Босанудыѕ физиологиясы



жүктеу 105.34 Kb.
Дата30.03.2018
өлшемі105.34 Kb.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ДӘРІС
Тақырыбы: «Босану әрекетінің ауытқулары. Нәрестенің жамбасымен келуі»


Пәні: Акушерия және гинекология

Мамандығы: 0301000 емдеу ісі

Курс: 4

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат

Құрастырған: Абдукасымова Э,А.

Шымкент, 2013


Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді

«___» ____ 2013 ж №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доц. м.а. ________________ Р.Т.Тлеужан

1. Тақырыбы: Босану әрекетінің ауытқулары. Нәрестенің жамбасымен келуі

2. Мақсаты: оқушыларды босану әрекетінің ауытқуларындағы, жамбасымен келудегегі босану ағымының ерекшеліктерімен, босанудағы мамандандырылған көмекпен таныстыру.

3. Дәріс тезистері

Дәріс жоспары:

1. Босану әрекетінің ауытқулары.

2. Ұрықтың жамбасымен келуі

Нересте жамбаспен жаткан кезде босану барысы көбінесе нәресте асфиксиясымен, жаракаттануымен, шетінеумен аскынады. Кейде босану калыпты жағдайда өтуі мумкін. Көп жағдайда кесар ттілігін және қолмен көмектесу –Цовьянов әдістерінш қолданады. Сондьқтан нәрестенің жамбаспен туылуын калыпты және патологиялық, босану аралығындаы шекара деп есептейді.

Жуктілер арасында нәрестенің жамбаспен жату жиілігі 2 %-3,5 %, кейбір авторлардың мәліметі бойынша 2,7 %-5,4 % аралығында.



Жіктелуі:

1. Бексемен (бугілген);

2. Аякпен (жазылған).

Нәрестенің жамбаспен жатуыныңщ екі турі бар: жартылай турі (тек бексемен жатады); толык, ттрі (нәрестенің бексесі аяктарымен бірге жатады).

1. Жартылай турінде - жамбас куысының кіреберіс жазықтығында нәрестенің тек бексесі орналасады, екі аяғы тұла бойында созылып жатады.

2. Толық, труінде - жамбастың кіреберіс жазьқтығында, нәрестенің бөксесі аяқтармен бірге орнығаы.

Нәресте аяқпен жатқанда жамбас қуысында нәрестенің аяқтары анықталады. Бұның екі түрін ажыратады (толық және жартылай):

1). Толық түрінде жамбас қуысында нәрестенің екі аяғы да жамбас сан тізе бүындарында сәл жазылып жатады;

2). Жартылай түрінде жамбас к,уысында нәрестенің тек бір аяғы жамбас сан тізе бүындарында бүгіліп, екінші аяғы тұла бойында созылып жатады (1-сурет).

Нәрестенің жамбаспен орнығуының себептерін органикалык және функционалдык деп екіге беледі

1. Органикалық, себептерг.

Жамбас елшемдерінің тарылуы және оның ауытқуы;

жатырдың ақаулары; қағанақ суының көптігі; ұрык қимылының артуы; жатырдың төменгі сегментіндегі миоматозды түйіншіктері; егіз жүктілік;

2. Функционалдық себептері: ретсіз толғақ.

Диагнозі. Нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау үшін сыртқы, ішкі акушерия зерттеулерінің тәсілдеріне сүйенеді.

Бұл жағдайда жатыр деңгейі жоғары түрады, себебі нәрестенің жамбасы басына қарағанда көлемді, осыған байланысты жамбас қуысының кіреберісіне біте орнықпайды.



Сыртқы зерттеу кезінде Леопольд тәсілдерін қолданады, жамбастың кіреберіс жазықтығына жақын, нәрестенің көлемді, жұмсақ, шамалы қозғалмалы бөлігі анықталады. Нәрестенін жүрек соғуы кіндік деңгейінде немесе одан сәл жоғарыда естіледі.

Қынаптық зерттеу кезінде: бөксеаралық сызығы (Ііпеа іпіегітосһапіегіса) жамбас қуысының бір қиғаш өлшемдеріне сәйкес келеді, сегізкөз, құйымшақ сүйектерін анықтауға болады. Егер боксе аяқпен аралас жатса, оның қасында жатқан өкшені де анықтайды. Нәресте бөксемен орналасқанда, көбінесе оны бетпен шатастырады, сондықтан сегізкөз, құйымшақ және өкшені табу қажет; нөресте бетпен жатқан жағдайда қас жиегін, мұрын түбін анықтайды. Нәрестенін жамбаспен жатуын анықтағанда - қосымша ультрадыбыс. амниоскопия зерттеулерін қолданады.

УДЗ-де ұрықтың жамбаспен жатуын анықтаумен бірге. оның жынысын, салмағын, басының бағытын (бүгілгенін. шалқайғанын), шіацентаның орнын, қағанақ суының көлемін және ұрықтың ауытқуларын анықтауға болады.



Жүктілік және босанудың ағымы

Нәресте жатырда жамбаспен жатқанда жүктілік пен босану ағымындағы асқынуларды ескере отырып, көптегеи акушерлер нәрестенің жату қалпын өзгертуді ұсынған (профилактикалық сыртқы акушерлік бұру операциясы арқылы). Бірак бұл операцияда көптеген асқынулар болыг - жүктіліктің мезгілсіз үзілуі, қалыпты орналасқан плацентаньщ мезгілсіз бөлінуі т.б.; операция нәтижесіз болды

Көптеген авторлар Грищенко және Шулешова, Дикань түрлі гимнастикалар көмегімен жатырда нәрестенің жату қалпын өзгертуді ұсынды (35 апталық жүктіліктен бастап)

Диканьннің гимнастикасы бойынша: жүкті әйел қатты төсекте, кезекпен оң және сол бүйіріне 10 минуттан жатады (бір сағат бойы). Гимнастиканы күніне 3 рет тамақ алдында жасайды. Бір апта аралығында нәрестенің жату қалпы өзгеру мүмкін (жамбастың орнына нәресте басы орнығады).



Босану ерекшеліктері

Босанудың I кезеңінде - қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың өлсіздігі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады.

Жатырдың төменгі бөлігі нәресте жамбасьш толық қысып ұстай алмағандықтан, қағанақ суы алдыға ұмтылып, қысым артып қағанақ қуығының тез жарылуына өсер етеді. Қағанақ суының ерте кетуі (жатыр мойны түгел ашылмай тұрып), кіндік баудың, кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсуі, босанудың асқынуына және нәресте гипоксиясына душар етеді. Сондықтан қағанақ суын бірінші кезенде сақтаудың маңызы зор; ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жақка қырынан жатқызып, дәрет кезінде төсектен түрғызбай дәрет ыдысына отырғызады. I кезеңде нөрестенің жүрек соғуына және толғақ сипатына көңіл бөлу керек. Нәресте гипоксиясының алдын алу үшін: оттегін, 40 % - 20,0 мл глюкозаны + 1,0 мл сигетинді үш сағат сайын және 1,0 мл АТФ, 100 мл кокарбоксилазаны, 0,01 гр метионинді, 0,02 гр фолий қышқылын, 400 мл реополиглюкинді қолданады.

Босанудың екінші кезеңін үқыпты жүргізу қажет. Әрбір толғақтан кейін (1-2 минуттан соң) нәрестенің жүрек соғуын және толғақтың қарқынын қадағалайды. Екінші кезеңнің басында толғақтың әлсізденуінің алдын алу үшін, окситоцин сұйықтығын венаға тамшылаып қүяды (8-40 тамшыға дейін, тамшы жиілігін толғақтың қаркынына қарай қадағалайды). Нәресте бөксесі жыныс ернеуінен туылған кезде оның басы жамбас қуысына түседі, жатыр мойын өзегі тарыльш, нәресте басын қыспау үшін 2 % - 2,0 мл но-шпа неесе 2 % - 4 мл папаверин, 1 мл атропин сүйықтығын бұлшық етке енгізеді.

Нәресте бөксесімен туылғанда босану жолдарының, нәрестенің жарақаттануы жиі кездеседі.

Биомеханизм ерекшеліктері

Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизмін бес кезеңге бөледі.



1. Бірінші кезең - жамбастың кіреберіс жазықтығына нәресте бөксесі, бөксеаралық сызығымен (linea intertrochanterica) сол не оң қиғаш өлшеміне сөйкес орнығады. Алдыңғы түрінде нәресте арқасы алға (шатқа) қарай; артқы түрінде артқа (сегізкөзге) және жатыр қабырғасының оң немесе сол жағына сол қиғаш өлшемінде, ал II позицияда - оң қиғаш өлшемінде өтеді. Осы қиғаш өлшемде нәресте бөксесімен жамбас қуысына жылжиды, алдыңғы жағына (қасағаға) бағытталған нәресте бөксесі - жетекші нүкте артқа (сегізкөзге) бағытгалған бөксемен салыстырғанда төмен орныққан.

2. Екінші кезең - нәресте бөксесі ішкі бұрылыс жасап, бір.тіндеп жылжып, жамбас қуысының түбіне түседі, бөксеаралық сызық жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Нәрестенің алдыңғы бөксесі қасағаға, артқы бөксесі сегізкөзге тіреледі.

3. Үшінші кезең - бірінші нәрестенің қасағаға бағытгалған бөксесі туылады, оньщ мықьш сүйегі кдсаға доғасьша тіреліп, бекіту нүктесін қүрайды. Осы бекіту нүктесінің аймағында, нәресте түлғасымен бір бүйіріне қарай қатты бүгіледі (жамбастың өткізгіш бағытына сәйкес). Нәресте түлғасы бүгілген кезде, артқа (сегізкөзге) бағытгалған нәресте бөксесі туылып, содан кейін оның жамбасы түгел туылады. Осыдан кейін нәресте түлғасы түгелімен түзеледі де, әйел бірнеше рет күшенгеннен кейін, ол кіндік түбіне; содан кейін жауырынның төменгі бұрышына дейін; арқасымен шамалы алға бүрылып туылады.

4. Төртінші кезең - нәресте иығының көлденең өлшемі жамбастың кіреберіс жазықтығының қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Ал жамбастың шығаберіс жазықтығында иықтың көлденең өлшемі оның тік өлшеміне сәйкес келеді. Бұл жағдайда алдыңғы иық қасағаның астына орнығады, артқы иық жамбас қуысынан шығады, нәрестенің екі қолы өзі туылады.

5. Бесінші кезең - нәресте басы бүгілген күйіңце жамбастың қиғаш өлшемінен (нәресте бөксесі және иығы өткен өлшеміне қарама-қарсы) өтеді. Жамбас қуысында нәресте басы ішкі бүрылыс жасап, желкесімен қасағаға, бетімен сегізкөзге қарай бүрылады. Сөйтіп, шүйде ойығы қасаға доғасына тіреледі (бекіту нүктесі), жыныс ернеуінен алдымен иек, сосын бет, маңдай, самай және желке көріне бастайды. Сонымен нәресте жамбаспен жатқан кезде, оның басы жамбас қуысынан кіші қиғаш өлшемінің айналымы арқылы өтеді, бастың пішіні еш өзгермейді (2-сурет).

Нөресте аяқтарымен жатқанда, биомеханизм ерекшеліктері оның жамбаспен жатқанындай.

Айырмашылығы: жыныс ернеуінен бірінші бір немесе екі аяғы көрінеді. Шатқа бағытталған аяғы, алдыңғы аяқ, аяқ тізеге дейін туылғанда, нәресте бөксесі жамбас қуысына түседі. Ары қарай босану ағымы нәресте жамбаспен жатқандай

Асқынулары:

1. әресте қолдарының орынсыз көтеріліп, (қолдары желкеге, қүлақтүсына, бетке көтеріледі).

2. Қағанақ суының мезгілсіз кетуі.

3. Босанудың ауытқуы.

4. Кіндік баудың және майда мүшелердің қынапқа түсуі

5. Жатыр мойын өзегінің тарылып, нәресте түлғасын немесе оның мойнын қысып қалуы.

6. Нәресте басының шалқаюы.

Цовьянов әдісі, техникасы

Цовьянов әдісі нәресте мүшелерінің қалыпты жағдайда сақталуына негізделген және келесі асқынулардан - бастың шалқаюынан, қолдың орынсыз көтеріліп бүгілуінен алдын ала сақтандырады. Нәресте мүшелерін қалыпты жағдайда сақтау үшін, босану кезеңінде оның аяқтарын дене тұлғасына жақындатып басып ұстау қажет.



Цовьянов әдісінің техникасы (нәресте бөксесімен орныққанда)

Нәресте бөксесімен түгел туылғаннан кейін, екі қолдың бас бармағы тұлғасында созылып жатқан нәрестенің аяқтарына, ал қалған төрт саусақты сегізкөздің үстіне қояды. Қолдың ссылай орнығуы нәресте аяқтарының күн бұрын түсіп және денесінің төмен салбырауынан сақтандырады. Туылып келе жатқан нәресте тұлғасын жамбастың өткізгіш бағытына сәйкестендіріп жоғары көтереді. Кеудесі туылған сайын акушер қолдарьш жыныс ернеулеріне қарай жылжытьш, бас бармақпен аяқтарын үстап, қалған төрт саусақтарын нәрестенің арқасына біртіндеп жылжытады ..

Нәрестенщ иық белдеуі туылғанша, оның аяқтарын ұстап тұрған жөн. Иық белдеуі туылғаннан кейін нәресте қолдары бірден туылады. Егер нәресте қолдары өз бетімен туылмаса, иық белдеуін жамбастың тік өлшеміне сөйкестеңдіріп, нәресте тұлғасын төмен және жоғары көтереді. Осыдан кейін нәресгенің иегі мен бет бөлігі туылады. Егер толғақ қатты болса, нәрестенің басы өз бетінше туылады, бұл жағдайда нәресте кеудесін жоғары бағыттау керек. Егер нәресте қолдары, басы өз бетінше туылмаса, қолмен жәрдем беру және Морисо-Левре әдістемелерін қолданаы.

Цовьянов әдісі – нәресте аяқпен орныққанда .

Нәресте жамбас қуысында аяқпен жатқан кезде босану ағысы жиі асқынады. Бұның негізгі себебі - жамбас қуысындағы нәресте аяқтары, нәрестенің иық түлғасы жөн( басы кедергісіз өтетіңдей босану жолдарын кеңейте алмайды осының салдарынан нәрестенің қолдары жоғары көтеріліг бүгіледі де, басы шалқайып жатыр мойны қысып қалуь мүмкін. Сондықтан босану ағысы асқынбау үшін, жатьц мойны түгел ашылғанға дейін, нәресте аяқтары қынап көле-мівде жату керек (Цовьянов әдісі). Қынаптық зертгеу арқылы нәрестенің аяқтарын анықтап, жатыр мойны толы ашылғанша, сыртқы жыныс мүшелерін салфетка арқылы алақанымен түгел жауып түрады .

Жатыр мойны толық ашылған кезде, алақан асты нан нәресте аяқтары тепкілеп, өздері шыға бастайды жөне нәресте бөксесі де анықталады (толык түрі) пайда болады, босануы нәрестенің бөксесімен| босанғанындай.

Қынаптан шыққан екі немесе бір аяқты екі қолмен бірдей ұстап, үлкен бармақты балтырдың алдыңғы жағына қойып, төмен қарай тартады. Аяқтар темен түскен сайын, қолцы жыныс ернеулеріне қарай жылжытады. Алдымен алдцыңғыжақтағы бөксе жыныс ернеуінен шығады, содан кейін артқы бөксесі туылады. Бірден үлкен бармақты сегізкөзге қойып, қалған саусақтарды нәресте ішінің төменгі жағына орналастырады, сөйтіп жайлап төмен қарай тартады - нәресте арқасымен алға қарап, кіндік, иық бееуіне дейін туылады, одан соң қолдары, басы шығады.

Нәресте жамбаспен жатқанда кесар тілігіне көрсеткіштер

1. Асқынған акушерлік анамнез (бедеулік, нәрестенің жарақаттануы т.б.), жатыр миомасы, тар жамбас, гестоз, ұзаққа созылған жүктілік нәрестенің жамбаспен жатуымен бірлесіп келгенде.

2. Жатыр тыртығы.

3. Ірі нәресте.

4. Кіндік бауының төмен орналасуы.

5. Плацентаның төмен орналасуы.

6. Жүктілік гестозының ауыр түрлері.

4. Иллюстрациялы материалдар: кестелер, слайдтар

5. Әдебиет

Негізгі


Мемлекеттік тілде:

1. БисембаеваР.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия». – Алматы 2004

2. А.Т. Раисова., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия және гинекология». –Алматы 2002

Орыс тілінде:

1. Акушерство: учебник + CD. Раздинский В.Е.- М., 2008-904с.

2. «Гинекология. практикум» В.Б. Цхай., Т.А. Макаренко, Е.К.Шаламова, И.О.Ульянова. –

Ростов - на – Дону 2006.

3. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии: учебник. Дзигуа М.В.-М., 2011.-528с.

4. «Акушерство и гинекология. Практикум» под редакцией Т.Е. Белокриницкой. Ростов-на-Дону. 2007.

Қосымша


1. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. М 2009-256с

2. Гинекология. Л.Н.Василевская, В.М.Грищенко, В.П. Юровская, Н.А. Щербина. Ростов-на-Дону, «Феникс»-2007.

3. Перинатальное акушерство. В.Б.Цхай – Ростов-на – Дону, «Феникс», 2007.

4. Программа ВОЗ «Безопасное материнство» 2008.



6. Қорытынды сұрақтары(кері байланыс)

  1. Жамбаспен орналасудың түрлері

  2. Босану әрекетінің әлсіздігіндегі амал.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет