Су және ирригация министрлігі көлік жуу орындары мен моншаларға қанша су кететінін есептеп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: avtobrisk.ru

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәжілістегі дөңгелек үстелде өзіне-өзі қызмет көрсететін көлік жуу орындарында бір көлікті жууға орташа су шығыны шамамен 200-250 литрге тең екенін айтты.

"Егер әңгіме жүк көліктері мен автобустар туралы болса, шығындар 500-700 литрге дейін артады. Бұл бір жылда шамамен 100 миллион текше метр су болатынын айта кеткен жөн. Монша кешендерінің суды тұтынуы жылына шамамен 120 миллион текше метрге жетеді", – деді министр.

Министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанда автомобильдер саны орта есеппен 18,3% өскен.

  • Екібастұзда су құбырындағы апаттан кейін алып мұздық пайда болды (видео)
  • Жезқазғанда 150 үй үш күннен бері ауыз сусыз отыр

"Автокөлік жуу, сауналар, моншалар, жөндеу өндірістік кешендері сияқты шағын және орта бизнес объектілерінде таза судың нақты қолданылуын ескере отырып, су ресурстарын қайта пайдалану технологияларын енгізу қажет", – деді Нұржігітов.

Министр жергілікті тазарту құрылыстарының, атап айтқанда, автокөлік жуу орындарында технологияларды қолдану орталықтандырылған көздерден таза суды тұрақты қоспай және тұтынбай, суды қайта және тұрақты айналымға қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов биыл 11 ақпаннан бастап суды үнемді тұтыну мақсатында лимитті 4 деңгейлі тарифпен белгілеу енгізілетінін мәлімдеген еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.