Бос орын саны туралы мәлiмет



жүктеу 95.93 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі95.93 Kb.

Бос орын саны туралы мәлiмет




Лауазымы

Функционалдық міндеттері

Қай уақыттан бері бос

Жабылғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

1

Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты

Бөлімнің қызметін басқару.
Облыстың босануға жәрдемдесу және балалар медицина ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін, сондай-ақ ғылыми жетістіктерді, жоғары технологияларды және әдістемелік материалдарды енгізудің республикалық және облыстық жоспарларына сәйкес жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын тәжірибеге енгізуді үйлестіру.
Дәрілік және иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, иммунологиялық алдын алу жүргізуді бақылау.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық әкімдікке және басқа ұйымдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша есептік мәліметтер құру.
Балалар мен жүкті әйелдерге және гинекологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі — ЖММК) көрсету жөніндегі өңірлік комиссия жұмысына қатысу.
Әйелдер мен балаларды емделуге жатқызу бюросы Порталының жұмысын бақылау және ұйымдастыру.
Балалар мен жүкті әйелдерді және гинекологиялық науқастарды республикалық және шетелдік клиникаларға емделуге жіберу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Алдын ала қаралулар ұйымдастыру, диспансерлік топтарды бақылау, балалар мен әйелдердің оңалуына мониторинг жүргізу.
Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету және қызметін тексеру, нәрестелер мен балалар аурушаңдығының, балалар мен аналар өлім-жітімінің көрсеткіштерінің статистикалық есептерін медициналық көмек көрсетумен және сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар ұсынумен талдау.
Гендерлік саясаттың іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз ету.
Кәмелет жасқа толмағандар істері және бала құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Бейін бойынша штаттан тыс мамандардың жұмысын үйлестіру.
Ана мен бала өлім-жітімін азайту және болдырмау бойынша шаралар қабылдау жөніндегі облыстық штабты дайындау және өткізу.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқаларына, ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесіне материалдар дайындау.
Халықтан медициналық көмек сапасына шағымдар түсуінің себептерін талдау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау.
Азаматтардың босануға жәрдемдесетін және балалар ұйымдарында медициналық көмек көрсету жөніндегі шағымдарына талдау жүргізу.

2015 жылғы 03 жетоқсаннан бастап

 

Кадрлық мәселелер бойынша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 150000, Петропавл қаласы, Театральная көшесi 56А, 22 каб., тел. 8 (7152) 46-93-14, байланысушы тұлға — Сарманова Гүлмира Сатторбекқызы

E-mail: zdrav@sko.kz

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар: 2014 жылы 18 қараша: жоспарлау бөлiмiнiң басшысы (Д-О-2 санаты).

Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бос қызметтерге қызметшiлер алу жөнiндегi конкурстық комиссиясының соңғы отырысының 2014 ж. 18.11. № 4 хаттамасының негiзiнде конкурстық комиссия мынаны ШЕШТI:

-  Т.А.Рахымжанов — бiлiм деңгейi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманының (Д-О-4 санаты) бос лауазымына сәйкес келедi деп танылсын;

- Ж.А.Асқарова — әңгiмелесуге келген жоқ.

Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлiмiнiң бас маманы, жоспарлау бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысында болуы кезеңiне), әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маманы бос лауазымдарына конкурс өткiзiлген жоқ деп танылсын.



Конкурстық комиссияның 2014 жылғы 17 қарашадағы отырысының шешiмiнiң негiзiнде Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшiн мына қатысушылар жiберiлдi:

медициналық көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк):

- Рахымжанов Танат Абжатұлы.

медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк):

- үмiткерлер жоқ.

жоспарлау бөлiмнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысы кезеңiне) (1 бiрлiк):

- үмiткерлер жоқ.

әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмнiң бас маманы (1 бiрлiк):

- Асқарова Жанаргүл Аманжолқызы.

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 25 қыркүйек:


медициналық көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маман (Д-О-4 санаты); медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлiмiнiң бас маман (Д-О-4 санаты).

Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бос қызметтерге қызметшiлер алу жөнiндегi конкурстық комиссиясының соңғы отырысының 2014ж. 22.09. № 4 хаттамасының негiзiнде конкурстық комиссия мынаны ШЕШТI:


- Л.А.Крец — бiлiм деңгейi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлiмiнiң бас маманының (Д-О-4 санаты) бос лауазымына сәйкес келедi деп танылсын;

- Ш.М.Кудренова — бiлiм деңгейi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманының (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысында болуы кезеңiне) (Д-О-4 санаты) бос лауазымына сәйкес келедi деп танылсын;

- Г.Б.Джакеева — бiлiм деңгейi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық–санитарлық алғашқы көмек бөлiмiнiң бас маманының (Д-О-4 санаты) бос лауазымына сәйкес келедi деп танылсын;

- Д.С.Ысқақов — бiлiм деңгейi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маманының (негiзгi қызметкердiң оқу демалысында болу кезеңiне) (Д-О-4 санаты) бос лауазымына сәйкес келедi деп танылсын;

- А.Ж.Тұяқбаев — бiлiм деңгейi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттiк құпияларды қорғау бөлiмшесiнiң бас маманының (Д-О-4 санаты) бос лауазымына сәйкес келедi деп танылсын;

- Ә.М.Қарабатырова — бiлiм деңгейi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маманының (Д-О-4 санаты) бос лауазымына сәйкес келедi деп танылсын;

- Р.Ж.Қабдунасова — бiлiм деңгейi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлiк есеп және қаржыландыру бөлiмiнiң бас маманының (Д-О-4 санаты) бос лауазымына сәйкес келедi деп танылсын;

- Л.М.Мұхамеджанова — әңгiмелесуге келген жоқ.

- А.Е.Сатанова, Т.А.Рахымжанова, Д.Г.Исумгалиева бiлiм деңгейлерi бойынша сәйкес келмейдi деп танылды.

Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және күрделi жөндеу бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысы кезеңiне), жоспарлау бөлiмiнiң бас маманы, денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономикалық мәселелер жөнiндегi орынбасарының бос лауазымдарына конкурс өткiзiлген жоқ деп танылсын.



Конкурстық комиссияның 2014 жылғы 19 қыркүйектегi отырысының шешiмiнiң негiзiнде Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшiн мына қатысушылар жiберiлдi:

материалдық-техникалық қамтамасыз ету және күрделi жөндеу бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк):



  • үмiткерлер жоқ.

ана мен бала денсаулығын сақтау бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк):

  • Крец Лилия Александровна.

медициналық көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысы кезеңiне) (1 бiрлiк):

  • Кудренова Шәмшия Мұхитқызы.

медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк):

  • Джакеева Гүлiда Бекболсынқызы.

әкiмшiлiк бөлiмнiң бас маманы (бағдарламашы) (негiзгi қызметкердiң оқу демаласында болу кезеңiне)(1 бiрлiк):

  • Ысқақов Дулат Сайлаубекұлы.

жоспарлау бөлiмнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысы кезеңiне) (1 бiрлiк):

  • үмiткерлер жоқ.

мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмнiң бас маманы (1 бiрлiк):

  • Сатанов Аманкелдi Есмағзаұлы;

  • Рахымжанов Танат Абжатұлы;

  • Исумғалиева Диана Ғабиденқызы;

  • Қарабатырова Әйгерим Мұратқызы;

  • Тұяқбаев Аслан Жеңiсұлы.

әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмнiң бас маманы (1 бiрлiк):

  • Қарабатырова Әйгерим Мұратқызы;

  • Тұяқбаев Аслан Жеңiсұлы.

бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржыландыру бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк):

  • Қабдунасова Роза Жинасбайқызы.

Басшының экономикалық мәселелер жөнiндегi орынбасары (1 бiрлiк):

  • Мұхамеджанова Ләйлә Мағзұмқызы.

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 06 тамыз: 


медицина ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз ету және күрделi жөндеу бөлiмiнiң бас маман (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысында болуы кезеңiне) (Д-О-4 санаты).

Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бос қызметтерге қызметшiлер алу жөнiндегi конкурстық комиссияның соңғы отырысының 2014 ж. 14.07. № 4 хаттамасының негiзiнде ШЕШIЛДI:

- Қ.Б.Керейбаева — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және күрделi жөндеу бөлiмiнiң басшысы лауазымының бос орнынан орналасу үшiн бiлiм деңгейi бойынша сәйкес келмейдi деп танылсын;

- А.С.Тюлюпенова — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысында болуы кезеңiне) лауазымының бос орнынан орналасу үшiн бiлiм деңгейi бойынша сәйкес келмейдi деп танылсын;

-  А.С.Тюлюпенова — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық–санитарлық алғашқы көмек бөлiмiнiң бас маманы лауазымының бос орнынан орналасу үшiн бiлiм деңгейi бойынша сәйкес келмейдi деп танылсын;

- К.Т.Таласбаева — келмедi.

Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және күрделi жөндеу бөлiмiнiң басшысы, ана мен бала денсаулығын сақтау бөлiмiнiң бас маманы, медициналық көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысында болуы кезеңiне), әкiмшiлiк бөлiмнiң бас маманы (бағдарламашы) (негiзгi қызметкердiң оқу демалысында болу кезеңiне), жоспарлау бөлiмiнiң бас маманы, медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлiмiнiң бас маманы лауазымдарына конкурс өткiзiлген жоқ деп танылсын.



Конкурстық комиссияның 2014 жылғы 08 шiлдедегi отырысының шешiмiнiң негiзiнде Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшiн мына қатысушылар жiберiлдi:

материалдық-техникалық қамтамасыз ету және күрделi жөндеу бөлiмiнiң басшысы (1 бiрлiк):

- Керейбаева Қалида Балтақызы.

ана мен бала денсаулығын сақтау бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк):

- Таласбаева Күлпаш Темiрболатқызы.

медициналық көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысы кезеңiне) (1 бiрлiк):

- Алпысова Салима Тюлюпенқызы.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлiмiнiң бас маманы (1 бiрлiк):

- Алпысова Салима Тюлюпенқызы.

Әкiмшiлiк бөлiмнiң бас маманы (бағдарламашы) (негiзгi қызметкердiң оқу демаласында болу кезеңiне)(1 бiрлiк):

- үмiткерлер жоқ.

Жоспарлау бөлiмнiң бас маманы(1 бiрлiк):

- үмiткерлер жоқ. 

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 07 мамыр: 


жоспарлау бөлiмiнiң бас маман (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысында болуы кезеңiне) (Д-О-4 санаты).

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 05 мамыр: 


жоспарлау бөлiмiнiң бас маман (Д-О-4 санаты).

Медициналық ұйымдарда күрделi жөндеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi басшысының бос жұмыс орны, DO-3 санаты — 1 бiрлiк;

Медициналық көмектi ұйымдастыру бөлiмi бас маманының бос жұмыс орны, DO-4 санаты — 1 бiрлiк;

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек бөлiмi бас маманының бос жұмыс орны, DO-4 санаты — 1 бiрлiк;

Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмi бас маманының бос жұмыс орны, DO-4 санаты — 1 бiрлiк.

Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бос қызметтерге қызметшiлер алу жөнiндегi конкурстық комиссияның соңғы отырысының 2014 ж. 29.04. № 4 хаттамасының негiзiнде ШЕШIЛДI:

- Дүйсенова Әсия Сағандыққызы — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы лауазымына ұсынылсын;

- Мұсылманбеков Боранбай Қапенұлы — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету және күрделi жөндеу бөлiмiнiң бас маманы лауазымына ұсынылсын;

- Семодоцких Юлия Борисовна — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының әкiмшiлiк бөлiмiнiң бас маманы (бағдарламашы) лауазымына ұсынылсын;

- Әйкенова Әсемгүл Мұхамеджанқызы — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлiк есеп және қаржыландыру бөлiмiнiң бас маманы лауазымына ұсынылсын;

- А.О.Шибитова — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының әкiмшiлiк бөлiмiнiң бас маманы (бағдарламашы) лауазымының бос орнынан орналасу үшiн бiлiм деңгейi бойынша сәйкес келмейдi деп танылсын;

- Г.У.Плясунова — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлiк есеп және қаржыландыру бөлiмiнiң бас маманы лауазымының бос орнынан орналасу үшiн бiлiм деңгейi бойынша сәйкес келмейдi деп танылсын;

- Б.Қ.Мұсылманбеков — Плясунова — Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлiк есеп және қаржыландыру бөлiмiнiң бас маманы лауазымының бос орнынан орналасу үшiн бiлiм деңгейi бойынша сәйкес келмейдi деп танылсын;

- Құдабаева Алма Жолаушықызы — келмейдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлiмiнiң бас маманының лауазымына конкурс өткiзiлген жоқ деп танылсын.


«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 07 сәуiр: 


медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлiмiнiң бас маман (Д-О-4 санаты).

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 05 сәуiр: 


медициналық көмек ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маман (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысында болуы кезеңiне) (Д-О-4 санаты).

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 04 сәуiр:


медицина ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз ету және күрделi жөндеу бөлiмiнiң басшысы (Д-О-3 санаты).

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 01 сәуiр: 


бухгалтерлiк есеп және қаржыландыру бөлiмiнiң бас маман (Д-О-4 санаты); әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маман (Д-О-4 санаты).

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 27 наурыз:


мемлекеттiк құпияларды қорғау бөлiмшесiнiң бас маман (Д-О-4 санаты).

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 01 ақпан: 


бухгалтерлiк есеп және қаржыландыру бөлiмiнiң бас маман (Д-О-4 санаты).

«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нiң бос лауазымдар 2014 жылы 01 қаңтар:


басқарма басшысы (Д-О-1 санаты), басқарма басшысының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары (Д-О-2 санаты).

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет