Атырауда тұрғындар "Көмек" жүйесінің істен шығуына байланысты жедел жәрдем көлігіне хабарласа алмаған. Қала әкімдігі тұрғындар наразылығына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау қаласының әкімдігі жедел жәрдемнің ақпараттық жүйесіндегі ақаулар туралы шағымдарға байланысты қызметтік тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. 

"Бұл тексеріс "Көмек" ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша жедел жәрдем станциясы мен цифрландыру орталығының қызметін талдауға бағытталатын болады. Нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою және олардың жұмысын оңтайландыру бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады", — деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.