Бойлық саңылаулы қҰМТҰТҚышты



жүктеу 37.01 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі37.01 Kb.

ЖОК 628.334.21

БОЙЛЫҚ САҢЫЛАУЛЫ ҚҰМТҰТҚЫШТЫ


ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Техн.ғыл.докт. Ә.Ә.Әбдіраманов

С.Қ.Жолдасов




Мақалада үлкен топырақ арналы каналдарда қолданылатын бойлық саңылаулы құмтұтқышты зерттеу нәтижелері келтірілген. Жаңадан алынған құмтұтқыштың конструкциясы берілген.

Бұрыннан пайдаланылып келген тасынды тұтқыш құрылымдар, қосымша алатын су мөлшерінің көптігінен, әртүрлі тасынды түйіршіктерін толық тұта алмауы себебінен, қәзіргі таңда жұмыс істемей тұр. Су жүретін арналарда, ақырындап шөгу нәтижесінде құм жиналып, олардың су өткізу қабілетін төмендетіп жібереді. Бұрын қолданылып келген, арна тазалайтын механизмдер де (экскаваторлар, топырақ-құм сорғыш механизмдер, скреперлер және т.б.), өзінің тазалау құнының қымбаттылығынан қазіргі таңда өте сирек қолданылады. Осы себептерден, соңғы кезде арнадан су алатын, түгел дерлік шаруашылықтар, каналды өте тиімсіз, қымбат қол күшімен тазалауға мәжбүр. Мұның қыруар қаржы және қосымша уақыт талап ететіні айтпаса да түсінікті.

Дегенмен де, су шаруашылығы саласында қызмет істейтін ғалымдар, инженерлер қол қусырып отырған жоқ. Мысалы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Р.Ж. Жолаев атындағы зертханасында жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар нәтижесінде, құм тасындыларын тұтып, каналдан сыртқа алып кететін бойлық саңылаулы құмтұтқыш ұсынылды /1/ (№1532655 авторлық куәлікпен қорғалған, 1-сурет). Осы құмтұтқышты жетілдіре отырып, профессор Ә.Әбдіраманов жетекшілігімен алдын-ала патент алынды /2/. Ұсынылып отырған құмтұтқыштарға қажетті су көлемі, канал өтімінің 1-2%-нан аспайды. Бойлық саңылаулы құмтұтқыш, тасымалдаушы құбырдан ағыс бойымен төмен орналасқандықтан, тасындылардың 70-80%-ы саңылаудың алдыңғы жағынан, тасымалдаушы құбырға жақын жерге түседі. Бұл құрылымның тасымалдағыш қабілетін арттырады. Саңылаулар құмтұтқыш құбырға жанама орнатылғандықтан, құбырдың тасымалдау мүмкіндігін бірнеше рет өсіретін бұрандалы қозғалыс пайда болады. Құмтұтқыш құбырлар, тасымалдағыш құбырға жанама кіргізілгендіктен, онда да бұрандалы қозғалыс орын алады. Сол себепті, тасымалдағыш құбырдың тасындылармен көміліп, бітеліп қалу қаупі біржола сейіледі.

Құмтұтқыштың конструкциялық өлшемдерін анықтау мақсатында, ең алды зертханада, кейін Тасмұрын бас каналында арнайы тәжірибелер жүргізілді. Тәжірибелердің нәтижелерін қорытындылап, төмендегі деректерді айтуға болады. Бірінші, негізгі алынған нәтиже, бойлық саңылаулы құмтұтқыш өте тиімді тасынды тұтқыш құрылым ретінде, тау етегі тәлімдері мен жазық аймақтарда орналасқан каналдарда пайдалануға қолайлы. Өйткені, құмтұтқыш канал өтімінің тек 1-2%-н ғана пайдаланып, 95-97%-ға дейінгі мөлшерде тасындыларды тысқа ағызып шығарады. Екіншіден, құмтұтқыштың саңылаулары бітеліп қалған жағдайда да, өздігінен су күшімен тазаланып, қайта іске қосылып кету қабілеті бар. Эксперимент




Сурет 1



Сурет 2

көрсеткендей, құмтұтқыштың тиімді бойлық саңылау ұзындығы 0,5-0,6 h (h-каналдағы су тереңдігі), ал ені 0,05 м болғаны жөн екені анықталды.Тасымалдағыш құбырға қосылатын, бойлық саңылаулы құмтұтқыш құбырлар саны төрттен аспағаны дұрыс және олар мүмкіндігінше тасымалдағыш құбырға жоғары жағынан жанамалай жалғасуы керек. Құмтұтқыш құбырлардың көлденең қималарының аудандар қосындысы (∑Wе), тасымалдағыш құбырдың көлденең қимасының ауданынан (Ω) кем, немесе олармен өзрара тең болғаны шарт,


(1)
Бойлық саңылаулардың өзара қашықтығын анықтау үшін арнайы тәжірибелер жүргізілді. 2-суретте көрсетілгендей ені 4 мм, ұзындығы 2,5; 4,2; 5,5; 7 см етіп саңылаулар жасалды. Зерттеу нәтижесінде жеке бойлық саңылаудың құм ұстау енін анықтауға арналған байланыс графигі тұрғызылып (3-сурет), эмпирикалық формула алынды,
(2)
Бұл жерде: Вс- тасынды тұтқыш ені, м;

hал – алмағайып тереңдік, м;

qс – саңылаудың бірлік ұзындықтағы өтімі, м3/с м;

qо – науаның бірлік үлесті өтімі, м3/с м

Алматы облысындағы Сарқанд, Ақсу, Тасмұрын және Қарақалпақстан республикасындағы Тахиятас каналдарында /1/ конструкциясы бойынша жасалып құрылған құмтұтқыштар жақсы жұмыс істеп тұр.

Оңтүстік Қазақстан облысы Келес өңірінде, Құркелес каналына /2/ көрсетілген конструкция негізінде, канал еніне және тереңдігіне лайықтап бойлық саңылаулы құмтұтқыш құрылуы көзделіп жатыр. Келес өзенінен бастау алатын каналдардың басым бөлігі өте лайлы, тасындылы болып келетінін ескерсек, біз ұсынып отырған құмтұтқыш ол өңірдің өндірісіне кеңінен енгізілуі тиімді.


Әдебиет


  1. А.С. 1532655 СССР, МКИ Е 02В 8/02. Песколовка для каналов (А.А. Турсунов, Т.Т. Утегалиев, 4349951/23-15; заявлено 28.12.87г., опубл. 30.12.89г. бюл. №48.

  2. Предпатент 11537 KZ, Пескогравиеловка, опубликовано 02.08.1999. БИ № 2, 2000 / Абдураманов А.А., Жолдасов С.К., Утегалиев Т.Т./.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз



РЕЗУЛЬТАТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ НАНОСОПЕРЕХВАТАЮЩИХ ПЕСКОЛОВОК С ПРОДОЛЬНЫМИ ЩЕЛЯМИ
Докт.техн.наук А.А.Абдураманов

С.К.Джолдасов


В статье приведены результаты исследования песколовок с продольными наносозахватными щелями использующие в крупных земляных каналах. А так же даны конструкции новых песколовок.

REZULIRATY STUDIES ALLUVIUMS INTERCEPT SANDPITBALL

WITH LONGITUDAL SLOT
Doct.tech.sci. A.A.Abduramanov

S.K.Dzholdasov


Results of the study sandpitball are brought In article with longitudal alluviums intercept slot using in large earth channel. But in the same way designs new sandpitball are given.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет