Бос лауазымдарєа орналасу бойынша конкурс туралы хабарландыру



жүктеу 43.63 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі43.63 Kb.
түріКонкурс

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігі Ішкі Істер Департаменті аумақтық ішкі істер органдарында қатардағы және басшы құрам лауазымдарының бос орындарын толықтыру мақсатында конкурс жариялайды.

05.03.2015 жылы «Спутник» газетінде хабарландыру жарияланды.

Құжаттар хабарландыруда көрсетілген аймақтық ішкі істер органдарының мекенжайлары бойынша қабылданады.

Лауазымдық жалақылары (теңге)


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

минималды

максималды

C-SVR-8

91289

111499


- Шет ауданының Ішкі істер бөлімі - 1 бірлік, 101700, Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы кенті, Шортанбай жырау көшесі, 16, анықтамалар үшін телефон: (71031) 2-12-38.
Анықтау бөлімшесінің анықтаушысы (C-SVR-8, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: тиісті заңдарды және заңға тәуелді актілерді білу, процессуалдық құжаттарды сауатты толтыру, Қылмыстық іс-жүргізу кодексінде көзделген барлық әрекеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары заңгерлік; жасы 35-тен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен немесе Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырған ер адамдар, әйелдердің бойы 160 см., ер адамдардың бойы 170 см. кем болмауы қажет.

- Бұқар жырау ауданының Ішкі істер бөлімі (Тельман полиция бөлімі- 1 бірлік), 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 44, анықтамалар үшін телефон: (72154) 21-1-67, 21-2-41,
Тергеу бөлімшесінің тергеушісіне (C-SVR-8, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: тиісті заңдарды және заңға тәуелді актілерді білу, процессуалдық құжаттарды (тергеу әрекеттерін жүргізу туралы хаттамалар шешімдерін) сауатты және уақытында жасау, өтініш немесе хабарламалар бойынша заңды процессуалдық шешім қабылдау. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған барлық тергеу амалдарын орындау және алдын - ала тергеуді жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары заңгерлік; жасы отыз бестен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырған ер адамдар, әйелдердің бойы 160 см., ер адамдардың бойы 170 см. кем болмауы қажет.
- Приозерск қаласының Ішкі істер бөлімі – 1 бірлік, 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі 6, анықтама үшін телефон: (71039) 5-31-66,
Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіліне (C-SVR-8, 1 бірлік).

Функциялық міндеттері: ІІБ жедел-іздестіру қызметінің тәсілдері мен әдістерін дұрыс қолдана білу, жедел жағдайды зерделеп, талдап және баға бере алу. Қызмет желісі бойынша қылмыстарды ашу, жедел-іздестіру іс-шараларды және тергеу әрекеттерін уақтылы өткізу және іске асыру. Ашылмаған қылмыстар бойынша есепке алу - тіркеу тәртібін зерделеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары заңгерлік; жасы отыз бестен аспаған, мерзімді әскери қызметтен өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырған ер адамдардың бойы 170 см. кем болмауы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті органнан белгілеген нысанды өтініш, кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекенжайы мен телефондары, оның ішінде байланыс телефондары көрсетілуі тиіс), нысан бойынша жақын туысқандарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаян білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері, еңбек кітапшасының нотариалдық куәландырылған көшірмесі, нотариалды куәландырылған әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшiрмесiн (қолда бар болса), күні көрсетілген, мөрмен расталған, үміткер соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездеме, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, 3х4 үлгідегі төрт фотосурет, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; соттылығы жоқ туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен анықтама бұқаралық ақпарат құралдарына конкурс өткізу туралы аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжайы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына қоса берілген құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін папкаға салынған құжаттар қабылданады. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
C-SVR-8, санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:

1. үміткерлерді медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу


2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының ІІО қызметкерлерінің ар-намыс кодексі», «Ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған тестілер бағдарламасын қамтиды.

(«Қазақстан Республикасының ІІО қызметкерлерінің ар-намыс кодексі» Қарағанды облысының ІІД сайтында жарияланған).


3. медициналық – жас топтарына байланысты денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру:

- ерлер үшін – салмада тартылу (тартылу саны), 100 метрге жүгіру (сек.), 3000 метрге (мин., сек.) жүгіру,

- әйелдер үшін – 60/100 метрге жүгіру (сек.), 1000 метрге (мин.сек.) жүгіру, күш жаттығулар кешені (1 мин. орындау саны).
4. Әңгімелесу.

Қарағанды облысының ІІД

КЖБ бастығы

полиция полковнигі Е.М.Уахитов

орынд. Батталова Г.М.



тел.: 42-94-53

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет