Ұбт-ны өткiзу облыс орталықтарындағы, жоғары оқу орындарының базасындағы тестiлеу орталықтары пайдаланылатын болады



жүктеу 134.81 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі134.81 Kb.

Кiрiспе

 

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау кезiнде бес жыл бойына талапкерлердiң бiлiмiн бағалауда тапсырмаларды шешуге барынша әдiлдiктi және мемлекеттiк бiлiм грантын беру мен мемлекеттiк бiлiм кредиттерiн ұсыну мәселелерiнде әлеуметтiк әдiлдiктi шешуге мүмкiндiк беретiн кешендiк тестiлеу технологиясы қолданылып келедi.



Бұл технология республикада 2004 жылдан бастап енгiзудi жоспарлап отырған ұлттық бiрыңғай тестiлеудi (ҰБТ) өткiзу кезiнде қолданылатын болады.

ҰБТ жалпы орта бiлiм беру ұйымдары бiтiрушiлерiнің қорытынды мемлекеттiк аттестаттауы мен жоғары оқу орындарының қабылдау емтихандарын бiрiктiрудi көздейдi. ҰБТ-ның басты мiндеттерi бiрыңғай өлшеуiш материалдардың көмегiмен мемлекеттiк бақылауды және бiлiм беру сапасын басқаруды, бiлiм беру сапасын бағалаудың әдiлдiгiн, сенiмдiлiгiн арттыруды мониторингiсi болып табылады.

ҰБТ-ны өткiзу облыс орталықтарындағы, жоғары оқу орындарының базасындағы тестiлеу орталықтары пайдаланылатын болады.

Жоғары оқу орындар, колледждер мен мектептер базаларында тестiлеу өткiзiлетiн тағы да 48 пункттер құрылады.

ҰБТ-ны дайындау және өткiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн тестiлеу пункттерiнде ҰБТ-ны өткiзудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк комиссия құрылатын болады, Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарың ұлттық орталығымен (БТМСҰО), бiлiм беру басқармаларының органдарымен өзара iс-әрекеттi қамтамасыз етедi.

ҰБТ-ны өткiзу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру үшін Министрлiктiң уәкiлеттi өкiлдерi ҰБТ өткiзу пункттерiне жiберiлетiн болады.

ҰБТ жалпы бiлiм беретiн пәндердiң бағдарламасы негiзiнде әзiрленетiн, Министрлiк бекiткен және ұсынған тест тапсырмаларының көмегiмен өткiзiлетiн болады.

ҰБТ-ны енгiзу бiлiм беру ұйымдарының қызметiн объективтi бағалауға, олардың нақты рейтингтерiн анықтауға, жалпы орта бiлiм беру проблемаларына жұртшылықтың назарын күшейтуге, оқушылармен мұғалiмдердiң оқу қортындысын дәлелдеуге, бiлiм бағытын және мазмұнын жетiлдiруге, оқу бағдарламасын, оқулықтардың технологиясын оқытуға, мұғалiмдердi даярлауға мүмкiндiк беретiн болады.

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу жөңіндегі сұрақ-жауаптар

 

1-сұрақ. Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не? Ол республикада қандай мақсатпен енгізілуде?



Жауап. Білім алу және оны бітіру кезінде білім жетістіктерін бағалаудағы субъективизм сапалы білім алуға кедергі болатын факторлардың бірден-бірі болып табылады.

Жоғары сапалы білім алуды қамтамасыз ететін білім жетістіктерін сырттай бақылау жүйесін жасау мақсатында 2004 жылы республикада ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізіледі – ол білім ұйымдарынан тәуелсіз білім сапасын бағалайтын, жаңа технологияларға негізделген, мектеп бітірушілерін мемлекеттік аттестаттауды және колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіретін мемлекеттік жүйе. ҰБТ-тың негізгі міндеттері бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасына мемлекеттік бақылау мен басқару жүйесін қамтамасыз ету; әділдігін, білім сапасын бағалаудың дұрыстығын арттыру болады. ҰБТ-ты енгізу білім беру ұйымдарының қызметін әділ бағалауға, олардың нақты рейтінгісін анықтауға, мұғалімдер мен оқушылардың оқуда жақсы нәтижелерге жетсем деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.



2-сұрақ. Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітірушілердің қай категориясы қатысады?

Жауап. Жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ-ға қатысулары ерікті түрде. ҰБТ-ны ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына, колледжеріне түсем деп ниет білдірген жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері тапсырады.

Ерекше аттестат және “Алтын белгі" белгісін, үздік аттестаты алуға, үміткер бітірушілер үшін, ағымдағы жылдың республикалық олимпиадаларының жүлдегерлері үшін ҰБТ-ты тапсыру міндетті.

Қалған мектеп бітірушілер оқу жылын аяқтау тәртібі туралы Нұсқаулыққа және жалпы орта білім беру ұйымдарының мектеп бітірушілерін қортынды аттестаттауға сәйкес дәстүрлі түрде орта мектеп курсына арналған қортынды аттестаттауды тапсырады.

3-сұрақ. ҰБТ қортындысы бойынша мектеп бітірушілердің қай категориясына және қандай жеңілдіктер берілетін болады.

Жауап. Ағымдағы жылдың республикалық олимпиада жүлдегерлері ҰБТ-ны тапсырғаннан кейін жоғары оқу орындарына таңдап алған мамандығы жеңімпаз болған олимпиаданың, ғылыми жарыстын, конкурстын пәніне сәйкес келген жағдайда, ерекше аттестат және “Алтын белгі" белгісіне үміткерлер ҰБТ-да үздік бағаларын дәлелдеген жағдайда, жоғары оқу орнындарына таңдап алған мамандықтарына сертификаттар конкурсына қатыспай қабылданады.

4-сұрақ. ҰБТ-ны ауыруына байланысты бұрын орта мектеп курсы бойынша мемлекеттік қортынды аттестаттаудан босатылған мектеп бітірушілер тапсырады ма?

Жауап: Осындай мектеп бітірушілер, оның ішінде жасынан мүгедек балалар ҰБТ-дан босатылуы мүмкін, бірақ олардың ағымдағы жылы жоғары оқу орындарына және колледждерге түсу мүмкіншілігі болмайды.

5-сұрақ. Егер бала емтихан болатын күні ауырып қалса, онда ол ҰБТ-ны кейін тапсыра алады ма?

Жауап: Тек ҰБТ-ны тапсыруға көзделген мерзім ішінде, ағымдағы жылдын маусым айының 10-15 аралығында.

Оқу жылын аяқтау тәртібі туралы және жалпы орта білім беру ұйымдарының мектеп бітірушілерін қортынды аттестаттау Нұсқаулығында, мектеп бітірушілерінің осындай категориясына мектеп бітіру емтиханын кейін тапсыру немесе одан босату көзделген? Мұндай кезде аттестат жылдық баға негізінде беріледі. Өкінішке орай ондай мектеп бітіруші ағымдағы жылы республикадағы жоғары оқу орындарына түсу мүмкіншілігінен айырылады.



6-сұрақ. Жалпы орта білім ұйымдарын өткен жылдары бітіргендер, армиядан келгендер грант пен кредитке ұміттенуге құқылы ма? Олар үшін жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі қандай?

Жауап: Өткен жылдардағы жалпы білім беретін мектептердің кәсіби мектептердің, колледждердің бітірушілері жоғары оқу орындарына және колледждерге шілде айында кешенді тестілеу технологиясы бойынша түсуге құқылы. Олар ҰБТ-ны тапсырған бітірушілер сияқты мемлекеттік білім гранты мен кредитіне ие болу конкурсына қатысады.

7-сұрақ. Экстернат немесе жеделдетілген оқу нысанында оқитын мектеп бітірушілеріне мемлекеттік қорытынды аттестаттау қалай өткізіледі.

Жауап. Егер олар ағымдағы жылы республиканың жоғары оқу орындарына түсем деп ниет білдірсе ҰБТ-ны тапсырады.

8-сұрақ. Сараң немесе көздері нашар көретін мектеп бітірушілерге ҰБТ-ы тапсыру кезінде жеңілдіктер болады ма?

Жауап: Жоқ, егер мұндай мектептердің мектеп бітірушілері жоғары оқу орындарына түсем деп ниет білдірсе, онда олар ҰБТ-ны тапсыруға міндетті, оларға өңірлік комиссиялар қажетті жағдай жасайды.

9-сұрақ. Халықаралық айырбас желісі бойынша шетелде, оқитын ағымдағы жылы мектеп бітіруші-оқушылар ҰБТ-ны қалай тапсырады?



Жауап: Мектеп бітірушілердің бұл категориясына қорытынды аттестаттау оқу жылын аяқтау тәртібі туралы Нұсқаулыққа және жалпы орта білім беру ұйымдары мектеп бітірушілерінің қортынды аттестаттауына сәйкес өткізіледі. Олар ағымдағы жылы шілде айында республика жоғары оқу орындарына қабылдау емтиханын кешенді тестілеу технологиясы бойынша тапсыруға құқылы, егерде шет елде оқығаның дәлелдейтін құжаты болса.

10-сұрақ. Ағымдағы жылы ТМД-ның жоғары оқу орындарына түсетін мектеп бітірушілерге ҰБТ-ны тапсыру қажет пе?

Жауап: ҰБТ-ға қатысу – ерікті түрде. ТМД-ның жоғары оқу орындарына оқуға түсуді жоспарлап қойған Республика мектеп бітірушілері, қорытынды аттестаттауды ҰБТ-ы түрінде немесе дәстүрлі түрде тапсыра алады. Қай жағдайда болмасын олар жалпы орта білім туралы аттестатты алады (егер қортынды аттестаттауды табысты өткізсе).

11-сұрақ. Қай ұйымдардың базасында ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін болады? Қанша қаржы қаражат қажет етеді және бұл қаражат қандай шығындарға бағытталған?

Жауап: ҰБТ-ны, тиісті жабдықтармен қамтылған тестілеу пунктері базасында тапсыру жоспарланған. Бүгінгі күні республикада 97 пункт қызмет етуде, тағы да осындай 37 пункт жоспарлануда.

Аймақтық орталықтарды ұйымдастыруға, авторларды оқытуға, тестерді әзірлеуге, “Мектеп бітірушің мәлімдеме базасын қалыптастыруға және ҰБТ-ны өткізуге республикалық бюджеттен 544 млн. теңге қаражат қаралды



12-сұрақ. Мектепте ҰБТ мен мектеп бітіру емтиханы бір уақытта ма әлде әр мезгілде өтеді ме?

Жауап: ҰБТ ағымдағы жылдын маусым айының 10-15 аралығында, ал мектеп бітіру емтиханы 31 мамырдан 19 маусымға дейін өткізіледі.

13-сұрақ. Тестілеудің қортындылары мектеп бітірушілердің назарына қашан жеткізіледі?

Жауап: ҰБТ-ны өткізу технологиясына сәйкес тестілеудің қортындылары және дұрыс жауаптардың коды мектеп бітірушілердің жауап парақтарының көшірмесін түсіргеннен кейін, яғни емтихан тапсырған күні ілінеді.

14-сұрақ. ҰБТ-ны ұлттық мектепті бітірушілер қандай түрде тапсырады? Оларға ҰБТ тестілері ана тілінде болады ма?

Жауап: Тест тапсырмаларынын базасы тек қана қазақ және орыс тілдерінде көрсетілген, ұйғұр, өзбек және басқа тілдерге аудару ағымдағы жылда техникалық жағдайға байланысты өте қиын. Осы себептен 2004 жылы оқу жылын аяқтау тәртібі туралы Нұсқаулыққа және жалпы орта білім беру ұйымдары мектеп бітірушілерінің қортынды аттестаттауына сәйкес өзбек, ұйғұр және тәжік тілдеріндегі мектеп бітірушілерінің емтиханды дәстүрлі түрде тапсырулары туралы шешім қабылданды. Олар жоғары оқу орнына және колледждерге шілде айындағы екінші ағында кешенді тестілеу технологиясы бойынша тапсыра алады.

Жоғарыда аталған мектептердің үздік аттестатты, ерекше аттестат және “Алтын белгі” белгісін алуға үміткер мектеп бітірушілері мектеп бітіру емтиханын ана тілінде тәуелсіз комиссияға тапсырады. Осының бәрі ҰБТ-ны өткізу Ережелерінде көрсетіледі.



15-сұрақ. ҰБТ-ны оралмандар мен қазақ диаспора өкілдері қалай тапсырады?

Жауап: Оралмандар мен қазақ диаспора өкілдері ҰБТ-ны немесе кешенді тестілеуді тапсыруы Қазақстан Республикасы әлде басқа елдің мектебін бітіріп жатқанына байланысты болады.

16-сұрақ. ҰБТ–ға қандай пәндер кіреді және олардын саны (төрт, алты)?

Жауап: ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсыру жоспарлануда: үшеуі-қазақ немесе орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы міндетті түрде және бір пән қай бір мамандыққа түсу үшін профилді болып табылатын таңдау пәндері бойынша.

17-сұрақ. Арнайы музыка мектептерін бітірушлер қандай емтихандар тапсырады?

Жауап: Арнайы музыка мектеп-интернатын бітірушілер тәртіп бойынша консерваторияға түседі. Оларға қабылдау шығармашылық емтиханы белгіленген. ҰБТ-ны олар екі пән бойынша тапсырады – ана тілі мен Қазақстан тарихы.

Егерде арнайы музыка мектебін бітіруші басқа, шығармашылық емес мамандаққа түскісі келсе, олар ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырады.



18-сұрақ. ҰБТ қанша сағатқа созылады?

Жауап: ҰБТ ұзақтығы - үш сағат, 180 минут таза тестілеу уақыты есепке алынады.

19-сұрақ. Мектеп бітірушілер шығарма жазады ма?

Жауап: Шығарманы дәстүрлі түрде емтихан тапсыратын мектеп бітірушілер жазады. ҰБТ-ға қатысушылар үшін шығарма жазу ағымдағы жылда қарастырылмаған.

20-сұрақ. Мектеп бітірушілер мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырады ма?

Жауап: Оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен міндетті түрде тапсыратын емтихандардың тізімі белгіленеді, олардың қатарына орыс, ұйғұр, өзбек, тәжік тілдерінде оқитын мектептер үшін қазақ тілі (ауызша) және қазақ тілінде оқитын мектептер үшін орыс тілі (жазбаша). Бұл емтиханды ағымдағы жылдың 31 мамырында барлық мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттауды ҰБТ-ы және дәстүрлі түрлерінде тапсырады.

21-сұрақ. ҰБТ тестерінде әр пән бойынша қанша сұрақ болады?

Жауап: Әр пән бойынша 30 тестік тапсырма беріледі.

22-сұрақ. ҰБТ көлемінде мектеп бітірушілер жұмысы қалай бағаланады, аттестатқа қандай бағалар қойылады?

Жауап: ҰБТ көлеміндегі емтихан жұмыстары балдар жүйесімен сертификат үшін және бағалармен (5 балдық жүйемен) аттестат үшін бағаланады. Сертификаттағы балдардын аттестатқа ауыстыру тәртібі мен шкаласы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен белгіленеді.

ҰБТ көлемінде тапсырған жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп бітірушілерге, сонымен бірге ұздік аттестатты және ерекше аттестат пен “Алтын белгі" белгісін алуға үміткер мектеп бітірушілер аттестатына ҰБТ-да алған баға қойылады



23-сұрақ. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады ма?

Жауап: Ия.

Қазіргі кезде Мемлекеттік білім және тестілеу стандарттары Ұлттық орталығы мен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы бірлесіп балдарды бес балдық баға жүйесіне аудару шкаласын әзірлеуде. ҰБТ-ны өткізу алдында бұл шкала басылымдарға шығарылады.



24-сұрақ. Аттестат пен сертификат алу үшін қанша балл қажет?

Жауап: Аттестат пен сертификат алу үшін ешқандай балдардың сомалық деңгейі жоқ.

Ал жоғары оқу орны конкурсы басқаша. Бұрынан қолданыстағы республика жоғары оқу орындарына қабылдау Ережелері бойынша 120 сұрақтан 40 балл алу қажет болған. Бірақ кокурсқа байланысты әр мамандыққа өту балдары мүлде өзгеше. Егерде бір орынға бір ұміткер ғана болса, онда 40 балл жеткілікті болған. Ал егерде бір орынға талапкерлер саны 10 және оданда жоғары болса, онда өту баллы 90-ға дейін немесе жоғары болған.



25-сұрақ. Егерде мектеп бітіруші 40 балл алса, бірақ математикадан мысалы: 8 балдан кем алды дейік, ол аттестат алуға құқылы ма?

Жауап: Иә, ол аттестат алады.

26-сұрақ. Базасында ҰБТ өткізу пунктері құрылатын мектептердің мұғалімдері ҰБТ өткізу барысында пайдаланылады ма?

Жауап: Базасында ҰБТ өткізу пунктері құрылатын мектептердің мұғалімдері (музыка, дене шынықтыру, еңбек, бейнелеу өнерінің, бастауыш мектеп мұғалімдері) ҰБТ-ны өткізу кезінде аудиториялар бойынша кезекшілікке тартылады.

27-сұрақ. ҰБТ-ны тапсыруға мектеп бітіруші қай мерзім ішінде өтініш жазу керек?

Жауап: Мектеп бітірушілерден тестілеуді тапсыру өтініштерін қабылдау мектептерде ағымдағы жылы мамырдын 15-не дейін жүзеге асырылады.

28-сұрақ. Мектеп бітіруші ҰБТ-ны тапсыру өтінішінде қандай мәліметтер көрсетеді?

Жауап: Мектеп бітіруші ҰБТ-ны тапсыру өтінішінде тегін, атын, әкесінің атын, жынысын, мектеп бітірген жылын, мектептің атын немесе нөмірін, ҰБТ-і тапсыратын тілді, таңдап алған мамандыққа байланысты 4-пәнді және тағы да басқа қажетті мәліметтерді көрсетеді.

29-сұрақ. ҰБТ пунктеріне емтихан құжаттарын әкелу қалай іске асырылады?

Жауап: Емтихан материалдарын жеткізу ҚҚМ мен ҰҚК органдарының өкілдерінің бақылауымен жабық жүйе бойынша іске асырылады. Құжаттар ҰҚК департаменттерінің қоймаларында сақталады және ҰБТ-ны өткізетін пунктерге емтихан күні ҰҚКД органдарымен жеткізіледі.

30-сұрақ. ҰБТ-ны тапсыратын мектеп бітірушілерге қандай құжаттар беріледі?

Жауап: ҰБТ-ны тапсыратын мектеп бітірушілерге ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат және жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

31-сұрақ. Жалпы орта білім туралы аттестат пен сертификатты тапсыру бір уақытта болады ма?

Жауап: Сертификат емтихан тапсырғаннан кейін үш күн ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу өткізетін пункте беріледі. Сертификатқа ҰБТ көлемінде тапсырған әр жалпы білім беретін пән бойынша балдар қойылады.

ҰБТ тапсыру кезінде білім алған, білім беру ұйымы аттестатты 25 мамырға дейін тапсырады.



32-сұрақ. Сертификаттың жарамды мерзімі қандай?

Жауап: Сертификат ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жарайды.

33-сұрақ. Қазақстандық сертификатпен ТМД елдеріндегі жоғары оқу орындарына түсуге болады ма?

Жауап: Жоқ, әзірге барлық ТМД елдерінде білімді бағалайтын өзіндік іс жосықтары бар.

34-сұрақ. Бірыңғай емтихан тестерін әзірлеу кімге тапсырылады?

Жауап: Алты жыл бойы тестік тапсырмаларды әзірлеумен айланысқан Мемлекеттік білім беру стандарттары мен тестілеу ұлттық орталығына тапсырылады, олар бұл мақсатта республиканың ең озат педагогтерін шақырады.

35-сұрақ. ҰБТ-да пайдаланатын тесттердің сапасы жақсы болатынына сене аламыз ба? Тестердің жоғары сапалығын қамтамасыз ететін қандай шаралар қолданылуда?

Жауап: Мынаны назарға алайық, кешенді тестілеуде пайдаланылатын орынсыз сұрақтардын пайызы 0,6 % құрайды, ал шет елдердің пратикасында 1%, норма болып есептеледі. Біз түсінеміз, әр бір орынсыз сұрақ тестілеуге қатысушының балдарының азайуына әкеліп соғады. Сондықтан қазіргі кезде Білім және ғылым министрінің бұйрығымен облыстық Астана, Алматы қалалары білім басқармалары (департаменттері) жаңынан әр пән бойынша тестік тапсырмалар базасына экспертиза өткізу үшін жоғары санатты мамандардан топтар құрылды. Тестерді біржола түзеу үшін эксперттік тұжырымдамалар ҰМБСТО–ға беріледі.

36-сұрақ. Тестілеу тапсырмаларында мектеп бағдарламасынан тыс сұрақтары болуы мүмкін бе?

Жауап: Тестік тапсырмалар Министрлікпен бекітілген және ұсынылған жалпы мектеп бағдарламары негізінде әзірленуде, олар көрсетілген бағдарламалар шегінен шықпайды.

37-сұрақ. Тәуелсіз комиссиялар қалай құрылады және қандай мамандардан олар тұрады?

Жауап: ҰБТ өткізу үшін тестілеу пунктерінде мемлекеттік комиссиялар құрылады, олардың құрамына базасында тестілеу пунктері құрылған атқарушы органдардың, білім басқармаларының, білім беру ұйымдарының, қоғамның, БАҚ, құқық қорғау органдарының, арнайы қызмет өкілдері және ұйымдардың басшылары кіреді.

38-сұрақ. Апелляциялық комиссия құру жоспарлануда ма? Оларға кімдер кіреді және қандай сұрақтар мен кіруге болады?

Жауап: ҰБТ көлемінде емтихан жұмыстарын бағалау кезіндегі туған сұрақтарды шешу, мектеп бітірушілері мен оқуға түсушілер құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия құрамына білім беру басқармаларының, білім беру ұйымдарының өкілдерін кіргізеді.



39-сұрақ. ҰБТ-ге қатысушылар қай мерзімде жоғары оқу орның таңдау керек?

Жауап: ҰБТ-ге қатысушы ағымдағы жылдың 20 маусымынан 15 шілдеге дейін жоғары оқу орнын және нақты мамандықты таңдау керек.

40-сұрақ. Республиканың барлық жоғары оқу орындары ҰБТ қорытындысын қабылдау емтихан қорытындысы ретінде қабылдайды ма?

Жауап: Ия, тек қана КИМЭП-тен басқасы, оның өзінің қабылдау ережесі бар.

41-сұрақ. Егерде мектеп бітірушіні ҰБТ қортындысы қанағаттандырмаса, ол қайта тапсыра алады ма?

Жауап: Жоқ, ҰБТ-ны қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

42-сұрақ. ҰБТ-ны алғашқы рет тапсыруына байланысты бітірушілерді даярлауға қандай шара қолданылуда?

Жауап: Бітірушілерді ҰБТ-ға даярлау мақсатында, ағымдағы жылы қантар айынан мамыр айына дейін Мемлекеттік білім және тестілеу стандарттары ұлттық орталығымен бекітілген кесте бойынша ақылы (150 тенге) сынамалы тестілеу өткізіледі. Оған қатысу - ерікті түрде. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу бітірушілерге тегін болады. Сонымен бірге бітірушілерді ҰБТ-ны тапсыру пунктеріне жеткізу, оларды тамақтандыру және тұруға қажет қаржылар қарастырылған.

43-сұрақ. ҰБТ-да калькуляторды қолдануға болады ма?

Жауап: Әрине жоқ.

44-сұрақ. Ұлттық бiрыңғай тестiлеу неге кешендi тестiлеу технологиясы бойынша өтедi?

Жауап: Кешендi тестiлеу технологиясы емтихан материалдарын дұрыс және әдiл, яғни ешқандай субъектiлерсiз өңдеуге септiгiн тигiзедi.

Тестiк тапсырма жауабы арнайы бланкiге сканердiң көмегi арқылы оңай көшедi. Арнай құрылған бағдарламаны басқаша жасауға мүмкiндiк жоқ.



45-сұрақ. ҰБТ-ны тапсыру кезiнде тест тапсырушыларға қандай материалдар берiледi?

Жауап: ҰБТ-ны тапсыру кезiнде сұрақ кiтапшасы таратылады, арнайы бланк “жауап парағың және жауап парағының көшiрмесi.

46-сұрақ. ҰБТ-ны тапсыру кезiнде аудиториядан шығуға болады ма?

Жауап: Бiрiншi және ақырғы сағаттарда болмайды. Талапкер тек қана кезекшiнiң қадағалауымен шығады.

47-сұрақ. Сұрақ кiтапшасын талапкерге өзiмен бiрге алып кетуiне болады ма?

Жауап: Жоқ болмайды. Барлық емтихандық материалдары өңдеп бiткенше сол арнайы аудиторияда қалуы керек, яғни жауаптың вариантын, талапкердiң қай тiлде өткiзгенi және отырған жерiн т.б. сәйкестендiру үшiн сұрақ кiтапшасы керек болады.

48-сұрақ. ҰБТ-ны өткiзу кезiнде бұқаралық ақпарат өкiлдерi қатысады ма?

Жауап: Тест тапсырушы сұрақтарға жауап берiп жатқан кезде аудиторияға арнайы қойылған кезекшiден басқа ешкiм кiргiзiлмейдi. Бұқаралық ақпарат өкiлдерi емтихандық материалдарды ашып өңдеу кезiнде ғана қатыса алады.

49-сұрақ. ҰБТ кезiнде аудиторияға бақылауға кiмдер кiредi?

Жауап. ҰБТ технологиясы бойынша ата-аналар тарапынан 1-2 ата-ананың қатысуына рұқсат етiледi өз баласы отырған аудиториядан басқа аудиторияға. Сонымен қатар нәтижелерiн өңдеген кезде де қатыса алады.

50-сұрақ. Тест тапсырушы қай уақытта өзiнiң жауабын дұрыс жауап кодтарымен тексере алады?

Жауап. Дұрыс жауап кодтары ата-аналармен бiрге әбден өңделiп, сканерден өткiзiлiп, сәйкестендiрiлгеннен кейiн ғана iлiнедi.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет