«бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңҒай бағдарламасы, оның ішінде еуразиялық экономикалық одақҚа мүше-мемлекеттердің нарығындағЫ



жүктеу 84.39 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі84.39 Kb.
түріБағдарламасы

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітілген №__

«___»_________ 2018ж.




«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАҒДАРЛАМАСЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ-МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ТУРАЛЫ ҮЗДІК МАТЕРИАЛҒА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ЖУРНАЛИСТЕРІ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Астана, 2018

Ережеде қолданған терминдер

ҚР ҰКП

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Байқау

«Бизнестің жол картасы ­– 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға бұқаралық ақпарат құралдары журналистері арасында республикалық байқау

БАҚ

Мерзімді баспа басылымы, теле, -радиоарна, кинодокументалистика, дыбыс-бейне жазба және интернет-ресурсты қоса алғандағы, бұқаралық ақпараттың көпшілікке мерзімді немесе үздіксіз таратылуының өзге де формасы

Ереже

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға бұқаралық ақпарат құралдары журналистері арасында республикалық байқауы туралы ереже

Байқаудың ұйымдастыру комитеті

Байқауды дайындау мен ұйымдастыру үшін құрылатын алқалы орган

Байқау комиссиясы

«Атамекен» ҚР ҰКП қызметкерлері мен Байқау жұмыстарына баға беру үшін шақыртылған арнайы сарапшылардан тұратын алқалы орган

Байқау жұмыстары

Байқауды ұйымдастыру комитеті белгілеген мерзімде БАҚ-та жарияланған (эфирге шыққан) әр түрлі жанрдағы журналистік жұмыстар

Байқауға қатысушы

Журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға

Аталым үміткері

Байқаудың алдын- ала іріктеуден өткен қатысушысы

Байқау жеңімпазы

Байқау комиссиясының шешімімен аталымның бірінен бірінші орыннан үшінші орын аралығында жүлде алған Байқауға қатысушы


  1. Жалпы ереже

1.1. «Бизнестің жол картасы ­– 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама), оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы (ары қарай –­ ЕАЭО) қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға бұқаралық ақпарат құралдары журналистері арасында республикалық байқауы туралы ереже Байқауды ұйымдастыру, жеңімпаздарды таңдау мен Ұйымдастыру комитеті мен Байқау комиссиясы жұмысының тәртібін реттейді.

1.2. «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған Байқау кәсіпкерлер жетістігі мен Бағдарлама аясында, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерліктің табысты жобасының үлгісін көпшілікке тарату мақсатында өтеді.

1.3. Байқауды ұйымдастырушы – «Атамекен» ҚР ҰКП. Байқау жұмыстарын қарап, сараптамалық баға беретін ұйым –Байқау комиссиясы.

1.4. Байқау аясында хабарландыру мен өзге де ресми ақпаратты жариялайтын ресми құрал – «Атамекен» ҚР ҰКП интернес-ресурсы – www.atameken.kz
2. Байқаудың мақсаты мен міндеті
2.1. Байқаудың мақсаты ­– Бағдарламаның, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығындағы қазақстандық кәсіпкерліктің артықшылықтары, кәсіпкерлікті дамыту туралы объективті материал жариялаған БАҚ өкілдерін анықтау және марапаттау.

2.2. Байқаудың міндеті:

- қазақстандық кәсіпкерліктің артықшылығын ашып көрсету, көпшілікке насихаттау арқылы Бағдарламаға қоғам назарын аудару;

- кәсіпкерліктің мемлекеттің дамуындағы экономикалық және әлеуметтік рөлін көрсету;

- журналистік шығармашылық әлеуетін ашу, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлікті таныту үшін журналистік қоғамдастықты тарту;

- Бағдарлама аясында кәсіп жүргізу, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығындағы қазақстандық кәсіпкерліктің табысты үлгісі туралы Қазақстан қоғамының хабардарлығын арттыру.


3. Байқау тақырыбы
3.1. Байқауға еліміздегі кез келген деңгейдегі барлық БАҚ-тың журналистері қатысуға құқылы. Байқауға штаттағы жұмыс істейтін авторлар, сондай-ақ штаттан тыс негізде жұмыс істейтін авторлар да қатыса алады.
3.2. Байқау жұмысының тақырыбы:

- «Бизнестің жол картасы ­– 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, Қазақстанда кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары;

- ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығында Қазақстан кәсіпкерлігін дамыту.
3.3. Байқау жұмыстары әр түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқалары.
4. Байқау жұмыстарын рәсімдеу мен өткізу тәртібі
4.1. Қатысу үшін Ереженің 4.4.1 тармағында көрсетілген Байқау жұмыстарын қосып, осы Ереженің №1 Қосымшасына сәйкес өтінімді толтырып, ұйымдастырушы комитеттің pr@palata.kz электронды почтасына жолдау қажет («Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті). Ереженің 4.4.2. – 4.4.4. тармақтарында көрсетілген байқау жұмыстары өтінім берген сәттен 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8 «Б» блогы, 2642-кабинет мекенжайына өткізіледі.

4.2. Байқауға өтінім хабарландыру жарияланған күннен бастап қабылданады.

4.3. Қарауға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 5 тамызы аралығында эфирге шыққан немесе БАҚ-та жарияланған жұмыстар қабылданады.

4.4. Байқау жұмыстары келесі түрде ұсынылады:

4.4.1. Баспасөз материалдары Microsoft Word форматында беріледі және PDF форматындағы жарияланымымен қоса өткізіледі (сканерленген көшірмеде атауы мен баспасөз БАҚ-тың шығыс деректері болуы керек);

4.4.2. ТВ-материалдар DVD-дисктерде беріледі, ал радио мен фото жұмыстар – CD немесе DVD-дискте;

4.4.3. Бейнематериалдар 1280 х 720 рix (кем емес) DVD форматта, хронометраж – 3 (үш) минуттан кем емес (бейнесюжеттер үшін) және 30 (отыз) минуттан (деректі фильмдерге немесе телебағдарламалар үшін) аспауы тиіс;

4.4.4. Аудиоматериалдар CD немесе DVD-дискте *mp3 форматында беріледі.

4.5. Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушымен беруге болады.

4.6. Өтінім мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өткізілуі керек.

Байқау тақырыбына, қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген Байқау жұмыстары байқауға жіберілмейді. Байқау жұмыстарының Мәлімделген тақырыпқа сәйкестігін Байқау комиссиясы анықтайды.


5. Байқауға қатысушылардың міндеттері
5.1. Байқауға қатысушылар міндетті:

- Байқау мәнімен алдын- ала танысу, осы Ережеге сәйкес Байқауға қатысуға қойылатын талаптарды танып, білу;

- осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген Байқау жұмыстарын уақытында өткізу;

- осы Ережеде қарастырылған қағидалар мен шарттарды сақтау.

5.2. Байқауға қатысушылар жауапты:

- Байқау жұмыстары мен өзге де өткізілген материалдарда берілген ақпараттың дұрыстығына;

- осы Ережеде бекітілген талаптарды, ережелер мен шарттарды сақтамағаны үшін;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқық бұзушылықтары үшін.


6. Ұйымдастыру комитеті мен

Байқау комиссиясының жұмыс тәртібі
6.1. Байқаудың мақсаты мен міндетіне жету мақсатында Байқауды ұйымдастырушы комитет құрылады. Оның құрамы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

6.2. Ұйымдастыру комитеті құқылы:

- осы Байқау туралы Ереженің талабына сәйкес келмеген жағдайда Байқауға Қатысушының жұмысын қабылдамауға;

- Байқау комиссиясының мүшелері өкілеттігін теріс пайдалануы анықталған жағдайда кез -келген кезеңде Байқау қорытындысының күшін жоюға.

6.3. Ұйымдастыру комитеті міндетті:

- Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;

- Байқауды өткізудің жариялығын қамтамасыз етуге;

- Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын- ала жариялануына жол бермеуге.

6.4. Байқау комиссиясының құрамы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бұйырығымен бекітіледі.

6.5. Байқау жұмыстарын бағалағанда Байқау комиссиясы келесідей критерийлерді басшылыққа алады:

- әділдік;

- материалды берудегі кәсіби шеберлік деңгейі;

- жаңашылдығы, эксклюзивтігі;

- стиль, баяндау тілі;

- авторлық тұжырымдаманың дербестігі;

- ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы;

- журналистік этика қағидаларына сәйкестігі.
7. Байқауды өткізу мен қорытындылау тәртібі
7.1. Байқау екі кезеңнен тұрады.

7.2. Бірінші кезең ­– ұйымдастырушылық, Байқау өткізу туралы хабарламаны «Атамекен» ҚР ҰКП www.atameken.kz интернет-ресурсына жариялау.

Екінші кезең- Байқау жұмысын қарау мен жеңімпаздар мен ынталандыру сыйлығының иегерлерін марапаттау.

7.3. Байқаудың ресми қорытындысы 2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін шығарылады және «Атамекен» ҚР ҰКП интернет-ресурсында жарияланады – www.atameken.kz

7.4. Байқау жұмыстарын қарау екі кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі, яғни Байқау комиссиясының мүшелері барлық жұмыстарды қарайды және финалдық кезең, оның аясында іріктеу кезеңінің қорытындысы негізінде іріктелген Байқау жұмыстары қаралады (әр аталым бойынша жеңіске үміткерлер). Байқау жұмыстарын қараудың нәтижесі №2 Қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

7.5. Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2017 жылдың 21 қыркүйегінен кешіктірілмей өткізіледі.


8. Жүлде қоры
8.1. Байқаудың жүлде қоры «Бизнес-Насихат» құрауышын жүзеге асыруға бөлінген тиісті жылға бекітілген бюджетке сүйене отырып, осы Ереженің №3 Қосымшасына сәйкес республикалық бюджет есебінен құралады.

8.2. Байқау комиссиясының шешімі бойынша әр аталымның Жеңімпазы анықталады, оларға осы Ереженің №3 Қосымшасына сәйкес дипломдар мен ақшалай сыйлық беріледі.

8.3. Байқаудың барлық үміткеріне естелік дипломдар беріледі.

8.4. Байқау жұмыстары Байқаудың талабына сай келмеген жағдайда Байқау комиссиясы жүлделі орындарды бермеуге құқылы.



8.5. «Атамекен» ҚР ҰКП қосымша арнайы сыйлық беруге құқылы.

8.6. «Атамекен» ҚР ҰКП мен Байқау комиссиясы Байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет