Бїкіл дїние жїзін топан су алєаны туралы миф


«Ғажайып мифтер әлеміне саяхат» ойыны



жүктеу 0.61 Mb.
бет4/4
Дата04.03.2018
өлшемі0.61 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4

«Ғажайып мифтер әлеміне саяхат» ойыны
Ойынның шарты: ойынға бірнеше ойыншы қатысады. Олар өздеріне берілген

конверттегі жеке тапсырмаларды орындайды.


1 тапсырма: өздеріне берілген конверт ішіндегі мәтінмен танысып, оған жоспар құрады.
2 тапсырма: жоспар бойынша мәтінді мазмұндап шығады.
3 тапсырма: берілген сұрақтарға жауап береді.
Тапсырмаларды дұрыс орындап шыққан оқушы «Тарих пәнінің білгірі» деген атақ алып марапатталады.

Бүкіл дүние жүзін топан су алғаны туралы миф
Бұл мифтің Оңтүстік Өзенаралығында шығуы неліктен? Ол аңыздың Египетте шығуы мүмкін бе еді?
Адамдар құдайларды құрмет тұтуды қоя бастады, құдайлар бүкіл жер бетіне топан су қаптатып, адамдарды қырып жіберуді ұйғарды. Бірақ даналық құдайы топан су туралы бір адамның лашығы салынған қамыстарға айтып қояды, ал қамыстар болса, бұл жайлы қожасына сыбыс береді. Лашық иесі кеме жасап, оған өз семьясын, шебер қолөнершілерді, сонымен бірге үй жануарлары мен жабайы аңдарды орналастырады.

Аспанды қап-қара бұлт басып, күндіздің өзі жеті қараңғы түнге айналады, құтырына дауыл соғып, толассыз нөсер жауып, жер бетін телегей – теңіз су қаптайды. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қырылып қалады.

Алты күн өткен соң дауыл басылады. Су қайта бастайды. Кемеден ұшырып жіберілген қарға суы құрғаған жерді тауып қонады да, соңынан адамдар мен жануарлар да сол жерге түседі.

Өзенаралығында шыққан топан су туралы миф басқа елдерге де таралды.



Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Бұл миф Египетте ме, әлде Қосөзен аралығында пайда болды ма?
2. Бұл мифтің шығуына не себеп болды?
3. Бұл мифтің Ной /Нұх/ пайғамбар жайлы мифпен байланысы бар ма?
Демосфеннің өмірі жөніндегі жазбалардан

(ежелгі заман жазушысының әңгімесі бойынша)
Демосфен бала кезінде аурушаң және әлжуаз болды. Тіпті есі кіріп, ер жеткен кезінде де ол әлжуаздығы үшін күлкіге ұшырап жүрді. Онда шешендік өнерге құмарлық пайда болды. Алайда бала жастан тұтығатын және тынысы да тарыла беретін. Демосфен жасқаншақтау да еді және қалың топтың айқай – шуынан ұялатыны сонша, сол мезетте сөзін де тыя қоятын. Өзіне кедергі жасаған осы секілді басқа да кемістіктерден ол жалықпай жаттығудың арқасында арылды. Тұтықпалықтан құтылу үшін теңіз жағасына барып, қатты дауыл мен күшті толқын кезінде сөйлеп жаттықты, теңіз шуылына үйрене келе, ол жұрттың айқайына да бойын үйретіп алды. Демосфеннің сөйлеп тұрған кезде иығын сөлекет қимылдататын әдеті бар еді. Ол үйдің төбесіне қылышты салбыратып іліп қойып, сөз сөйлейтін,өзі қимылдаса иығына қадала кететіндей қалыпта қылыштың астында тұратын, қылыштың ұшы оның иығын қыбырлатпайтын. Демосфен түні бойы ұйқы көрмей, сөйлейтін сөзін дайындайтын, өзін сергек ұстау үшін қара су ғана ішетін.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Ежелгі заман жазушысы Демосфеннің бойындағы қандай кемшіліктер жайлы жазады?
2. Демосфен қалай, ненің арқасында өз бойындағы кемшіліктерден арылды?
3. Сенің бойында осыған ұқсас қандай кемшіліктер бар, оны қалай жоюға болады деп ойлайсың?

Триумфты сипаттау

(ежелгі тарихшының әңгімесі бойынша)
Халық барлық көшелерге, салтанатты шеру көрінетін жердің бәріне лық толды. Бірінші күні таң атқаннан ымырт жабылғанша олжаға түскен статуялар мен картиналар тиелген екі жүз елу арба өтті.

Келесі күні Македонияның ең әдемі және ең қымбат қару – жарақтары тиелген арбалар қаладан өтіп жатты. Арбалардың соңынан кұміс теңге толтырылған 750 ыдысты көтеріп келеді. Әр ыдысты төрт адам көтерген. Бұлардан кейін күмістен жасалған ауыр табақтар мен ожауларды алып келе жатты.



Үшінші күні бұрынғыдан 77 дәу ыдыстарға салынған алтын теңгелерді алып жүрді. Мұнан кейін таза алтыннан жасалып, асыл тастармен безендірілген жаулар мен алтын табақтарды бастарына көтере ұстаған адамдар келеді. Үлде мен бүлдеге бөленген арбада алтынмен апталған қызыл киім киген қолбасшының өзі келеді. Қолдарына лавр бұтақтарын ұстап, ән шырқаған әскерлер оның соңынан еруде.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Триумф деген не? Ол ненің құрметіне, не үшін өткізілді?
2. Триумф салтанатына кімдер қатысты?
3. Триумф неше күн өткізілді?
4. Римдіктер жеңілген елді қалай тонады?

Деметра мен Персефона туралы миф
Құнарлылық пен егіншілік құдайы Деметраның ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызы Персефона құрбыларымен бірге көк майсада серуендеп жүреді. Кенеттен жер қақ айрылып, арбасына қап – қара сәйгүліктер жеккен, тұнжыр жүзді құдай Аид шыға келеді. Ол Персефонаны ұрлап, өзінің жер асты патшалығына әкетеді, ол жерде Персефона Аидтың әйелі және патша ханым болады. Деметра бүкіл әлемді көріп отыратын күн құдайынан Персефонаның қайда екенін біледі. Қызын қатты сағынады, оның сағынышынан жер –дүние сарғайып, гүлдер солып, ағаштардың жапырақтары қурап түсе бастайды. Арпа мен жүзім де өспей қалады. Жер бетінде аштық басталып, адамдар құдайларға құрбандық беруді тоқтатады. Сол кезде Зевс Аидка персефонаны жыл сайын бірнеше айға анасына жіберіп тұруға әмір етеді. Персефона жер үстіне шыққанда деметра қуанады. Көктем келіп, жер асты патшалығына қайтқан кезде, анасы мұңға батып, күз бен қыс түседі, Өсімдік солып қалады.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Бұл мифте гректердің қандай шаруашылық түрімен шұғылданғаны жайлы айтылады?
2. Мифте жылдың қандай жыл мезгілі суреттеледі?
3. Бұл мифті қазақтардың көктем мезгілінде болатын қандай мерекесімен байланыстыруға болады?
Критке байланысты грек мифтері

Дедал мен Икар туралы миф
Критте он саусағынан өнері тамған сәулетші, мүсінші, көптеген пайдалы құралдары ойлап шығарушы Дедал атты шебер өмір сүрді. Ол патша үшін кірген адам қайтып шыға алмайтын жолдары шытырман ғимарат – лабиринт соғыпты. Дедалдың Криттен кетіп қалғысы келген екен, бірақ патша оны жібермепті. Сонда Дедал өзі мен ұлы Икарға арнап, құс қауырсындарын балауызбен желімдеп қанаттар жасапты. Сөйтіп, сол қанаттармен екеуі Криттен ұшып шығыпты. Икар әуелі әкесінің соңынан ілесіп отырған екен, бірақ бірте – бірте ұшудың қызығына түсіп, шырқау көкке көтеріліпті. Күннің ыстық сәулесі балауызды ерітіп жіберіпті. Икар теңізге құлап, батып кетіпті: тек қанатының қауырсындары ғана толқын бетінде жүзіп жүріпті. Дедал алыстағы Сицилия аралына қоныпты.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Ерте заманның өзінде – ақ адамдардың қандай қиял – армандары болған?
2. Қазіргі кезде сол адамдардың арман – қиялдары орындалды ма, өз ой – пікіріңді айт?


Ұлы Юй туралы миф
Ерте – ерте ертеде қатыгез көк құдайы су тасқынын жіберіпті. Жер бетін телегей – теңіз су алып, егіндік жерлер су астында қалыпты, елді мекендер қирапты. Адамдар суға батыпты, ал тауға қашып, бас сауғалағандарға аштан өлу қаупі туыпты. Ұлы Юй құдайлардан көмек сұрамайтын болыпты. Ол адамдарды каналдар қазып, бөгеттер тұрғызуға, үлкен өзендерге арналар қазуға, жайылған суды сол арналармен мұхиттарға ағызып жіберуге үйретіпті. Сөйтіп, адамдар өз еңбегімен жерді судан құрғатып, өз өмірлерін құтқарып қалыпты.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Неге Қытай халқында осындай мифтер пайда болды?
2. Бұл миф адам бойындағы қандай қасиеттерді тәрбиелейді?
3. Қашан, қай елде осындай мифтер пайда болды?

«Махабхарата» дастанының мазмұны
Дастанда раджалардың екі семьясы арасындағы күрес баяндалады. Ағайынды бес Пандавтар әкелерінен ерте айрылады. Әкелерінің інісі мен немере ағайындары Кауравтар оларды туған жерінен қуып шығады. Пандавтар аса күшті батыр болып ер жетеді. Көрші патшалықтың патшасы кімде – кім садақ тартып,жебені алтын балықтың көзіне тигізсе, соған қызын бермек болып жар салады. Балық ағашқа ілінеді де, оның алдында шабақты дөңгелек айналып тұрады. Жарысқа бүкіл Үндістаннан шонжар ақсүйектер жиналады. Бірақ олардың ешқайсысының орасан үлкен садақты көтеруге де шамалары жетпейді. Тек Пандавтардың біреуі ғана нысанаға тигізеді. Сөйтіп,ол патша қызына үйленеді.

Пандавтар өздеріне арнап ғажайып сарай салады. Бірақ Пандавтардың үлкені сүйек ойынында табын –табын малды, көп алтын, үйір-үйір жылқыны, мыңдаған құлдар мен күңдерді, пілдерді, ақыр аяғында өзін, інілері мен патша қызын да ұттырып жібереді. Сөйтіп, барлығы құл болып шыға келеді. Кейіннен бас бостандықтарын алғанымен, өз иеліктерін бейбіт жолмен қайтарып ала алмайды. Пандавтар мен Қауравтардың арасында өліспей беріспейтін соғыс басталады. Құдайлар Пандавтардың біреуіне өз қаруын сыйға тартады. Пандавтардың ең басты қас жауы: «Оларды, не мен жеңемін, сөйтіп, дүниені билеймін, не олар жеңіп, мен өлген соң солар билейді », - дейді. Бір тайпалар қарсыластарына жақтасады. Олардың арасындағы шайқас 18 күнге созылады.

Шайқаста басымдылық бір жағынан екінші жағына алма- кезек ауады. Ақырында Пандавтар жеңіп, патша болады.

Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Махабхарата поэмасы несімен ұнады? Несімен ұнамады?
2. Үндістанда құлдықтың қандай түрі болды, деп ойлайсың?

«Рамаяна» дастанының мазмұны
Жаулары Рама патшазаданы 14 жылға астанадан қуып жіберді. Оның інісі мен әйелі – Сита сұлу өзімен бірге кетті. Олар орманға келіп қоныстанды. Лашық салып алды. Өздерін және Ситаны қорғау үшін ағайынды екеуінің орманда қаскөй жын - перілермен және аса алып дәулермен шайқасуына тура келді.

Бір күні азаматтар жоқ кезде лашыққа жын – перілердің 20 қуатты қолы, 10 айлакер басы бар патшасы келді. Ол адам ойы жетпейтін байлыққа кенелетінін, билікке ие болатынын айтып, Ситаны өзімен бірге алып кетуге босқа арам тер болып, үгіттеп бақты. Ситаның оны тыңдағысы да келген жоқ. Патша оны қос дөңгелекті арбасына қарай күшпен сүйрей жөнелді. Ситаның аянышты дауысын естіп, алып қаршыға тең емес шайқасқа шықты, арбаны сындырып, өзі де ұрыста мерт болды. Патша Ситаны Ланка аралындағы өз патшалығына алып кетті. Өліп бара жатқан қаршығадан Ситаның қайда екенін сұрап білген ағайындылар оны құтқарып алуды ойлады. Раманың әділетті іс үшін шайқасқа әзірленіп жатқанын түсінген маймылдар мен аюлардың әскерлері оларға көмекке келді. Маймылдар ағаш бағаналар мен жақпар тастардан аралға баратын алып көпірді бірнеше күнде салып бітірді де, Ланка аралына аяқ басты. Әскердің алдында Рама мен оның інісі жүрді.

Жауынгерлік арбамен жүйткіген Рама мен жын-перілер патшасы арасындағы шешуші жекпе-жек дастанда әсерлі суреттеледі. От құдайы Рамаға өзінің жарқ – жұрқ еткен арбасын жіберді.

Жын-перілер патшасы Рамаға улы жыланға айналып кететін сиқырлы жебелер атты. Бірақ Рама оларды алтын құстарға айналып, ұшып келе жатқан жыландарға бүйідей тиетін өз жебелерімен қарсы алды. Рама дәлдеп атып, патшаның бастарын жұлып түсіріп еді, бірақ оның бастары сол сәтте-ақ қайтадан өсіп, қалпына келе берді. Сол кезде Рама құдайлардан алған жалын оғын жіберіп, оқты қаскөй де зұлым жаудың қақ жүрегіне қадады. Адал жары Сита осылай азат етіледі.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Поэмадан үнді халқының адам бойындағы қандай қасиеттерді құрметтеп, бағалап, ал қандай қасиеттерден жиіркеніп, жек көргенін байқауға болады?
2. Бұл поэмада табиғат жайлы адамдардың қандай көзқарастары болғаны жайлы айтылады?
3. Қандай халықтардың зұлым рух, күштермен күрестері жайлы аңыз – әңгімелерін білесің?
Тесей туралы миф
Бір кездерде Афиныны кәріліктен әбден қаусаған Эгей билеп тұрыпты. Крит патшасы қалаға ауыр алым – салық салыпты, афинылықтар әрбір тоғыз жыл сайын Критке жеті жігіт пен жеті қыз жіберіп тұруға тиісті екен. Оларды әйгілі бір лабиринтте тұратын денесі адам, басы бұқа бір құбыжық жейтін болыпты.

Эгейдің ұлы – құдіретті Тесей құрбандыққа жөнелтілетін жас жігіттердің бірі болып Критке барып, құбыжықпен шайқасуға бел буады. Кемеге ауыр қайғының белгісі ретінде қара желкен байлапты, Тесей жеңе қалған жағдайда оны ақ желкенмен ауыстыруға әкесіне уәде беріпті.

Критте патшаның қызы Ариадна Тесейге астыртын өткір қола семсер мен бір домалақ жіп беріпті. Тесей домалақ жіптің бір ұшын лабиринтке кіре беріске мықтап байлап, оны тарқата отырып, ішкері бөлмелерге ене беріпті.

Ол құбыжықты өлтіріп, тарқатылған жіптің көмегімен өз серіктерін лабиринттен алып шығыпты.Тесей желкенді ауыстыруды ұмытып кетіпті. Қара желкенді кемені көрген Эгей теңізге құлап, суға батып өліпті. Оны есте сақтау үшін теңіз Эгей теңізі деп аталыпты.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Бұл мифте қандай теңіздің аты жайлы айтылады?
2. «Лабиринт» деген не?
3. Тесейге лабиринттен шығуға кім және не көмектесті?
4. «Ариадна жібі» қандай мағынаны білдіреді?
5. Тесейдің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?


Аргонавтар туралы миф.
Кавказда Қара теңіз жағалауындағы тоғайда алтын жүнді қой терісі – алтын жабағы ілулі тұрады. Ол теңіз жағалауын билейтін патшаның мүлкі екен. Оны бір сәтке де кірпік ілмейтін айдаһар күзетіпті.

Алтын жабағыны әкелу үшін алыс, қатерлі сапарға бел байлаған батырлар бүкіл Грециядан жиналыпты. Олардың көсемі ақсүйек жігіт Ясон екен. Он саусағынан өнері тамған Арг желкенмен және ескектермен жүзетін ағаш кеме жасап беріпті. Шебердің есімімен кемені «Арго», саяхатшыларды аргонавтар деп атапты.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Бұл мифте аргонавтардың қай елде болғаны жайлы айтылады?
2. Жерорта теңізі бойындағы грек қала – полистерін еске түсіріңдер?
3. Ясон ненің арқасында алдынан кездескен кедергілерді жеңді?
4. Оның бойында қандай қасиеттер көруге болды?


Геракл туралы мифтер
Құдайлардың әмірі бойынша құдіретті Геракл 12 ерлік жасауға тиіс болады. Орасан зор арыстан жануарлар мен адамдарға шабуылдап тұрады. Оның терісінің беріктігі сондай, қола ұшты жебенің өзі тигенде тайқып кетеді екен. Геракл еменді сындырып, 20 адамның да көтеруге шамасы келмейтін шоқпар жасап алады. Ол арыстан тіршілік ететін үңгірге қорықпастан кіріп барады. Арыстан Гераклге тұра ұмтылады, бірақ батыр шоқпармен бір ұрып, есеңгіретіп тастап, содан соң жыртқышты қолымен тұншықтырып өлтіреді. Арыстанның терісі Гераклдің үстіне сауыт , басына дулыға болады.

Қабыршағы жалт – жұлт еткен тоғыз басты жылан гидра ми батпақтан ирелеңдеп шығып, табын – табын малды жалмап қояды екен. Геракл гидрамен шайқасқа түседі, бірақ ол құбыжықтың басын шауып түсірсе, оның орнына жаңадан екі бас өсіп шығыпты. Сол кезде Геракл өзінің серігіне гидраның шабылған мойнын шоқпен күйдіруге әмір етеді. Бастар енді өсіп шықпайтын болады, Геракл құбыжықты өлтіріп тастайды.



Авгий патшаның бес мың өгізі болады. Мал қораны ешкім тазаламайды, қора қиға толып кетеді. Геракл оның бәрін бір күнде тазалап тастауға тиіс болады. Авгий қонақтармен той тойлап жатқан кезде Геракл қораға таяу жерде ағып жатқан екі өзенді бөгейді. Өзендер тасиды да, буырқана аққан су тасқыны бүкіл қиды ағызып кетеді.

Геракл алтын алмаларды әкелуге алыс сапарға аттанады. Алтын алмалар Грециядан шалғайда, екен.Ежелгі гректердің нанымы бойынша сол арада аспан жермен түйісіп, құдіретті Атлант аспан күмбезін иығымен көтеріп тұрады екен. Атлант Гараклге алмалар үзіп әпергенше, аспанды Гераклдің көтеріп тұруына тура келеді: Ауырлықтан Гераклдің аяғы тізесіне дейін жерге кіріп кетеді, Сүйектері сықырлап, өн бойынан тер ағыл – тегіл сорғалайды. Алтын алманы алып Геракл еліне аман есен оралады.



Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Гераклдің қандай зұлым күш иелерімен күресі жайлы айтылады?
2. Гераклдің бойынан қандай жақсы қасиеттерді көруге болады?

«Илиададан» үзінді
Ахилл мен Гектордың жекпе жегі
Ахилл бірінші болып Гекторға найза лақтырады, бірақ Гектор жерге жата қалады да, найза оның төбесінен ұшып өтеді. Гектордың лақтырған найзасы Ахиллдің қалқанына тиеді. Гефест соққан қалқан соққыға төтеп береді. Афина Ахиллге найза алып береді. Гектор ағасына жалынып, найза беруін өтінеді. Бірақ оған ешкім жаңа найзаны әпермейді, содан соң ол Ахиллге қылышпен тұра ұмтылады:

... беліндегі нән семсерін суырып,

Алға ұмтылды пәрменімен жүгіріп.

Қарсы алдында қорқақ қоян тұрғандай,

Тас түйін боп шүйілді ол қырандай,

Гектордың да көңілінде мол сенім,

Ол да ұмтылды бұлғап өткір семсерін,
Ахилл Гекторды найзамен өлтіреді. Ол троялықтың денесін арбасының артына байлап, мәз- мейрам болып жатқан гректердің лагеріне қарай шаба жөнелді.

Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. «Илиада мен Одиссея» поэмасы қай кезде шықты және оны кім шығарды ?
2. «Илиада» поэмасы гректердің кімдермен соғысқаны жайлы жазылған?
3. Ахилл деген кім ? Гектор кім?
4. «Ахилл өкшесі» деген сөз не мағынаны білдіреді?
5. Гомердің кейіпкерлерінің әрекеттерінен не ұнайды және не ұнамайды?

«Одиссеядан» үзінді
Гректер циклоптар аралында
Одиссейдің кемесі маңдайында жалғыз көзі бар дәулер – циклоптар тұратын аралға жүзіп келеді. Одиссей бірнеше серігімен циклоптың үңгіріне кіреді. Үңгірде ірімшіктер, айран құйған ыдыстар толып тұрады – циклоп қой және ешкі өсіреді екен.
Сол үңгірде жалғыз көзді дәу тұрады,

Қой, ешкісін бағып күнде шарқ ұрды,

Заңды білмес, елсіз өскен тағы еді,

Зұлым еді, көзі толған қан еді.

Үсті – орман, жүрісі тау көшкендей,

Түріне оның қарау қиын сескенбей.

Кешке қарай циклоп отарын үңгірге айдап кіргізеді. Үңгірдің аузын аса үлкен таспен бекітіп қояды екен. Одиссей мен жолдастары ол тасты орнынан да қозғалта алмайды. Гректерді көре салып, циклоп олардың екеуін жеп қояды. Келесі күні тағы төртеуін жейді. Одиссей дәуді жүзім шарабына тойғызады, дәу ұйқыға кеткен кезде, тірі қалған адамдар үшкір істікпен оның көзін ойып алады. Таңертең соқыр циклоп тасты аударып тастап, отарды шығара бастайды. Адамдар үңгірден шығып кетпес үшін , дәу есік алдында аңдып отырады. Сол кезде гректер Одиссейдің ақылымен үш қойдан қосақтап, әрбір үш койдың бауырына бір - бір адамнан байлайды. Сөйтіп, гректер циклопқа байқатпай кемеге мініп, осы бір сұмдық аралдан ұзап шығады. Гректер үлкен тастардан қаланған ғимараттарды, мәселен Микены ақрополінің қабырғасын циклоптар ғимараты деп атаған, өйткені мұндай құрылысты тек дәу циқлоптар салады деп ойлаған.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Одиссея поэмасында кім жайлы баяндалады?
2. Одиссей образына сипаттама бер?
3. Оның бойынан қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді байқауға болады?

Спарталық балалардың өмірі мен тәрбиесі

Әкесі жаңа туған ұлын ақсақалдарға алып келді. Егер сәбидің дені сау, шымыр болса, ақсақалдар оны әкесінің тәрбиелеуіне рұқсат етті, егер нәресте әлсіз, кемтар болса, шыңырауға тастатты.

Бала жетіге толған кезде, оны атаналарынан алып, мектепке береді. Мұнда олар ауыр жағдайда тұрып, денесін шынықтырды, ерік – жігерін шыңдады. Өздері жалаңаш қолдарымен сындырған қамыс төсеніштің үстінде ұйықтады.

Балаларды аздап оқу мен жазуға, сондай-ақ сыбызғыда ойнауға, ерлікке баулитын әндер айтуға үйретті. Қалған уақыттарының бәрінде дерлік дене жаттығуларымен айналысты, оның ішінде күрес және жұдырықтасу ұрысы үлкен орын алды. Балаларды ауруға шыдамдылықпен төзу үшін аяусыз ұрып – соқты. Мессения жеріндегі илоттарды (құлдарды) өлтіруге баулыды.

Балалар мен жас өспірімдер үлкендердің бүкіл әмірін мүлтіксіз орындауға тиіс болды. Олар қашан үлкендер рұқсат берген кезде ғана сөйлей алатын еді.

Спарталықтар қысқа әрі дәл сөйлеуге дағдыланды. Қысқа да, түсінікті сөйлеуді біз лаконикалық сөз, яғни Лаконикадағыдай сөйлеу деп атаймыз. Мәселен, спарталық әйел баласын соғысқа аттандырарда оған қалқанын тапсырып тұрып: «Қалқаныңмен кел немесе қалқаныңның үстінде кел», - деген. Спартада қалқаннан айрылу масқара іс деп саналған, ұрыс үстіде ерлікпен қаза болған жауынгердің денесін қалқанға салып әкелген. «Қалқаныңмен кел немесе қалқаныңмен үстінде кел» деген сөз қанатты сөзге айналған.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Спарталық ақсақалдар әлжуаз балалары неге өлім жазасына кескен?
2. Спартандықтар қандай адамдарды жоғары бағалаған?
3. Спартандықтар өз бойындағы қаруларын еш уақытта тастамауы неліктен?
4. Өздеріне жұмыс істеп жатқан, ешқандай кінәсі жоқ илоттарды спарталық жастар не үшін өлтірді?

Софоклдің «Антигона» трагедиясы
Ағайынды екі адам бірін – бірі жекпе – жекте өлтіреді. Олардың біреуі туған жеріне жауды ертіп келгендіктен, патша өліммен қорқытып, оны жерлеуге тыйым салады. Өлген адамның қарындасы Антигона өлімнен сескенбей, ағасын жерлейді. Қаһарланған патша қызды тірідей көрге салып, көміп тастауға әмір береді.

Бір соқыр дана адам патшаға әдет - ғұрыпты бұзғаны үшін және қаталдығы үшін жазаға душар болатынын айтады. Үрейі ұшқан патша Антигонаны босатуды ұйғарады. Бірақ қыз өліп қалады.



«Антигона» трагедиясы хорының өлеңінен

Ұлы күш көп – ақ ғаламда,

Сонда да жетпес адамға.

Алысып ақ жал толқынмен,

Дауылдың дабылын ол білген.

Тыңдаған кісі ұғынар,

Желден де жүйрік тілі бар.

Ойы бар еркін, керемет,

Игерген бәрін не керек...

Заңды да өзі жасайды,

Тамды да өзі қашайды.

Түк емес суық дауылың.

Төпеген күзгі жауының

Жауыздық болса жеңеді,

Күнін де келер көреді.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Трагедия деген не? Ол қай елде пайда болды?
2. Патша Антигонаны не үшін жазалады?
3. Трагедия қалай аяқталды?

Александрдың өмірі жөніндегі жазбалардан
ІІ Филиптің жеңістері туралы естігенде жас Александр қатты күйінеді. Ол: «Әкем бәрін де басып алып үлгірді, ал маған ұлы ерліктер мен әйгілі істер атқарарлық ештеңе қалмайтын болды», - дейді.

Гордий қаласында арбаның дөңгелегіне түйіні шатыстырылған арқан байланады да, ол «Гордий түйіні» деп аталған. Кімде – кім осы түйінді шешсе, сол кісі Азияның билеушісі болады деген қауесет тарайды. Талайлар шешуге талаптанып бағады, бірақ шеше алмайды. Александр да талаптанады, ол да сәтсіздікке ұшырайды. Сол кезде Александр түйінді қылышпен қиып түсіреді. «Гордий түйінін шауып тастау» деген мәтел содан қалған. Мұның мәнісі қаншалық шатысқан мәселе болса да, батыл шеше біл дегенді білдіреді.

Александр әскері шөл даладан өткен кезде шөлден азап шегеді. Патша үшін шамалы су тауып береді . Александр: «Бір мен үшін бұл су көптік етсе, барлық жауынгерлер үшін аздық етеді», дейді де, суды құмға төгеді.

Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр


1. Александр Македонскийге мінездеме беріңдер?
2. Оны неге патша және пайғамбар деп атады?
3. Оның қандай қасиеттері ұнайды, қандай қасиеттері ұнамайды?


Римнің іргесі қалануы туралы аңыз
Аңыз бойынша, латын қалаларының біріндегі патша өзінің немересінен туған ұлдары – Ромул мен Ремді Тибр өзеніне тастауға бұйырады. Патша бұл балалар ер жеткен соң тағын тартып алады деп қауіптенеді. Тибрдің суы тасып жатқан кез екен, ішіндегі балаларымен қоса суға лақтырылған себет бір ағаштың бұтағына ілініп қалады. Балалар аман қалады. Сәбилерді бір қасқыр емізіп асырайды, одан соң бір бақташы тауып алып, тәрбиелейді. Ағайынды балалар күшті де, батыл жауынгерлер болып өседі. Патшаға қарсы көтеріліс жасайды да, оны өлтіреді. Ромул мен Рем қала салуды ұйғарады, бірақ қаланы қай жерге салу керектігін және оны кімнің билейтіні жөнінде таласып қалады. Ромул жанжал үстінде Ремді өлтіреді. Ромул өздерін бақташы тауып алған жердің маңынан өзінің атымен аталатын Рим (латынша Рома) қаласының іргетасын салады.

Римдіктер қаланың негізі қаланған аңыздағы жыл б.э. бұрынғы 753 жылдан бастап жыл санауды жүргізеді. Римдегі Капитолий жотасына қасқырдың статуясы орнатылған, ол статуя қазір музейде сақталуда.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Аңыз бойынша Рим қаласының атауы қайдан шықты?
2. Ағайындылар не үшін таласты?
3. Аңызда шындық қайсы, ал қайсысы ойдан шығарылған деп ойлайсын?
4. Не себепті Капитолий жотасына қасқырдың статуясы орнатылған?

Мазмұны

1.Алғы сөз 1 бет

2. «Қарлы кесек ойыны 2-3 бет

3. «Ең ақылды ойыны» 4-6 бет

4. «Мүсіндер сөйлейді» ойыны 7-8 бет

5. «Ғажайып алаң» ойыны 9-10 бет

6. «Тарих дөңгелегі» ойыны 11-12 бет

7. «Өрмекші ойыны» 13-14 бет

8. «Футбол» ойыны 15-16 бет

9. «Сиқырлы сандар» ойыны 17-18 бет

10. «Брейн ринг» ойыны 19-20 бет

11. «Ұзақтығы қандай?» ойыны 21бет

12. «Аукцион» ойыны 22 бет

13. «Шешендер жарысы» ойыны 23-24 бет

14. «Интеллектуалды лабиринт» ойыны 25-26 бет

15. «Айырмашылығы неде?» ойыны 27 бет

16. «Әткеншек» ойыны 28 бет

17. «Кім айтты?» ойыны 29-30 бет

18. Викторина «Ең............ең.......» 31-32 бет

19. «Орнын тап» ойыны 33-35 бет

20. «Бұл кім» ойыны 36-38 бет

21. «Ғажайып жетілік» ойыны 39-42 бет

22. «Блиц турнир» ойыны 43-44 бет

23. Интерактивті ойын «Брейн - дром» 45-47 бет

24. Хронологиялық лото 48 бет

25. «Ғажайып мифтер әлеміне саяхат» ойыны 49-65 бет

26. Мазмұны 66 бет

27. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 67 бет



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Ежелгі дүние тарихы Д.Г. Годер, Е – Л. Черкасова А., 1976

2. Древняя Греция и Древний Рим. А.Г. Бокшанин М., 1952.

3. История древнего Востока М., 1953

4. Как это было. Изд. Ридерз Дайджест. 2003.

5. Сұрақ және жауап. А., 2008.

6. Ежелгі дүние тарихы. 6 сынып: Т. Төлебаев, Р. Құсайынова, М. Дәкенов. А., 2014



Каталог: uploads -> doc -> 031e
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
031e -> Сабақтың тақырыбы: «Кеуде алжапқышының негізгі сызбасын жасау»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет