Бұтағындай емініп



жүктеу 47.42 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі47.42 Kb.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Бүгінгі «Балапан» тобының алтын күз мерекесіне дайындаған ән-жырымызды қабыл алыңыздар!
Елшат:

Бұтағындай емініп,

Күзде жеміс піседі.

Сабағынан жел үзіп,

Жерге топ-топ түседі.
Бекарыс:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.
Елдос:

Бүгін мейрам, бүгін той!

Қуанышты күн біліп қой!

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!
-Енді бәріміз орнымыздан тұрып, күз туралы өлең айтайық!

«Алтын күз» (хор)

-Балалар орманға саяхатқа шығайық! (балалар дөңгелене отырады)

Ж: -әңгімелесейікші:

-Қазір қай мезгіл?

-Біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?

-Күз мезгілінің неше айы бар? Қандай?

-Күз мезгілінің ерекешеліктері қандай?

-Өте тамаша күзде жемістер көкөністер піседі деп айттыңдар, осыларды ажырата аласыңдар ма?

-Сәбіз, қырыққабат олар қайда өседі, кім қарайды?

-Бақшада өседі, қарауыл қарайды.

-Қарауылды көргілерің келе ме?

Б: иә


(есік қағылып қарауыл кіреді)

Қ: Сәлеметсіздер ме?

Б: Сәлеметсіз бе?

Қ: Балалар мен сендерге қонаққа келдім, мен туралы әңгіме естіп, өзіммен бірге тапсырмамды ала келдім. Кеше күнімен түнімен бақшамды күзетемін деп аяқтай алмадым, осфы менің тапсырмамды орындап беріңдерші?

Б: Жақсы

(балалардың жұмысы)

Б: Ой жарайсыңдар балалар, қандай өнерлісіңдер! Сендерге ризамын. Ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

Б: иә, ұнатамыз.

Қ: Мен өз бақшам туралы айтып бергім келіп отыр. Менің қызанақ деген ерке қызым бар, туған күні еді, өте ашушаң, тентек, кімде-кім оның көңілін көтерсе соған үлкен сыйлығым бар?

Ж: Балалар, қарауылға еріп келген кім екен, көмектесесіңдер ме?

Б: иә, көмектесеміз.

Қ: Жақсы, кім.

Ж: балалар қане, кім көңілін көтереді?

Сәбіз: Мен жұмбақ жасырайын:

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығын суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Мен өзіммен бірге сәбізімді ала келдім, мені алшы? (алмайды)
Қырыққабат: Жас та болса, қоңым бар,

Қырыққаьат тоным бар?Мені алшы (алмайды)


Алма: Мен алмамын, алмамын.

Таңдайда қалар бар дәмім,

Мен тәтті алмамды ала келдім. Мені алшы? (алмайды)
Қарбыз: Қарбыздарды қарашы,

Қаз-қатар боп тігілген,

Достар келсе үйіме.

Тәттісінен тілінген.

Мен сондай тәттімін. Мені алшы? (алмайды)
Қияр: Мен қиярмын,

Сен-қызанақ,

Сыңғырлай күлкі қызара,

Дос болайық екеуміз.

Мәңгілік қол ұстаса. (Ұнап қалады)
Қиярмен қызанақ вальс биін билейді. Сөйтіп қызанақтың көңіл-күйін қияр көтереді,сол кезден бері екеуі дос боп қалған екен.

Қызанақ: Балалар, көп-көп рахмет! Сендер өте көңілді балалар екенсіңдер!

Қ: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді біз сіздермен қоштасайық!Менің сіздерге деген тартуым болсын деп өз бақшамның алмасын ала келдім. Дәм татыңыздар! Ал ендеше сау болыңдар!
Әсемгул:

Алма, өрік қамбаларға,

Толтырыпты Алтын күз!

Шәкірт болып парталарға,

Отырыпты Алтын күз.
Ақбота:

Ақтарады мырза күз.

Уылжыған жемісін.

Күзге бізде ризамыз.

Аянбаған ел үшін.
Диас:

Астық,жеміс жиналды.

Қамбаларға құйылды.

Ардақты күз, мың алғыс!

Алдым өнім-сыйымды.
Бекнұр:

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген,

Ай жапырақ сары алтын!

Айналаның бәрі алтын!

Би «Қолшатыр»

(Наргиза, Елшат, Әсемгүл, Назерке)

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Ж: Балалар жаңа тақпақта айтылғандай күзгі суық жел басталды. Желдің лебі бізге де келіп жеткен секілді.

(жел гуілі естіледі)

Балалар орындарынан тұрып, қолдарындағы жапырақты жерге шашады. Музыканың әуенімен шыр көбелек айналып, «Алтын күз» кіреді.

Алтын күз; амансыңдар ма балалар! Бүгінгі желдің лебі міне орталарыңа алып келді. Мерекелерің құтты болсын.

Ж: Олай болса, төрге шығыңыз! Мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыз! (Алтын күз орындыққа келіп отырады)

-Балалар біз неге алтын күз дейміз? (балалардың жауаптары)

(Өйткені жемістер, көкөністер піседі)
Нұртай:

Мен алмұртпын, алмұртпын.

Күзде жинап алатын!

Балбыраған біреуін,

Жесең тойып қалатын.
Зарина:

Сары алтындай әңгелек,

Қандай тәтті әңгелек,

Дәмі аузыңнан кетпейді.

Балың да оған жетпейді.
Наргиза:

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бал дәмім.

Дәмімді татқан балақан,

Ұмытпайды ешқашан!
Жанбота:

Мен жүзіммін жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім!
Аян:

Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын бар мен де

Төмен басты иемін.

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Өнерлі екенсіңдер!

Ж: Біздің балаларымыздың барлығы да өнерлі Олай болса «Күз келгенде» әнін тыңдаңыздар!

Алтын күз: Олай болса, менің жұмбағымды тауып көріңдерші.

Қалың киінгенді ұнатады.

Шешіндірсең жылатады. (пияз)


Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар. (сәбіз)


Көкпеңбек еді көктемде.

Қызарды күз жеткенде (қарбыз)

Ж: Жарайды балалар, ендеше алтын күзбен бірге «Күзгі жапырақтар» биін билеп мерекемізді аяқтаймыз. Барлығымыз тобымызға қайтамыз.

Ж-жүргізуші

Б-балалар

Қ-қарауыл




«Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымы МКҚК



(ертеңгілік)


Тәрбиеші: А.А Оразова

Музыка жетекшісі: Ж.Ш.Жакенова
2013-2014ж
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет