Болат Маликайдарович Садуакасовтың



жүктеу 17.2 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі17.2 Kb.
түріБағдарламасы

СӘДУАҚАСОВ Болат Мәлікайдарұлының

сайлауалды бағдарламасы

Егерде мен Жаңаарық, Ақтоғай, Түркістан, Арыстанды ауылдарына депутат болып сайланған жағдайда, осы ауылдардың гүлденіп, әлеуметтік – экономикалық өсу бағытында көптеген игілікті істер атқарар едім. Депутаттыққа түспей жатып та халықтың қамы үшін көптеген ауқымды тірліктер атқарып жүргенім көпшілікке мәлім. Десек те, депутаттыққа түсіп, халық қалаулысы атанып, еңбек ету үшін өзімнің сайлауалды бағдарламаларымды жасамас бұрын, өзіме қарасты ауыл, елді мекендерді аралап, тұрғындардың мұқтаждықтарымен танысып қайтқан болатынмын. Осы сәттерде бағдарламамның арқауы болатын көптеген өзекті мәселелерге қанық болып, оларды өз қаражатыммен қалпына келтіруге, қиналғандарға жәрдемдесуге бел будым. Нақты жүзеге асырар бағдарламамды атап айтар болсақ:

1. Жаңаарық, Ақтоғай ауылдарының кіре беріс, шыға берістеріне ауылдың аты-жөні жазылған арка орнатар едім.

2. Округіме қарасты ауыл, елді мекендердегі тұрғындармен келісе отырып, ойын алаңдарын, саябақтар жасап, оларды арнайы қоршап, ел игілігіне берер едім.

3.Сонымен қатар ауыл іштеріне стандартқа сай 6х3 билборд орнатуға күш саламын.

4.Ауылдағы мектеп, балабақша, медпункт орындарын ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етемін.

5.Ауыл көшелерінің жарықтандырылуына және көше тәртібінің сақталуына назар аударамын.

6. Түркістан ауылдық округінің көшелерінен арық тарту жұмыстарын жүргізуге және Арыстанды елді мекеніне су қоймасын жинайтын домба соғуға қаражат саламын.

7. Түркістан ауылына барар жолдың жөндеу жұмыстарын жалғастыруға уәде беремін.

8. Түркістан ауылына жастарға арнап мәдениет үйін ашуға, медпункт, балабақша ғимараттарын кеңейтуге.

9. Округімдегі ауылдардың тазалығына баса көңіл бөліп, ауыл ішіндегі қордаланған қоқыстарды өз техникаммен тазалаймын. Осының салдарынан малдардың сарып (бруцелез) ауруларын жоюға ықпал етемін.

10. Ауылдың көрнекі жерлеріне гүл егіп, көгалдандырамын.


Құрметті сайлаушылар!

Жоғарыда айтылған бағдарлама менің азаматтық істерімнің бастамасы ғана. Сондықтан егер Сіздер мені қолдап дауыс берер болсаңыздар, мен де Сіздердің сенімдеріңізден шығатыныма нық сенімдімін. Өйткені, мен бос сөздің емес, нақты істердің жетекшісімін. Өз уәдемді ешқашан ұмытқан емеспін. Туған жерді көркейтеміз десеңіздер маған дауыс беріңіздер.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет