«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару»



жүктеу 356.36 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі356.36 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

26-қосымша

«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуін қайтару бойынша:

ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушіге – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 212-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, Кодексте ҚҚС бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген соңғы күн өткеннен кейін 55 (елу бес) жұмыс күні ішінде;

ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін шот-фактураларды жазып беру мен алуды электрондық нысанда ғана жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тәуекел аймағындағы салық төлеушілердің санатына жатқызылмаған салық төлеушіге – Кодекстің 212-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, Кодексте ҚҚС бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген соңғы күн өткеннен кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

қалған жағдайларда – күнтізбелік 155 (бір жүз елу бес) күн ішінде;

ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларацияны ұсынған, салықтық мониторингте кемінде қатарынан он екі ай тұрған және ҚҚС бойынша декларацияны ұсынатын күнге салықтық есептілікті ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі жоқ ҚҚС төлеушілердің ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртіппен қайтару – Кодекстің 212-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салықтық кезең үшін ҚҚС бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін Кодексте белгіленген соңғы күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

ҚҚС асып кетуі Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса қайтару – 20 (жиырма) салықтық кезең ішінде қайтаруға көрсетілген ҚҚС асып кетуінің жинақталған сомасының анықтығы расталған салықтық кезеңнен бастап тең үлестермен жүзеге асырылады.

ҚҚС қайтару бойынша:

грант қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге төленген грант алушылар, орындаушылар болып табылатын, грант алушылар деп тағайындалған көрсетілетін қызметті алушыларға –қажетті құжаттарды табыс еткен күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі – өкілдік) және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару кезінде:

1) мыналар:

ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;

салық төлеушінің басқа да салық, төлемақы, алым түрлері бойынша;

салық төлеушінің ҚҚС, салық және төлемақының басқа түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің басқа да салық, төлемақы, алым түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кеткен сомасын есепке жатқызу;

2) ҚҚС асып кеткен сомасын салық берешегі болмаған жағдайда салықтардың, төлемақылардың басқа да түрлері бойынша (талап бойынша) алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу;

3) салық берешегі болмаған кезде қалған ҚҚС асып кеткен сомасын салық төлеушінің банк шотына қайтару;

грант есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген ҚҚС қайтару кезінде:

1) мыналар:

ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;

салық төлеушінің басқа да салық, төлемақы, алым түрлері бойынша;

салық төлеушінің ҚҚС, салық және төлемақының басқа түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің басқа да салық, төлемақы, алым түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кеткен сомасын есепке жатқызу (қайтару);

2) ҚҚС сомасын салық берешегі болмаған жағдайда салықтардың, төлемақылардың түрлері бойынша (талап бойынша) алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу (қайтару);

3) грант алушыға немесе орындаушыға есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына қайтаруға жататын қалған ҚҚС сомасын қайтару;

өкілдіктерге және (немесе) өкілдіктің персоналына ҚҚС қайтару кезінде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашылған өкілдіктердің және (немесе) өкілдіктер персоналының тиісті шоттарына ҚҚС қайтару;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

2) портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Мынадай жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге (келу тәртібімен немесе пошта арқылы):

1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге төленген ҚҚС қайтару үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – салық кезеңі үшін белгіленген нысандағы ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап.

Қосымша:


нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (осындай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келiсiмшарт);

2) осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;

3) экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарлар:

магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы;

мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып;

уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып әкетілген кезде кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларацияның көшiрмесi;

4) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;

5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда – оның құнын растауы;

6) тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының бақылау-өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмелері;

кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңдеу өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) соған сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімін экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізiлетiн тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;

2) кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып ресiмделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;

3) кедендік аумақта қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарларды шет мемлекеттің аумағына әкелу кезiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған шет мемлекеттің кеден органы куәландырған тауарларға арналған декларацияның көшiрмесi;

4) соған сәйкес шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды экспорттау бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе заттар түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);

2) аумағына тауарлар импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, жанама салықтарды төлеу және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда);

3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

Тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы экспорттаған жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;

4) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады;

Кодекстің 393-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау үшін салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

2) солардың негізінде қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);

3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;

4) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикiзатының әкетілуін растайтын тауарларға iлеспе құжаттардың көшірмелері.

Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы әкеткен жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;

5) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (аумағына қайта өңдеу өнімдері импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу (төлеуден босату немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);

6) қайта өңдеу өнімдерінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкетілуін растайтын тауарларға iлеспе құжаттардың көшірмелері.

Егер қайта өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе – осындай қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттардың негізінде.

Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы әкеткен жағдайда, тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;

7) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.

Қайта өңдеу өнімдерін сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспорттаған жағдайда қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);


2) солардың негізінде қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);

3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;

4) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарларға iлеспе құжаттардың көшірмелері.

Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы әкеткен жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;

5) қайта өңдеу өнімдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс жерлерге әкетілуін растайтын тауарларға iлеспе құжаттардың көшірмелері.

Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы әкеткен жағдайда, тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;

6) тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар, сондай-ақ осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларациялар;

7) мынадай жағдайларда:

тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы экспорттың кедендік рәсімінде әкету;

кезең-кезеңмен декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету;

уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорттың кедендiк рәсiмiнде әкету кезiнде кедендiк декларациялауды жүргiзген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттiң кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларация;

8) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде ол бойынша кеден органдарынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы хабарлама болатын, сондай-ақ тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларациялар. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация бар болған кезде осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

9) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.

Қайта өңдеу өнімдерін сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспорттаған жағдайда қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың аумағындағы халықаралық тасымал бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) экспорттау жағдайында – тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiштiң көшiрмесi;

2) импорттау жағдайында – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiштiң көшiрмесi;

3) орындалған жұмыстардың актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдап алу-тапсыру актiлерi;

4) шот-фактуралар;

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше сол мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);

2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;

3) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);

4) қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);

5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда).

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда осы тармақшада көрсетілген өтініш не өтініштер тізбесі ұсынылмайды;

6) Кодекстің 152-бабының 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;

7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы.

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге, дайын өнімді беруге арналған шарттарды (келісімшарттарды);

2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;

3) алыс-беріс шикізатын және дайын өнімді қабылдап алу-тапсыру актілерін;

4) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені);

5) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);

6) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті;

7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын;

8) осы Кодекстің 152-бабының 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттарды (келісімшарттарды);

2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;

3) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені);

4) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);

5) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде ресімделген тауарларға арналған декларацияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органы растаған көшірмесін;

6) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі, сондай-ақ тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылатын тауарларға арналған декларацияны ұсынады. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген құжатты ұсыну талап етілмейді;

7) осы Кодекстің 152-бабының 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды;

8) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын ұсынады.

Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің атауы, сыныптамасы, олардың саны және құны;

2) қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;

3) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары;

4) қайта өңдеу сипаттамасы;

5) қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізуі бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;

3) аффинирленген алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін Халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

жүктерді тасымалдау кезінде:

халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;

халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;

әуе көлігімен – жүкке арналған жүкқұжат (әуе жүкқұжаты);

теңіз көлігімен – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;

көліктің екі немесе одан көп түрімен транзитпен (аралас тасымал) – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);

магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы:

есеп айырысу кезеңi iшiндегі экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі не есеп айырысу кезеңi iшiндегі кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация;

орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-тапсыру актiлерi;

жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау кезінде:

автомобиль көлігімен:

тұрақты тасымалдар кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;

тұрақты емес тасымалдар кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтерін көрсету туралы шарт;

теміржол көлігімен:

Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;

Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;

теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдары үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость пен жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;

әуе көлігімен:

бас декларация;

жолаушы манифесі;

карго-манифест;

лоджит (орталық-тиеу кестесі);

жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті және багаж квитанциясы);

халықаралық қатынаста жолаушылар поездарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет кезінде:

жолаушылар поезының заттай парағы.

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;

тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде – шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).

2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар шетелдік әуе кемесіне жанармай құюға арналған шығыс ордері немесе талап;

3) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;

4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және уәкiлеттi орган азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша бекiткен нысан бойынша және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындысы;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі – АЭА) құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері (талап етілмейді егер тауарларға арналған декларация электронды түрде табыс етңлсе);

3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін (бұдан әрі – Объектілер) салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тауарлар тізбесі бойынша «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында Кодекстің 390-бабының 1-тармағына сәйкес:

1) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында көрсетілген объектілер салуды жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрі – Ұйымдар) тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

3) ұйымдарға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

4) ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және (немесе) тұлғалармен (бұдан әрі – Субъектілер) тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

3) субъектілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

4) субъектілермен тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге өз өндiрiсiнің тауарларын өткізу бойынша айналым бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарт;

2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

Кодекстің 393-бабының 2-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

2) құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісі;


3) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдап алу-тапсыру актісі.

Кодекстің 393-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады:

1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

2) солардың негізінде қайта өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);

3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;

4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;

5) аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісіне – оларды сатып алушыға қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар;

6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ашылған, Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына өткізілген қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;

7) Кодекстің 449-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы;

грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген ҚҚС қайтару кезінде:

1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекеттің үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін Кодекстің 435-бабының 4-тармағына сәйкес;

2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушімен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;

3) ҚҚС қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінген кезде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;

4) тауарлардың тиеп жөнелтілгенін, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін және осы тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің алынғанын растайтын құжаттарды;

5) қосылған құн салығының сомасын жеке жолмен бөліп көрсете отырып, ҚҚС төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген шот-фактураны;

6) жүкқұжатты, тауар-көлік жүкқұжатын;

7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;

8) орындалған және грант алушы немесе орындаушы қабылдаған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгіленген тәртіппен ресімделген актілерін;

9) алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төленгенін, оның ішінде ҚҚС төленгенін растайтын құжаттар;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына ҚҚС қайтару кезінде:

1) жиынтық ведомосі (тізілім);

2) ҚҚС төленгенін растайтын құжаттар (Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар көшірмелері).

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген салық органы жүргізетін салықтық тексеру барысында көрсетілетін қызметті алушы табыс ететін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген ҚҚС жөніндегі декларация табыс етілген салық кезеңі үшін, сондай-ақ ҚҚС бойынша салықтық тексерулер жүргізілмеген, бірақ талап ету мерзімінен аспайтын алдыңғы салық кезеңдері үшін қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша табыс етеді.

Көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген белгімен талон беріледі.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды;

порталға;

ҚҚС асып кетуін қайтару үшін жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған салық кезеңі үшін белгіленген нысандағы ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап.

Портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС АЖ арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұраудың қабылданғаны туралы мәлімет жіберіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

10. Егер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін шағын бизнес субъектілері, шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушы жүгінсе;

2) көрсетілетін қызметті алушыларға Кодекстің 411 бабының ережелерін қолданған салықтық кезеңге:

ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндірушілер;

ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – заңды тұлғалар:

ауыл шаруашылығы кооперативтері мына айналымдар бойынша:

өз өндірісінің, сондай-ақ осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өткізу;

өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін қайта өңдеу нәтижесінде алынған, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өнімді өткізу;

агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша осындай кооператив мүшелеріне осы тармақшада көрсетілген айналымдарды олардың жүзеге асыруы мақсатында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі айналымдар Кодекстің 411-бабының 1-тармағы 3-тармақшасына сәйкес;

3) салықтық тексеру аяқталған күнге:

өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге берілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған;

тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша «Пирамида» талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;

қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған;

қарсы тексеру жүргізудің мүмкін болмауына байланысты, оның ішінде:

өнім берушінің тұрған жері бойынша болмауы;

өнім берушінің есепке алу құжаттамаларының жоғалуы себебінен қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

Бұл ретте осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші бөлігінің ережелері мынадай:

қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Кодекстің 152-бабының


12-тармағына сәйкес;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезеңнің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген салықтық жүктеменің орташа коэффициенті кемінде 20 пайыз болатын тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері «Пирамида» талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды.

Салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын қайтармау негiздерi көрсетiледi.
3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағымдар жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

1) жеке тұлға үшін – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны;

2) заңды тұлға үшін – оның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі (бар болған жағдайда) және кіріс құжатының күні көрсетiледi.

Өтiнiш көрсетілетін қызметті алушының өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкiлi қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы өтінішті жеке, ұжымдық түрде, сонымен қатар бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс нысанындада қарайды.

Бейнеөтінішті қабылдау келу арқылы көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалдарында жүргізіледі.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:

көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді жүргізеді;

«Бейне өтініш берген азаматтарды тіркеу» журналына өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін енгізеді;

бейнеөтініш берудің негізгі қағидаларын түсіндіреді;

өтініш берушіні бейнеөтініш беру бөлмесіне шығарып салады.

Көрсетілетін қызметті берушімен бейнеөтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдер қабылданады. Шешімдер өтініш берушінің пошталық мекенжайына жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші жауапты көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған электрондық мекен-жайына «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың электрондық бірыңғай пошталық жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.

Бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс арқылы өтінішті беру және қарау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13206 болып тіркелді) сәйкес жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25 бабымен қарастырылған тәртіпке сәйкес қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де

талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

16. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша











Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет