бөксесі жүдеу болады. Әтештер мен күрке тауықтың еркегі мекнендер мен ұрғашы тауықтармен салыстырғанда аяқтары анағүрлым. биіктеу. Қауырсыны түрлі түсті еркектері ұрғашыларынан гөрі


Тәуліктік үйрек балапандарының жынысын анықтау: А-көмейінің кеңеюі.



Тауық балапанның жынысын анықтағанда қолда ұстау әдісі.
айқын бояулы келеді. Әтештің құйрығында бұрымы, желкесінде жая, ал ұрғашыларында мұндай болмайды. Күрке тауықтың еркегі ұрғашысынан ірілеу, оның төсінде қауырсын шудасы және тұмсығының үстіне өскен терісі болады.

Үйректердің еркек, ұрғашыларын дауысынанақ айыруға болады,ата үйрек шыжылдайды, ал ұрғашы үйректер барындайды. Қаздарды катпаршағын көрген кезде айны қатесіз анықтайды. Бақылаушы қазды сол жақ тізесіне құйрық жағы салбырап түратындай етіп шалқасынан жатқызады. Қаздың мойнын сол жақ қолтығына тығып,құйрығын томен қарай сәл қайьфады, ал екі колдың бас бармақтарымен және сүқ саусақтарымен қатпаршақты ашады:еркек қаздың жынысы бірден көрінеді,ал ұрғашысының қатпаршағы енді ғана қалыптаса бастайды. Қатпаршағын бірден ашудың сәті туспеген қазды отырғызады, шамалы уақыттан кейін оны кайтадан байқайды.

Құс балапанының жынысын бірқатар белгілері бойынша анықтайды. Қаздарды белгілері бойынша аныңтайды. Қаздардың жынысын қатпаршақтың құрылымы бойынша үш айлығында, ал үйректердің жынысын көмей құрылымы бойынша алғашқы тәулікте-ақ анықтайды. Еркегінде көмейінің төменгі бөлігі кеңдеу және қолмен оңай үстап көруге болады, ал ұрғашысында мұндай кеңею жок. Жынысты анықтау үшін үйрек балапанын басын алдына қаратып, оң алақамға үстайды, сол жақ қолымен оның түмсығын үстап, мойнын соза тартады, ал оң жақ колының сұқ саусағымен желкесінен басады. Еркек балапанның дәл осы тұсында үш бүдыр білінеді: төс сүйектің алдыңғы ұшына бүғананың жалғасқан жерінде оң жағында да,сол жагында да, осы бұдырлардың аралығындағы орталықта етегінде көлемі бұршақтай ғана ойнамалы бүдыр байқалады - осының езі көмейінің керілуі.

Қатпаршақты байқаған кезде балапан жынысын жұмыргқадан шыққан сон 10-12 сағатған кейін-ақ анықтауға болады. Балапанды сол жақ алақанға бынай үстайды, аяқтарын сұқ саусақпен ортаңғы саусақтың арасына қыстырып кояды,ал мойиын аты жоқ және шынашақ арасына қыстырады (16-сурст), Сол қолдың бас бармағымен еппен катпаршақты ашады. Еркегінде рудиментгі көпіршік пен тарамданған екі қабат кішкентай белдеулер көрінеді. Қатпаршақты тексерген кезде балапандардың жынысын анықтау үшін арнайы стол, үш жәшіктің (ұрғашы, еркек балапандар мен жарамсыз үшін) және жарықпен жақсы қамтамасыз ету қажет. Тәжірибелі маман бір сағатта 900-1000 балапанды байқаудан өткізе алады.

Жұмыртқадан шыққанына бір тәулік болған балапандардың

жынысын Чиктестер құралы көмегімен айырады. Оның бір жағында окуляр, екінші жағына-ұшы үшкір емес шыны ине орналастырылған тубусы бар. Тубустың ішінде электр лампасы мен линзалар және электр жарықты инеге бағыштайтын айнасы болады. Инені балапанның қатпаршағына кіргізеді: окуляр арқылы балапанның жынысына байланысты аналық немесе аталық бездері айкын көрінеді.Бір сағатта 600-800 балапанды қарайды.

Ет бағытындағы да жұмыртқа бағытындағы да асыл тұқымды шаруашылықтар мен құс фабрикаларында балапан әтештер мен тауықтарды алғашқы кұннен бөлек өсіру үшін балапандарды бір теулігінде сүрыптаудың өте мәні зор.

Құстың жасын анықтау. Құстың жасын жұмыртқадан шыққан кунінің жазылуымен, аяк сақиналарындағы немесе қанат белгілерімен белгіяейді, және шамамен интерьері бойынша, мысалы топшының ұзындығы бойынша аныктайды.Шапшаң жетілетін тұқымды әтештердің топшысы алты айлығында шамалы шодырайып шығып тұрады, ал бір жаска толғанда топшының ұзындығы I см-ге жетеді;бір жылда ол құстың тукымдық ерекшеліктеріне байланысты 1-2 см-ге ұзарады. Жас гауықтарды жылтыраған тығыз мамық жүні мен нәзік терісі бойынша сақа тауықтардан жеңіл ажыратып алуға болады. Сақа қаздардың кейбір тұқымдарын (холмогорлык және басқалар) жастарынан 6-8 айлығыда қалыптасып, одан әрі біртівдеп өсіп отыратын маңдайындағы томпағы (маңдай сүйегінің дөні) бойынша ажыратуға болады.

Балапандардың жасын мамық жүнінің жетілуі бойынша анықтайды. Тез жетіяегін тушмдары 8-күндігінде қанатының қауырсындары құйрығына дейін жетеді. Төртінші аптасының соңы мен бесінші аптасының бас кезінде ювенальды түлеу басталады. Ескі жүнінің түсіп, жаңа жүнінің өсуі біртіндеп өтеді. Қанатының сыртқы ең шеткі қауырсыны бірінші болып түседі, келесі қауырсындары әрбір 7-8 күннен кейін түседі. Кеш жетілегін тұқымды балапандардың түлеуі кешірек басталып, ұзаққа созылады, алғашқы қауырсыны 6-апталығында түседі, келесілері кезекпен әрбір 10-12 күннен түседі.

Құстың өнімділігі. Ол құстың түріне, тұқымына, жынысына,

жасына, сондай -ақ азықтандыру мен күтім жағдайларына, сақа құстарды пайдалану және балапан өсіруді жеделдетуге байланысты.

Жұмыртқа енімділігі. Жұмыртқалау құстың ең маңызды өнімділік сапасы, ол оның физиологиялық жағдайын және көбею орғандары жүйесі кызметін бейнелейді.

Құстың жеделдете жұмыртқалауы ұрғашысының жыныс жолдарында жұмыртқа тұзілуге қажетті уақытқа байланысты. Жұмыртқа қалыптастыруға уақытты неғұрлым көбірек шығындаса, беліілі бір кезевде құс жұмыртқаны соғүрлын азырақ табады. Егер жұмыртқа 24 сағатта немесе одан да қысқалау мерзімде қалыптасса онда тауық күнде жұмыртқалайды; егер жұмыртқа т\'зуге уақыт көбірек жүмсалса, онда жұмыртқа салуда ұзіліс байқалады. Мысалы, 24 сағатта жұмыртқасы қалыптасатын тауық одан кейінгі күндерде 8, 12, 16 сағаттардан кейін жұмыртқалайды да, одан кейін ұзіліс жасайды. Бір немесе 2-күндік ұзілістен кейін тауық қайтадан бірнеше күн қатарынан жұмыртқкалай бастайды. Құстың қатарынан ұзіліссіз белгілі бір санды жұмыртқа тапқан кезеңін жұмыртқалау цикді деп атайды. Цикл ұзақ

болуы да (10-15 күн және одан да ұзағырақ) қыска болуы да (2-4 күн)

ықтимал. Құс жұмыртқаламаған циклдер аралығындағы күндерді

интервалдар деп атайды.

Жақсы мекиендер жұмыртқалаудың ұзағырак циклмен, ал нашарлары - қысқа циклмен және ұзағырақ интервалдармен сипатгалады. Жұмыртқалау циклдарының қайталануын ырғақтылық деп атайды. Ол да құсты азықтандыру мен күту жағдайларына байланысты. Азықтандыру деңгейі төмендегенде немесе стрестік факторлар пайда болғанда ыргақтылықтаң бұрмалануы да мүмкін.

Циклдан басқа жұмыртқалаудың биологаялық кезеңі де болады. Ол балапандарда алғашқы жұмыртқалаудан түлеу мен жұмыртқалауды тоқтатуға дейін созылады, ал жұмыртқалап жүрген тауықтан түлеуден кейін жұмыртқалай бастаудан ол тоқтағанға дейін созылады. Жұмыртқалаудың биологаялық кезеңіне көптеген факторлар: құстың тұқымы, дербес ерекшеліктері, ауаның температурасы, сәулелендірудің ұзақтығы мен жеделдігі, азықтандыру мен күтім жағдайлары әсер етеді. Биологиялық кезен ертерек немесе кештеу басталуы мүмкін, бірақ әдетге тауықтарда 10-12 айға созынады. Үйректерде, күрке тауықтар мен қаздарда ол тауықтарға қарағанда едәуір қысқа болып, ұзақ маусымдынығымен сипатталады. Жұмыртқалаудың ұзак мерзімді биологаялық кезеңі тұрақты ырғақты жұмыртқалайтын жоғары өнімді құсқа тән келеді.

Балапан құстарда жұмыртқалаудың биологаялық кезеңнің басталуы оның жынысының жетілуіне тұспа-тус келеді. Жыныстың жегілуі-тукым қуалайтын белгі. Ол алғашкы жұмыртқалау уақьпына дейінгі құстың жасымен анықталады. Тауықтар жыныстық жетілуге 120-180 күндігінде, күрке тауық тар 180- 250, үйректер мен қаздар 200-300 күндігінде жетеді. Бүкіл құс тобының жыныстық жетілуі құстың жұмыртқадан шыққан уақытынан бастап,жұмыртқалаудың 50 пайызына дейін жеткен күндердегі, күніне 100 тауықтан 50 жұмыртқа алатын кезге жеткендегі жасынан білінеді.

Құстың түріне, өнімділік бағыты мен тұқымына байланысты жыныстың жетіле бастауында белгілі бір заңдылық болады, мәселен жұмыртқалағыш тұқымды тауықтар еіті жане етті жұмыртқалағыш тұқымды тауықтармен салыстырғанда ергерек жұмыртқалай бастайды. Жыныс жетілуін, сәулелендіру ұзақтығын, азықтандыру деңгейін және басқадай факторларды өзгерте отырып реттеуге болады.


2.3. Құс шаруашылығын дамытуда пайдаланнатын асыранды құстар қолтұқымдарының сан алуандығы

Үй құстары — құс шаруашылығының негізі. Адамзатқа маңызды азық-түліктік өнімдері — ет және жұмыртқа, қауырсын және мамық беретін асыранды құстар үй құстары деп аталады. Үй құстары да үй хайуанаттарына жатады. Осындай жоғары сапалы өнім беретін тауық, үйрек, қаз, күркетауық тәрізді елімізде кең тараған құстарды өсіретін шаруашылықтар, мал шаруашылығының бірінен саналатын құс шаруашылығы болып табылады. Өз қажетіне қарай адам үй құстарын сапасы бойынша қолтұқымдарға бөледі. Қолтұқым дегеніміз — белгілі бір асыранды жануардан сапасы мүлде басқа жаңа тұқым алу, яғни сұрыптау арқылы алынған асыранды.

Халықты үй құстарынан алынатын тағамдық өнімдермен ұздіксіз қамтамасыз етуде құсшаруашылық өндірісі үй құстары қолтұқымының сан алуані түрлерін пайдаланады 4Р- Қазір республикамызда құс шаруа-' шылығы жүйесінде 28 құс фабрикасы мен совхоздары, 6 ет өндіре-тін құс фабрикасы, 6 қолтұқым өсіретін кәсіпорын, 2 үйрек өсіретін фабрика, күркетауық өсіретін 2 кәсіпорын және 16 инкубатор станциялары, жиыны 60 кәсіпорын жұмыс істейді. Қолтұқым шығаратын тәжірибе фабрикалары мен ғылыми институттар үй құстарының жаңа қолтүқымын шығарып, жетілдірумен шұғылданады.

Тағамдық азық-түлікте тауық жұмыртқасы жоғары бағаланатыны мәлім. Аулада «қыт-қыттап», аяғымен жер тарпып, жемін іздейтін асыранды тауықтың арғы тегі — жабайы банкив тауығы екенін бұдан бұрын баяндалды. Жабайы тауықты адамның қолға үйреткеніне де 4 жарым мыңнан астам жыл өтті, қазір тауықтар бастапқы тегінен мүлде өзгеріп, көп жұмыртқалайды, салмағы да ауыр, мінез-қылығында, түр-түсінде де өзгерістер өте көп. Адам-дар қолдан сұрыптау арқылы тауықтардың сан алуан қолтұқым-дарын шығарды. Мысалы орыстың ақ тауығы және летторн тауығы бір жылда 200—240 жұмыртқа береді, тіпті 300 жұмыртқа сый-лайтын да кездері болады. Ал ?кохинхин деп аталатын қолтұқым-ның қоразы 5 кг, мекнені 4,5 кг тартады, бұл — етті тауықтар қол-тұқымы, жылына 130—150 жұмыртқадан артуқ бере алмайды. Нью-гемпшир, род-айланд, орловтық тауықтардың қоразы 4,5 кг, мекнені 3 кг тартады да бір жылда 160—200 жұмыртқа береді (етті-жұмыртқалы қолтұқым).

Тауықтардың сәндік үшін өсірілетін (феникс), сондай-ақ тө-белескіш (тапалтақ төбелескіш) қолтұқымдары да бар. Сөйтіп, та-уық қолтұқымдары жұмыртқалағыш, етті, етті-жұмыртқалы, тө-белескіш, сәндік үшін өсірілетін қолтұқымдарға жіктеледі.

Тауықтәрізділерге жататын күркетауық — асыранды құстардың ең үлкені. Оның аппақ балғын еті кімді болса да тұшындырмай қоймайды. Асыранды күркетауықтың арғы тегі — солтүстік америкалық жабайы күркетауық. Бізде мөскеулік ақ күркетауық пен қолареңді күркетауықтардың қолтұқымдары тараған, олардың кораздарының салмағы 10—16 кг, мекнені — 6—8 кг тартады. Күркетауықтардың басы мен мойын бөлігінде қауырсын жок, сондықтан бұдыр-бұдырлы қатпарланған терісі кезге оғаш көрінеді. Тұмсығының үстіңгі жағынан етті өсінді салбырап тұрады, ол аталығында едәуір ұзын болады. Мекнені кәп жұмыртқа бермегенмен (жылына 30—50 жұмыртқа), тауық пен үйректің жұмыртқасын басып, балапандарын өрбітуге жәрдемін тигізеді, яғни жүмыртқа басатын күрік ретінде пайдалануға болады.

Үйрек те — пайдалы құстардың бірі. Жұмыртқасы онша дәмді болмағанымен еті, қауырсыны мен мамығы шаруашылыққа көп пайда келтіреді. Асыранды үйректің арғы тегі — жабайы барыл-дауық үйрек. Үйректің аталығы кежек деп аталады. Жабайы үй-ректің аналығы ұя жасағанда өз төсінен мамық жұлып төсейді де, жұмыртқа басқан кезде, өзі ұядан кеткенде жұмыртқаларды ма-мықпен орайды, сөйтіп жұмыртқа жылуын сақтап қалады. Асы-ранды үйректің барлық қолтұқымдары жабайы барылдауық үйрек-тен шығарылды. Ең көп таралған үйрек қолтұқымы — пекиндік үйрек. Ол тез семіріп, шапшаң өседі, кежегінің тірілей салмағы — 4 кг, аналығы — 3—3,5 кг болады.

Қаз — үйрек тәрізді суда жұзетін құс. Адамдар асыранды қазды ежелден бері жабайы сұр қаздан қолға үйретіп, өсіріп келеді. Қаздардың қолдан сұрыптау арқылы алынған қолтұқымдары өте көп. Қаздың аталығы атақаз деп аталады. Кең тараған холмогорлық қаздың тірілей орташа салмағы 7,5—8 кг, кейде 9—12 килограмға да жетеді, ал жылына 20—25 жүмыртқа туады. Қазды семірту оңай, оның еті мол болады.Каздың балапанын мамыр деп атады.

Құс шаруашылығы — мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы дегеніміз — орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен желдету жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасы мен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу, куту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температура мен ылғалдылық сақталатын құрылғылардан — инкубаторлардан шығады.



Құс шаруашылағындағы қол тұқымдар.
Техникалық қауіпсіздік

Құс шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысын орындау керек. Дегенмен құстарды биологиялық ерекшеліктерімен олардың өнімдерін өңдейтін техникалық құрылыстар, еңбекшілер денсаулығына аса үлкен зиян келтірмейді. Құс фабрикаларында техника қауіпсіздігі міндеті инженерлерге жүктеледі. Ал, цехтарда , учаскілер де техника қауіпсіздігімен жауапты етіп цех басшыларын бригадирлерін немесе бас мамандарды тағайындайды. Инкубация цехтарына инкубатор құрылысымен жұмыс істеу құрылысымен танысқан қауіпсіздігін оқыған адам ғана кіреді.

Жұмыс істеу барысында жұмыс орындарын жиып, тазалау кезінде электрлік құрылғы мен электрлік приборларға тисуге болмайды. Оларды су тиюден, кіші электрлік ақаулардан қорғау қажет.

Ветеринарлық, санитариялық іс-шараларды жүргізетін барлық мүшелер техникалық қауіпсіздігін яғни, жою дәрі-дәрмектермен, дезинфекция жасайтын машиналар мен құрылғыларды қалай пайдалану керектігін білу керек. Ветеринариялық – санитариялық техника қауіпсіздігін міндетті түрде сақтау орындау ережелері мыналар:



  • профилактикалық – дезинфекциялық дәрі-дәрмектермен улану

  • профилактикалық – травматикалық механикалық аппараттармен жұмыс жасау, электр тогының үлкен ағымдарымен жарақаттану

  • дезифекциялық өртке қарсы шаралар.

Бактерияларда өсіретін балапан цехтарын меңгеру және қауіпсіздік ережелерімен талаптарын орындау

Әр жұмысшының міндеті, жұмысты бастамас бұрын жұмысшылар арнайы киімдерін киіп, жұмыс орындарын дайындап, жұмыс құрылғысының дұрыстығы тексеріліп, барлық ережелерге сай келгенде ғана жұмыс бастауға рұқсат етіледі.



Қорытынды

Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінін субелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, өрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.

Келешекте жұмырқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан-жақты көрсеткіштерін құстың тұқымдык ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты - құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа ет, мамық) пайдалану.

Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жотары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол енімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады.

Болашақта диірмен, сүт, ет және тері — терсек өңдеу шаруашылықтарының қалдықтарын құстарға азық ретінде қолдану кеңінен жол табады, сондай-ақ әлі кунге дейін бұл бағытта колданылмаған азықтың қосымша қорының бірі - құс сою цехтарындағы қалдықтардан дайындалатын азыктық ұн болып табылады.

Инкубацияның бокстық технологиясын, оның жаңа дезинфекциялық заттармен қоса қолдану әдістерін, инкубациялық жұмыртқаларды сақтау мерзімін уқарту жолдарын, тұқымдық және тағамдық жұмыртқаларын өндейтін құралдар мен препараттар, оларды өндіріскс енгізудің ғылыми және тәжірибелік маңыздары өте зор.

Өндірістік құс шаруашынығында жаңа ғылыми әдістерді, жетістіктерді шытарып, оларды шаруашылықта пайдалануды тездету компьютерлік технологияны кеңінен қолдануға байланысты. Казіргі таңда құс щаруашылығының негізгі даму бағытын жобалап, ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру, басқару, еңбек өнімділігін арттырудың қосымша жолдарын табу, құс шаруашылығы өнімдерінін өзіндік құнын төмендету мәселелері компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану жолымен ғана дұрыс шешілуде.

Құс шаруашылығы өнімдерінен, яғни етінен, меланж, жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде. Ғалымдар мен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тутынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы багытта кус сою цехтарында, оған дейін де ұстау, тиеу, түсіру,тасымалдау жұмыстары да еттің сапасына осерін тигізетіидігін айта кетуіміз қажет.



Міне, осы айтылған кептеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жегілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін бұрынғыдан да арттыра түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер.


  1. А.Б. Таңатаров, Ш.Ә.Әлпейісов, С.Т.Дабжанова: «Құс шаруашылығы». Алматы 2005

  2. Б. Мұқанов, М.Шаймарданқызы: «Құстардың шығу тегі». Алматы 2001.

  3. Р. Сәтімбекұлы: «Құстар туралы мағлұмат». //Жалын. Алматы 2002.

  4. В. Абакумов «Үй құсын өсіру».Алматы 2000 – 7б.

  5. Махамбетов Нұрсағат Әбжанұлы «Құс шаруашылығы». Алматы 2006 – 46.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет