Cабақтың тақырыбы: «Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны,жазба әдебиетінің негізін салушы»



жүктеу 61.89 Kb.
Дата25.09.2017
өлшемі61.89 Kb.
түріСабақ

Cабақтың тақырыбы: «Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны,жазба әдебиетінің негізін салушы»
Сабақтың мақсаты: : ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, орыс жазушыларымен рухани үндестігін үлгі-өнеге ету.
А) Білімділік: Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенті Абай өмірімен таныстыру,білім мен ғылымға баулып,жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып, ажырата білуге үйрету. Олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал ету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың Абай шығармаларымен жұмыс істеу арқылы өлеңге, әнге, өнерге деген әуестігін дамыту. :күнделікті сабақта алған білімін өмірмен,тәрбиемен ұштастыру, олардың білімге, өмірге деген қызығушылығын ,үйренушілігін арттыру.

б) Тәрбиелік: Оқушыларды тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ ,сұрақ-жауап, аралас сабақ ,өткен сабаққа шолу жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың, әкесінің , орыс жазушыларының суреті, табиғаттың барлық кезеңіне арналған слайдтар
Сабақтың типі: білім,іскерлік дағдыны жетілдіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

( Сабақтың мақсаты, жүрісі түсіндіріледі)



II.Кіріспе әңгіме. Сұрақ – жауап арқылы. Ассоциация (слайд)
1.Абай кім? Оның қандай әндерін білесіңдер?

2.Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?

3.Абайдың қара сөздерін атаңдар?

4.Абайдың аналарының аты кім еді?

5.Абай орыс классиктерінен кімді аударды,оқыды? (А.Пушкин,М.Лермонтов,Л. Толстой, Салтыков - Щедрин).

6.Абай насихаттаған бес асыл істі және бес дұшпанды ата?(Талап,еңбек, терең ой,қанағат, рахым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз.Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек бекер мал шашпақ.)

7.Абай қандай нәрселерден қашуды ,үйренуді үлгі етеді.

8.Абай қара сөзінде қазақтың қандай мақалдарын сынға алған. («Қалауын тапсаң ,қар жауар».«Атың шықпаса жер өрте».«Жарлы болсаң,арлы болма».)

9.Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін ата?
. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Слайд түрі
Ыбрай Алтынсариннің өмірі және сол кезең..
Өздік жұмыс: Абай атамыз жайлы өлең, жырларды іздеп жаттап келу.
Үй тапсырмасын қорыту.
Сұрақ-жауап алу.

ІІІ. Кіріспе әңгіме. Сұрақ – жауап арқылы. Ассоциация (слайд)

1.Абай кім? Оның қандай әндерін білесіңдер?

2.Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?

3.Абайдың қара сөздерін атаңдар?

4.Абайдың аналарының аты кім еді?

5.Абай орыс классиктерінен кімді аударды,оқыды? (А.Пушкин,М.Лермонтов,Л. Толстой, Салтыков - Щедрин).

6.Абай насихаттаған бес асыл істі және бес дұшпанды ата?(Талап,еңбек, терең ой,қанағат, рахым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз.Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек бекер мал шашпақ.)
7.Абай қандай нәрселерден қашуды ,үйренуді үлгі етеді.

8.Абай қара сөзінде қазақтың қандай мақалдарын сынға алған. («Қалауын тапсаң ,қар жауар».«Атың шықпаса жер өрте».«Жарлы болсаң,арлы болма».)

9.Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін ата?
V.Абайдың қара сөздеріне тоқталу: Отыз сегізінші сөзі."Қара сөз "деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді.Абайдың қара сөздерінің бірі: 38 сөзі.Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Содан аулақ болу керек.Әуелгісі -надандық, екіншісі- еріншектік , үшіншісі - залымдық .

Абайдың қара сөзін мәнерлеп оқу. Мәтіннің мазмұнына сай тақырып қою.



-Ал,балалар ,осы Абайдың қара сөздерінен не түсіндіңдер, өздеріңе қандай үлгі тәрбие алдыңдар?
IV. Жаңа сабаққа кіріспе..Ал енді бүгінгі жаңа сабақ түрі Абай Құнанбаев . Балаларға Абай туралы толық слайд арқылы мәлімет беру.
   Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.Құнанбай 4 әйел алған адам.

Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді,

екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан,

үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады.

Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан.

Кәрі әжесі Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Абай орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Гертсен, Чернышевский, Салтыков-щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тәрбие алды.



Абай 3 әйел алған.

  1. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан;

  2. екінші әйелі Әйгерімнен Турағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген

3. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
IV.Автор портретіне назар аудару.

  1. Балалар , Абай Құнанбаев кім?

  2. Үстел үстінде : Ақын , аудармашы, жазушы, педагог деп жазулы парақшалар , ал слайдта Абай деп жазулы .( Балалармен бірге толтыру)

Сөздікпен жұмыс

Бас ақын – великий поэт

Сөз өнерінің өкілі - представитель искусства слова

әлемдік деңгей мировой уровень

қарасөз - назидания

тәлім тәрбиелік мәні - воспитательное значение


V.Абайдың қара сөздеріне тоқталу: Он жетінші сөзі. ."Қара сөз "деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді.Абайдың қара сөздерінің бірі: 38 сөзі.Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Содан аулақ болу керек.Әуелгісі -надандық, екіншісі- еріншектік , үшіншісі - залымдық .

Абайдың қара сөзін мәнерлеп оқу. Мәтіннің мазмұнына сай тақырып қою.

-Ал,балалар ,осы Абайдың қара сөздерінен не түсіндіңдер, өздеріңе қандай үлгі тәрбие алдыңдар?

Балалар жауап береді: жалқау болмауға, сабақты жақсы оқуға, ақылды болу, әділетті болу, мақтаншақ болмау.

VI. Абайдың табиғат , махаббат лирикасына шолу жасау.Топтастыру әдісі. Әңгімелеу.Слайд ретінде көрсету. Тақтада Ыбырай мен Абайдың салыстырмалы түрде көрсету.
Венн диаграммасы бойынша Ыбырай пен Абайды салыстыру.
VII.Мәтінмен және Абайдың қара сөздерін оқыта отыра оқушылармен сұрақ – жауап арқылы сөйлесу.

1.Абай кім?

2. Абайдың өлеңдері неше түрге бөлінеді?

3.Қандай өлеңдерін білесіңдер?


VIII.Оқушылардың тілдерін дамыту, сабақта сөйлете білу.Абай әр жыл мезгіліне өлеңдер жазған .Суреттер бойынша оқушылардың ой-өрісін, ынтасын дамыта отырып сөз қорын байыту.

Үйге тапсырма

1.Абай білім-ғылымды қалай бағалаған?

2.Бір өлеңін жаттап келу

3.Мәтінді мазмұндау

4.Оқушыларды бағалау

Бағалау
Сабақтың insert стратегиясы бойынша бекіту. Осы тақырып бойынша не білетін еді, нені үйренді, білді, не жөнінде білгісі келеді.


Білемін

Білдім (мен үшін жаңа ақпарат)

Білгім келеді.

Абай өлеңдерін, өмірін шығармаларын

Абайдың өмірі жайлы білдім.

Абай туралы әліде білгім келеді




Сабақты бекіту:
Н. Назарбаевтың сөзімен бекіту « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»- деген еді.

Ал Мұхтар Әуезов « Мен Абай тереңімен шөміштеп қана іштім » десе,



« Даналықты іздесең», Абайды оқы ерінбе деген сөз және бар. Демек білім кәрімен сусындағың келсе Абайды оқы, жас ұрпақ!

Біз тізерлеп жүріп күн кешкен халықпыз, әркімге жәутеңдеп бас иген де халықпыз. Енді біз тікемізден тік тұрдық, біздің тіземіз бүгілмеу үшін біз білімді болуымыз керек. Көк аспанда қыран құсындай қалықтауымыз керек.
Каталог: uploads -> doc -> 0c2f
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0c2f -> Қош бол бастауыш
0c2f -> Сабақ Тақырыбы: «Біратомды спирттер. Құрамы, құрылысы, қасиеттері»
0c2f -> Сабақ жоспары Сыныбы- 7 (жетінші) Пәні: Физика Мерзімі: 28. 01. 2016 ж


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет