Босанудыѕ физиологиясы



жүктеу 89.52 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі89.52 Kb.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ДӘРІС
Тақырыбы: «Жамбастың ауытқуы. Нәресте басының шалқайып орналасуы. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы»


Пәні: Акушерия және гинекология

Мамандығы: 0301000 емдеу ісі

Курс: 4

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат

Құрастырған: Абдукасымова Э,А.

Шымкент, 2013


Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді

«___» ____ 2013 ж №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доц. м.а. ________________ Р.Т.Тлеужан

1. Тақырыбы: Жамбастың ауытқуы. Нәресте басының шалқайып орналасуы. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы

2. Мақсаты: оқушыларды тар жабастағы, шадқая орналасудағы босану ағымының ерекшеліктерімен, босанудағы мамандандырылған көмекпен таныстыру.

3. Дәріс тезистері

Дәріс жоспары:

1. Жамбас ауытқуы.

2. Нәресте басының шалқая орнығуы

3. Ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуы

Нәресте басының шалқая орнығуы, оның ауытқулары.

Нәресте басының шалқая орнығуына: төбемен, маңдаймен, бетпен орнығуы жатады. Бұл қолайсыз жағдайда 0,5%-1% аралығында кездеседі.

Негізгі себептері:

1.Жамбас өлшемдерінің тарлығы;

2.Нәресте салмағының тым кіші не ірі болуы;

3.Жатыр ісігі;

4.Нәрестенің кемтарлығы;

5.Жатыр ,жамбас түбі бұлшық еттерінің босап, жиырылу жазылу қасиеттерінің төмендеуі;

6.Толғақтың әлсіздігі;

7.Кіндіктің қысқалығы.

8.Көп және аз сулы жүктілік.

Бастың төбесімен орнығуы, биомеханизм ерекшеліктері.

Бастың төбесімен орнығуын тек қынаптық зерттеу арқылы анықтауға болады; үлкен және кіші еңбек бір деңгейде тұрады, бірден екіеңбекте анықталады .Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында сагиталды жігі көлденең, кейде қиғаш өлшемінде орналасады.

Биомеханизм ерекшеліктері.

1. Бірінші кезең –бас шамалы шалқайады.

2. Екінші кезең - бас кіші жамбас қуысына түсіп, ішкі бұрылысын жасайды. Жамбас түбінде бұрылыс аяқталып, үлкен еңбек шақта, шүйде құйымшаққа қарап орнығады; сагиталды жік жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді.

3. Үшінші кезең – бастың бүгілуі. Жыныс ернеуінен бірінші үлкен еңбек пен шеке шеті көрінеді. Маңдай және маңдай бұдырмақтары туылғаннан кеиін, бас кеңсерікпен шат ернеуіне тіреліп бүгіледі – төбе бұдырмақтары туылады.

4. Төртінші кезең –бастың шалқаюы. Бас шүйде бұдырмағымен құйымшаққа тіреліп шалқаяды, жыныс ернеуінен бет, иек шығады.

5. Бесінші кезең –бас сыртқы, иық ішкі бұрылысын жасап, нәресте толық туылады .

Жетекші нүктесі үлкен еңбек, бекіту нүктесі екеу- кеңсірік, шүйде бұдырмағы.Бас жыныс ернеуін тік өлшемімен кесіп жарып өтеді.

Босану ағымы.

Босанудың екінші кезеңі ұзаққа созылады, нәресте гипоксиясы , жарақаттануы және аралықтың жыртылуы жиі кездеседі.

Бастың маңдаймен орнығуы, биомеханизм ерекшеліктері.

Маңдаймен орнығу өте сирек кездеседі(0,021-0,026%).

Қынаптық зеттеуде: маңдай жігі,үлкен еңбектің алдыңғы жиегі, қас үсті доғасы анықталады.

Биомеханизм ерекшеліктері

1.Бірінші кезең – бас шалқаяды, маңдай жігімен көлденең немесе шамалы қиғаш өлшемінде орнығады.

2.Екінші кезең – бас жамбас қуысына түсіп, бетімен алға (шатқа), шүйдесімен артқа(сегізкөзге) қарай бұрылады, жамбас түбінде, маңдай жігі тік өлшемге сәйкес келеді.

Жыныс ернеуінен маңдай,мұрын түбі, шеке шеті туылады.

3. Үшінші кезең – бас үстіңгі жақ сүйегімен шатқа тіреліп бүгіледі, жыныс ернеуінен шүйде туылады.

4.Төртінші кезең- бастың шүйде аралық үстіне тіреліп бас шалқаяды, бет түгел туылады.

5.Бесінші кезең – бас сыртқы, иық ішкі бұрылысын жасап нәресте толық туылады.

Жетекші нүктесі – маңдай, бекіту нүктесі екеу –шүйде бұдыры және үстіңгі жақ. Бас жыныс ернеуінен қиғаш өлшеммен кесіп жарып өтеді (үлкен қиғаш өлшем 13-13,5см айналымы 38-42см)

Босану ағымы

Босану ағымы өте ұзақ.Тек нәресте шала, салмағы кішкентай болғанда ғана әйел өзі босанады. Себебі нәресте басы жыныс ернеуінен үлкен қиғаш өлшеммен туады, бұл өлшем жамбас қуысының ешқандай өлшемдеріне сәйкес келмейді.Әйелді кесар тілігі арқылы босандырады.

Бастың бетімен орнығуы, биомеханизм ерекшеліктері.

Нәрестенің бірден бетімен орняғуы сирек кездеседі. Көбіне маңдайымен орныққан бас, бетке ауысады.

Қынаптық зеттеуде: мұрын, иек, қас үсті доғасы анықталады, бұл зеттеуді көзге, ерінге зақым келтірмей, ұқыпты жасау керек.Қазіргі кезде УДЗ жиі жүргізіледі. Нәретс иегінің бағытына қарай, бастың бетімен орналасуының екі түрін ажыратады. Егер иек алдына бағытталған болса, оны алдыңғы түрі, артқа бағытталған болса, артқы түрі дейді. Алдыңғы түрінде 90%-95%-да әйелдің өзі туады.

Нәресте бетімен орнығуының алдыңғы түріндегі биомеханизмі:

Бірінші кезең – бас қатты шалқаяды, бетжігі жамбастың көлденең не қиғаш өлшемінде орналасады.

Екінші кезең – бас жамбас қуысына түсіп, ішкі бұрылысын жасайды, тек жамбас түбінде, бет жігі тік өлшемге сәйкес келеді.

Үшінші кезең – жамбас түбінде бас иегімен алға қарай бұрылады, жыныс ернеуінен нәрестенің еріндерімен иегі көрінеді.

Төртінші кезең – тілшік асты сүйегі шаттың төменгі жиегіне тіреледі бас бүгіледі, жыныс ернеуінен маңдай , төбе және шүйде шығып , бас түгел туылады.

Бесінші кезең – бас сыртқы, иық ішкі бұрылысын жасап нәресте толық туылады.

Жетекші нүктесі иек, бекіту нүктесі –тілшік асты сүиек, бас жыныс ернеуінен вертикалды өлшемімен кесіп жарып өтеді (9,5-10см, айналымы – 32 см)

Босану ағымы

Босану кезінде қағанақ суының ерте, мезгілінен бұрын кетуі жиі, осыған орай нәресте гипоксиясы және жарақаттануы, шетінеуі артады. Нәресте бетімен туғанда оның сырт пішіні – беті қатты ісініп, көгілдір түсті болады.

Бастың бетімен орнығуының артқы түрінде, қатты шалқайған бас және ық белдеуі бірігіп, жамбас қуысына орныға алмайды, әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады.

Ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуы

Ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуы жалпы босанушылар арасында орта есеппен 0,5-0,7 %. Ұрықтың көлденең оранласуында- оның ұзынша осі, жатырдың ұзынша осімен тік бұрыш, ал қиғаш орналасуында үшкір бұрыш жасайды, жамбастың кіреберіс жазықтығында ұрықтың ешқандай мүшелері анықталмайды. Ұрықтың қиғаш орналасуында- ең төмен бөлігі (басы немесе жамбасы) мықын қырларының арасын қосатын сызықшадан төмен, ал көлденең орналасуында- ұрықтың барлық ірі бөліктері осы сызықшыдын жоғары орнығады. Бұл орналасуданәрестенің позициясы оның басы бойынша анықталады. Егер нәресте басы жатырдың сол жақ қабырғасына орнықса- I позиция, оң жақ қабырғасына орнықса- II позиция.

Нәрестенің түрі оның арқасы бойынша анықталады.Егер нәресте арқасы жатыр қабырғасының алдына бағытталса (алдыңғы түрі), артқы қабырғасына бағытталса (артқы түрі).



Себептері, диагнозы

Нәрестенің көлденең немесе қиғаш орналасуы төменгі себептерге байланысты:

1. Ұрықтың қатты қозғалғыштығы: көп суды жүктілікте, шала нәрестеде (мезгілі жетпеген жүктілікте), егіз жүктілікте, көп босанған әйелдердің іш перде бұлшық еттердің әлсіздігінде.

2. Ұрықтың шамалы қозғалғыштығы: аз сулы жүктілікте, егіз жүктілікте, ірі нәрестеде, жатыр миомасында, жүктілікьің үзілу қаупінде.

3. Нәресте басының дұрыс орнықпауына әсерлі факторлар: тар жамбас, плацентаның төмен орналасуы, жатыр миомасы (жатырдың төменгі сегментінде).

4. Жатыр ауытқулары: екі мүйізді жатыр, ер тәрізді жатыр.

5. Ұрықтың ауытқуында: гидроцефалия, анэнцефалия.

Диагнозы. Жүкті әйелді қарағанда, жатыр деңгейі төмен, пішіні көлденең- домалақ. Сыртқы акушерлік зерттеуде жамбастың кіре беріс жазықтығында нәрестенің ешқандай бөлігі анықталмайды.

Ұрықтың ірі бөліктері (басы, жамбасы) жатыр қабырғасының оң және сол жағында анықталады.

Нәрестенің жүрек соғуы кіндік тұсында жақсы естіледі.

Қынаптық зерттеуде: ұрықтың ешқандай бөлігі анықталмайды. Нәресте дұрыс орналаспағанда УДЗ-зерттеудің диагностикалық көмегі үлкен.

Жүктіліктің және босанудың ағымы.

Жүктіліктің ағымы кейде асқынусыз өтуі мүмкін. Бірақ кейде ұрықтың қатты қозғалғыштығынан оның орналасуы өзгеріп отырады: ұзынша- көлденең- ұзынша т.б-бұны нәрестенің тұрақсыз орналасуы дейді.

Ең жиі кездесетін асқынулар:

1) мезгілінен ерте босану (25-30%);

2) Қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (нәресте мүшелерінің, кіндік баудың қынапқа түсуі байқалады), бұл нәресте гипоксиясына душар етеді.

Босанудың асқынулары

1.1 кезеңде қағанақ суының мезгілінен бұрын немесе ерте кетуі байқалады. Сусыз кезеңнің ұзақтығы (12 сағаттанартуы) босану жолдарының індеттенуіне әсер етеді. I кезеңдегі ұзақ сусыз кезең ұрықтың қимылын төмендетеді. Ұрықтың көлденең орналасуындағы оның қимылының жоқтығы және жатырдың жиырылуы- көлденең жатудың асқынуы дейді. Бұл жағдайда: кіндік баудың, қолдың төмен босану жолдарынан сыртқа шығуы мүмкін және бір иықтың кіші жамбас қуысына «тірелуі» байқалады. Нәресте шетінейді. Босану ағымының (толғақтың) өсуіне байланысты және нәресте қимылының жоқтығынан, төменгі сегмент созылып, жатыр жыртылады. Жатырдың жыртылуы ана өмірі үшін өте қауіпті асқыну (жедел көмек көрсетілмесе).



Жүктіліктің және босанудың ерекшеліктері: Жүктілік кезінде әйелдер кеңес орны дәрігерінің ерекше бақылауы қажет. Жүктіліктің 35 апталығына әйелді перзентханаға алдын ала жатқызады. Нәрестенің көлденең немесе қиғаш орналасуында әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырғын ұтымды, кейде нәресте тым жетілмеген жағдайда оның тұлғасы бүктеліп, әйелдің өзі босанады.

Немасе егіз жүктілікте, екінші ұрық көлденең орналасып, жатыр мойны толық ашалап, ұрық салмағы кішкентай болса, классикалық ішкі-сыртқы бұру операциясын қолданады.

Егер әйел нәрестенің көлденең орналасуының асқынуымен түссе немесе нәресте шетінесе, онда эмбриотомия ( нәрестені бөлшектеу) операциясы жасалады.

Кіндік баудың «түсуі»

Бұл асқыну сирек кездеседі, бірақ ұрық өміріне өте қауіпті.

Себептері әртүрлі: тар жамбас, көп, аз сулы жүктілік, мезгілінен ерте босану, кіндік баудың тым ұзындығы ( 75см), ұрықтың көлденең орналасуы.

Кіндік баудың «төмен жатуын» және «түсуін» ажыратады: «Төмен жатуы» деп қағанақ қуығы бүтін болғанда кіндік баудың нәрестенің ірі бөліктерінің (бас немесе жамбас) алдында орналасуын ал кіндік баудың «түсуі»- қағанақ қуығы жарылғанда оның қынап қуысына немесе жыныс мүшелерінен тыс түсуін айтады.

Кіндік баудың «түсуінде» нәресте бөліктері оны басып, асфиксияға душар етеді.

Диагнозы. Нәрестенің жүрек соғуы қағанақ суы кетісімен бірден өзгереді; қынаптық зерттеу арқылы диагнозы анықталды.

Босанудың ерекшеліктері. Егер кіндік баудың «төмен жатуы» анықталса: әйелдің жамбас жағын жоғары көтеріп, төсекке жатқызады, нәрестенің жүрек соғуын үнемі бақылап отырады.

Кіндік баудың «түсуінде» - оны бармақтармен жоғары орнықтырудың қажеті жоқ; әйелді бірден кесар тілігі арқылы босандырады. Ал нәрестенің шетінеуінде, эмбриотомия операциясын қолданады.


4. Иллюстрациялы материалдар: кестелер, слайдтар

5. Әдебиет

Негізгі

Мемлекеттік тілде:

1. БисембаеваР.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия». – Алматы 2004

2. А.Т. Раисова., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия және гинекология». –Алматы 2002

Орыс тілінде:

1. Акушерство: учебник + CD. Раздинский В.Е.- М., 2008-904с.

2. «Гинекология. практикум» В.Б. Цхай., Т.А. Макаренко, Е.К.Шаламова, И.О.Ульянова. –

Ростов - на – Дону 2006.

3. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии: учебник. Дзигуа М.В.-М., 2011.-528с.

4. «Акушерство и гинекология. Практикум» под редакцией Т.Е. Белокриницкой. Ростов-на-Дону. 2007.

Қосымша

1. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. М 2009-256с

2. Гинекология. Л.Н.Василевская, В.М.Грищенко, В.П. Юровская, Н.А. Щербина. Ростов-на-Дону, «Феникс»-2007.

3. Перинатальное акушерство. В.Б.Цхай – Ростов-на – Дону, «Феникс», 2007.

4. Программа ВОЗ «Безопасное материнство» 2008.

6. Қорытынды сұрақтары(кері байланыс)



  1. Тар жамбастың түрлері

  2. Шалқая орналасудың түрлері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет