Бөлім. Нормативтік құқықтық актілер



жүктеу 1.24 Mb.
бет1/8
Дата23.02.2018
өлшемі1.24 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Бөлім. Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 15 наурыздағы № 117 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 12 сәуiрде № 7566 болып тiркелдi


"Егемен Қазақстан" газетi 23.06.12 ж. № 339-345 (27419); "Казахстанская правда" от 23.06.12 г. № 199-200 (27018-27019)


      Азаматтық авиация саласындағы қызметтi ретке келтiретiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық авиация саласында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 3 шiлдедегi № 419 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7136 нөмiрiмен тiркелген, «Заң газетi» газетiнiң 2011 жылғы 03 қарашадағы 161 (2151) нөмiрiнде, 2011 жылғы 04 қарашадағы 162 (2152), 2011 жылғы 08 қарашадағы 163 (2153), 2011 жылғы 09 қарашадағы 164 (2154), 2011 жылғы 10 қарашадағы 165 (2155), 2011 жылғы 11 қарашадағы 166 (2156), 2011 жылғы 15 қарашадағы 167 (2157), 2011 жылғы 16 қарашадағы 168 (2158), 2011 жылғы 17 қарашадағы 169 (2159), 2011 жылғы 18 қарашадағы 170 (2160), 2011 жылғы 22 қарашадағы 171 (2161) нөмiрiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы бұйрық қолданысы 2012 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған, құқықтық қатынастарға қолданылатын 157, 178, 180, 181 және 182-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.»;
      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидасында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидасы (бұдан әрi - Қағида) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi – Заң), «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 (бұдан әрi – Ұшудың негiзгi қағидалары) қаулысының талаптарына сәйкес әзiрлендi.
      Қағида коммерциялық әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстар мен жалпы мақсаттағы авиация ұшуын жүзеге асыру, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Аэронавигациялық карталар» 4-қосымшасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрi – ИКАО) «ӘК ұшуды жүргiзуi» құжатына (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) сәйкес орындалатын әуеайлақ сызбаларын жасау мақсатында ұшуды жүргiзу, Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген азаматтық әуе кемесiн (бұдан әрi - ӘК) пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
      1) абсолюттiк биiктiк - орташа теңiз деңгейiнен нүкте немесе нүкте деп қабылданған объектi деңгейiне дейiнгi тiгi бойынша арақашықтық
      2) авариялық хабарлау – тиiстi қызметтер мен ұйымдарға iздестiру-құтқару қызметтерi көмегiн және мұндай қызметтер мен ұйымдардың қажеттi жәрдем көрсетуiн қажет ететiн әуе кемелерi туралы хабарлама;
      3) авиациялық жұмыстар – пайдаланушы басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделерi үшiн азаматтық әуе кемелерiн пайдалана отырып, орындайтын мамандандырылған операциялар;
      4) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелерiнiң ұшуын, әуе қозғалысына қызмет көрсетудi және әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ету мақсатында деректердi жинау, талдау және өңдеу нәтижесiнде алынған ақпарат;
      5) аэростат – көтерiлу күшi тығыздығы ауа тығыздығынан жеңiл қабықтағы газ есебiнен болатын ауадан (қоршаған ортадан) жеңiл ұшу аппараты;
      6) аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағыты (ағылшын тiлiндегi қысқартылған SID аббревиатурасы, (бұдан әрi – SID)) - аспаптармен ұшу қағидасы бойынша әуеайлақтан немесе әуеайлағының белгiлi бiр ұшып көтерiлу-қону жолағынан әуеайлақ ауданынан шығу нүктесiне дейiнгi ұшып шығудың белгiленген бағыты;
      7) аспаптар бойынша ұшып келудiң стандартты бағыты (ағылшын тiлiндегi қысқартылған STAR аббревиатурасы, (бұдан әрi – STAR)) - аспаптармен ұшу қағидаты бойынша әуеайлақ ауданына кiру нүктесiнен аспаптар бойынша қонуға енудiң жарияланған схемасымен ұшу басталатын нүктеге дейiнгi ұшып келудiң белгiленген бағыты;
      8) аэронавигациялық жанармай қоры - ұшу жоспарын өзгерту қажет болған жағдайда қосалқы әуеайлаққа бағыт алуға, бекiтiлген бағыттан ауытқуға, қарсы желдiң күшеюiне және басқа жағдайларға байланысты ұшып шыққан әуеайлақтан тағайындалған әуеайлаққа дейiн ұшып жету үшiн есептiк мөлшерден тыс жанармай;
      9) аэронавигациялық карта – ұшу мақсаттарына арналған жер бетi учаскесiнiң, оның бедерiнiң және жасанды құрылғылардың шартты белгiсi;
      10) ауысу биiктiгi - белгiленген эшолонға шығу үшiн барометрлiк биiктiк өлшеуiштiң қысым шкаласын 760 мм сынап бағанасы (1013,2 мбр) қысым мәнiне ауыстыру үшiн әуеайлақ ауданында орнатылған салыстырмалы/абсолюттiк биiктiк;
      11) аспаптар бойынша ұшу - ӘК кеңiстiктегi жағдайы мен оның ұшып келе жатқан жерiн экипаж пилотаждық-навигациялық аспаптармен толықтай немесе iшiнара айқындаған кездегi ұшу;
      12) аса жеңiл ұшу аппараттары – ұшып көтерiлу массасы 750 килограмнан аз (бұдан әрi - кг) ӘК, сондай-ақ аэростаттар, мотодельтапландар, дельтапландар, парапландар және осы санаттағы басқа да ұшу аппараттары;
      13) аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағыты (ағылшын тiлiндегi қысқартылған SID аббревиатурасы, (бұдан әрi – SID)) - аспаптармен ұшу қағидасы бойынша әуеайлақтан немесе әуеайлағының белгiлi бiр ұшып көтерiлу-қону жолағынан әуеайлақ ауданынан шығу нүктесiне дейiнгi ұшып шығудың белгiленген бағыты;
      14) аспаптар бойынша ұшып келудiң стандартты бағыты (ағылшын тiлiндегi қысқартылған STAR аббревиатурасы, (бұдан әрi – STAR)) - аспаптармен ұшу қағидаты бойынша әуеайлақ ауданына кiру нүктесiнен аспаптар бойынша қонуға енудiң жарияланған схемасымен ұшу басталатын нүктеге дейiнгi ұшып келудiң белгiленген бағыты;
      15) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық, эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылық ететiн орталық атқарушы орган;
      16) әуеайлақтағы атмосфералық қысым – сынап бағанының миллиметрiнде (бұдан әрi – сын.бағ.мм.) миллибардағы (бұдан әрi – мбар) немесе ұшып көтерiлу-қону жолағының жұмыс табаны деңгейiндегi гектопаскалдағы (бұдан әрi – гПа) атмосфералық қысым мәнi;
      17) әуеайлақ (гидроайлақ) – бұл жоғары бет бойынша әуе кемелерiнiң толықтай немесе iшiнара ұшып келуiне, кетуiне және қозғалуына арналған жер немесе су бетiнiң белгiлi бiр учаскесi (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықты қоса алғанда);
      18) әуе трассасы – әуе кемелерiнiң ұшуды орындауына арналған және аэронавигациялық құрылғылармен жабдықталған, әуе кеңiстiгiнде биiктiгi мен енi бойынша шектеулi дәлiз;
      19) әуе кемесi - жер (су) бетiнен шағылысатын ауамен өзара әрекеттi жоққа шығара отырып, ауамен өзара әрекет есебiнен атмосферада ұсталатын аппарат;
      20) әуеайлақ минимумы – бұл кезде осы әуеайлағына осы үлгiдегi әуе кемесiнiң ұшып көтерiлуi немесе қонуына рұқсат берiлетiн көрiнудi (ұшып көтерiлу - қону жолағындағы көрiнудiң), бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiнiң (тiгiнен көрiнуiнiң) ең аз рұқсат етiлген мәнi;
      21) әуе кемесiнiң минимумы – осы үлгiдегi әуе кемесiмен қауiпсiз ұшып көтерiлуге және қонуға рұқсат етiлетiн ұшып көтерiлу - қону жолағы (көрiну) мен бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiндегi (тiгiнен көрiнудiң) көрiнудiң ең аз рұқсат етiлген мәнi;
      22) ӘК командирiнiң (екiншi пилоттың) минимумы – пилотқа (ұшқышқа) осы үлгiдегi ӘК-мен ұшып көтерiлу, қону немесе бағыт бойынша ұшуына рұқсат етiлетiн ұшып көтерiлу - қону жолағы (көрiну) мен бұлттардың төменгi шекарасы биiктiгiндегi (тiгiнен көрiнудiң) көрiнудiң ең аз рұқсат етiлген мәнi;
      23) әуеайлақ тәртiптемесi – электрондық және/немесе баспа түрiнде жарияланатын пилотаждық аспаптар бойынша орындалатын ұшудағы алдын ала анықталған маневрлар қатарының сипаттамасы;
      24) әуеайлақ сызбасы – кедергiлерге соқтығысуды болдырмауды көздейтiн белгiленген талаптар сақталған жағдайда белгiленген ұшып бару бағытынан бастап қону жоспарланатын нүктеге дейiнгi, егер қону орындалмаса, онда күту аймағындағы немесе бағыттағы кедергiлерден ұшып өту критерийлерi қолданылатын нүктеге дейiнгi пилотаждық аспаптармен орындалатын алдын ала көзделген маневрлар сериясы;
      25) әуеайлақтағы қысым QFE (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы QFE (бұдан әрi – QFE)) – атмосфералық қысымның сынап бағанасы бойынша миллиметрмен (с.б.мм) немесе ҰҚЖ шегi деңгейiнде гектопаскальмен (гпа) берiлген мәнi;
      26) әуеайлақ туралы деректер – оның өлшемi, координаты, асып түсу және өзге де оған қатысты ұшып көтерiлу-қону жолағы, рулеждiк жолдар, қондырғылар, жабдықтар, ұшуларды орындау бойынша құралдар мен рәсiмдер туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi қамтитын әуеайлаққа қатысты деректер;
      27) ӘК командирi (бұдан әрi - ӘКК) – экипаждағы басшы болып табылатын және ӘК ұшуы мен қауiпсiздiгiне жауап беретiн пилот (ұшқыш);
      28) ӘК мұз қату - әуе кемесiнiң әртүрлi бөлiктерiнде мұздың қатуы;
      29) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрi - ӘҚҚ) - ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық құлақтандыру, әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету (аудандық диспетчерлiк қызмет көрсету, жақын келгенде диспетчерлiк қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсету);
      30) әуеайлақтағы көрiнуi төмен рәсiмдер (LVP) – әуеайлақта енгiзiлген рәсiмдер;
      ҰҚЖ (RVR) көрiнуi кемiнде 550 метр, бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi кемiнде 60 метр кезде қонуға бет алу;
      31) әуеайлақ ауданы - әуеайлақтың және оған жапсарлас жатқан жерлердiң үстiнде көлбеу және тiк жазықтықта белгiленген шекарадағы әуе кеңiстiгi;
      32) ӘҚҚ ауданы - әуе трассалары және одан тыс бағыттар бойынша ӘҚҚ диспетчерi жүзеге асыратын белгiленген шекарадағы әуе кеңiстiгi;
      33) ӘК басқару жүйесi (Flight control system) . Автоматты қону жүйесiн және/немесе қонудың гибриттi жүйесiн қамтитын жүйе;
      34) әуеайлақ схемасын әзiрлеу үрдiсi – аспаптар бойынша ұшу схемаларын жобалауға арналған, осы немесе өзге аспаптар бойынша ұшу схемаларын жасау немесе өзгерту үрдiсi;
      35) бару әуеайлағы – ұшу жоспарында немесе ұшу тапсырмасында (ұшу парағында) жоспарланған қону әуеайлағы ретiнде көрсетiлген әуеайлақ. Бару әуеайлағы аралық әуеайлақ және соңғы қону әуеайлағы болып бөлiнедi;
      36) барометрлiк биiктiк - бұл барометрлiк биiктiк өлшегiш шәкiлiнде белгiленген атмосфералық қысымның изобарикалық бетiне қатысты ұшу биiктiгi;
      37) бұлтақтау – турбуленттi атмосферада ұшу кезiнде әуе кемесiнiң ретсiз қозғалысы;
      38) борттық жабдық - борттық қорлар мен ұшу кезiнде әуе кемесiнiң бортында пайдалануға арналған түсiру қосалқы бөлiктерiн, оның iшiнде алғашқы көмек құралдары мен авариялық-құтқару жабдығын қоспағандағы заттар;
      39) борттық өздiгiнен жазғыш – ұшу параметрлерi мен әуе кемесiн пайдалану туралы ақпаратты сақтау мақсатында әуе кемесiнiң бортында орнатылатын кез келген өздiгiнен жазу аспабы;
      40) бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi (бұдан әрi – БТШБ) - тiгiнен алғанда құрлық (су) бетi мен бұлттың ең төменгi қабатының төменгi шекарасының арасындағы қашықтық, бұлттың төменгi шекарасын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда тiгiнен көру мүмкiндiгiнiң мәнi қолданылады;
      41) бағдардан айырылу - ұшқыш (экипаж) белгiленген ұшуды жалғастыру үшiн қажеттi дәлдiкпен өзiнiң тұрған жерiн анықтай алмайтын жағдай;
      42) "Бас тарту кезiндегi пассив" (Fail-Passive flight control system) ӘК басқару жүйесi. Егер оның бас тартуында ұшу траекториясы немесе тангаждан айтарлықтай балансталмаған сәттер немесе ауытқуларға ықпал етпеген жағдайда жүйе "бас тарту кезiндегi пассив" болып табылады, алайда қону автоматты режимде орындалмауы мүмкiн. Осындай жүйенiң бас тартуы кезiнде ұшқыш ӘК басқаруды өзiне алады;
      43) белгiленген бағыт – уәкiлеттi органдармен, мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен келiсiлген, авиациялық жұмыстар жүргiзуге арналған, әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнен тыс бағыт;
      44) бүйiрлеп эшелондау - ӘК жол желiсi арасындағы қашықтық немесе бұрыштық қиылысу бойынша белгiленген аралықтарда бiр биiктiкте орналастыру;
      45) бойлап эшелондау - ӘК жол желiсi бойымен уақыт немесе қашықтық бойынша белгiленген аралықтарда бiр биiктiкте орналастыру;
      46) векторлау (радиолокациялық бағыттау) – радиолокаторлардың деректерiн пайдалану негiзiнде белгiлi бiр бағамдарды көрсету көмегiмен әуе кемесiн навигациялық бағыттауды қамтамасыз ету;
      47) дирижабль – қуат қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлетiн басқарылатын аэростат;
      48) деректерiн беру желiсi VOLMET   (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы VOLMET (бұдан әрi - VOLMET) ұшып келе жатқан ӘК үшiн метеорологиялық мәлiметтердi тұрақты беру желiсi;
      49) ерекше жағдай - авиациялық техниканың тосыннан iстен шығуы немесе әуе кемесi мен жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн экипаждан стандартты емес iс-қимылдар жасауды талап ететiн жағдайларға тап болуы нәтижесiнде пайда болатын жағдай;
      50) екпiн алудың қолда бар ара қашықтығы (бұдан әрi - ЕҚА) - қолда бар болып табылатын және қонғаннан кейiн әуе кемесiнiң жүруi үшiн жарамды ұшып көтерiлу - қону жолағының ұзындығы;
      51) есептi уақыт – экипаждың әуе кемесiнiң белгiленген нүктеден (бақылау нүктесi, бағдар, мiндеттi хабарлау пунктi, бағыттың бұрылу нүктелерi, әуеайлақтық-навигациялық құрал немесе әуеайлақтың бақылау нүктесi) ұшып шығуына (ұшып келуiне) есептеген уақыты;
      52) "Енгiзудiң жетiлдендiрiлген жүйесi (EVS)" - көрiну датчиктерi арқылы сыртқы ортаның жедел көрiнiсiнiң электрондық құралы;
      53) жалпы мақсаттағы авиация (бұдан әрi – ЖМА) – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншiгiнде тұрған және төлем үшiн емес және жал бойынша емес, мына:
      жолаушыларды, багажды, жүк пен почта жөнелтiмдерiн тасымалдау;
      авиациялық жұмыстарды орындау;
      iздестiру-құтқару және авиациялық-құтқару жұмыстары;
      табиғи зiлзала жағдайында халыққа көмек көрсету;
      жаттығу, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын жүргiзу, техникалық шығармашылықты дамыту;
      әуе кемесi пайдаланушыларының жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында пайдаланылатын азаматтық авиация;
      54) жергiлiктi әуе желiсi – биiктiгi мен енi жағынан шектелген және ӘК ұшуына арналған төменгi әуе кеңiстiгiндегi дәлiз;
      55) жазық жер – 25 км радиусте салыстырмалы түрде 200 м дейiн бедерлi қырқасы бар жер;
      56) жермен жүру - ұшып көтерiлудi және қонуды қоспағанда, ӘК-нiң өзiн тарту есебiнен әуеайлақ бетiмен қозғалуы;
      57) жел екпiнi – шығыс және кiрiс ағындарын қоса алғанда, әуе кеңiстiгiндегi жел бағытының және (немесе) жылдамдығының өзгеруi;
      58) көру мүмкiндiгi - атмосфералық жағдайға байланысты және қашықтық бiрлiктерiмен бөлiнетiн күндiз жарық түспейтiн елеулi объектiлерде және түнде жарық түсiрiлген елеулi объектiлерде көру және айырып тану мүмкiндiгi;
      59) көру мүмкiндiгi шектеулi жағдайларда ұшып көтерiлу (бұдан әрi - LVTO, ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы) – ҰҚЖ-дағы (RVR) көру мүмкiндiгi 400 м төмен жағдайда ұшып көтерiлу;
      60) көзбен шолып ұшу - әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайын және оның тұрған жерiн табиғи көкжиек және жердегi бағдар бойынша ұшқыш оны көзбен шолып анықтайтын кездерде орындалатын ұшу;
      61) көзбен шолып ұшу - әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайын және оның тұрған жерiн табиғи көкжиек және жердегi бағдар бойынша ұшқыш оны көзбен шолып анықтайтын кездерде орындалатын ұшу;
      62) күту аймағы – әуе кемелерiнiң әуеайлаққа жақындауына және/немесе қонуға енуiне кезегiн күту үшiн, әдетте әуеайлақ (аэроторап) ауданының радионавигациялық нүктесi (РНН) үстiнде белгiленген белгiлi бiр мөлшердегi әуе кеңiстiгi;
      63) кету (қайта оралу) межесi - ӘК жолында белгiленген, ұшуды орындауы және қосалқы әуеайлаққа (ұшып шығу әуеайлағы) қонуы үшiн жеткiлiктi, жанармайы осы ӘК ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылық белгiлеген мөлшерден аз емес, қосалқы әуеайлақтан (ұшып шығу әуеайлағы) алшақ меже;
      64) күрделi метеорологиялық жағдайлар – метеорологиялық көрiну 2000 м және одан аз және (немесе) олардың жалпы көлемi кезiнде 2 октанттан астам кезде бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi 200 м және одан төмен болатын жағдайлар;
      65) KҰE бойынша арнайы ұшулар – КҰЕ бойынша ең төменгi ұшу жағдайынан нашар метеорологиялық жағдайларда диспетчерлiк аймақта ӘҚҚ (ӘҚБ) органы рұқсат еткен ұшулар;
      66) күту аймағында ұшу схемасы - әуе кемесiнiң келесi рұқсат берудi күту үшiн белгiлi бiр әуе кеңiстiгi шегiнде қалуына мүмкiндiк беретiн алдын ала белгiленген маневр;
      67) кабина экипажының мүшесi - қауiпсiздiк мүддесi үшiн және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктердi тасымалдау мақсатында әуе кемесiнде оған әуе кемесiнiң пайдаланушысы немесе командирi тапсырған мiндеттердi орындайтын, бiрақ ұшу экипажының мүшесi болып табылмайтын тұлға;
      68) қосалқы әуеайлақ - егер тағайындалған әуеайлаққа ұшып бару немесе қону мүмкiн емес немесе қажетсiз болған жағдайда әуе кемесi бағыт алуы мүмкiн әуеайлақ
      69) қауiпсiз биiктiк - әуе кемесiн жер (су) бетiмен немесе ондағы кедергiлермен соқтығысудан сақтауға кепiлдiк болатын ұшу биiктiгi;
      70) қысымы QNH (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы QNH (бұдан әрi – QNH)) – стандартты атмосфера үшiн теңiздiң орташа деңгейiне келтiрiлген гектопаскальдағы атмосфералық қысым;
      71) қонуға бет алудың соңғы кезеңiндегi үздiксiз төмендей отырып, қонуға бет алу (Continuous descent final approach - CDFA). ҰҚЖ шегiнен немесе нүктеден жоғары шамамен 15 метрге (50 фут) тең нүктеде қонуға бет алудың соңғы кезеңiндегi абсолюттiк/салыстырмалы биiктiк немесе белгiленген абсолюттiк/салыстырмалы биiктiгiнен жоғары үздiксiз төмендеу, теңелмеу сияқты аспаптар бойынша қонуға дәл бет алмау рәсiмдерiнiң қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң сегментiндегi ұшулар үшiн айқындалған техника, ұшақ үлгiсi үшiн маневр жасауы тиiс;
      72) қонуға кiру және ұшып көтерiлудiң аяқталу кезеңiнiң аймағы (FATO) - iлiну немесе қону режимiне дейiн үстiнен қонуға кiру маневрiнiң аяқталу кезеңi орындалатын және ұшып көтерiлу маневрi басталатын белгiленген аймақ және FATO-ны 1-санатты ұшу-техникалық сипаттамалары бар тiкұшақтар пайдалануға тиiс болған жағдайларда, ол тоқтатылған ұшып көтерiлудiң орналасатын аймағын қамтиды;
      73) қонуға дәл бет алмау және қону (Non-precision Approach). Электрондық құралдардың көмегiмен қалыптасатын глиссаде бойынша дәлдеудi пайдаланбай аспаптар бойынша қонуға бет алу және қону;
      74) қауiптi жақындау – әуе кемелерiнiң өзара немесе басқа материалдық объектiлермен қасақана емес немесе ұшуға арналған тапсырмада көзделмеген, нәтижесiнде олардың соқтығысу қаупi туындайтын, осы Қағидада белгiленген аралықтың жартысынан аз жақындауы;
      75) "Қону жүйесi GNSS (GLS)" - жанама және тiк GNSS деңгейiне негiзделген ӘК енгiзудi қамтамасыз ету үшiн GNSS ақпаратты (бұдан әрi - GNSS) пайдаланатын қонуға бет алулар;
      76) қолда бар қону ара қашықтығы (бұдан әрi – ҚҚА) - ӘК қонғаннан кейiн жүретiн және екпiн алуға жарамды ұшу-қону жолағының ұзындығы;
      77) қонуға дәл бет алу және қону (Precision Approach). Қонуға бет алу және қону санаты айқындалған, минимумдар кезiнде дәл жанама және тiгiнен дәлдеудi пайдалана отырып, қонуға бет алу және қону;
      78) маркер – кедергiлердi немесе шекараларды (шептердi) белгiлеу үшiн жер үстiнен жоғары орнатылатын объект;
      79) мәжбүрлi қону - жоспар бойынша ұшуды орындау мүмкiн болмайтын себептер бойынша әуеайлаққа немесе әуеайлақтан тыс жерге қону;
      80) метеорологиялық ақпарат – әуе кеңiстiгiнiң пайдаланушыларына арналған нақты немесе күтiлетiн метеорологиялық жағдайларға қатысты метеорологиялық мәлiмет, талдау, болжам және басқа да кез келген хабарлама;
      81) нақты кедергi – жергiлiктi жердiң кез келген табиғи элементi немесе жергiлiктi жерге жалғасып жатқан және оны қоршап тұрған элементтерден едәуiр жоғары тұрған, әуе кемелерiнiң нақты схема бойынша ұшулары кезiнде олардың ұшу қауiпсiздiгiне қауiп келтiруi мүмкiн тұрақты және уақытша салынған жасанды нысан;
      82) негiзгi нүкте – ӘҚҚ бағытын, әуе кемесiнiң ұшу траекториясын анықтау үшiн және навигация мен ӘҚҚ-ның басқа да мақсаттары үшiн пайдаланылатын, белгiленген географиялық орын;
      83) өтпелi қабат - өту биiктiгi мен өту эшелоны арасындағы әуе кеңiстiгi. Өтпелi қабатта әуе кемесiнiң көлденең режимде ұшуына тыйым салынады;
      84) өту эшелоны - барометрлiк биiктiк өлшегiштiң қысым шәкiлiн 760 мм.сын.бағ. (1013,25 мбар/гПа) қысымынан әуеайлақ қысымына немесе теңiз деңгейiне келтiрiлген ең аз қысымға ауыстыру үшiн белгiленген эшелон;
      85) сапаны қамтамасыз ету - сапаға қойылатын талаптардың орындалуына бағытталған сапа менеджментi бөлiгi (ИСО 9000*);
      86) соқтығысуды ескертудiң борттық жүйесi (бұдан әрi - СЕБЖ) – жерүстi жабдығынан тәуелсiз жұмыс жасайтын және пилотқа (ұшқышқа) қосарлы шолу радиолокаторының қабылдау жауап бергiштерiмен (бұдан әрi - ҚШРҚ) жабдықталған әуе кемелерi туындатуы мүмкiн шиеленiстi жағдай туралы ақпаратты беретiн ҚШРҚ белгiлерiн пайдалануға негiзделген борттық жүйе;
      87) сынап көру – тексеру, зерттеу, сынап көруге негiзделген мақұлдау, бекiту;
      88) таулы жер – 25 км радиусте бедерлi қималары мен салыстырмалы түрде 500 м және одан да астам қырқасы бар жер, сондай-ақ теңiз деңгейiнен 2000 м және одан да астам биiктiктегi жер;
      89) тiкұшақ – ауадан ауыр, ұшу кезiнде негiзiнен шамамен тiк қалыпта болатын осьтердiң айналасындағы күш қондырғысы арқылы айналатын бiр немесе бiрнеше тiрек бұрандамен ауа реакциясының есебiнен қалықтайтын әуе кемесi;
      90) тiкұшақ айлағы – әуеайлақ немесе құрылыстың үстiңгi бетiнiң тiкұшақтардың келуiне, жөнелтiлуiне немесе осы үстiңгi бетi арқылы қозғалуына толықтай немесе iшiнара арналған белгiлi бiр учаскесi;
      91) тiгiнен көру мүмкiндiгi - жоғарыдан тiк төмен жер үстiндегi объектi көрiнетiн деңгейге дейiнгi жер бетiнен ең аз арақашықтық
      92) таулы жер - 25 км радиусте бедерлi қималары мен салыстырмалы түрде 500 м және одан да астам қырқасы бар жер, сондай-ақ теңiз деңгейiнен 1000 м және одан да астам биiктiктегi жер;
      93) төбелi жер – 25 км радиусте жер бедерi салыстырмалы түрде 200-ден 500 метрге дейiн жоғары жер;
      94) төмендеудiң ең аз биiктiгi – қонуға дәл кiрмеу немесе шеңбер жасап қонуға кiру үшiн белгiленген, бағдарлар көрiнбесе одан төмен төмендеуге болмайтын салыстырмалы (абсолюттiк) биiктiк;
      95) төмен көрiну кезiндегi рәсiмдер (Low Visibility Procedures (бұдан әрi – LVP) – ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы) - әуеайлақтарда II және III санаттар бойынша қонуға кiрудi және төмен көрiну кезiнде ұшып көтерiлудi орындаған кезде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын рәсiмдер;
      96) «Тоқтап қалу кезiндегi актив» (Fail-Operational flight control system) ӘК басқару жүйесi. Егер оның бас тартуында шешiм қабылдау биiктiгiнен төмен жағдайда, жүйе "тоқтап қалу кезiндегi автив" болып табылады және қонуға бет алу, теңесу және жерге қону автоматты режимде орындалуы мүмкiн. Автоматты қону жүйесi тоқтап қалған кезде жүйе "тоқтап қалу кезiндегi актив" сияқты жұмыс iстейдi;
      97) тiк эшелондаудың қысқартылған минимумы (Reduce Vertical Separation Minimum (ағылшын тiлiндегi қысқартылған аббревиатурасы – RVSM (бұдан әрi - RVSM)) – RVSM қолдана отырып, ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерiн эшелондау үшiн 8850 м (FL 290) және 1250 м (FL 410) эшелондар аралығындағы ауқымда қолданылатын тiк эшелондау аралығы;
      98) Тiгiнен дәлдеу үшiн қонуға бет алу схемасы (APV) - жанама және тiк дәлдеудi пайдалана отырып, бiрақ қонуға дәл бет алу және қонудың белгiленген талаптарына жауап бермейтiн аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасы;
      99) тiгiнен эшелондау – әуе кемелерiнiң белгiленген аралықтардағы биiктiк бойынша бытырауы;
      100) ұшқышсыз, басқарылмайтын аэростат

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет