Бґлшек банкинг жїйесін дамыту жолдары



жүктеу 1.51 Mb.
бет1/8
Дата09.09.2017
өлшемі1.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Мазмұны



КlРlСПЕ .......………8

1ҚазаҚстан РеспубликасынЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕ БӨЛШЕК БАНКИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ




    1. Банк жүйесі және оның қызметінің даму ерекшелiктерi...............................11

    1. Қазақстан Республикасы банктерінің қызметтері және дамуы.....................20

1.3 Банкинг: банк өнiмiн және қызметiн сату........................................................28

1.5 Қазақстандық банктердiң сыртқы экономикалық қызметi.............................37



2ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНК БАНКИНГІНІҢ ДАМУ

ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банк жүйесінің дамуын

талдау...................................................................................................................40

2.2 Коммерциялық банктердің банкингтік қызметтерін экономикалық талдау

(АҚ “Каспиий банкі” материалдары негізінде )......….....………………........53



3ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАНК

ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУДЫҢ

НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


    1. Экономикалық тұрақтылық жағдайындағы банк жүйесінің өзекті

мәселелері...........................................................................................................64

3.2 Банк жүйесін дамыту проблемаларының шешу жолдары.....……................67

3.3 “Каспий банк”АҚ Шымкент Филиалында «INTERFAST» жүйесін

ендіру...................................................................................................................69


ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………............…………………………78

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............……................…………………......80

КiРiСПЕ

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.

Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.

Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''БанкЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.

1995 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.

Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 1998 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы''; 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.

1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.

Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк iсiнiң дамуындағы қызметтердiң әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал.

Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы, қарастырылып отырған банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденциялрды, оны басқару ёдiстерi Іазақстанның банк жүйесiн дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.

Факторлың талдау негiзiнде банк қызметiне әсер ету үшiн бiз әлемдiк тәжiрибеден үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиiмдi де пайдалы банк iсiндегi қызметтердi аныңтау, оны дамыту үшiн әдiстердi саралап отырмыз. Сонымен, коммерциялың банктердiң iс-әрекетi саласы кебеюде. Бiрақ отандың банктер әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлың қызмет түрлерiн енгiздi деуге болмайды. Бұл проблема Қазақстанның банк жүйсi үшiн жаңа бағыт болып табылады, сондыңтан да банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларында қандай да бiр түпкiлiктi зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда әлемдiк банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi Қазақстан тәжiрибесiнде енгiзу банк жүйесiн реформалаудағы ең өзектi мәселе болып отыр. Барлы аталған себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның ақсатары мен негiзгi мiндеттерiн белгiлеуге өз әсерiн тигiздi.

Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi: Жұмыстың мақсаты банк жүйесінің дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларды анықтап, әлемдiк банк тәжiрибесiн оқып бiлу және оның жергiлiктi жағдайда бейiмделуi болып табылады.

Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:


  1. Банк iсiнiң дамуынның қазiргi кездегi теориялық сұрақтарды оқып бiлу, олардың құралын анықтау, маңызын нақтылау және оларға анықтама беру;

  2. Банк қызметінің дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларды анықтау әдiстерiне талдау жүргiзу және әртүрлi қызмет түрлерiнiң тиiмдiлiгiн нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;

  3. Талдау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандың банк мекемелерiне банк iсiн жетiлдiру үшiн нақты ұсыныстарды өңдеп шығару.

Жұмыстың пәнi мен объектiсi. Жұмыстың пәнi реттiнде банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтаудың құралдарымен және әдiстерiмен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң қызметi болып табылады.

Диплом жұмысынын әдiстемелiк негiзiн: Қазақстан Республикасының заңдары, ережелерi, шетелдiк және отандық экономистердiң ғылыми еңбектерi, оқулықтар мерзiмдi басылымдардың, статистикалық анықтамалықтардың мәлiметтерi құрайды.

Диплом жұмысынын құрылымы: жұмыс кiрiспеден, үш бөлiмнен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1 ҚазаҚстан РеспубликасынЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕ БӨЛШЕК БАНКИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ




    1. Банк жүйесі және оның қызметінің даму ерекшелiктерi

Қазіргі кездегі банк ісі- ұзақ мерзімдік дамудың нәтижесі. Банк образының алғашқы нұсқалары ретінде, ақша мен тауарды сақтаудың ең тиімді орны ретінде саналған шіркеулерді алуға болады. Египетте мұндай операциялар б.э.д. ХХVIII- ХХVII ғ.ғ жүргізілген, ал Вавилон және Ассирияның көптеген құжаттары, сол уақыттың өзінде қаражатарды сақтау формалары және ссудалық операциялар заңмен реттелінгендігін, сонымен қоса, қаражаттарды сақтағандары үшін төлем ақы алынғандығын дәлелдейді.

Мұның барлығы толық мағанасындағы банк ісі емес еді. Банк ісінің толығымен дамуы, қаражаттарды сақтау қызметтеріне қосымша несиелік операциялардың жүргізілуі босталған кезден басталады.Банк ісінің алғашқы кәсіпқойлары ретінде орта ғасырдағы менял және раставщик айтуға болады. “Банк” сөзінің өзі италияндық “banko” (ақша столы) сөзінен шыққан. Ендеше банк ісінің дамуы несиелік қатынастардың дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан, қазіргі кездегі банктердің қызметтерінің еркшеліктерін анықтау үшін, экономикалық қатынастардың бұл саласының даму процессін қарастырған жөн болады.

Несие қатынастары – ссудалық келісім жөніндегі кредитор мен қарыз алушының арыснда қалыптасатын қатынас, яғни ссудалық төлемақы және қайтарым негізінде ақшаны немесе материалдық құндылықтарды белгілі бір уақытқа беру.

Несиелік қатынастардың туындауының объективтік және заңдық сипатты бар екендігін ұмытпаған жөн. Тауарлай- ақшалық қатынастардың болуы, шаруашылық субъектілерінің бірін бірімен байланысты екендігін білдіреді. Әрбір кәсіпорын қаражаттары өндіріс және айналым процесстерінде тек өзіне ғана тән , бір жағынан мемлекет пен халықтың қаражаттарының айналымымен, екінші жағынан өзгелей кәсіпорындардың жекелеген айналымдарымен негізделегн, жеке айналым жасайды.Өддіріс қорларының айналм заңдылықтары экономика салалары мен кәсіпорындардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін туындаса, ал оның жеке өзінің айналымы аталған қажеттіліктердің әр кезде туындауына әкеледі: бір кезе, өндіріс бөлімдерің ақшалай қаражаттарға деген қажеттіліетері жоғары болса, екіншілерінің уақытша бас қаражатттары қалыптасуы мүмкін.

Мұндай процесстердің нәтижесінде экономикалық қайшылықтар туындайды, яғни, кәсіпорының ақшалай қаражаттарға деген қажеттілігі мен оның қолда бар болуы арасындағы қайшылық. Мұндай қайшылықтардың көрінуінің екі нысаны болуы мүмкін: ақшалай қаржаттардың қолда болу немесе оның уақытша болмау, сондай-ақ, қосымша қаржаттарға деген қажеттілік пен оның болмау сияқты қайшылық.

Бірінші қайшылықтың мазмұны мынада, егер кәсіпорының қандайда бір ақшалай қаражаттары болып және де ол ешқендай табыс әкелмейтін болса, яғни ешқандай шаруаға қолданылмаса, онда өндірістің тиімділігі төмендейді. Ендеше өндірістен босаған ақшалай қаражаттар өзінің қолданылыу аясын табуы тиіс. Ал, өз кезегінде несие арқала қолданыс табуы мүмкін. Ендеше, бірінші қайшылық өз шешімін тапты деген сөз.

Мұнымен, тек, несиенің қызмет ету мүмкіндігін ғана анықтадық. Өйткені уақытша бос ақша кері қайтару принципімен, өзге кәсіпорынға берілуі мүмкін. Сондықтанда несиелік қатынастар туындау үшін, қоғамда осындай қайтарымды деген қаражаттарға қажеттілік болуы тиіс. Мұндай қажеттіліктердің болуы жоғарыда талған екінші қайшылықты шешеді.

Егер қосымша қаражаттарға деген қажеттілік пен оның болмауы арасындағы қайшылық өз шешімдерін тапаса, онда ұдайыөндіріс прцессі тоқтайды. Ендеше мұндай қажеттіліктер міндетті түрде қанағаттандырылуы тиіс. Теориялық тұрғыдан қажеттілікті үш тұрлі көздерден қанағаттандыруға болады.

Біріншіден, өзіндік қаржаттаржың резервтік қорын құруа болады. Бірақ бұл әдісті толық қанағаттанарлық деп қарауға болмайды. Қосымша қаражаттарға деген уақытша қажеттіліктерді өзіндік капиталдаң резервтік қорымен жабы кезінде жоғарыда аталған қайшылықтар ( қаражаттардың қолда болуы және оның болмауы) күрделене түседі. Ендеше қайшылықтардың бірі екнішісінің асқынуымен шешіледі деген сөз.

Екіншіден, қажеттілікті қайтарымын қажет етпейтін бюджеттік қаржыландыру жолымен жабуға болады. Жеке өндіріс қажеттілігі тұрғысынан қарасақ, онда қажеттілік қанағаттандырылды. Ал қоғамдық өндіріс тұрғысынан қарайтын болса, онда қажеттілік жоғалған жоқ, ол тек бір шаруашылық деңгейінен екінші шаруашылық деңгейіне ( кәсіпорыннан мемлекеттек) өтті. Ендеше қайшылықтар өз шешімдерін тапқан жоқ.

Соңғысы, яғни үшінші жолы- уақытша бос қаржаттарды қарызға алу (өзге кәсіпорындардан, мемлекеттен, халықтан). Мұндай жағдайда, шын мәнінде, қажеттілік қанағаттандырылады. Қосымша қаражаттарға деген қажеттілік қанағаттандырылып болғаннан кейін, қарыз қаржат тура солай қайтарылады.

Ендеше, қосымша ақшалай қаржаттарға деген уақытша қажеттілік уақытша бос қаражаттармен жабылады. Мұндай қаржаттар тек несие (зайым) түрінде үсынылады.

Неиселік қатынастардың болуы заңды құблыс болып табылады. Несиелік қатынастар үш кезеңнен өтеді:



  • Кредитор және қарыз алушы арасындағы тікелей қатынас;

  • Делдал қатысатын несиелік қатынас;

  • Реттелінентін несиелік қатынас.

Тарихи және логикалық тұрғыдан, несиелік қатынастардың ең қарапайым түрі кредитор және қарыз алушы арасындағы тікелей қатынас болып табылады. Бұл қатынас өте қарапайым болғанымен, несиелік қатынастардың өдан әрі дамуының көздері болып тадылады.

Несиелік қатынаста делдалдаң қатысуы қатынастың жаңа элементтермн толықтырылуын білдіреді. Мұндай несиелік қатынастардың негізгі формасы, банктік несие, яғни банк делдел ретінде болады. Ал банк жүйесінің өзінің дамуы, несиелік қатынастардың күрделене түсуі, барлығының мүдделерін теңестіріп отыратын органның болуын талап етеді. Ал ондай қызметті тек мемлекеттік банктер ғана орындай алады.

Осылай несиелік қатынас жаңа деңгейге көтеріледі, ол үшінші формасы- реттелінентін несиелік қатынас. Несиелік қатынастың дамуын сурет 1 көруге болады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет