Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сарасы шетсіз шексіз басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас



жүктеу 460.57 Kb.
бет1/8
Дата15.09.2017
өлшемі460.57 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Әлем ағашы

(жүйелең)

Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы – көркем сана. Көркем сарасы – шетсіз шексіз басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас. Жаратқан иеміздің болмысын түйсікпен іздеу, санамен елестету, рухпен сезіну – жаратқан ием жаратқан жан иесінің, тектің нәсілдің бекзаттылығын дектілігін, ақыл алғырлығын танытанын әлемдік өлшем. Түп тұқияны көркем ойлау жүйесін – Ғарыштың – ғаламдық; яғни тұтастыққа негізделген әсіреәфсаналық санаға ие тек – азаматтық өркениетің ұйтқыларының санатына жатады. Мұқым шексіз ғалам жүйесінің иегін көп тәңірі ретінде асқақтата танып, ғарыштың өзін жеті қатқа қаттап, Аспан – Күн – Жер – Су деп кеңістік пен уақыттың өзін соның бөлшегі ретінде қарастырып жүйелеген түркілік тәңірлек сана түйсігі – исі адамзаттың көркем санасының әлмисақтан да бұрынғы бесігі болып табылады. Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы керетін сайын кеңдікті қамтитын текті жұрттың әсіреәфсаналық түйсік сарасы (мифологические художественное сознание), әсіреәфсаналық көркем санасы (мифопоэтическое художественное сознание) әсіреәфсаналық көркем көзқарасы әлемдік мифологиялық жүйеден тыс қалды, білместіктен де емес бұл – ақылға сыймастай келсімге ие көркем жүйеге ішкі тұйықталған өзімшілдік жатсына жатырқаудан туған. ХҮ – ХҮІ ғасырларда ғана діни инквизициялық серги бастаған еуропалық сана оқымыстылары грек – рим әсіреәфсаналары мен тарихи жазба әсіреәфсанарға («Илиада», «Одиссея») ынта қойып, көк құдайын емес, көп құдайларға назар салады. Соңынан араб пен үндіс, үнді, қытай, ал ХХ ғасырда Қиыр Сібір жұрты мен австралияляқ аворигендердің мифтеріне дүрініп, тәңертеңнің тұқымынан тыс тәңір туралы көркем түйсік әлемдік мифтану ілімі мен мифтік жүйелерде тәңірлік әсіреәфсаналық көркем сана саналы түрде сараланбады, жаратқан ием туралы жат түсініктік жатырқауына түсті.

Оның басты кілтипаны: мифтік көркемтүйсік, көркем сана, көркем көзқарас дүниенің жаратылысы туралы танымға, саналы көркем ойлау жүйесіне, нәсіл мен тектің түп тұқиясының ұйтқы ойын ашатын мәйекке мифтік ілім діни, танымның әлеуметтік мүдденің, саясаттың – тікелей араласуына байланысты еді. Рим дінгер элладылықтардың Қытай мен Үнділердің, еврейлер мен арабтардың, үндістер мен тұғыстардың, жалпы дін атаулының Алланы – Көк тәңірін тануы мен ол туралы уағыздардың танымның, жаратушы жөніндегі әсіреәфсаналарының көнелігінде жүйелігінде, көркемдігінде, сенімділігінде, жаратылыстың шер мен шексіздігі, оның кіндігі, иесі мен киесі туралы әсіреәфсаналардың көркем санасының қуатына нанымдылығында, пенде санасына үйлесімділігінде, рухани әсерінің күштілігінде болатын. Бүгінгі ғаламдастыру, кешегі кеңестендіру, одан бұрынғы нәсілдендіру, рухани атарландыру – саясатының тамыр тартатын теті осында жатыр. Миф – саяси жаһандыңқ саясатқа айналды. Тәңірлік мифтің жатсынудың түр көркімі сонда.

Әсіреәфсаналық көркем түйсікті, көркем сананы, көркем ойлау жүйесін өшіру – рухани тәуелділіктің тұмса тұмылдырығы. Тексіз түйсік пен сананы, тексіз жұртты, тәңірсіз табырды жетелеу жеңіл. Мұндай теңдік жатсыну түйсікке жұртпен, саналы ығыстыру, көркем сана үмітпен тыс қалдыру - өркениеттің өршіген «ескерілмеген» және ескерілмейтін алдамшылығының басты ағымы болып табылады. Мұндай өтейлікті Көк Тәңірі мен Алланы тұтастай түйсікпен сезініп, таныған, әуелгі жаратқан ием мен жаратылыс туралы қуатты да көркем санаға ие көшпелілер әлемінің барлық қасиеті мен киесін, көркем әсері мен көркем ойын бойына жинақтаған құт иесі – қазақ елінің кешуі – жұртқа да, жұрт иесіне де намысты сын. Жалғанның жалған екенін тал бесіктен жер бесікке дейінгі фәнилік санасында тербеп өскен, керегенің көзі мен күлдіреуішті шаңырақтан «кең көк аспанның» аясында қарап отыр атын, еркін де кең, тең, «мәңгілік елге» – жиделібайсынға, жерұйық аңсары ауған, кеңістікте өмір сүрген қауымының көркем санасы – иесі адамзаттың жаратылысқа деген табиғи да текті әсіреәфсаналық көркем көзқарас болып табылады. Саналық көзқарастың салын суға ағызған салбасе, тәуелді сананы тітіркентетін түйсікке тек қана тәуелсіздік рухани бостандық қана кепілдік береді. Көркем таным – таңылмайды, танылады, оны танытады. Бұл тұста әрбір тұнық сана иесі өзінің салыстырмалы рухани райымын көркем көзқарас ретінде ұсыну – ұтымды ой, сана исрабы боп танылмақ. Әркімнің тәңірді танудағы жаратылыс нысаны (идеятворения) мен даму нысаны (идеяразвития) таным талсымына таразы. Мәңгілік өмірге, мәңгілік түлеуге (рождения) тамыр тартатын не ақырзаманға (происхождение смерти) тұйықталатын әсіреәфсаналар мен тарихи әсіреәфсаналар сол дәуірдің мәдени тарихи ойлау жүйесінің деңгейі мен ерекшелігін (культурно-историческое развития особенности мышления) танытады. Бар мен жоқтың, зат пен таңбаның, кеңістік пен уақыттың арақатнасы алмағаып баяндалады. Кеңістіктер мен уақыттың өзі дәуір-дәуірге бөлініп, түп төркіні (архетип) сатылана сараланып, түпкі себебі (этнологиясы) түсіндіріледі. Сөйтіп, жаратушы мен жаратылушы қақындағы әсіреәфсана пақ (анық) ақиқат ретінде қабылданады. Әулиелер мен әнбилер киелі әсіреәфсаналар туындады. Содан барып ерекше жаратылған нәсіл тек тұқым туралы саяси идеялық уағыз басталады. Жалпының санасын билеген философиялық пайымға. Ғылыми білімге, қатаң оқымыстылық қисынға (строгая научная логика) негізделген християндық, пудалық, исламдық, буддалық діни аяттар мен хадистер санаға сіңілді. Біз саналы санасыз түсіктен туындаған әлемдік түйсіктен асқақ жүйесі «мәңгілік өмірде» (высшая цель – бессмертия) аңсаған «тәңірлік жырға» («божественная поэзия») көшпелілер кеңістігіндегі әсіреәфсаналық көркем сана мен көркем ойлау жүйесі, көркем көзқарас ғана аял етеміз.

Әлемдік көркем түйсік тұжырымының тұрлауы, әсіреәфсаналық сананың бейнелік үлгісін жаратылыс кіндігі – «әлем ағашы» (древо мировое) туралы барша мифтер адамзатқа ортақ мәңгілік өмір нысаны болып табылады. «Өмір ағашы», «құт ағашы», «кіндік ағаш», «таным ағашы» деп әр сақта аталғанымен де бұл бәйтеректің әсіреәфсаналық мағынасы бір. Ол мәңгілік өмірдің бастауы және кепілі. Шекті мен шексіздің, жарық пен қараңғылықтың, фәни мен бақидың, аспан мен жердің, тірі мен өлінің, де киелі дәнекері. Салттың рәсім мен жырларында (қазақ арасында қара өлең сарынында да) нысан береді. мәңгілік өмір бәйтерегіндегі кеңістіктің өзі сан қатқа (жеті қат аспан, жеті қат жер, он тоғыз мың ғалам, күн астындағы Күнекей т.б.) бөлінеді. «Ерте, ерте, ертеде» деген тұрақты тіркес сиы әсіреәфсаналық көркем кеңістіктің қатпарлы жүйесі, яғни, бұл жаратылысқа дейінгі жаратылыс тұсындағы, жаратылыстан кейінгі дәуірдегі кеңістік пен уақыт боп қатпарлана береді. бір кеңістік екінші кеңістікпен алмағайып алмасып, оқиғаның түпкі көркем түйсігі мен себебіне көркем көзқарасына орай жүйеленеді. Бәйтеректің бұтағы – аспан әлемі, діңі – жер, тамыры – жер алты тылсымы, немесе өмір, алмағайып дүние, өлім шекарасы боп бейнелене береді. Мұны әр халықтың жаратылыс туралы көркем танымы анықтайды. Қалайда мәңгілік өмірдің саясы ретінде қасиеттеледі. Қазақтың жаһандағы жалғыз ағашты кие тұтып, ақтық байлауында сондай нанымды сана нышаны бар.

Мәңгілік өмір саясы - әлемдік бәйтерек көшпелілердің көркем ойында қалай көркем жүйеленді? Әңгіменің ендігі басты нысанасы да сол. Өйткені жаратылыстың түйсігі туралы көркем сана – ұлттық ділдің ұйытқысы мен көркем жетесі, яғни, жете желісі. Түйсік символы.
...


Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰртбай, Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы
history -> Жүректің қылын тербеген
history -> Жетпіс жыл жұртын сүйіндірген сұлу сөЗ
history -> Т±рсын Ж±ртбай
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
артурли -> Ұмытылған мемлекеттің жылнамасы
артурли -> Өмір ішінен өлім, Өлім ішінен өмір іздеген жанкештілер
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Скифтер қай тілде сөйледі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет