"Бюроның жайы" Бюроның ресми мақсаттары үшін қолданылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөліктері



жүктеу 76.24 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі76.24 Kb.

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша халықаралық бюроны құру және оның қызметі жөнінде келісімге

1-қосымша

20—жылғы -- -----

Бюро, Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің кепілдіктері, артықшылықтары және иммунитеттері туралы ереже


I. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдардың төмендегідей мән-мағынасы бар:

"орналасу елі" – аумағында Бюро орналасатын Келісімнің Тарабы,

"Бюроның жайы" – Бюроның ресми мақсаттары үшін қолданылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөліктері;

"әлеуметтік сақтандыру" – уақытша еңбек етуге қабілетсіздік және аналық жағдайында міндетті сақтандыру, өндірісте және кәсіптік ауруларға шалдығуға байланысты сәтсіз жағдайларда міндетті сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру;

"Бюроның мүлігі” – Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша халықаралық бюроны құру және оның қызметі жөнінде келісімде қарастырылған шамада Бюроның сатып алынған (құрылған) және иелігіндегі, қолданыстағы және бақылауындағы Бюроның функцияларын орындауға қажетті барлық мүлік, соның ішінде ақшалай қаражат және басқа активтер;

"отбасы мүшелері" – жолдас (жұбай), кәмелет жасқа толмаған балалар және Бюро Төрағасымен және Бюро қызметкерлерімен бірге орналасу елінде әрқашан тұратын асыраудағы тұлғалар.

2. Бюро Төрағасы және Бюро қызметкерлері халықаралық қызметкерлер болып табылады. Өз өкілеттіктерін орындағанда олар мемлекеттік билік органдарынан немесе қатысушы-мемлекеттердің Тараптарының ресми тұлғаларынан, сондай-ақ үшінші мемлекеттердің өкіметтерінен және басқа тұлғалар мен ұйымдардан нұсқауларды сұрауға немесе алуға тиісті емес. Олар халықаралық қызметкерлер мәртебесіне қайшы келетін қандай да бір әрекеттерден бас тартуы тиіс.

3. Әр Тарап Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің өкілеттіктерінің халықаралық сипатын мүлтіксіз құрметтеу және лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындағанда оларға қысым жасамау тиіс.

4. Осы Ережеге сәйкес артықшылықтарды және иммунитеттерді пайдаланатын барлық тұлғалар өздерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне зақым келтірмей, орналасу елдің заңнамасын құрметтеу тиіс. Сонымен қатар олар осы елдің ішкі істеріне араласпауы тиіс.
II. Бюроның артықшылықтары және иммунитеттері
5. Бюро өз тарапынан иммунитеттен бас тартқан жағдайдан басқа, Бюро және оның мүлігі әкімшілік немесе сот араласудың кез-келген нысанынан иммунитетті пайдаланады.

6. Бюроның жайлары, сонымен қатар оның мұрағаттары және құжаттары, соның ішінде қызметтік корреспонденция, орналасу орнына қарамастан, тінтуге, реквизицияға, тәркілеуге немесе Бюроның қалыпты қызметіне кедергі жасайтын басқа араласу нысанына жатпайды.

7. Өртену немесе кідіріссіз қорғау шараларын талап ететін басқа жағдайлардан басқа, орналасу елдің сәйкес мемлекеттік билік және басқару органдарының өкілдері Бюроның жайларына кіре алмайды, бұл тек Бюро Төрағасының немесе оның орынбасарының келісімімен мүмкін бола алады.

8. Бюро органдарының жайлары кез-келген Тараптың заңдарына сәйкес қуғынға ұшыраған немесе Тарапқа немесе үшінші мемлекетке тапсыруға жататын тұлғалар үшін баспана ретінде қолданыла алмайды.

9. Бюро жайларының дербес құқықтылылығы оларды Бюроның функцияларына немесе мақсаттарына сәйкес келмейтін немесе осы Келісімнің қатысушы-мемлекеттерінің жеке немесе заңды тұлғаларының қауіпсіздігіне, заңды мүдделеріне зақым келтіретін мақсаттарда қолдануға құқық бермейді.

10. Осы Ереженің 24- және 25-тармақтарына сәйкес белгілі бір қызмет көрсету (қызметтер) және төлемдер үшін жасалынатын төлемдерден басқа, Бюро орналасу елінде өндірілетін салықтардан, алымдардан, баждардан және басқа төлемдерден босатылады.

11. Бюроның ресми қолдануына арналған заттар және басқа мүлік Тараптардың аумақтарында кеден баж, салық және кеден алымдарды салудан босатылады.

12. Бюро тиісті әділ соттылықты жүргізу және құқық қорғау органдарының ұйғарымдарын орындау, сондай-ақ осы Ережеде қарастырылған артықшылықтар мен иммунитеттерге байланысты қандай да бір теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында Тараптардың сәйкес мемлекеттік билік және басқару органдарымен ынтымақтасады.

III. Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің артықшылықтары және иммунитеттері
13. Бюро Төрағасы және онымен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер олар орналасу елдің азаматтары болмаса, дипломатиялық агент және оның отбасы мүшелеріне арналған 1961 жылғы 18 сәуірдегі дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында орнатылған мөлшерде артықшылықтарды және иммунитеттерді пайдаланады.

Егер Бюро Төрағасының отбасы мүшелері орналасу елдің аумағында еңбек қызметін атқарса, олар осы Ереженің осы бөлімінде аталған артықшылықтар мен иммунитеттерді мұндай еңбек қызметке қатысты пайдаланылмайды.

14. Бюро Төрағасы және Бюро қызметкерлері:


  1. олардың иелігіндегі немесе олармен жүргізілген көлік құралымен жасалған жол-көлік оқиғасына байланысты зақымды өтеу жөнінде талапты тапсыру жағдайынан басқа, өздерінің өкілеттіктерін орындау барысында айтылған немесе жазылған және жасалған барлық әрекеттері үшін қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауапкершілікке жатпайды;

  2. еңбек ақысына және Бюромен жүзеге асырылатын басқа төлемдерге салық салудан босатылады;

  3. мемлекеттік міндеткерліктен босатылады;

  4. орналасу еліне кіру және шығу шектеулерінен, шетел азаматы ретінде тіркеуден және уақытша тұруға рұқсатты алудан босатылады;

  5. дипломатиялық өкілдер халықаралық дағдарыстар кезінде қолданатын дәл сондай репатриация бойынша жеңілдіктерді пайдаланады.

15. Егер Бюро төрағасы және Бюро қызметкерлері орналасу елдің азаматтары болса, осы Ереженің 14-тармағының 2-, 4- және 5-тармақшыларының әрекеті оларға қатысты қолданылмайды.

16. Егер олар орналасу елдің азаматтары болмса және (немесе) оның аумағында тұрмаса, бірге тұратын Бюро қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне қатысты осы Ереженің 14-тармағының 4-, 5-тармақшаларының әрекеті қолданылады.

17. Егер иммунитет әділ соттылықты орындауға кедергі жасайтын болса және иммунитетті шешу берілген мақсаттарға зақым келтірмесе, мұндай жағдайда Бюро Төрағасы немесе Бюро қызметкері иммунитеттен айырылады.

18. Бюро Төрағасына, Бюро Төрағасының бірінші орынбасарына және Бюро Төрағасының орынбасарына қатысты иммунитетті шешу Басқарушы кеңеспен орындалады. Бюро қызметкеріне қатысты иммунитетті шешу Бюро Төрағасымен орындалады.

19. Ғылыми, шығармашылық және мұғалімдік қызметтен басқа, Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің жеке пайдасына немесе басқа тұлғалардың пайдасына кәсіптік және басқа қызметпен айналысуға құқылары жоқ.

Ғылыми, шығармашылық немесе мұғалімдік қызметтен түскен табыс халықаралық келісім-шарттарға және орналасу елдің заңнамасына сәйкес салық салуға жатады.

20. Бюро Төрағасы және Бюро қызметкерлері, сонымен қатар олардың отбасы мүшелері орналасу елдің кез-келген көлік құралын қолданумен байланысты үшінші тұлғаларға тигізетін зақымнан сақтандыру жөнінде заңнаманы сақтау тиіс.

21. Бюро Төрағасын және Бюро қызметкерлерін аккредиттеу сұрақтары Бюроның орналасу елдің аумағында болу шарттары жөнінде халықаралық келісім-шартпен реттеледі.

22. Бюро Төрағасы немесе Бюро қызметкерлері ретінде жасалған барлық әрекеттері және функцияларының шамасында барлық айтылған немесе жазылған мәліметтерге қатысты Бюро Төрағасының немесе Бюро қызметкерлерінің әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құзыретінен иммунитеттері өкілеттіктері аяқталғаннан кейін сақталады.
IV. Бюро ішінде еңбек қарыс-қатынастары және әлеуметтік кепілдіктер
23. Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің еңбек қарым-қатынастары Бюроның ішкі ережелерін есепке алып, орналасу елдің заңнамасымен реттеледі.

24. Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің зейнетақы аударымдары олар азаматтар болып табылатын Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюро Төрағасын және Бюро қызметкерлерін зейнетақы қамсыздандыруға міндетті аударымдар Бюромен және/немесе тағайындалған тұлғалармен олар азаматтар болып табылатын Тараптың зейнетақы қорларына немесе мемлекеттік бюджетіне олар азаматтар болып табылатын Тараптың заңнамасымен орнатылған тәртіпке және мөлшерлерге сәйкес жүзеге асырылады.

Бюро Төрағасына және Бюро қызметкерлеріне Бюрода жұмыс істеу мерзімдері зейнетақыны орнату үшін сақтандыру (еңбек) өтіліне есептелінеді.

Жұмыс мерзімі ішінде алынған Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің еңбекақысы олар азаматтар болып табылатын қатысушы-мемлекеттің заңнамасымен орнатылған жағдайда және тәртіпке сәйкес зейнетақы мөлшерін орнату кезінде есепке алынады.

25. Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің әлеуметтік сақтандыруы (зейнетақы сақтандырудан басқа) орналасу елдің азаматтарына қатысты шарттарға және тәртіпке сәйкес орналасу елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің пайдасына төлемдерден әлеуметтік сақтандыруға (зейнетақы сақтандырудан басқа) әлеуметтік жарналар Бюро бюджетінің есебінен орналасу елдің заңнамасымен орнатылған тәртіпте жүзеге асырылады.

26. Сақтандыру (еңбек) өтіліне әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақыларды орнатқанда орналасу елдің заңнамасына сәйкес Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің жұмыс мерзімі есепке алынады.

27. Өз өкілеттіктерін орындау мерзімі ішінде Бюро Төрағасына және Бюро қызметкерлеріне 30 күнтізбелік күнге тең жыл сайынғы төленетін демалыс беріледі.

28. Өз өкілеттіктерін орындау мерзімі ішінде Бюро Төрағасына, Бюро Төрағасының бірінші орынбасарына және Бюро Төрағасының орынбасарына Бюро бюджетінің есебінен көлік қызметін көрсету беріледі.

29. Бюро Төрағасының және Бюро қызметкерлерінің жұмыс мерзімі мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) қызметті өту мерзімі ішінде әлеуметтік кепілдіктерді орнату және мемлекеттік қызметкерлердің (федералдық мемлекеттік азаматтық қызметкерлердің) қызмет еткен жылдары үшін берілетін зейнетақыны анықтау үшін олар азаматтар болып табылатын Тараптың мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) қызметінің өтіліне қосылады.

30. Еңбек даулары жағдайында Бюро орналасу елдің соттарының құзыретін таниды.

31. Бюро Төрағасына және Бюро қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету Бюро бюджетінің есебінен сақтандыру ұйымымен еркін медициналық сақтандыру келісім-шартының негізінде медициналық мекемесімен жүзеге асырылады.

32. Лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындау мерзімі ішінде Бюроның орналасу елінің азаматтары болып табылмайтын Бюро Төрағасына және Бюро қызметкерлеріне Бюро бюджетінің есебінен қызметтік тұрғын үй жайлары беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет