Cабақтың тақырыбы



жүктеу 27.7 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі27.7 Kb.
түріСабақ

Cабақтың тақырыбы: Бөлімшені жазылған және жорықтық сапқа тұрғызу, бөлімшені жазылған саптан жорықтыққа сапқа тұрғызу және қайтадан жазылған сапқа тұрғызу, бөлімшенің ажырауы және қосылуы Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды бір лектен екі лекке және керісінше сапқа тұрғызып, жазыла және жорықтық сапқа тұрғызып үйрету.

2.Әскери өмірде саптық жарғысының атқаратын рөлі мен оның міндеттерін білдіру

3.Әдепті, тәртіпті болуға, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.


  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  3. Өткізілетін күні:

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Бөлімшенің жазыла және жорықтық сапқа тұруы. Бөлімшенің жазылған саптан жорықтық сапқа және керісінше сапқа тұруы.

Бөлімшені жазылма және жорықтық сапқа тұрғызу. Бөлімшені жазылма сапты жорықтық сапқа және керісінше, бір лектен екі лек бойынша және керісінше қайта сапқа тұрғызу.

Бөлімшенің жорық сабы бір лек бойынша немесе екі лек бойынша болуы мүмкін.

Бөлімшенің орнында бір(екі) лек бойынша сапқа тұруы:

«Бөлімше, бір(екі) лек бойынша ––саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.Бөлімшенің командирі саптық тұрысты қабылдап және пәрменді беріп , қозғалыс бағытына қарап тұрады, ал бөлімше штат бойынша 130 және 131-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрады.

Төрт және одан да аз санды бөлімше бір лек бойынша сапқа тұрады..

Бөлімшенің жазылма саптан лек бойынша қайта сапқа тұруы: «Бөлімше, оң–ға!» пәрмені бойынша бөлімшенің оңға бұрылуымен жүргізіледі. Екі қатарлы саптың бұрылуы кезінде бөлімше командирі оңға жарты адым жасайды.

Бөлімшенің лектен жазылма сапқа қайта тұруы: «Бөлімше, сол - ға» пәрмені бойынша бөлімшенің солға бұрылуымен жүргізіледі. Екі лектегі бөлімшенің бұрылуы кезінде бөлімшенің командирі алға қарац жарты адым жасайды.

Бөлімшенің бір лектен екі лекке қайта сапқа тұруы: «Бөлімше, екі лекпен – адым-бас!» (жүріс кезінде: «Адымда!») пәрмені бойынша жүргізіледі.

Орындалатын пәрмен бойынша бөлімшенің командирі (бағыттаушы) жарты адым жүреді, ал екінші нөмірдегілер, оңға шығып адымның ырғағымен лектегі өз орнына 127-суреттегі көрсетілгендей тұрады; «Бөлімше – тура!» немесе «Бөлімше – тоқта!» пәрменіне дейін жарты адымға қозғалады.

Бөлімшенің екі лектен бір лекке қайта сапқа тұруы «Бөлімше, бір лек бойынша, адым-бас!» (жүріс кезінде «Адымда!») пәрмені бойынша орындалады.



130-сурет. Бөлімшенің бір лек бойынша жорық сабы.



131-сурет. Бөлімшенің екі лек бойынша жорық сабы.

Орындалатын пәрмен бойынша бөлімшенің командирі (бағыттаушы) қалыпты адыммен, ал қалғандары жарты адыммен жүреді; орнынан босауына орай екінші нөмірдегілер адымның ырғағымен бірінші тұрғанның ту сыртына енеді және қалыпты адыммен қозғалысты жалғастырады.

Лектің бағытын өзгерту үшін: «Бөлімше, оң (сол) иықты алға – адымда!» пәрмені беріледі; бағыттаушы: «Тура!» пәрменіне дейін солға (оңға) енеді, қалғандары: «Бөлімше, менің артымнан – адымда!» (Жүгіріп - адымда!) пәрмені бойынша оның артынан жүреді; бөлімше командирінің соңынан ереді.

в) Қорытынды бөлім – 5 минут

Сұрақтар мен тапсырмалар.

- Жазылма және жорықтық сап дегеніміз не?

- Бөлімше қандай сап түрлерінде болуы мүмкін?

- Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу үшін пәрменді қалай беру керек?

- Бөлімшені жазылма және жорықтық сапқа тұрғызу үшін пәрменді қалай беру керек?

- Лек қозғалысының бағытын өзгерту үшін қандай пәрмен беріледі?



Алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі: Т.Абиров.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет