Бөлімі: ҚМТҚ. Тақырыбы: «Таңертең. Үлкен кіші. Бір көп». Мақсаты



жүктеу 78.79 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі78.79 Kb.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: таным..

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Таңертең. Үлкен - кіші. Бір - көп».

Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен - кіші) және са­нына қарай (бір - көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ойыншық кірпі -1 дана, шымылдық, әр балаға жай қарындаштан, жұмыс дәптері, бір зат бейнеленген суреттер: үстел, күн, ай, орындық және көп заттар: орындықтар, қасықтар, кітаптар, дәптерлер, таңертеңгілік мезгіл бейнеленген сурет.

Сөздік жұмыс: таңертен, үлкен, кіші.

Билингвальды компонент: таңертең - утро, үлкен - большой, кішкентай - маленький.

Оқу іс-әрекетінің кезендері

Педагогтін іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қызығушылық


Ғажайып сәт.

- Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік мезгілдері (бөліктері) туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұбақ жасырайын, жауабын тапсандар келген конактын не екенін білесіндер.



Жұмбақ

Тиіскенді түйреген, Киімі бар инеден. (Кірпі.)

- Балалар, жұмбақ не туралы?

Осы кезде шымылдықтын артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады. Кірпі балаларға бір тәулікте төрт

мезгіл болатынын, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталатынын айтады.

- Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме?

- Таңертең үлкендер жұмыска, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ окиды. Кешке бәрі демалады, ал түнде ұйыктайды.

Совет Әлімқүловтың тақпагын тындандар.

Кірпі шымылдықтың артында тұрып

тақпақты оқиды.



Таң

Таң шапағы алаулап,

Дала нұрға боялды.

Мүлгіген бақ манаурап,

Ұйкысынан оянды.

Жүзін желдің өтіне

Тосты гүлдер желбіреп.

Жапырактар бетіне

Мөп-мөлдір шық қонды кеп.


Қызығушылық танытады.

Тыңдайды және жұмбақтың шешуін айтады.

- Кірпі туралы.

Кірпінің айтканын балалар мұкият тыңдайды.

- Иә, білгіміз келеді.

Балалар педагогтін айтканын мұкият тыңдайды.

Тақпақты тыңдайды.


Ұйымдастырушылық -ізденіс

Ұйымдастырушылық -ізденіс

«Бұл қай кезде болады?» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі оқу іс-әрекеттерін орындау.

(1-оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма.)

Педагог балаларға бірнеше сұрақтар қояды:

- Балалар, тақпақта тәуліктің қай мезгілі (бөлігі)


Жұмыс дәптерлерін алады.

- Таңертең (таң) туралы.

- Ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз, жаттығу жасаймыз,





туралы айтылган?

- Біз таңертең не істейміз?

Кірпі таңертең тамақтанғаннан кейін балалар балабақшага баратынын, окушылар мектепке, ал үлкендер жұмыска баратындарын айтады.

- Бала не істеп жатыр?



«Үлкен және кішкеншай» ойыны.

(2-оку іс-әрекеті, 2-тапсырма.) Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады.

- Суреттен нені көріп тұрсындар?

- Кірпілер бірдей ме?

- Олар кандай екен?

Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғанын айтады: үлкен кесе үлкен кірпіге, ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған.

Содан соң кірпі балаларға тапсырма береді: үлкен кірпіден үлкен кесеге қарай, кішкентай кірпіден кішкентай кесеге қарай жол салыңдар.

- Үлкен кірпі кай кеседен сүт ішеді?

- Кішкентай кірпі кай кеседен сүт ішеді?

Сөздік жумыс: таңертең (таң), үлкен, кішкентай.

Билингвальді компонент: таңертең (таң) - утро, үлкен - большой, кішкентай - маленький.

Сергіту . Жаттығу жасаймыз! Бір деп - тік тұрамыз. Екі деп - екі рет айналамыз. Үш деп - үш рет секіріп. Төрт дегенде - отырамыз!

«Бір және көп» ойыны.

(3-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.) Кірпілер тек сүтті ғана емес, алманы да қатты жаксы көретінін айтады.

- Балалар, кірпі қыска азык жинап алмақшы екен.


жуынамыз, таңғы асымызды ішеміз. Кірпінің айтканын тыңдайды.

- Бала оянып, жуынып, жаттығу жасап, таңғы асын ішіп отыр.

Балалар сұрактарға жауап береді:

- Кірпілерді көріп тұрмыз. -Әртүрлі.

- Үлкен және кішкентай.

Балалар берілген

тапсырманы

орындайды.

- Үлкен кеседен ішеді.

- Кішкентай кеседен ішеді.

Қайталайды: таңертең, үлкен, кішкентай. Қайталайды: таңертең - утро, үлкен - большой, кішкентай -маленький.

Балалар жаттығу жасайды. Бойларын тіктеп тұрады.

2 рет айналады.

3 рет секіреді. Отырады.

Балалар мұқият тыңдайды.


Ұйымдастырушылық -ізденіс

Кірпіге көп алма кайда, бір алма кай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші. Кірпі мынадай сұрақтар қояды:

- Ағашта неше алма бар?

- Жерде неше алма жатыр?

- Қай жердегі алма көп?

Кірпі ағаштағы өсіп тұрған бір алманы

қоршап сызуларын тапсырады.

Жеке көмек көрсетеді.

Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары

үшін балаларға ракмет айтып,

қоштасады.

Тәрбиеші балалардан: «Топтағы заттардың қайсысы көп, кайсысы бір-бірден»,- деп сұрайды.

Түскі ас кезінде тәрбиеші балаларға сорпаны үлкен қасықпен, ал компоттың ішіндегі жемістерді кішкентай қасықпен жеу керектігін түсіндіреді. Текшелермен, пирамидалармен, матрешкалармен ойнаған кезде балалардың назарын олардың көлеміне аударып отырады.



Балалар жауап береді:

- Бір алма бар.

- Көп алма жатыр.

- Жердегі алма көп.

Кірпімен қоштасады.

Үлкен орындық біреу, ал кішкентай орындыктар көп, аквариум біреу, ал гүл көп, сағат біреу, а л ойыншықтар көп, үлкен үстел біреу, ал кішкентай үстелдер көп. Тәрбиешінің айтканын мұқият тыңдайды.



Рефлексиялық түзетушілік

«Картинаны тап» ойыны.

Балалар бір заттан тұрған картинаны тауып атайды.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: заттардың көлемі мен санын, тәулік мезгілін - таңды атайды;

түсінеді: заттардың көлемі бойынша (үлкен - кішкентай) және саны бойынша (біреу-көп) болатынын;

қолданады: қарындашпен жұмыс істеуді, көлеміне қарай заттарды сызық арқылы қосуды.
Каталог: uploads -> doc -> 0df8
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0df8 -> Башҡортостан республикаһы Федоровка районы Динес муниципаль


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет