«Бізге баланы тыңдауға не кедергі?»



жүктеу 45.08 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі45.08 Kb.

41 «Назерке» МДҰ



Ата-аналарға

ақыл-кеңес

«Бізге баланы тыңдауға не кедергі?»



Логопед: Умарова Ғ.Б.

Ақтөбе-2014ж.


  Бізге баланы тыңдауға не кедергі


Соңғы он жылдың ішінде психологтар мынаны анықтады: дәстүрлі ата-аналардың түрін анықтап, баланың айтқандарға құлақ түруге не кедергі екендігі анықтанды.

Ол кедергілердің бас-аяғы он екі екен. Олай болса, ата-аналардың күнделікті қайтаратын жауаптарына көз жүгіртіп көрейік, сонымен қатар, олардың балалары нені тыңдайтындығын.



1. Бұйрықтар: «Жылдам доғар!», «Ал!», «Қоқысты шығар», «Жылдам төсегіне жат!», «Екінші рет бұндайды естімеген болайын!», «Аузынды жап!». Осы тектес бұйрықты естіген бала сізді өзінің дербестігін сыйламайтын, оның проблемасын түсінуде бас тартқан деп біледі. Осындай сөздерді естігенде ол өзін бақытсыздықта қалғандай сезінеді. Балаңызда сізге қарсы шығу, «міңгірлеу», ренжу, қырсығу сияқты қасиеттер пайда болады.

2. Ескерту, қорқыту, үркіту: «Егер сен жылауыңды доғармасаң, мен кетіп қаламын!», «Байқа, қазір жаман болуы мүмкін!», «Егер тағыда қайталанса, таяқ жейсің!», «Уақытында келмесең, өзінен көр!». Егер де, баланың басы проблемалармен қатып жүрсе, қорқыту ешқандай нәтиже бермейді. Қорқыту, үркіту баланы тек қана дұрыс жолдан тайғызады.

Сіздерге мынадай оқиғалар таныспа? Сіз бір жұмыс орындалмай жатса, одан әрмен үркітіп, қорқытумен айналаса бастайсыз.

Ескерту мен үркітуді үнемі қолдансаңыз, оған баланың еті үйреніп кетеді де, мән бермейтін болады. Айтқан сөзді тыңдамай, оны орындамаған соң қорқытып, үркітуден күш жұмсауға көшеді: баланы жалғыз өзін қалдырып кету, не болмаса соқыға жығу деген сияқты.

3. Ақыл айту, өсиет айту, үгіт айту: «Сен өзіңді тиісті түрде ұстауың керек», «Әр адам еңбектену қажет», «Үлкендерді сыйлау керек». Балалар әдетте осындай фразадан өзге ештеңе білмейді және жүз рет естісе де ештеңе өзгермейді.

Балаларды тәрбиеге үйрету, жол көрсету немесе ақыл айтудан гөрі, отбасында жағдайға, оның ішінде ата-ананың мінез-құлқына, іс-әрекетіне еліктеу басымырақ болады. Егер отбасында барлығы еңбектенетін болса, бір-бірлеріне дауыс көтермейтін, өтірік айтпайтын болса, онда сенімді болыңыз, балаңыз өзін-өзі қалай дұрыс ұстауды білетін болады. Егер ол қалыптасқан тәртіпті бұзған болса, онда жан-жақты көз жүгіртіңіз, отбасыңызда біреу өзін солай ұстайтын болуы немесе сондай әрекетке ұқсайтын қылық жасап жүрген болуы керек. Егер ол себеп расқа шықпаған болса, онда басқа жағдайлар бар болар. Екі жағдайда да ауызша үгіт – балаға көмектесудің дұрыс жолы емес.



4. Кеңес. Шешімін табатын:  «Неліктен өзің байқап көрмеске...», «Меніңше, барып кешірім сұраған дұрыс сияқты», «Мен сенің орнында болсам, есемді қайтарар едім». Көбінесе біз, балаларға ақылды  көп айту керек деп есептейміз. Көбіне өзімізді мысалға келтіреміз: «Мен сенің жасында болғанда...». Ал, бала болса ондай ақылға құлақ аспайды, кейде олар ашықтан ашық қарсы шығады:  «Егер, сен солай ойласан, ал мен басқаша ойлаймын», «Саған айту жеңіл», «Сен айтпасаңда білемін».

Баланың осындай кері әрекеттерге баруына не себеп? Дербес түрде, өз бетінше шешім қабылдау тілегі. Өздеріңіз ойланып көрсеңіздер, біздерге де - ересектерге біреудің кеңесін тыңдау жаға бермейді. Ал бала болса, өте сезімтал болып келеді. Балаға кеңес берген сайын: "Сен әлі кішкентайсың, біз болсақ әр істің қалай шешілетін білеміз, біздер себебі сендерден қарағанда үлкенбіз" деп ескертеміз. Осыдай жағдайлар балаларға ұнай қоймайды, содан барып олар өздерінің проблемаларын айтудан бас тартады.

5. Айғақ. Ересектердің ақыл айта бастауы: «Тамақ алдында қол жуу қажет екендігін естен шығармаған жөн», «Алаңдап отырсаң қате жібересің», «Саған неше рет айттым. Тыңдамадың, енді өзін кінәлісің».

Балардың жауабы бір: «Жетеді», «Неше рет қайталадың», «Енді болған шығар». Содан барып олар сізді тыңдаудан қалады, психологтар оны «тасқауыл қою» немесе «психологиялық тас керең болу» деп атайды.

6. Сын, сөгіс, кінәлау: «Мынау неге ұқсайды», «Тағыда бәрін теріс істедің бе!», «Бәрі сенің кінәң», «Саған бекер сенген екенмін», «Ылғи осылай!..».

 Осы тектес сөздер ешқандай тәрбие бермейтіндігіне келісесіз бе? Ол балаларға қорғануды қажет етеді: қарсы шығады, мойындамайды, ызаландырады немесе уайымдайды, жабырқанады, өзінен немесе ата-анасынан түңіледі.

Осындай жағдайда баланың өз-өзіне сенімі жоғалады, өзін жаман, ынжық, сенімсізбін деп есептей бастайды. Өзін-өзі бағалай алмау сияқты жаңа проблемаларды тудырады.

Енді көз жүгіртіп көрейік, бала бір күнде не естиді екен: «Тұр», «Қанша уақыт иленіп жата беруге болады», «Қарашы, көйлегіңді қалай кигенсің», «Тағы да сөмкеңді жинамағансың ба», «Есікті қатты жаппа», «Тағыда бөлмеде бәрі астан-кестең», «Әлі сабақ оқыған жоқсың ба?», «Неше рет айтуға болады, өзіннен кейін ыдыс-аяғынды жуып жүру керек деп», «Нан жайлы айтудан шаршадым», «Неше сағат телефонның құлағында отыруға болады?», «Қашан уақында ұйықтауға жатасың?!».

Осы айтылғандардың бәрін әр күнге, аптаға, жылға көбейтіңіз, Енді қарап көріңіз, бала оны неше рет естиді екен. Ол өзі туралы жағымсыз ойда қалады және оның бәрін ең жақын адамдарынан естиді. Балаға осы жүктің бәрін теңдестіру үшін,  ата-анасы мен өзіне дәлелдеу үшін қанша уақыт қажет. Ең жеңіл және дұрыс жол (ата-ананың стилін еске түсіреді) – ата-ананың сынына, қойған талабына қарсы шығу. Егер отбасындағы жағдай тура осындай болса, оны құтқару үшін не жасау керек?

Ең дұрыс және басты жол: балаңыздың жағымсыз қылықтарына көңіл аударып қана қоймай, оның жақсы жақтарын көруге тырысыңыз. Оған айтылған мадақтаулар оны мақтаншақтыққа жетелейді деп ойламаңыз. Сіздердің қарым-қатынастарыңызға залалы тимейді. Біріншіден  баланың жақсы жақтарын көріп, мақтау айтудан бас тартпаңыз. Мысалы: «Кішкентай бауырыңмен қыдырып келгенің үшін рахмет», «Жақсы, айтқан уақытыңда келдің», «Маған сенімен бірге ас дайындаған ұнайды». Ата-аналар кейде баласын жақсы көретіндігін біледі, сондықтан оны білдіре берудің қажеті жоқ деп ойлайды. Бірақ та ол дұрыс емес.



Он бір жастағы қыз баланың сөзіне құлақ асып көрейік: "Мені анам жақсы көрмейді, мен оны нақты білемін. Оған бірнеше рет көзім жетті. Мысалға, жақын күндері Арман (үлкен ағам) анама гүл сыйлады, анам оған қарап жымиды. Ал мен кеше анама гүл сыйлап едім, анам, маған қарап жымиған жоқ. Анам мені жақсы көрмейді, ол Арманды жақсы көреді".

Балаңыз сөзіңізді немесе қылығыңызды осылай қабылдайды деген сіздің ойыңызға келді ме?  Бала өмірді ақ немесе қара деп қабылдайтындығын естен шығармаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет