Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Полицияның мәліметінше, Қазығұрт аудандық полициясына бір топ жергілікті тұрғын шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың атынан белгісіз біреу несие алған. Полиция бұл фактіні "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеді.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, белгілі болғандай, 31 жастағы ер адам банк қызметкері бола отырып, банк клиенттерінің құжаттарын пайдалана отырып, 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін несие рәсімдеген. Ер адам 47 адамды алдады деген күдікке ілінді, жалпы шығын көлемі шамамен 21 миллион теңгені құрады", – делінген полиция хабарламасында. 

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.