Cабақтың тақырыбы; Табиғаттың керемет мезгілдері. Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 49.76 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі49.76 Kb.
түріСабақ

Cабақтың тақырыбы; Табиғаттың керемет мезгілдері.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Жыл мезгілдері және олардың ерекшеліктері туралы түсініктерін, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық; Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, танымдық моторикасын дамыту.

3.Тәрбиелік; Жыл мезгілдерін ажырата білуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Өтетін орны: Жұмсақ жиһаз бөлмесі.

Көрнекіліктер; әр жыл мезгіліне жасалған ағаштар,пенопластан жасалған аққала,қолдан жасалған жасанды қар, жасанды гүлдер, жеміс-жидектер,түрлі түсті жапырақтар, суреттер, әр түрлі дыбыстар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды психологиялық түрде ашық сабаққа дайындау.

-Тәрбиеші оқушыларды ұйымдастырып бөлмеге кіреді.



Жаңа сабаққа кіріспе;

-Балалар өздерің көріп тұрғандай бұл жер қоғамдық орын, яғни көпшілік орын. Сол себепті өзімді тәртіпті, әдепті, мәдениетті ұстауымыз керек. Біз бұл жерге келген себебіміз, бүгін біз ерекше елге саяхатқа шықпақшымыз.

-Яғни бүгін біз жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз.

Жаңа сабақ:

-Балалар, жыл мезгілінде төрт мезгіл бар. Қыс, көктем, жаз, күз. Яғни біздер осы төрт мезгілге саяхаттап, қыдырып келеміз. Қыстың күні күн салқын, қар жауады. Жылы киініп жүреміз.

Ал көктемде күн жылынып, жаңбырлы болады.

Көктемнен кейін жадыраған жаз мезгілі келеді. Күн ыстық, демалысқа шығып, қауызға шомыламыз.

Жаздан кейін күн салқындап күз мезгілі келеді, Жапырақтар сарғайып жүрге түседі. Жеміс-жидектер піседі. Енді балалар біз осы әр мезгілге саяхаттап қайтайық.

-Көзімізді жұмайық. Қыс мезгілінің дыбысы шығады.

-Көзімізді ашамыз. Үнтаспадан боранның дауысы естіледі. Мұздау. Дрррр, дррр.

-Балалар, күн қандай суық!

-Қандай мезгілге келдік деп ойлайсындар?

-Иә, дұрыс айтайсыңдар.

-Ал қыста қандай құбылыстар болады?

-Айнала қандай түске боялады?

-Ақ.

Ауа райы суық, аяз болады, қар жауады. Қыста жылы киіну керек.



-Естеріңе түсіріңіздерші, қыста қандай ойын ойнайсыңдар?

-Қар атысып, шана, шаңғы тебеміз.

-Қар атыспақ демекші, қәне жердегі қардан қар атысып ойнайықшы.

-Абайлаймыз бір-біріңе қатты тиіп кетпесін.

-Жақсы бір сергіп алдық.

-Балалар қардан тағы не жасауға болады?

-Аққала.

-Олай болса, бәріміз ұйымдасқан түрде аққала құрастырып жіберейікші.

Аққала пішіндерінен аққала құрастыру.

Жан-жақты талдау (пішіні,түрі,түсі т.б)

-Адам мүшесіне ұқсастыра өмірмен байланыстыру. Қыс мезгілін сұрақ-жауап арқылы қорыту. Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

-Көзімізді жұмайық. Құстар дыбысын тыңдау.

-Көзімізді ашамыз.

-Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

-Көктем.

-Айнала қандай түске боялады?

-Жасыл.

-Көктемде қандай құбылыстар болады?



Иә, өздерің көріп тұрғандай күн жылынады, жер көгеріп, алғашқы гүлдер гүлдеп шығады, ағаштар гүлдейді. Құстар ұшып келеді, қыстық киімдерімізді шешіп, көктемдік жеңіл киім кие бастаймыз. Көктемде даладан кіргің келмейді. Олай болса, балалар қараңдаршы, мына әдемі гүлдерді жерден теріп алайық. Ұлдар ақ гүлдерді,қыздар қызыл гүлдерді абайлап теріп шығайық.

Есте сақтадық па?

Көктем мезгілінде алғашқы гүлдейтін гүлдер:бәйшешек пен қызғалдақ.

бәйшешек гүлінің түсі ақ, ал қызғалдақ гүлінің түсі қызыл болады екен.

-Балалар, көктем мезгіліндегі қандай мерекелерді білесіңдер?

-Наурыз мейрамы, Аналар мерекесі, Жеңіс күні, Бірлік күні.

-Иә дұрыс. Былтыр біздер аналарымызға арнап әдемі кеш өткіздік.

Көктем мезгілін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

Саяхатымызды ары қарай жалғастыру.

-Көзімізді жұмайық. Құстар дыбысын тыңдау

-Көзімізді ашамыз.

-Балалар,көктем мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

-Иә, дұрыс айтасыңдар.

-Жаз.


-Яғни біздің ең сүйікті мезгіліміз жаз екен.

-Ал жазда қандай құбылыстар болады?

-Иә, күн ыстық болады, нағыз жеміс-жидектердің, көкөністердің пісетін уақыты.

-Ал сендер жазда калай демаласыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар қауызға шомылады екенбіз.

(қауіпсіздік ережесін есте сақтау)

Енді балалар "Сергіту жаттығуын" жасап жіберейік.

Енді бау-бақшаға серуендеп қайтайықшы.

-Ой, балалар, қараңдаршы мыналарды кім шашып кетті екен?

-Қане, екі себетті алып, барлығың ұйымдасқан түрде жемістер мен көкөністерді жинап шығайық. Жинаған жемістер мен көкөністерге сипаттама береді. (Атауы, пішіні, түрі,түсі, иісі, дәмі.)

Сұрақ-жауап арқылы қорыту. Саяхатымызды жалғастырамыз.

-Көзімізді жұмайық. Жапырақтың дыбысын тыңдау.

-Көзімізді ашамыз.

-Балалар, жаз мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

-Иә дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі.

-Ал күзде қандай құбылыстар болады?

-Айнала қандай түске боялады?

-Сары.


Күн салқындайды, ауа-райы жаңбырлы болады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі.

-Балалар жапырақтар жерге түсіп шашылып жатыр екен.Қане, жапырақтарды жинап қоқысқа тастайық.

-Жапырақтың түсі қандай болады екен?

-Сары, қызыл.

-Қане бір сергіп алайықшы."жемістер тосабы" биі биленеді

-Сендер күзде не істейсіңдер?

-Иә, мектепке барасыңдар.

-Ой, балалар мектеп демекші, саяхаттаймыз деп уақыттың қалай өткенін білмей қалыппыз.Мектепке қайтатын уақыт болып қалыпты.

-Міне, ғажап, біз саяхаттап келгенше,бізге қонақтар келіпті,қане бәріміз амандасайық.

-Ал, балалар біз бүгін қайда саяхаттап бардық?

-Не істедік?

-Не үйрендік?

-Не ұнады?

-Не үшін?

-Оқушылардың ойларын ортаға салып қорыту.

-Жыл мезгіліне жасаған саяхатымыз ұнады ма?

-Қыс, көктем, жаз, күз мезгіліне байланысты оқушылардың тақпағын тыңдап қорытынды жасаймыз.

-Нұргелді. Қыс

Жапалақтап ала қар,

Жауады күнде кайталап

Қарға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

-Бегнар. Көктем.

Бақшаларға гүл егіп,

Жемістерді тереміз.

Дала жасыл түске еніп,

Көктем мезгіл келіпті.

-Еркін. Жаз.

Жаз келді алақай.

Ойнаймыз балақай.

Қамалып отырмай

Жүріңдер далаға-ай.

-Мирас. Күз.

Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

-Айжан. Жыл мезгілі.

Жазда гүлдер тереміз.

Қарда шаңғы тебеміз

Күзде еккен егіндей

Көктемде өсіп өнеміз.

-Өте жақсы. Мен де сендерге өз ризашылығымды білдіргім келеді.



Осымен " Табиғаттың керемет мезгілдері" атты ашық сабағымыз аяқталды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет