Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта тағы бір сотталушы Бақытжан Байжанов өзіне қысым жасалып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байжановтың адвокаты сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың бөлек отыруын сұрады.

“Бишімбаевтың Байжановпен байланысу мүмкіндігі болмас үшін. Байжанов қысым көріп жатырмын деп есептейді”, – дейді қорғаушысы.

Адвокатының сөзін Байжанов та растады.

“Иә, ол маған түрлі қысым көрсетеді: "Мынаны былай айт немесе былай айт" деп”, – дейді ол.

Судья Айжан Құлбаеваның “айғақ беруге қатысты ма?” деген сұрағына Байжанов “Иә” деп жауап берді.

  • "Қолыма пышақ алып, өз-өзіме қол жұмсағым келді": Бишімбаев сотта әйелінің қаза тапқан кезін баяндады (видео)
  • "Бетінің көгергенін көріп, көріпкелге хабарластым": Бишімбаев Нүкенованы өлерінің алдында бірнеше рет ұрғанын айтты (видео)

Судья бұл мәселені шешуге тырысатынын жеткізді.

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып отырған Бишімбаев бұған қатысты пікірін білдірді.

“Байжанов пен оның отбасына осы іске қатысы жоқ құжаттарды маған қайтаруын қалаймын. Бар болғаны осы”, – деді ол.

Айта кетейік, Астанада айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бұған дейін прокурор сотта Бишімбаевтың марқұм әйелінің "өзі құлап қабырғаға соғылды" деген мәлімдемесіне қарсы айғақ келтірген.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.