Бюджет. 2017 жылға 96,2 млн теңге бөлініп, 100 пайызға орындалды. Салық



жүктеу 27.03 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі27.03 Kb.

АРЫҚБАЛЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Арықбалық ауылдық округінің жалпы жер көлемі 18334 гектар. Халық саны – 1641, отбасы саны – 296. Экономикалық белсенді халық саны – 967 адам.

Бюджет. 2017 жылға 96,2 млн теңге бөлініп, 100 пайызға орындалды.

Салық. Ауылдық округ бойынша есептелінген салық түрінен жер салығынан 67,7 мың теңге,  мүлік  салығынан 7,9 мың теңге, көлік салығынан 1,0 млн теңге, жеке табыс салығы 212,0 мың теңге, заңды тұлғалардың жер салығынан 830 теңге, заңды тұлғалардың көлік салығынан 10,1 мың теңге жиналып, жоспар 100 пайызға орындалды.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-өтініштер. Жыл бойы 9 адам округ әкімінің жеке қабылдауында болып, 2 заңды тұлғадан және 15 жеке тұлғадан өтініштер түсіп, барлығына заңға сәйкес жауап берілді. Округ әкімінің 160 өкімі, 22 шешімі шығарылды.

Кәсіпкерлік, жұмыспен қамту. 2017 жыл бойынша 110 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, олардан 25 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 4 адам уақытша бос жұмыс орнына, 4 жас маман жастар практикасына жіберілді. Ақылы қоғамдық жұмысқа 17 адам тартылды.

Округ көлемінде 28 шаруа қожалығы, 26 жеке кәсіпкер және 1 ЖШС-гі барлығы 55 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген.

2017 жылы 3 кәсіпкерлерлік субъектілері тіркелген. Олар мал шаруашылығымен айналысатын «Алпысбаев Рахат» шаруа қожалығы, балық шаруашылығымен айналысатын Нұрмашова Гұлнұр, музыка аспаптары бойынша халыққа қызмет ететін Ақбергенов Рауан тіркелген.

«Бастау Бизнес» жобасы арқылы 4 ауыл тұрғыны оқып бизнес жоспарын қорғап шықты және осы жоба аясында мал өсіру бағыты бойынша ауыл тұрғыны Махамбетова Индира 1,0 млн теңге несие алса, мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша Жарекен Әбілқасым 1,0 млн.теңге, Қожабай Жұбаныш 1,5 млн.теңге алып жұмыс жасауда. Сонымен қатар, жолаушылар тасмалы қызметі бойынша Жөлекеш Тұрғанкүл, «Түйе өсіру, шұбат өндіру» бизнес жоспары бойынша Әлиева Гүлбану несие алуға құжаттарын рәсімдеуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқу кәсіптік білім алу бойынша ауылдың 3 тұрғыны аспазшы, тігінші және сантехник мамандықтары бойынша білім алып шықса, 4 жас тұрғыны бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша жастар тәжірибесінен өтті.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт. 2017 жылы мектепті 17 бала бітіріп, оның 9-ы ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл - 98,0, түлектердің 9-ы мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орнына түссе, 7 бала колледж грантына түсті. №24 «Жауқазын» бөбекжай балабақшасында 90 бала тәрбиеленуде.

Ауылдық мәдениет үйінде жылдық жоспарға сәйкес түрлі іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді.

Округтегі дәрігерлік амбулаториясында 11 төсектік статционар қызмет көрсетеді.

Ауыл орталығында 2011 жылы пайдалануға берілген шағын спорт алаңы тұрақты жұмыс жасауда және 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған құны 176,0 млн теңге құрайтын спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.


Ауыл  шаруашылығы.

Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығымен 26 шаруа қожалығы айналысады. Оның 9 «Сыбаға», 3 «Құлан» бағдарламамен жұмыс атқаруда.  

  Есепті мерзімде ауыл көлемінде мүйізді ірі қара  2897, қой-3158, ешкі 2651, жылқы 942, түйе 97, құс 330 басты құрап отыр. 

Шаруа қожалықтары 3737 га шабындық жерден 200 т мал азығын даярлап, өз-өздері мал азығымен қамтамасыз етуде.



Экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес күл-қоқыс тастайтын арнайы жер бөлініп құжаттары әзірленді. Биылғы жылы барлығы 37 қаңғыбас ит жойылды.

Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:

- Ауыл ішін аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған Р-3 каналы құжаттандырылса және қазу жұмыстары жүргізіліп, сол каналдың ішіндегі тосқауылдарға тазалау жұмыстарын жүргізу;



- Жанқожа батыр ауылының ауыз су желісіне сервистік линия жүргізу;

- Ауылға берілетін электр желісінің қуаты қыс мезгілінде әлсіреп кетуін қалпына келтіру.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет