Алты жыл бойы Финляндия “әлемдегі ең бақытты елдер” рейтингінде бірінші орынды бермей келеді. Бірақ Финляндиядағы адамдар өмірге позитив көзқараспен ғана туады деген ой – қате. Бұл туралы финляндиялық психология зерттеушісі және философ Фрэнк Мартела айтты.

Фото: unsplash.com

"Финляндияны әлемдегі ең бақытсыз адамдары бар ел деп айту дұрысырақ болар еді", – деді Мартела CNBC Make It-ке берген сұхбатында.

Оның сөзінше, адамның бақытты болуы көбіне фин қоғамында бақытқа ықпал ететін үш қағидаға байланысты:

  • Күшті қоғамдастық пен туысқандық сезім
  • Басқа адамдарға жақсылық жасау
  • Өзінің нақты мақсатын табу

Мартела бұл үшеуінің неге соншалықты "маңызды" екенін және оларды күнделікті өміріңізге қалай енгізу керек екенін айтып берді.

Адамдармен бірге болу

"Айналаңызда сізді ойлайтын және сіз ойлайтын адамдардың болуы адамдарды бақытты етеді. Бақытымызға орай, бұл қиын материалдық жағдайларда да іске асады. Зерттеулер адамның тұрақты үйі болмаса да, достарымен араласу, отбасымен бірге болу және карта ойындары немесе басқа қызық әрекеттер арқылы басқалармен араласып, бақыт таба алады”, – деді Фрэнк Мартела.

Көмектесу

Басқа адамдарға жақсылық жасау туралы сөз болғанда 2023 жылы Огайо штатының университетінде мазасыздық, депрессия және күйзеліске ұшыраған 122 адам арасында жүргізілген зерттеу еске түседі. Зерттеу басқаларға мейірім жасау адамға қанағаттану мен бақыт сезімін беретінін көрсетті. Басқаларға көмектесуге біреуге бүгін әдемі болып тұрғанын айту сияқты кішігірім әрекеттер жатады. Сонымен қатар әріптесінің жұмысына көмектесу, сүйікті адамына арнайы сыйлық сатып алу сияқты үлкенірек әрекеттер де саналады.

"Біреуге көмектескенде, басқаларға жақсы әсер еткенде адамның бақыт пен құндылық сезімі артады. Әдетте дағдарыс, проблема жағдайында адамдардың бір-біріне көмектесуге көбірек мүмкіндігі бар. Бұл ынтымақтастық сезімін қалыптастыруға көмектеседі", – дейді маман.

Мақсат табу

"Мақсатыңызды" табу үшеуінің ішіндегі ең қиыны болуы мүмкін. Егер өзіңізге сенімді болмасаңыз, өмірде сізді бақытты ететін нәрселердің тізімін жазып шығыңыз. Содан кейін бұл заттарды не байланыстыратынын анықтаңыз", – деп кеңес берді Гарвард университетіне келген ғалым Сунил Гупта өзінің "Күнделікті дхарма: сіз істейтін нәрселерден сәттілік пен қуаныш табудың 8 маңызды тәжірибесі" кітабында.

Мартеланың сөзінше, мақсатқа деген күшті талпыныс өмірдегі жағымсыз жағдайларға төтеп беруді жеңілдетеді.

"Шынында, осы шарттарды өзгертуге назар аудару – адамды көтермелейтін және қазіргі жағдайда мән табуға көмектесетін мақсаттың бір көзі". Финляндияның бақытты болуында мекемелердің рөлі зор. Финляндияның жалпы моральдық жағдайының тағы бір "негізгі" аспектісі бар. Мұнда мемлекеттік институттар жақсы жұмыс істейді. Мен үкіметтер адамдарды бақытты ете алмайды деп айтуға бейіммін, бірақ олар көп бақытсыздық көзін жоя алады", – деді маман.

Мысалы, қолжетімді денсаулық сақтау мен білім беру әлемнің көп елінде әлі де бір жолға қойылмаған. Ал бұл жағынан Финляндия озып тұр.

"Еліңіздегі жүйе мен жұмыс істеу тәсілі сіздің бақытыңызға үлкен әсер етеді. Егер сіздің айналаңызда экономикалық, саяси немесе әлеуметтік толқулар болса, "саналы күнделік жазу, алғыс күнделігін толтыру немесе басқа да танымал шаралар" сіздің бақытыңызға айтарлықтай әсер етпейді”, – деп қоcты философ.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.