Аспет Бекмырза – гуру массажының маманы. Ол қыздардың сұлу сымбатын айшықтаушы ретінде көпшілікке танылып үлгерген. Осы ретте ешқандай инвестициясыз, ешкімнің қолдауынсыз жұмысын дөңгелеткен арудан кәсіптегі жетісітігінің құпиясын сұрап білдік.  

– Аспет, сіз әрқашан массаж арқылы сұлу мүсін сыйлайтын шебер ретінде танылып жүрсіз. Осы кәсіптегі жетістіктеріңіздің сыры мен Zen мектебінің табысының құпиясы неде?

–Барлық құпияларымды аша алмайын! Дегенмен бастысын атап өтейін. Мен туа бітті жақсы сатушымын. Бұл менің мықты тұсым. Не істесем де, жоғары деңгейде істеймін. Әр жобаны 1000%-ға орындаймын. Идеалға жеткенше шаршамаймын. Жеке Zen брендіммен жүргізген жұмысым да осылай болды.

– Бұл кәсібіңіз туралы идея қайдан пайда болды?

– Жобаның сәтті шығатынын сезетін қасиетім бар. Өз ісімді ашар алдында сән мен трендте болмаған бағытты таңдадым.
 Негізінде, ZEN-бұл менің қызығушылығымның, білімім мен дағдыларымның симбиозы. Осы жерден өзгелер көрмеген бизнестің әлеуетін бірінші болып сездім.

Әйелдер арасында жас болып көріну мәселесі әрқашан қозғалады.  Бұл оларды 100 жыл бұрын да алаңдатқан, 100 жылдан кейін де толғандырады. Ал менің түрлі хирургиялық отасыз табиғи жолмен жасарту мүмкіндігім олар үшін үлкен мүмкіндік. Бұған менің маркетингтік білімім мен PR-дағы тәжірибемді қосқанда, керемет массаж мектебі пайда болды. 

– Жеке массаж мектебіңізді ашу туралы ой қашан келді?

–  Тұтынушылар мен оқырмандар мені ашуға итермеледі. Олар күн сайын көптеген сұраныстар жіберіп отырды. Бір жылдан астам уақыт қана жұмыс істегендіктен мектеп немесе курс ашу туралы ой болмаған да еді. Дегенмен осы жолға жетелейтін қызу сұраныс көбейді. Осылайша бағдарламаны сыза бастадым.

– Мектебіңіздің жетістігінің сыры неде? Ол табыстылығымен таңғалдырып отыр. Тіпті сіздерде тұрақты оқушылардың да саны артқан.

– Білім беру бағдарламасында. Мен кез-келген нәрсені сата аламын. Дегенмен, тек сапалы өнім ғана ұзақ уақыт бойы жемісін береді. 

Өзім де осы тұста көптеген курстардан өттім, 3 жоғары білім алдым. Барлық жерден шабыт алып, жақсы және жаман жақтарды байқадым. Өз мектебімде бәрін қамтамасыз еттім. Істі жаңадан бастаушы жандарға психологиялық кедергілерден бастап, оларды қалай жеңу керек және массаж шеберінің маркетингтік стратегиясы қалай болатынына дейін түсіндіремін. Тіпті істерін кейінге қалдырмас үшін тақтай төсекке дейін сыйға беремін. Сондықтан бұл тұрақты нәтиже береді.

– Табысты кәсіпті дамытуға не көмектеседі?  

– Маған үш ереже көмектеседі.

  • Икемді болу. Кез келген жағдайға бейімделе білу.
  • Мүмкін болатын барлық істі тапсыра алу. Сенімді команда жинап, әрекет ету. 
  • Бизнесті өміріңіздің бір бөлігіне айналдыру керек. Бұл тағы бір тынысыңыз секілді еш қиындық тудырмауы қажет.
  • – Кәсіпкерлік жұмысыңызда не ұнайды?

     – Ешкімге тәуелді болмау. Қай уақытта қайда болуым керек екенін өзім шешемін.Тіпті бірнеше аптаға жоғалсам да бұл кәсібіме еш кедергі емес.

    – Кәсібіңіздің болашағын қалай жоспарлайсыз?

     Мен мынаны нақты айта аламын. ZEN сымбат-мүсін массажы туралы бүкіл әлем айтатын болады. Жақында Zen массаж мектебін желіге де шығардым. Бұл ZEN WORLD жолындағы алғашқы қадам. Қалғаны әлі де алда.


    Автор: Даулет Байгонусов

    Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.