Бизнестің жол картасы 2020



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/3
Дата16.12.2018
өлшемі0.64 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3

Стандарт 3

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12480 болып тіркелді

      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына, «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 cәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Субсидиялау шартының нысаны;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кепілдік шартының нысаны;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Грант беру туралы шарттың нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Ұлттық экономика министрі                        Е. Досаев

Қазақстан Республикасы        


Ұлттық экономика министрінің     
2015 жылғы 26 қарашадағы       
№ 736 бұйрығына           
1-қосымша              

                                             нысан

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
      бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және
                кепілдік беру туралы үлгі шарт


____________ қ.

201 жылғы «____» __________

      Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):
      бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке алғанда «Тарап» деп немесе төменде көрсетілгендей аталатын,
      1) «Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі»:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      атынан ______________________________________________ негізінде
әрекет ететін __________________________________________________ және

      2) «Қаржы агенттігі»:

      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан
____________________________ негізінде әрекет ететін ________________
_____________________________________________________________________
      арасында:
      «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);
      «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) сәйкес жасалды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

               1. Терминдер мен анықтамалар



      1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен қысқартулар
қолданылады:
      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салалары –
экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың
басым секторлары (бұдан әрі - ЭҚЖЖ);
      2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі
айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық
деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
      3) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана,
республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға
жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі
айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      4) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
      5) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/исламдық лизингтік
компанияның уәкілетті банкі, қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және
лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның жобалар бойынша
субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын
жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
      6) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған
жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит,
сондай-ақ банкте кредиттік желі ашу туралы келісім береді. Кредиттік
желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
      7) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - банктік қарыз шартының
негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және
нысаналы пайдалану шарттарында банк кәсіпкерге беретін ақшалай
қаражат сомасы;
      8) бірінші бағыт – моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді
мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
      9) даму банкі – «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы
және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;
      10) екінші бағыт – экономиканың басым секторларында және өңдеу
өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық
қолдау;
      11) ислам банкі – «Қазақстан Республикасындағы банктер және
банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында
көзделген банк қызметін жүзеге асыратын, лицензияның негізінде
Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
      12) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау (бұдан әрі –
субсидиялау) - болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын
белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кредиттер/лизинг
бойынша сыйақы ретінде ислам банкке/ исламдық лизингтік компанияға
кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын
кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
      13) исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты–кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі/ ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалған үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерді ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша тауарға үстеме бағаны/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін ішінара субсидиялайды;
      14) исламдық лизингтік компания – «Қаржы лизингі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 2-1 тарауларына сәйкес өз қызметін
жүзеге асыратын, акционерлік қоғам түрінде құрылған, банк болып
табылмайтын, Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға болып табылады;
      15) кәсіпкер – жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асыратын ісін жаңа бастап келе жатқан жас кәсіпкер, ісін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкер;
      16) кепілдік – банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір
бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын кәсіпкер
міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде қаржы
агенттігінің Банк алдында жауап беру міндеттемесі;
      17) кепілдік беру – кәсіпкерлерді Бағдарламада, осы Кепілдік
беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда
кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету
ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік
қолдау нысаны;
      18) кепілдік шарты – қаржы агенттігі/банк және кәсіпкер
арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
      19) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк/даму банк
және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары
бойынша лизингтік компания/банк/даму банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
      20) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік
компания;
      21) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың
азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге және
тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдар жиынтығы;
      22) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын
консультативтік-кеңесші орган, жалпы санының кемінде 50 %-ына
бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады;
      23) субсидиялар – субсидиялау шарттарының/исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржы агенттігі төлейтін мерзімді төлемдер;
      24) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне
жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде
кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде банкке/даму банкіне/лизингтік
компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін
пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
      25) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі/банк/даму
банк/лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты
жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің
банк/даму банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін
нысан бойынша ішінара субсидиялайды;
      26) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
      27) үшінші бағыт – кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
төмендету.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

                       2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі республикалық бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт қаражаты есебінен жергілікті бюджетке берілген, субсидиялау мен кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

                3. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      3. Қаржы агенттігі:
      1) осы Шартта белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің
сақталуына бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын
талап етуге;
      2) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісінің осы Шарт бойынша
ақшалай қаражатты уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;
      3) Қаржы агенттігі Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне
кәсіпкерлерді субсидиялауға арналған қаражатты аудару қажеттігінің
туындағаны туралы хабарламаны жіберген жағдайда және хабарлама
жіберілген күннен бастап бір ай ішінде қаражатты алмаған жағдайда,
қаржы агенттігі Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісінен қажетті
қаражатты алғанға дейін банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік
компанияға/исламдық лизингтік компанияға субсидияларды аудармауға;
      4) Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтатуға құқылы.
      4. Қаржы агенттігі:
      1) банкте/даму банкінде/ислам банкінде/банк-төлем агентінде
ашылған арнайы ағымдағы шотқа субсидиялардың сомасын аударуға;
      2) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлерді
субсидиялау үшін қаражат аудару қажеттігінің туындағаны туралы
уақтылы хабарлауға;
      3) Қаржы агенттігі әрбір кепілдік беру шартына қол қойылғаннан
кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне
тиісті жазбаша хабарлама жібереді;
      4) Бағдарламада көзделген мониторингті жүргізуге міндеттенеді;
      5) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлерді
субсидиялауға арналған қаражатты аудару қажеттігінің туындағаны
туралы хабарлайды.
      5.  Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерлердің
субсидияларының төленуіне бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
      6. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі:
      1) қаржы агенттігіне субсидиялау үшін қаражат аударуға;
      2) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі субсидиялау үшін
көзделген қаражат келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні
ішінде тиісті қаржы жылында Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші
бағыттарын іске асыру үшін бөлінген соманың 50 %-ы мөлшеріндегі
қаражатты қаржы агенттігіне, қаржы агенттігі көрсеткен шотқа
аударуға;
      3) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен
хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Кепілдік беру
шартында белгіленген, берілген әрбір кепілдік сомасының 20 %-ы
мөлшерінде қаржы агенттігіне ақы төлеуге;
      4) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің құжаттарын
қабылдауға және жобаларды субсидиялау және кепілдік беру үшін
бөлінген қаражаттың шегінде ғана ӨҮК-тің қарауына шығаруға;
      5) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттінінің
хабарламасын алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде төлемдер жөніндегі
қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге және аударуға
міндеттенеді.

                   4. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Осы Шартта Тараптардың әрқайсысы осы Шарттан туындайтын
міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты
болады.
      8. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі мен қаржы агенттігінің
арасында тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-не
дейінгі мерзімде есептелген қаражат және осы Шарттың шеңберінде
субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол
қойылады.
      9. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі мен қаржы агенттігінің
арасында тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейінгі
мерзімде есептелген қаражат және кепілдік беру көлемі бойынша
салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.

                  5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      10. Еңсерілмейтін күш жағдайлары – кез келген Тараптың Шарт
бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін
болмайтын жағдайлар (су тасқындарын, жер сілкіністерін, жарылыстарды,
дауылдарды, індеттерді, эпизоотияларды, стихиялық өрттерді,
ереуілдерді, соғысты, көтерілістерді, мемлекеттік органдардың ресми
актілерін қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмейді). Бұл ретте
еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу
фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен
расталуға тиіс.
      11. Егер Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан
Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше
орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      12. Еңсерілмейтін күш жағдайлары басталған кезде Шарт бойынша
өзінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған Тарап осындай
жағдайлар басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа
Тарапқа осындай жағдайлар жөнінде уақтылы хабарлауға тиіс.
      13. Уақтылы хабарлама болмаған жағдайда, Тарап басқа Тарапқа
хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген
залалды өтеуге міндетті.
      14. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы Шартты орындау
мерзімінің аталған жағдайлар әрекет еткен кезеңге сай ұзартылуын
туындатады.
      15. Егер осындай жағдайлар 2 (екі) айдан астам уақытқа созылса,
онда Тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі
орындаудан бас тартуға құқылы.

                         6. Дауларды шешу

      16. Шартқа байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар және
келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөздер арқылы шешіледі.
Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот
тәртібімен шешіледі.

                    7. Шарттың талаптарын өзгерту

      17. Шарттың ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.
Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және
Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен
бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және Тараптар
үшін міндетті болып танылады.

                        8. Қорытынды ережелер

      18. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда, Шарт
бойынша және Шартты орындау жөніндегі барлық құқықтар мен міндеттер,
оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге
байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық
мирасқорларына өтеді.
      19. Осы Шарт Тараптардың осы Шарттың мәніне байланысты толық
өзара түсіністігі болып табылады және олардың арасында Шарттың мәніне
қатысты болған барлық бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен
уағдаластықтарды алмастырады.
      20. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс
тілдерінде ___ (__________) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей
мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (______) бірдей данада жасалды.
      21. Осы Шарт барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне
енеді және Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толық
орындағанға дейін қолданылады.
      22. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      23. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және
қолдары.


Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі
«       » мемлекеттік мекемесі

Қаржы агенттігі
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту
қоры» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы
__________________________ қаласы
__________________________ көшесі
тел.______________________
БСН ______________________
ЖСК KZ ___________________
БСК ______________________
КБЕ ______________________

«_________» мемлекеттік мекемесі



Қазақстан Республикасы
__________________________ қаласы
__________________________ көшесі
тел.______________________
БСН ______________________
ЖСК KZ ___________________
БСК ______________________
КБЕ ______________________

«__________» АҚ



Қазақстан Республикасы        
Ұлттық экономика министрінің     
2015 жылғы 26 қарашадағы       
№ 736 бұйрығына           
2-қосымша              

                                             нысан

                        № ___ субсидиялау шарты


_____ қ.

20___ жылғы «___» __________

      Бұдан әрі «қаржы агенттігі» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде
әрекет ететін __________________________________________ бір тараптан
және бұдан әрі «банк/лизингтік компания» деп аталатын «_______
банк/даму банкі/лизингтік компания» акционерлік қоғамының/ЖШС-нің
атынан _____________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________ екінші тараптан
және бұдан әрі «Алушы» деп аталатын __________________________ атынан
_____________ негізінде әрекет ететін
_______________________________________, бірлесіп «Тараптар», ал жеке
алғанда «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталып,
төмендегілер туралы осы субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт):
      «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);
      «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);
      жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы ___________ № ____ хаттамасына сәйкес жасалды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 № 244 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

               1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
      1) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет
ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің түрлі
бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы. Бір жобаның
аясында бірнеше қаржыландыру алуға болады;
      2) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын
консультативтік-кеңесші орган, жалпы санының кемінде 50 %-ына
бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады;
      3) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне
жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде
кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде банкке/лизингтік компанияға
кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын
кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны.

                     



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет