БқО, Қаратөбе мектеп-гимназиясы Тарих пәні мұғалімі Баймулдина А



жүктеу 69.28 Kb.
Дата01.09.2018
өлшемі69.28 Kb.

БҚО, Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Тарих пәні мұғалімі Баймулдина А.

Сыныбы: 8а

Күні: 5.03.2014ж.

Тақырыбы:

ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы əкімшілік-территориялық реформалар

Мақсаты

1868-1870 жылдардағы көтерілістің себептерін анықтай отырып, Қазақстанды басқаруды қайта құру туралы білімді игеру

Күтілетін нәтиже

А Орал, Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістердің себептерін, жаңа реформалардың мазмұнын біледі.

В Жаңа өзгерістерді талдай отырып, патша үкіметінің мақсатын түсінеді.

С Жаңа өзгерістерді енгізудің салдарларын тауып, реформаға өзіндік бағасын береді.


Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Карта, флипчарт, маркер, бағалау, рефлексия парағы, алты қалпақ, стикер

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1867-68 жж. реформаның аумақтық бөлінісі «генерал-губернаторлық», «облыс», «уезд», «болыс», «ауыл» ұғымдарын суырып, құрастыру арқылы топ құру.

1-топ: «Орынбор генерал-губернаторлығы»

2-топ: «Батыс Сібір генерал-губернаторлығы»

3-топ: «Түркістан генерал-губернаторлығы»



-Ұғымдарды ретімен сатылай орналастырып, топқа бөлінеді.

- Сыныпта, топта ынтымақтасу басталады.

-Топ мүшелері өзін көрсетуге ұмтыла отырып, реттеледі.

-Топтық ережені еске түсіреді.



Тұсаукесер

Түрткі сұрақ:

-Бұл ұғымдардың топ атауларымен байланысы қандай?

-ХІХғ.60-ж.реформалар жартыкеш болып шықты. Онда қазақ халқының құқықтары тым шектелінді. Бұл қазақтардың тарапынан қатты наразылық пен қарсы әрекеттер тудырды.

-Ендеше жырдан үзінді тыңдайық.

- Терме кімге арналған? («Досан батыр» жырынан үзінді)

- Термеге жырау қандай оқиғаны арқау еткен деп ойлайсыздар?


- Сондықтан да патша үкіметі 80-90 жылдары реформаны жалғастыруға мәжбүр болды.

Бүгінгі сабағымыз да Қазақстанды басқарудың жаңа реформасы туралы болмақ.


-1867-68 жж. реформа бойынша әкімшілік-аумақтық бөліністі сипаттайды.

-Термедегі көтеріліс басшысының қызметін сипаттайды.

-Өз ойларын терме мазмұнына байланысты қорытады.

-көтерілістің себептері мен нәтижесін анықтайды.



Негізгі бөлім


«Кемпірқосақ тобымен» мәтінді бірлесіп талқылау.

Алған мәліметтерін талдай отырып, жинақтап беруге арналған тапсырмалар:

Генерал-губернаторлық: Реформаны жалғастыру қажеттілігі

Облыс: Сот жүйесіндегі өзгеріс

Уезд: Реформаның әкімшілік сипаты

Болыс: Реформаның салдары

Топта сағат тілімен өзара критерийалды бағалау:


Критерий

Дискриптор

Ұпай

Деректер арқылы мәлімет беру

Нақты деректер келтіре алады, ойы жүйелі

3

Деректермен жұмыс жасай алады

2

Деректері бар, толықтыруды қажет етеді

1

1-топ: 80-90 жж. реформаны 1867-68 жж. реформамен салыстыру арқылы постер құру

2-топ: Тақырып бойынша ментальды карта дайындау

3-топ: Реформа бойынша аумақтық өзгерістерді картада бейнелеу


Критерий

Дискриптор

Ұпай

Ақпаратардың жинақталып берілуі


Жаңа ақпараттар келтіріп, оқиғаның мәнін ашты

3

Ақпараттары бар, толық жеткізе алмады

2

Ақпараттарды ғана таныстырды

1




-Жаңа материалды топта тыңдайды, сол бойынша сөйлейді.

-Нақты деректермен талқылайды.

-Жаңа топта талқылағандарын «бастапқы топқа» айтуға қайта оралады.

-Ақпарат ұсына отырып, білім негізін бірлесіп құрады.

-Тарихи деректермен жұмыстана отырып, талдау жасайды.

-жаңа әкімшілік басқару жүйесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады.

-интерактивті тақтаға сызып, орындалады.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы өзара топтық бағалайды.


Қорытынды


«Алты ойлау қалпағы» арқылы 6 тәсілмен тақырыпқа жұппен қорытынды жасауға ықпал ету.

Тапсырмаға оқушымен біріккен критерий құру



Критерий

Дискриптор

Ұпай







3




2




1

Ақ қалпақ – Фактілер: Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет? (Білетінін ғана жазу)

Қызыл қалпақ – Түйсік: Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді? (Өз ойларын жазу)

Сары қалпақ – Позитив: Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? (Оң тармақтарын жазу)

Қара қалпақ – Жағымсыз: Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды? (Жағымсыз тармақтарды жазу)

Жасыл қалпақ – Креатив: Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын? (Барлық жаңасын және қызықтысын жазу)

Көк қалпақ – шолу: Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ? Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба? (Жалпы түсінігін жазу)

Қызыл, сары түс көтергендерге:


  • Не түсініксіз болды?

Рефлексия

-Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша)

-Неге?
Оқушының жинаған балын есептеп, мұғалім өз бағалауымен салыстырып қояды.

4.Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгейлі тапсырма: Тест тапсырмаларын жаттау

Мүмкіндік деңгейлік тапсырма: Добромыслов А.И. Торғай облысы. Тарихи очерк. (құжаттан тақырыпқа сай үзінді)


-Әр қалпақта тапсырманы жұппен орындап, әртүрлі шешімдерді бір ойға шоғырландырады.

-Орындықта отырып, жұптан шыққан бір оқушы қорғайды.

-Ақ қалпақ киген оқушылар қажетті ақпаратқа назар аударады.

-Мәселеге сезімнен туған өз ойларын білдіреді.

-Реформаның жаңалықтарын анықтап,

жағымды жақтарын зерделейді.

-Реформаны енгізудің салдарын айтады.

-Басқаруға енгізетін өзгерістерін, қосатын өз идеяларын айтады.


-Алты қалпақта сөйлегендерді бақылай отырып, өз толықтыруларын жасайды. Барлық топтан кейін кері байланыс береді.



«Бағдаршам» арқылы бірін-бірі бағалайды.

Жасыл-бәрі түсінікті

Қызыл-түсінбедім

Сары-түсінгендеймін, т.б.
-Бағалау ағашына өзін сабақтағы нәтижесіне қарап орналастырады. Өз әрекетін ойлай отырып, себебін жазады.

-Күнделікке баға қойылады.



-Үй тапсырмасын күнделікке жазады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет