"Майқайың-алтын" АҚ аумағында жер астына құлаған автобусты іздестіру жұмыстары қауіпті жағдайда жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, комиссия алдағы уақытта құтқаруды жүргізу мүмкіндігін зерттейді.

"Шұңқыр түбіндегі георадарлық профильдерді сканерлеу нәтижесі бойынша, топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Нысандардың жанында да, астында да қуыстар мен бос орындар бар. Опырылу және топырақтың сырғу қаупі өте жоғары", – делінген хабарламада. 

  • Майқайыңдағы автобус апаты: Құтқарушылардың өміріне қауіп төнгендіктен іздеу жұмыстарын тоқтату мәселесі қаралып жатыр
  • "Майқайың-алтын" кенішіндегі автобус апаты: Кеніш құтқарушыларына тиесілі заттар табылды

Шұңқыр түбіндегі экскаватор мен мамандар 4 ақпан күні бұрынғы режиммен жұмыс істеді. Бірақ опырылу қаупі әлі де сақталады.

"Қазір опырылудың барлық периметрін зерттеу үшін комиссия құрылып жатыр. Комиссия одан әрі жұмыс жүргізуге рұқсат ету-етпеуді анықтау үшін тау-кен массасын зерттейді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті “Майқайың-алтын” АҚ аумағында ойыққа құлап кеткен автобусты іздеу уақытша тоқтатылғанын хабарлаған еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.