Танымал әнші Ғазизхан Шекербек алғаш өнер жолына келген сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “OZMZ ғой” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: бағдарламадан скриншот

Сонымен қатар өнер иесі өзінің әріптесінен әнін қайтара алмай жүргенін де жасырмады. 

“Негізі ол өзімнің әнім емес. Бала күнімнен үнді фильмдерін жақсы көермін. Бір киноның музыкасы ұнап қалған. Қазақша қосып әрлеп жіберсең керемет туынды болайын деп тұр. Өзім жарыққа шығарамын деп ойладым. Ақын досымды шақырып алып, сөз жаздық. Аранжировкасын да үнді фильміне қарап жаздым. Ол кезде енді өнерге аяқ басып келе жатқан кезіміз. Қаражат жағы да қиындау болып жүрген еді. Шынымды айтсам, әбіржіп кеттім. Сол кезде дуэт орындайтын екі жігіт келді. Олар "Мынау күшті ән екен. Сатасыз ба?" деді. Ойланбастан 50 мың теңгеге сатып жібердім", – деп күлді өнер иесі. 

  •  Дариға Бадықова: "Қазыбек Құрайыш әнін бермей қойды"

  • Таразда соңғы қоңырауға эстрада жұлдыздары шақырылған: Мереке көптің талқысына түсті (видео)

Ғазизханның айтуынша, танымал эстрада жұлдызына ән беріп, кейін өкінген көрінеді. Егер ол адам қайтарып берсе, өзі орындап, жаңа леп бермекші. 

“Ән жазуға келгенде өте қатты талап қоямын. Егер жаңадан шыққан әнімді досыма тыңдатып, ол “қайтадан қойшы” десе, демек ол хит болады деген сөз. Ал егер “жақсы екен” деп қысқа қайырса ол әнді айтпауым мүмкін. Сондай біртүрлі қасиетім бар. Талғамы бар адамдарға да, талғамы жоқ адамдарға да тыңдатып, іштей дауыс жинаймын. Кейде шатасамын. Хит болатын әнді өзім де танымай қалуым мүмкін. Өткенде атын айтпай-ақ қояйын, бір әріптесіме әнімді бердім. Соны бергеніме әлі күнге дейін өкінемін. Өзім орындағанда да хит қылатын едім. Негізі, бұл әрекетім мен сөзім жігітке жараспайтын қылық. Бірақ сол әнді қайтарып алудың амалын таппай жүрмін”, – дейді әнші.  


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.