Бқо казталов ауданы Қоныс ожббм мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі



жүктеу 51.1 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі51.1 Kb.

БҚО Казталов ауданы Қоныс ОЖББМ

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі

Аменова Алия Тулеугалиевна


Сауат ашу. Бекітемін:\ \ оқу ісінің меңгерушісі: А.А.Балдақова.

ҰОҚ. Тақырыбы: 3-тарау Менің айналамда кімдер бар?

13 ТАҚЫРЫБЫ: Менің отбасым. У дыбысы мен əрпі



Күні:.06. 11 .2017ж

Оқыту мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.3.1. Сұраққа жауап бере отырып, У дыбысы жəне əрпімен танысады.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу



Күтілетін

нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұраққа жауап береді. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. У дыбысы – кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс. У дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі у дыбысының орнын ажыратады. У əрпінің баспа түрін жазады.



Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы у дыбысының орнын ажыратады. У дыбысына сөз ойлайды. У дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша əңгіме құрайды, өз ойын толық жеткізеді. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. У дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.



Тілдік мақсаттар

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Отбасы


ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде

қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде. Бұл отбасында кім үлкен, кім кіші? Өз отба-сыңда сенен кім үлкен? Таяқшаны қалай пайдаланасың?



Алдыңғы білім

Отбасы туралы əңгімелейді. Таныс əріптерді тауып, сөз, сөйлем құрайды. Сөздерді буынға бөледі?


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурст

І. Дұрыс əсерлі

көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты

болжам.


3–5 мин.

Шаттық шеңбері.

– Кəне, балалар барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!

– Ата-анам ауырмасын!

– Үлкендерді сыйлайық!

– Анамызды ардайық!

(Ұ) балалардың назарын оқу қызметіне тарту мақсатында балалармен «Отбасым – берекем!» қимылды ойынын ойнатады.

Барлық балалар шеңбер жасап тұрады. Отбасы мүшелерін айтып, бір қолымен екінші қолының саусақтарын бір-бірлеп жұмады. Егер саусақтары жетпей қалса, артқа қарай адымдап, қалған отбасыларын атайды. Көп адымдаған балаға «Үлкен отбасы» деген атақ беріледі. Ол бала қалған балаларды бақылаушы болады.





III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27мин.


Тапсырма орындамас бұрын балаларға жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да, Оңға оқы, солға оқы

Жақын туыс бес адам. Өзгермейді еш одан.

Үш əріптен тұратын. Бəрі де өз жұртың

Айтады, кəне, кім атын? (Ана, апа, аға, іні, ата).

Балалар жұмбақтың жауабын айтады.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Балалар жұмбақтың жауабында аталған отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысы естіле ме?

Қайталап айтайықшы!

1.Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде. Суретте берілген отбасы мүшелері туралы əңгімелейді. Отбасы мүшелерінің аттарымен атайды. Отбасы мүшелерінің атауларының сызбасына қарап буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Отбасы мүшелерінің үлкенін, кішісін анықтайды. Балалар өз отбасылары туралы əңгіме құрады.

2-тапсырма. Өлең жолдарын оқып береді. Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды. Үлкендерді сыйлау, олардың тілін алу, үлкендердің жолын кеспеу туралы əңгімелеп береді.

– У – бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.

У дыбысының дауысты дыбыстан кейін тұрса, дауыссыз болатынын, көк түсті дөңгелекпен, ал дауыссыз дыбыстан кейін естілсе, дауысты болып, қызыл түсті дөңгелек-пен белгілейтіндерін айтып түсіндіреді. Балалар «Тау» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады.

Сөздің неше буыннан тұрғанын айтады. У дыбысының мұнда дауыссыз дыбысының рөлін атқарып тұрғанын біледі. «Су» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады. Су сөзінде У дыбысының дауысты дыбыс рөлін атқарып тұрғанын біледі.



3-тапсырма. У əрпімен танысайық. Күз бейнеленген суретке қарап отырып, балалар күз мезгілі тұралы əңгімелеседі. Күз мезгілінде жапырақтар түсіп ағаштардың бұтақтары көрініп тұрғанын байқайды.

У əрпінің суретін көрсетіп, бұтақтың суретіне назар аудартып, ұқсастықты айтады. Балалар бұтақты саусақ ұшымен бастыра салып, сосын ауада салып көрсетеді. Бірге өлең жолдарын қайталайды.

Балалар өлең жолын қайталай отырып, у дыбысының анық айтылуына жаттығу жасатады.

(Ұ) Сергіту сəті

Шеңбер болып тұрамыз, Жоғары біздің шаңырақ,

Керегені құрамыз, Күн сəулесін шашады.

Уықтарды көтеріп, Киіз үйде жиналып,

Шаңыраққа тірейміз. Отбасымыз бақытты!

Өлең жолдарын қимылмен қайталайды.



4-тапсырма У əрпінің баспа түрін көрсетеді. Балалар өздеріне берілген моншақты сымға тізіп, У əрпіне ұқсатып жасайды.

5-тапсырма Балаларға У дыбысын жасау үшін таяқшаларды қолдануға болатынын айтады. Балаларға ой тастайды.Балалар У дыбысының бейнесіне қарап отырып, өздеріне қанша таяқша керек екенін, жəне қалай жасауға болатыны туралы пікірлеседі. У əрпінің баспа түрін ауада жазып, сосын жұмыс дəптеріне баспа түрін жазады

Əліппе-дəптер.

У əрпінің баспа

түрі жазылған

плакат


Əліппе-дəптер Əліппе-дəптер



Рефлексия

26–30


(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайлик арқылы бағалайды.


Əліппе-дəптер

Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет