«бта банкі» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысымен бекітілді 2007 жылғы «22» ақпандағы



жүктеу 105.1 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі105.1 Kb.









«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің

Жалпы жиналысымен

БЕКІТІЛДІ

2007 жылғы «22» ақпандағы

45 хаттама





«БТА Банкі» АҚ орналастырылған акцияларының өтеуін төлеп алу

ЕРЕЖЕЛЕРІ

(14.02.2013 жылғы өзгертулерімен бірге)

«БТА Банкі» АҚ орналастырылған акцияларының өтеуін төлеп алу ережелеріне Келісу парағы


«Келісілді»

Заңгерлік қызмет

Директоры
_____________________ Д.К.Абжанов
Қаржылық контроллинг жөніндегі директор

______________________ Н.С. Логинова
Қазынашы ____________________ Н.Р.Мухаметжанов

Комплаенс – бақылау басқармасының

бастығы

______________________ Б.Б. Тойганбаева
Операциялық тәуекелдер басқармасының бастығы

_______________________ А.Б. Нугманов


«Әзірленді»
Капиталмен операциялар және кастодиалдық қызметтер басқармасының бастығы
_______________ Р.К.Сугурбекова

Мазмұндама:


1-бап. Жалпы ережелер

2-бап. Банктің орналастырылған акциялардың өтеуін төлеп алуының жалпы шарттары

3-бап. Орналастырылған акцияларды Банктің бастамасы бойынша өтеуін төлеп алу

4-бап. Орналастырылған акцияларды акционердің талап етуі бойынша өтеуін төлеп алу

5-бап. Қорытынды ережелер

Қосымшалар тізбесі



1-БАП. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «БТА Банкі» АҚ орналастырылған акцияларының өтеуін төлеп алу туралы осы Ережелер (бұдан әрі – Ережелер) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және «БТА Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) орналастырылған меншіктік жай және/немесе артықшылықты акцияларының өтеуін төлеп алатын кезде қолданылады.


2. Осы Ережелерде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
1) Өтеуін төлеп алу ережелері – Банктің орналастырылған акцияларының өтеуін төлеп алу тәртібі мен акциялардың өтеуін төлеп алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесін реттейтін ішкі нормативтік құжат.
2) Акция – Банк шығаратын және Банкті басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және Банк таратылатын кезде оның мүлкінің бір бөлігін алу құқықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
3) Акционер – акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға.
4) Орналастырылған акциялар – құрылтайшылар мен инвесторлар бағалы қағаздардың біріншілік нарығында ақысын төлеген Банк акциялары.
5) Орналастыру бағасы – акцияларды бағалы қағаздардың біріншілік нарығында орналастыру кезінде айқындалатын акцияның бағасы.
6) Банктің уәкілетті органы – Банктің Жарғысына сәйкес оның құзыретіне Орналастырылған акциялардың өтеуін төлеп алу туралы шешім қабылдау жатқызылған Банк органы.

2-БАП. БАНКТІҢ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН АКЦИЯЛАРДЫҢ ӨТЕУІН ТӨЛЕП АЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
3. Банктің Орналастырылған акцияларының өтеуін төлеп алу төмендегідей жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
1) Банктің бастамасы бойынша;
2) Акционердің талап етуі бойынша;
4. Банк өтеуін төлеп алатын Орналастырылған Акциялардың саны Банктің Орналастырылған Акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауы тиіс, ал Банктің Орналастырылған Акцияларының өтеуін төлеп алуға шығыстар:


  1. Орналастырылған акцияларды Акционердің талап етуі бойынша өтеуін төлеп алу кезінде:

- Банктің Акционерлерінің жалпы жиналысы осы Ережелердің 16-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шешімдерді қабылдаған;

- сауда-саттықты ұйымдастырушымен Банк акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;

- ірі мәміле және (немесе) Банктің оны жасауға мүддесі бар мәміле жасасу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша.
2) Орналастырылған акцияларды Банктің бастамасы бойынша өтеуін төлеп алу кезінде – Банктің Орналастырылған Акцияларының өтеуін төлеп алу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша Банктің меншік капиталының он пайызынан аспауы тиіс.
5. Банк өтеуін төлеп алған Акциялар оның Акционерлерінің жалпы жиналысының кворумын айқындайтын кезде есепке алынбайды және онда дауыс беруге қатыспайды.
6. Алынып тасталсын.
7. Банктің Орналастырылған Акцияларының өтеуін төлеп алуы Акционер (оның өкілі) ұсынған төмендегі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

7.1. Осы Ережелерге № 1 Қосымшаның нысаны бойынша жасалған Акционердің жазбаша өтінішінің түпнұсқасы;


7.2. Акционер оны Банкке ұсынғанға дейін кем дегенде 3 (үш) жұмыс күн бұрын Банктің тіркеушісі берген Акционердің Акцияларға меншік құқығын растайтын Акционердің дербес шотынан Үзінді көшірменің түпнұсқасы;
7.3. Осы Ережелерге № 2 Қосымшаның нысаны бойынша жасалған Акцияларды сатып алу-сату шартының түпнұсқасы;
7.4. Акционер – жеке тұлға үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты, шетел азаматтары үшін – төлқұжат, не болмаса Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басының куәлігі;


2) Акциялар некеде тұрмайтын жеке тұлға Акционерден өтеуі төлеп алынатын жағдайда – осы Ережелерге № 3 Қосымшада көрсетілген нысан бойынша нотариалдық куәландырылған өтініштің түпнұсқасы;
3) Акциялар некеде тұратын және/немесе неке бұзылған күннен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен шартпен Банктің Акциялары сатып алынған кезеңде некеде тұрған жеке тұлға Акционерден өтеуі төлеп алынатын жағдайда – осы Ережелерге № 4 Қосымшада көрсетілген нысан бойынша Акционердің жұбайының (зайыбының) / бұрынғы жұбайының (зайыбының) нотариалдық куәландырылған өтінішінің түпнұсқасы, неке қию / бұзу туралы куәліктің және жұбайының (зайыбының) жеке басының куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
7.5. Акционер – заңды тұлға үшін:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі (егер Акциялар Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғадан өтеуі төлеп алынатын болса) / инкорпорация туралы сертификат, сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе қолданылатын заңнамаға сәйкес заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын өзге құжат (егер Акциялар Қазақстан Республикасының бейрезиденті – заңды тұлғадан өтеуі төлеп алынатын болса);


2) оған өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда, заңды тұлғаның Жарғысының нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға өзінің қызметін заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесі тапсырылады;
3) құрамында құрылтайшылар туралы мәліметтер берілген құжат (жарғының құрамында құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы турлы мәліметтер берілмеген жағдайда): өзге құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмесі және (немесе) кем дегенде 3 (үш) жұмыс күні бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың / қатысушылардың тізілімінен үзінді көшірменің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
4) Акцияларды Сатып алу-сату шартына қол қоятын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар;
5) Акционер – заңды тұлғаның уәкілетті органдарының Акцияларды Сатып алу-сату шартын жасасу туралы шешімдері;
7.6. Тұлғаға (тұлғаларға) Акцияларды Сатып алу-сату шартына қол қоюға сенімхат (жарғыға сәйкес сенімхатсыз мүдделерді білдіруге және құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысын қоспағанда);
7.7. Қазақстан Республикасының резиденті емес Акционер осы Ережелердің 7.5-тармағында көрсетілген құжаттарды не болмаса құрамында баламалы мәліметтер берілген, тиісті түрде заңдастырылған немесе апостильдендірілген, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасы бар құжаттарды ұсынады;
7.8. Акционер шет мемлекеттердің құзыретті органдары мен ұйымдарының тарапынан берілген құжаттарды ұсынған жағдайда, олар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Қазақстан Республикасы мен ұсынылған құжат оның органдарының және ұйымдарының тарапынан берілген мемлекет оның қатысушылары болып табылатын халықаралық шартпен өзгесі қарастырылмаса, консулдық заңдастырылған/апостиль қойылған жағдайда қабылданады.
7.9. Осы Ережелердің 8-тармағына сәйкес өзге құжаттар.
8. Осы Ережелерге сәйкес Акцияларды Банкке сатуға өткізетін Акционердің құқықтық мәртебесіне, сондай-ақ Акционер ұсынған құжаттардың нысаны мен мазмұнына қарай Банк Акцияларды Банктің өтеуін төлеп алу мәмілесін дұрыс заңды түрде ресімдеу үшін қажет қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.
3-БАП. ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН АКЦИЯЛАРДЫ БАНКТІҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ӨТЕУІН ТӨЛЕП АЛУ
§ 1. Орналастырылған акцияларды Банктің бастамасы бойынша өтеуін төлеп алу тәртібі
9. Орналастырылған акцияларды Банктің бастамасы бойынша өтеуін төлеп алу оларды кейін сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің жарғысына қайшы келмейтін өзге мақсаттарда Акционердің келісімімен жүргізілуі мүмкін.
10. Банктің орналастырылған акцияларын оның өзінің бастамасы бойынша өтеуін төлеп алуы Банктің Уәкілетті органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
11. Банк өзінің Орналастырылған акцияларының:
1) Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы өткізілгенге дейін;


  1. құрылтайшылардың арасында Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы бірінші есептеме бекітілгенге дейін;

3) егер Акциялардың өтеуін төлеп алудың нәтижесінде Банктің меншік капиталының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жарғылық капиталдың төменгі мөлшерінен кем болса;


4) егер Акциялардың өтеуін төлеп алу сәтінде Банк Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлеуге қабілетсіздік немесе дәрменсіздік белгілеріне сәйкес болса не болмаса аталған белгілер онда өтеуін төлеп алуға талап етілетін немесе жорамалданатын Акциялардың өтеуін төлеп алу нәтижесінде туындаса;
5) егер сот немесе Банк Акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса, өтеуін төлеп алуға құқысыз.
12. Егер Банктің бастамасы бойынша өтеуі төлеп алынатын оның Орналастырылған Акцияларының саны олардың жалпы санының бір пайызынан артық болса, Акцияларды сатып алу-сату мәмілесін (мәмілелерін) жасасқанға дейін Банк өзінің Акционерлеріне сондай өтеуін төлеп алу туралы жариялауға міндетті.

Банктің өзінің Орналастырылған Акцияларының өтеуін төлеп алу туралы хабарламасының құрамында ол өтеуін төлеп алатын Акциялардың түрлері, саны, мерзімі туралы және олардың өтеуін төлеп алу шарттары туралы мәліметтер болуы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.


13. Банктің Акционерлері өтеуін төлеп алуға өтініш берген оның Орналастырылған Акцияларының саны Банк өтеуін төлеп алуға мәлімдеген Акциялар санынан артық болса, ондай Акциялар Акционерлерден оларға тиесілі Акциялар санына пропорционалды өтеуі төлеп алынады.
14. Алынып тасталсын.
§ 2. Банктің бастамасы бойынша акциялардың өтеуін төлеп алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі
15. Орналастырылған акцияларды Банктің бастамасы бойынша өтеуін төлеп алу осы Ережелерге № 2 Қосымшаның нысаны бойынша жасалған Акцияларды Сатып алу-сату шартының негізінде өтеуін төлеп алу алдында орын алған соңғы эмиссия акцияларын бастапқы орналастырудың бағасы бойынша жүзеге асырылады.
4-БАП. ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН АКЦИЯЛАРДЫ АКЦИОНЕРДІҢ ТАЛАП ЕТУІ БОЙЫНША ӨТЕУІН ТӨЛЕП АЛУ
§ 1. Орналастырылған акцияларды акционердің талап етуі бойынша өтеуін төлеп алу тәртібі
16. Орналастырылған акцияларды Акционердің талап етуі бойынша өтеуін төлеп алуды Банк :
1) Акционерлердің жалпы жиналысы Банкті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдайтын (егер Акционер онда қайта ұйымдастыру туралы мәселе қарастырылған Акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан және оған қарсы дауыс берген болса);
2) Акционер заңнамамен және Банктің жарғысымен белгіленген тәртіпте қабылданған ірі мәміле жасасу туралы шешіммен және (немесе) Банктің оны жасауға мүддесі бар мәміле жасасу туралы шешіммен келіспейтін;
3) Акционерлердің жалпы жиналысы Банктің жарғысына нақты Акционерге тиесілі Акциялар бойынша құқықтарды шектейтін өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдайтын (егер Акционер онда сондай шешім қабылданған Акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол сондай жиналысқа қатысқан және көрсетілген шешімді қабылдауға қарсы дауыс берген болса);
4) Акционерлердің жалпы жиналысы Банктің Акцияларының делистингі туралы шешім қабылдайтын (егер Акционер онда сондай шешім қабылданған Акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол сондай жиналысқа қатысқан және көрсетілген шешімді қабылдауға қарсы дауыс берген болса);
5) сауда-саттықты ұйымдастырушы Банк Акцияларының делистингі туралы шешім қабылдайтын жағдайда жүргізуі тиіс.
17. Акционер осы Ережелердің 16-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап отыз күннің ішінде Банкке осы Ережелерге № 1, 3, 4 Қосымшалардың нысаны бойынша жасалған жазбаша өтініш жолдау арқылы Банкке өзіне тиесілі Акциялардың өтеуін төлеп алу туралы талап қоюға құқылы.
18. Банктің Акционерлері өтеуін төлеп алуға өтініш берген оның Орналастырылған Акцияларының саны Банк өтеуін төлеп алатын Акциялар санынан артық болған жағдайда, ондай Акциялар Акционерлерден оларға тиесілі Акциялар санына пропорционалды өтеуі төлеп алынады.
§ 2. Акционердің талап етуі бойынша акциялардың өтеуін төлеп алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі
19. Орналастырылған акцияларды Акционердің талап етуі бойынша өтеуін төлеп алу осы Ережелерге № 2 Қосымшаның нысаны бойынша жасалған Акцияларды Сатып алу-сату шартының негізінде өтеуін төлеп алу күніне қарай есептеп шығарылған Акцияның баланстық құны және өтеуін төлеп алу алдында орын алған соңғы эмиссия Акцияларын бастапқы орналастыру бағасы арасындағы орташа баға бойынша жүзеге асырылады.

5-БАП. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20. Осы Ережелер Банк жасасқан келісімдер аясында орын алған ковенанттарды /шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда Орналастырылған Акциялардың өтеуін төлеп алуды талап ету құқығы негізінде туындаған Банк пен Акционерлер арасындағы қарым-қатынастарға қолданылады.

Осы Ережелер Банк қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен Орналастырылған акциялардың өтеуін төлеп алатын кезде қолданылмайды.



21. Осы Ережелер Орналастырылған Акциялардың өтеуін төлеп алуды жүзеге асыратын кезде Банктің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің қолдануы және орындауы үшін міндетті болып табылады.
22. Алынып тасталсын.
23. Осы Ережелердің орындалуын бақылау Банктің Акционерлік капиталының мәселелеріне жетекшілік ететін Басқарма Төрағасының Орынбасарына жүктеледі.
Қосымшалар тізбесі:



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет